ch
Feedback
ой таспа

ой таспа

前往频道在 Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

显示更多
哈萨克斯坦5 297未指定类别
564
订阅者
无数据24 小时
-37 天
-1530 天
帖子存档
📍
📍

Хочется иногда позвонить тебе и рассказать… как прошел мой день чему новому я научилась что огорчило меня с какой мыслью я проснулась как провела время на работе что принесло мне теплоту в сердце какие строчки из книг я запомнила какие рифмы пришли мне в голову кто вдохновил меня сегодня (ведь каждый день прекрасные люди не перестают вдохновлять меня) Так хочется делиться с тобой всем этим зная, что тебе всё это важно и интересно зная, что тебе это не в тягость Но потом моё холодное сознание вонзает ядовитый кинжал в горячее сердце, где начинается борьба между гордостью и чувствами И невольно Я начинаю думать, что… если бы тебе было действительно важно Ты бы сам позвонил и дал мне знать что тебе интересно всё, что касается меня (ведь в моем мире важнее и смелее - твой силуэт) И потом я ставлю точку, где хотелось бы поставить тире (для диалога) Ты - моя недосказанность и недоначатость #UN_notes

Алып теңіз. Толқыны баяу ғана. Жайда бар күшін көрсетуге ынтық теңіз менімен сырласу үшін сол бір ынтасын бәсеңдеткен сыңайлы. Мені ерекше қарсы алды. Желімен еркелеткен болып шашымды сипап, аққуларын жағасына жіберіп, көзімнің құрышын қандырғысы келгендей-ақ. Бойымен жүріп келемін. Суы да жып-жылы. Теңізді бірінші рет көріп тұрған дала қызы ретінде түк жатсынбадым. Жатырқамадым. Мен білетін, мен өскен даланың қиыр шеті жоқ. Уақыт тоқтап, санаңнан шыққан әрбір ойды дала кеңістігі асқан сабырлықпен қарсы алады. Жаныңа тыныштық сыйлайды. Бұл жолы жазық далада кешкенді кешпедім. Мен тұрған теңіздің әр тамшысы ойларымды өзгерек көріп, өзгерек сезімдерді сыйлаумен болды. Жүрегімді көтеріп, толқытып жіберді. Үрей мен үміттің арпалысы. Сондағы “Үстімдегі маржан тастары бастырылып тігілген ақ көйлегімді көріп, теңіздерің мені аққу деп қалмады ма?” сынды нәзіктеу күдігі бар ойлар мені оятып жіберді. Теңізді осымен осы бір бейнеде екінші рет көруім. Қызық. #UN_notes

Держи меня… Когда я падаю. Когда спотыкаюсь. Не меняй мою суть в своем сердце. Даже если будут пройдены много лет, дорог, преград. Помни меня… В каждом красивом пейзаже. В каждом городе в котором пребываешь. В каждом рассвете и закате. Особенно в самых искренних ночных диалогах со своим Создателем. Храни меня… В самом уютном уголке своей души, Чтобы ничего не смогло забрать меня у тебя. Особенно время. Особенно расстояние. 19.01.24 #UN_notes

Елеп-ескеру өнері…. Сүйікті тәттіңді ойына сақтап, айтқаныңды ден қойып тыңдап, саған ғана тән қылықтарыңды жаттап, саған байланысты майда-шүйдені жүрегіне түйіп алатынды байқау, сүйсіну сондай тәтті сезім… өнер дер едім. #UN_notes

«Әркім кешіп кететін жайдақ су сияқты болғым келмейді» — Фариза Оңғарсынова

photo content

photo content

адам Алладан келген нығметті, адамдардан келген мақтауды өзінде ұстамауы керек Табиғат Қаутай

Махаббат — дәлелдеуді қажет етпейтін жалғыз сезім. Себебі бәрі сөзсіз-ақ, күш салусыз-ақ, дәлелдеусіз-ақ көрініп тұрады. Батылдығы жиналған сыпайы ғана әрекеттері арқылы. Көзқарасынан білінетін әппақ ынта-жігері арқылы. «Болсыншы» деген ниетте ұштасқан мейірімі арқылы. #UN_notes

Бір өзіңе айып дер ем мұңаю, Маған айып сені күнде аңсамау… Моншақ жасың — кеуде тұсқа тыңаю, Әлсіз болған тұсым менің қаншамау… Бір өзіңде бар ғой, шіркін, паң қылық, Жансарайың - шексіз әлем, санаса! Іштей аңсап, Түр бермеу де - заңдылық! Есімің бар дұғаларым — Та-ма-ша! Бір өзіңмен жүрген мынау кеңістік, Бір өзіңе жетер жолым - алшақтау. Суық қалпым Сезбейсің бе ең ыстық? Ойларым да өзің жайлы Шаршатты-ау! Ұ.Н #UN_poetry

Приходи в гости🤍
Приходи в гости🤍

осы демалғаным жақпады, ішім пысты…

Бес күн демалыста Астанамды сағынып қалыппын. Вокзалдан үйге жеткенше терезеден түрлі-түрлі көріністерді көріп, жеті жыл бойына біршама жиналған естеліктерді есіме түсіріп, шүкір еттім. Студент болып келгенімде өз аузым өз қолыма жетсе екен, адалынан еңбек етіп, қалағанымды жасасам екен, ата-анама көмектессем екен деген ниетіме жеткеніме біраз болыпты. Шүкір! Ал Арқаның қақ төрінен орын алған Астанам жүрегімнің де қақ төрінде. Әр бұрышында жастығымның, жалынымның, армандарымның, мүмкіндіктерімнің, есеюімнің, достығымның шашылған қаласы🤍 Сүйем ғой, сүйем! Аптап ыстығын да, қақаған аязын да, бет қаратпас боранын да, шашыңды ұйпа-тұйпа етер желін де, таңғы абыр-сабырын да, түнгі шамдарын да бәрін-бәрін! #UN_notes

Менікінің бәрі қазір құр, бос, далбаса сияқты. Теңіздің жағасындағы тобыққа жетер-жетпес тереңдіктің өлшеміндей. Ары қарай тереңдейтін сәтті күткенше өзімді, шабытымды алдамсырай тұруым үшін. Қолдан жасалған. Қиянат етпес үшін. Қиялыма. Сәттеріме. Айналадағы жақындарыма. Болашағыма. Үміттеріме. Осы бір дүниелердің шеңберіндегі шектеулі ой қозғалыстардың нәтижесі — қазіргі сиям мен қауырсыным, нағыз сезімді жазуға дайындығым. Шын ғашық жандардың жазғаны бөлек келеді. Оны мен басқалардан бірден сеземін. Шын болса, өзімнен де сезуші едім. Соны сезуге, “әй, осы қыз ғашық-ау” дегізіп, сіздерге де сездіртуге бұйырсын. #UN_notes

Хат. Ұзын-сонар хат жазып тұр жиі сен, Хат алмаған жүрегімнің күйі - сең. Жазғаныңды тірі жаннан қызғанып, Оңашада оймен сендік түйісем… Дүрсіл кеудем - адресаты хаттардың, Жауап жазып, ақтарылдым, ақтардым. Жаңашалау теңеулермен тамсандыр, Енді жауған шағындай бір ақ қардың. Қайта-қайта оқып, бітпей, тауыспай, Бір хат жазып, бермей қойшы, Қауышпай… Қос ғұмырды бір хатыңа сыйғызып, Көркем етсең, дәстүріңнен ауыспай… Ұ.Н, 02.01.2024 #UN_poetry

Енді ойлаңызшы, адам өзі құраған қаншама көркем ниеттерді, сезімдерді, армандарды әрекетсіздікпен үнсіз ғана өлтіріп, көміп жатыр. Содан барып іштегі қараңғылықтан басқасын, ұмтылған жарығын көрмей құрбан болған сол бір армандар, ниеттер мен небір-небір сезімдер адамын ашу-ызаға, өкпеге, қаттылыққа бөлейді.

Ниеттің, сезімнің, арманның тілі — іс-әрекет.

Менің әдемі әлемімнің үш жүз алпыс бес күні.
+9
Менің әдемі әлемімнің үш жүз алпыс бес күні.

«...а потом появляешься ты, и летят к чертям постулаты мои, хронология и режимы. И такое чувство, что Господь создавал тебя по частям из того, что особенно мной ценимо»