ch
Feedback
ой таспа

ой таспа

前往频道在 Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

显示更多
哈萨克斯坦5 297未指定类别
564
订阅者
无数据24 小时
-37 天
-1530 天
帖子存档
қош бол, Рамазан🤍 бір байқағаным жалпы болсын, осы қасиетті айда болсын құлшылық жасау, ауыз бекіту сенің кереметтігіңмен емес, Оның мейірімімен болады екен. биыл жан сауғалап, аяғына қарай шашылып қалдым. жай салқын тиген шығар деген мен дәл туған күнімде дәрігерлердің үрейлі түрін көріп, қорқынышты сөздерін естимін деп ойламаған едім. бұндай жағдай кімді болсын бір секундта тәубеге келтіреді екен… бірақ бұл нәрседе де нығмет бары - хақ. ауырмай, сырқамай, бір күніңді саулықта өткізсең, бір сәтке Құдайыңды еске алып, жылы жерде ұйқыға кетсең, бұл — Оның шексіз, сансыз мейірімі мен махаббаты. саулықта Оны еске алсаң, қиындықта Ол сені есіне алады… келесі Рамазанды бауырымыз бүтін күйде, бұдан да мықтырақ кейіпте қарсы алайық. #UN_notes

тағдырдан ба, таңдаудан ба, білмедім. бірақ кей адамдармен қанша тырыссаң да алыстан ғана араласу бұйырады екен. сырттан ғана тамсанып, қиялыңдағы бейнесіне ара-тұра көз жүгіртіп, арадағы алшақтыққа көндігіп қоясың да, сырттан амандығын тілейсің. болды. не артық емес, не кем емес. сенің оның өміріңдегі үлесің осы. таныс болу ғана. #UN_notes

Адам өздігінен, өзінің құдірет-күшімен көп нәрсе тындыра аламын дейді. Асылында адам баласының ештеңеге де әлі жоқ, ештеңеге де әмірі жүрмейді, ештеңені де өзгерте алмайды. Оның құдіретінсіз. Оның мейірімінсіз. Оның шексіз махаббатынсыз. Адам Оған мұқтаж. Мен Оған мұқтажбын. Оған ғана. Өмірімде болып жатқан соңғы жағдайлар осыны ұқтырып жатыр. Адам өзін ақпын деп санайды. Шын мәнінде олай емес. Сырт көздерден пенделерінің жамандықтарын жасырып тұрған Оның арқасында еңсемізді тік ұстай аламыз. Кейде ел алдында керемет болып көрініп, тәкәппарланамыз. Бірақ бір сәтке ғана Оның саған жапқан пердесі шешілсе, не болар едің? Болмашы дүниелік үшін саудаласамыз. Бірақ одан да маңызды дүниелер бар. Шын ұқтым. Түсінген адамға арқаңды кеңге жайып, толық кеудеңмен дем ала білудің өзі бақыт екен… Шексіз бақыт… Біз бір нәрсенің қадірін жоғалта бастағанда ғана ұғынамыз. Ал жоғалтпай тұрып сол нәрсенің өзінде көрінбей жатқан, үзілмеген нығмет пен мейірім бар екенін ұғынуға санамыз, ойлау деңгейіміз жетпей жатады. #UN_notes

Қасиетті Рамазанның соңғы күндері Жұма Мүмкін болған Қадір түні және мен үшін ерекше күн🪄 Өмірді көктем десек, бүгін менің көктемімнің бастау алған күні. Осындай ерекше сәтке туған күнім үйлесе қалғанын айтамын да… Өмірлік саяхатымның кезекті бір аялдамасына жетіп қалыппын. Не де болса әр сәтіме шүкір, әр күніме тәубе…🫰🏻

photo content

қайда жүрсең де аман жүр. 342

сені дұғаларыммен құшақтадым🫂

gel yapamayacaksak da birlikte yapamayalım… Istanbul, 2024
+7
gel yapamayacaksak da birlikte yapamayalım… Istanbul, 2024

Ата-анаға, бауырға, айналасына жақсы қарым-қатынас көрсеткен мүміндерге Жәннәтта арнайы есік бар. Кейде біз танымайтын, алыстан араласатын адамдармен көркем мінезіміздің барлығын шығарып, жақсы араласуға тырысамыз, ал ет жақындарымызға орынсыз ренжиміз, сөйлеспей қоямыз, қылығымыздың барлығын шығарамыз. Бірақ сол ет жақындарымызға көркемдік таныту бірінші орында болуы керек, әсіресе ата-анаға келгенде. Бар кезінде қадірлеңіздер. Олар да сіз сияқты осы өмірді бірінші рет сүруі. Олар да сіз сияқты жас болды, жалындаған көздері, лапылдап тұрған армандары болды. Бірақ балалары үшін барлығын сарп етті. Тиісті ақыларын беріңіздер. Әлемнің барлық білімін жинасаңыз да, ата-анаңыздан аспайсыз. Ешқашан. Сол үшін бала рөліңізді дұрыс атқарыңыздар. Бүгінгі күндеріңіз Алладан кейінгі солардың еңбегі, дұғасы мен махаббатының арқасы. Сіз жолаушы болсаңыз, олар жолдаушы. Сізден биік. #UN_notes

Какое же хрупкое, чувственное, нежное бывает сердце. Одна только мысль может проникнуть и перевернуть всё сложившееся внутри: порядок, постулаты, принципы. И каким должен быть человек великой души, чтобы стремиться не проникать, не делать больно, не нарушать чужой покой. И как сильно должен любить человек сердце другого человека, чтобы служить хранителем этого покоя и быть уютной гаванью. Каждый раз прося веру для сердца своего, хочется меньше переменчивости. Хотя в этом и суть человеческой природы. Отступаясь, ослушаясь, открекаясь продолжать свой путь. Но сохраняя мягкость сердца, несмотря на сложность ноши этой мягкости. Иногда мне становится очень грустно, когда становишься заложником внешних обстоятельств. Каждый раз откладываешь, убеждаешь, успокаиваешь. Столько раз отступаешь от истины, но обратно приходишь к Его широко распахнутой двери, где тебя так же любят без условий. Я настолько слаба, что даже легкий ветерок может сломать меня. И только Его мудрость и Его справедливый расчет двигает меня. #UN_notes

кішкентай, шектеулі ғана санаңның шеңберінен бір қадам жасап, шыға қалсаң, ештеңе де маңызды, ештеңе де қызықты болмай қалады екен. #UN_notes

Мен қарап тұрған айға сен де қарайтын шығарсың. Мен санаған жұлдыздарды сен де санайсың, бәлкім. Мен ұнатқан кітапты сен де ұнатып, оқып жүрген боларсың. Бірақ менің жүрегімдегі бар риясыз сенім сенің де кеуде тұсыңда бары анық... #UN_notes

Кейбір адамдарға сондай бір нығмет беріледі... Ондай адамды ешқандай көлденең келген сөз де, сынақ та, жоғалту да, аяқ астынан табыла қалған олжа да сындыра алмайды. Қасқайып басқа түскен әрбір жақсылық болсын, жамандық болсын, барлығын көркем түрде көтеріп, көркем түрде жеңе біледі екен. Ештеңеге де өкпесін өшірмейді, мөлшерсіз әрекеттерге бармайды. Себебі жүрегі дүниеге емес, мәңгілікке ашылған. Оның күші - шартсыз махаббат, риясыз кешірім, құшақ-құшақ мейірім… #UN_notes

Қош келдің, Рамазан🤍 Жыл бойына нәпсіге ерген, дүниелікке жетемін деп асыққан, шатасқан, адасқан, шалдыққан, шалыс басқан, жараланған, жылаған пенденің бір жұдырық жұмыр еті жазылу үшін, тыным табу үшін Алланың нығмет еткен, ұлық болған әр күнін аңсап, керек етеді. Жаратқан Ием, осы бір қасиетті айды бір Өзіңнің разылығың үшін өткізуді нәсіп ете көр. Сауабы тек екеуміздің арамызда болғанындай, амалдарымды да тек екеуміздің арамызда ете көр!

1 күн ғана қалыпты…🪄 Құрметті менің достарым, жақындарым, жапырақтарым, көңілдеріңізге қаяу түсірген болсам, ренжіткен болсам, ақыларыңызға кірген болсам, шын жүректен кешірім сұраймын… Келер қасиетті айда ішіп-жеуден тыйылып қана қоймай, пенделік болмысымызды жан-жақты тәрбиелейік...

Құстар-ау, құстар, қайтыңдар, Айнала мынау жылыды. О жақтың жырын айтыңдар, Бұ жақтың жыры құрыды… Құстар-ау, құстар, ұшыңдар, Жете алмай қалған биікке. Шексіздіктерді құшыңдар, Шектеуді қанат сүйіп пе? Құстар-ау, құстар, келіңдер, Ән шырқап маған, ән салып. Көмейге бір үн беріңдер, Маған да жүрсін тамсанып… Құстар-ау, құстар, қалыңдар, Қалуың сенің қаншалық? Бағыма ұя салыңдар, Үмітім менің жанса нық… #UN_poetry

Құрметті арулар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаныңызға шабыт сыйлар, өміріңізге бақыт әкелер, жүрекке қонымды сәттер молынан болсын! Әлем сіздермен әдемі!🌸

Бірде тістеніп, бірде өкініп, кейде бақыттан шыр айналып, ал кейде жанардан сырғанаған тамшы жасты тоқтата алмай, бірде көмейге тығылған өксікті не жұта алмай, не шығара алмай, бірде төгілген сырыңды бар әлемге шашып тастап, кейде тәубеге түсіп, кейде адасып сүрген өмірдің мәні мен салмағын іздеп жүргенімізде жай ғана жолаушы екеніміз есімізден шығып кетеді. ал жоғарыда айтылған, бастан өткергеннің бәрі - уақыша аялдамалар. #UN_notes

Бүгін бір оқушым өзімен өзі отырып “Апай, сіз бір жылдан кейін Меккеге барасыз ба?” деді. Қызық…

Бүгін бір ғалым-биологтың қонақ болған подкастын қарадым. Жаратушыны ғылым жолындағы адамдар көбірек тани алады екен. Өйткені білгендері, бақылағандары, жасаған ғылыми ашылулары Жаратқанның мінсіз жүйесін дәлелдеп отырады екен. Бірақ бұл қаншама дарынды ғалымдар үшін бұйырмаған нығмет екен. Өйткені олардың жүректері - соқыр… Подкасттан мені таң қалдырған қызықты деректер: Дене мүшелерінің ДНКсы - бір, кодтары да бір. Бірақ жаратылу барысында әр дене мүшесі қай генді айқындау керек екенін біліп, соны іске қосады екен. Бауырға керек код айқындалса, бауыр жаратылады деген сияқты… Ағзадағы белгілі бір ауытқуларды дәл сол мезетте реттеп отыратын гендер бар, олар керемет дәлдікпен жұмыс жасайды екен. Нағыз кодталып қойған компьютер. Бір ДНК кодты өлшесе, ұзындығы екі метрге жетеді. Әр дене мүшесі ағзаға сай қай мөлшерге дейін өсетінін біледі. Бірақ ешбір ғалым дене мүшелері бұл мөлшерді қайдан білетінін, қалай анықтайтынын білмейді. #UN_notes