1 800
订阅者
-124 小时
-37 天
-2530 天
帖子存档
1 800
Repost from 112 KZ
Құтқарушылар баланың саусағынан қысып қалған сақинаны шешуге көмектесті
⛑️ Теміртау қаласының құтқарушылары саусағынан сақинаны өздігінен шеше алмаған 2011 жылы туған балаға көмек көрсетті. Әшекей саусағын қатты қысып, ауырсыну тудырғандықтан, анасы құтқарушыларды шақырған.
🚨 ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қысқа уақыт ішінде арнайы слесарлық құралдың көмегімен ісініп кеткен саусақтағы сақинаны шешіп берді.
⚠️ ТЖМ тым тығыз сақина тағу саусақтағы қан айналымына кері әсер ететінін еске салады.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Спасатели помогли снять кольцо с пальца ребёнка
⛑️ В городе Темиртау спасатели оказали помощь ребёнку 2011 года рождения, который не смог самостоятельно снять кольцо с пальца. Украшение сильно сдавливало палец и причиняло боль, поэтому мать обратилась за помощью.
🚨 Сотрудники оперативно-спасательного отряда МЧС в кратчайшие сроки с помощью слесарного инструмента сняли кольцо с распухшего пальца.
⚠️ МЧС напоминает, что ношение слишком тесного кольца может нарушить кровообращение и нанести вред здоровью пальца.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ құтқарушылары жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамды көліктен шығарып алды
Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында, Атамекен ауылы маңындағы «Астана – Алматы» автожолында жеңіл көлік жолдан шығып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қатты зақымданған көліктің ішінде қысылып қалып, өздігінен шыға алмады.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен зардап шеккен адамды көліктен шығарып алып, одан әрі ауруханаға жеткізу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Спасатели деблокировали пострадавшего в результате ДТП в Карагандинской области
Накануне в Бухар-Жырауском районе, вблизи села Атамекен, на автодороге «Астана – Алматы» внедорожник съехал в кювет. В результате дорожно-транспортного происшествия один человек оказался зажат в искорёженном салоне и не мог самостоятельно выбраться.
Прибывшие на место сотрудники МЧС с помощью аварийно-спасательного инструмента деблокировали пострадавшего и передали его бригаде скорой медицинской помощи для дальнейшей госпитализации.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
Repost from 112 KZ
+2
Трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
Қарағанды облысында Балқаш қаласынан 14 шақырым жерде «Астана – Алматы» автожолының бойында жеңіл автокөлік аударылып қалды.
Оқиға орнына ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жедел жетті.
Зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін түрлі дәрежедегі жарақат алған 5 адам, оның ішінде 1 бала Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.
⚠️ ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Автожолдарда төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Бригада трассового медико-спасательного пункта оказала помощь пострадавшим в ДТП
В 14 км от города Балхаш Карагандинской области на автодороге «Астана – Алматы» произошло опрокидывание легкового автомобиля.
На место происшествия оперативно прибыла бригада трассового медико-спасательного пункта «Балхаш» ЦМК МЧС.
Медицинская помощь была оказана пострадавшим на месте, после чего 5 человек, включая одного ребёнка, с травмами различной степени тяжести были доставлены в больницу города Балхаш.
⚠️ МЧС призывает граждан соблюдать меры предосторожности. В случае возникновения чрезвычайной ситуации на автомобильном транспорте звоните по номеру 112.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ тікұшағы кезекті шұғыл тасымалдауды жасады
«Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп науқасты шұғыл түрде тасымалдады. Тікұшақ 1970 ж.т. әйелді жедел медициналық көмек көрсету үшін Қарқаралыдан Қарағандыға жеткізді.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында науқас аман-есен облыс орталығына жеткізілді.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Очередную экстренную транспортировку выполнил вертолёт МЧС
Пилоты «Казавиаспас» совместно с врачами санитарной авиации экстренно транспортировали пациентку. Вертолёт доставил женщину 1970 года рождения из Каркаралинска в Караганду для оказания срочной медицинской помощи.
Слаженными и оперативными действиями экипажа и медицинской бригады пациентка была благополучно доставлена и передана специалистам.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
ВНИМАНИЕ! Высокая пожароопасность!
🔥Департамент по чрезвычайным ситуациям Карагандинской области предупреждает:
в связи с установившейся жаркой, сухой и ветреной погодой в регионе сохраняется высокий уровень пожароопасности.
‼️ Будьте предельно осторожны с огнём!
🚫 Не разводите костры в лесах и на открытых участках.
🚭 Не бросайте непотушенные окурки и спички.
🚨Не сжигайте мусор и сухую траву. 🌊Соблюдайте правила безопасности на воде
☎️Сообщайте о возгораниях незамедлительно по телефону 112.
Помните: одна искра может привести к большой беде!
1 800
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өрт қаупінің жоғары деңгейі!
🔥Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
ауа райының ыстық, құрғақ және желді болуына байланысты өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталуда.
‼️ Отпен өте мұқият болыңыз!
🚫 Ормандарда және ашық жерлерде от жағуға болмайды.
🚭 Сөндірілмеген темекі тұқылын және сіріңкені тастамаңыз.
🚨Қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеңіз. 🌊Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
☎️Өртті байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: бір ұшқын – үлкен апатқа себеп болуы мүмкін!
1 800
Repost from 112 KZ
+9
Чингис Аринов открыл на побережье Балхаша новую спасательную станцию 112
🔹В ходе рабочей поездки в Карагандинскую область министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан генерал-лейтенант Чингис Аринов принял участие в открытии новой спасательной станции в поселке Торангалык на побережье озера Балхаш. В церемонии также участвовал аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев. Объект обеспечит безопасность отдыхающих на территории туристического побережья, где расположено более 20 зон отдыха.
🔹Новая станция находится в 43 километрах от города Балхаш. Комплекс капсульного типа оснащен всем необходимым для круглосуточного дежурства и проведения поисково-спасательных работ. В распоряжении подразделения имеются оперативно-спасательный автомобиль, лодка, средства связи и специальное оборудование. Для личного состава созданы комфортные условия для несения службы и отдыха. На территории оборудованы смотровая башня с обзором всей прибрежной зоны, пирс для оперативного выхода плавсредств, воркаут-зона, беседка и мангальная зона. Внутри станции размещены административный кабинет с необходимыми средствами связи, кухня, душевая, санитарный узел и комната отдыха.
🔹По словам главы МЧС, открытие станции позволит значительно сократить время реагирования на происшествия. Ранее безопасность побережья обеспечивали подразделения из Балхаша, а время прибытия к месту вызова превышало 30 минут. Штат подразделения составит 12 человек, на дежурство будут заступать по три спасателя.
🔹В рамках церемонии Чингис Аринов вручил ведомственные награды отличившимся сотрудникам и участникам реализации проекта, передал символический ключ от новой станции и ключи от оперативно-спасательной техники. Завершилось мероприятие торжественным перерезанием ленты и осмотром нового объекта, после чего гостям продемонстрировали возможности нового спасательного подразделения.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
1 800
Repost from 112 KZ
Шыңғыс Әрінов Балқаш жағалауында жаңа «112» құтқару станциясын ашты
🔹Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге Балқаш көлінің жағалауындағы Торанғалық кентінде жаңа құтқару станциясының ашылу рәсіміне қатысты. Нысан 20-дан астам демалыс аймағы орналасқан туристік жағалаудағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
🔹Жаңа станция Балқаш қаласынан 43 шақырым жерде орналасқан. Капсулалық үлгідегі кешен тәулік бойы кезекшілік атқаруға және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған. Бөлімшенің қарауында жедел-құтқару автокөлігі, қайық, байланыс құралдары және арнайы жабдықтар бар. Жеке құрам үшін қызмет атқаруға және демалуға қолайлы жағдай жасалған. Аумақта жағалау аумағын толық шолуға мүмкіндік беретін бақылау мұнарасы, жүзу құралдарының жедел шығуына арналған пирс, воркаут алаңы, беседка және мангал аймағы жабдықталған. Станция ішінде қажетті байланыс құралдарымен жабдықталған әкімшілік кабинет, ас үй, душ бөлмесі, санитарлық торап және демалыс бөлмесі орналасқан.
🔹ТЖМ басшысының айтуынша, жаңа станцияның ашылуы төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Бұған дейін жағалаудағы қауіпсіздікті Балқаш қаласындағы бөлімшелер қамтамасыз етіп келген, ал оқиға орнына жету уақыты 30 минуттан асатын. Бөлімшенің штат саны 12 адамды құрайды, кезекшілікке әр ауысымда үш құтқарушы түседі.
🔹Салтанатты рәсім барысында Шыңғыс Әрінов үздік қызметкерлер мен жобаны іске асыруға қатысқан азаматтарды ведомстволық наградалармен марапаттап, жаңа станцияның символикалық кілтін және жедел-құтқару техникасының кілттерін табыс етті. Іс-шара лентаны салтанатты түрде қию және жаңа нысанды аралаумен аяқталды. Одан кейін қонақтарға жаңа құтқару бөлімшесінің мүмкіндіктері көрсетілді.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
1 800
Repost from 112 KZ
Балқаштағы «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақ ангарына шолу
Жаңа инфрақұрылым авиациялық-құтқару бөлімшесінің жедел әзірлігін күшейтіп, тәулік бойы қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасады.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Обзор вертолётного ангара АО «Казавиаспас» в Балхаше
Новая инфраструктура повысила оперативную готовность авиационно-спасательного подразделения и создала комфортные условия для несения круглосуточной службы.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
Repost from 112 KZ
+9
Глава МЧС усиливает авиацию спасателей: в Балхаше обновили вертолетный ангар
По поручению Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в городе Балхаш завершена реновация вертолетного ангара АО «Казавиаспас», обеспечивающего круглогодичное базирование и готовность к вылету вертолета. Проведенные работы направлены на создание современных условий для несения круглосуточного дежурства авиационно-спасательным подразделением МЧС.
С ходом реализации проекта ознакомился аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев. В ходе реновации выполнен текущий ремонт здания, обновлены служебные и бытовые помещения, проведена ревизия инженерных коммуникаций, систем электроснабжения, отопления, водоснабжения и пожарной безопасности. Улучшены условия для размещения персонала, хранения оборудования и технического обслуживания воздушного судна.
На базе несет службу авиационно-спасательный отряд в составе пяти человек. Подразделение выполняет задачи по поисково-спасательному обеспечению, санитарной авиации, мониторингу природных пожаров и оперативному реагированию на чрезвычайные ситуации, обеспечивая постоянную готовность к выполнению задач по защите населения и территорий.
В рамках мероприятия ключи от служебного жилья были вручены командиру авиационно-спасательного отряда пилоту-инструктору Коржинбаю Абаю Аманұлы. Реализация инфраструктурных проектов и мер социальной поддержки способствует укреплению кадрового потенциала авиации МЧС и повышению эффективности работы спасательных подразделений.
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ басшысы құтқарушылар авиациясын күшейтуде: Балқашта тікұшақ ангары жаңартылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша Балқаш қаласында «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақ ангарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Аталған нысан тікұшақтың жыл бойы тұрақты орналасуын және ұшуға әзірлігін қамтамасыз етеді. Жүргізілген жұмыстар ТЖМ авиациялық-құтқару бөлімшесінің тәулік бойы кезекшілік атқаруына заманауи жағдай жасауға бағытталған.
Жобаның іске асырылу барысымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Жаңғырту аясында ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қызметтік және тұрмыстық бөлмелер жаңартылды, инженерлік коммуникациялар, электрмен жабдықтау, жылыту, сумен жабдықтау және өрт қауіпсіздігі жүйелеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ персоналды орналастыру, жабдықтарды сақтау және әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету үшін жағдайлар жақсартылды.
Базада бес адамнан тұратын авиациялық-құтқару жасағы қызмет атқарады. Бөлімше іздестіру-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету, санитариялық авиация, табиғи өрттерді мониторингтеу және төтенше жағдайларға жедел ден қою міндеттерін орындайды. Осылайша халық пен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындауға тұрақты дайындық сақталады.
Іс-шара аясында авиациялық-құтқару жасағының командирі, ұшқыш-нұсқаушы Қоржинбай Абай Аманұлына қызметтік тұрғын үйдің кілті табысталды. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және әлеуметтік қолдау шараларын көрсету ТЖМ авиациясының кадрлық әлеуетін нығайтуға әрі құтқару бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
1 800
Repost from 112 KZ
Қарағанды облысында өрт сөндірушілер өрт кезінде газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды
Шахтинск қаласындағы Станционная көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыды.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері эвакуация жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғын үйден баспалдақ арқылы екі адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт сөндіру барысында құтқарушылар пәтерден көлемі 27 литрлік газ баллонын тауып, оны қауіпсіз жерге алып шықты. Бұл жағдайдың күрделенуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.
Өрт толық сөндірілді. Оқиғаның себептері анықталуда.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және өрт шығу қаупі бар заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
В Карагандинской области пожарные вынесли газовый баллон при пожаре
В одной из квартир пятиэтажного дома в городе Шахтинск по улице Станционная произошёл пожар. Огонь охватил помещение на площади 15 квадратных метров.
После прибытия на место сотрудники МЧС организовали эвакуацию. По лестнице из здания вывели двух человек.
Во время работы пожарные обнаружили в квартире газовый баллон объёмом 27 литров и вынесли его в безопасное место. Это помогло избежать возможного осложнения обстановки.
Возгорание ликвидировано. Причины происшествия выясняются.
МЧС рекомендует внимательно относиться к вопросам пожарной безопасности и не оставлять без присмотра потенциальные источники возгорания.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ қызметкерлері екі азаматқа жедел көмек көрсетті
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Парковая көшесіндегі дүкен аумағында тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 1957 және 1960 жылы туған екі ер адам құдыққа құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді септиктен шығарып алып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Азаматтар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Дүкен иесі құтқарушыларға жедел әрі кәсіби әрекеті үшін #алғысын білдірді.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Сотрудники МЧС оказали помощь двум гражданам
В городе Шахтинск Карагандинской области на территории магазина по улице Парковая во время проведения очистных работ двое мужчин 1957 и 1960 годов рождения упали в колодец и не смогли выбраться самостоятельно.
Прибывшие на место сотрудники МЧС провели спасательные работы, извлекли пострадавших и передали бригаде скорой медицинской помощи. Граждане были доставлены в Центральную больницу города Шахтинска.
Владелец магазина выразил #благодарность спасателям за оперативные и профессиональные действия.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 20 мысық пен 1 итті құтқарды
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында Черкасская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, жалын жабық қалқаға, гаражға және шаруашылық құрылыстарға тарады. Жалпы жану аумағы 100 шаршы метрді құрады.
ТЖМ қызметкерлері үйден 20 мысық пен 1 итті құтқарды. Өртті сөндіру барысында жану аймағынан 3 газ баллоны шығарылып, бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ екі гараждан екі автокөлік өрттен аман қалды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Сотрудники МЧС при пожаре спасли 20 кошек и 1 собаку
В городе Караганда, район им. Казыбек би, по улице Черкасская в двухквартирном жилом доме произошло возгорание с переходом огня на крытый навес, гараж и хозяйственные постройки на общей площади 100 кв. м.
Сотрудниками МЧС из дома спасены 20 кошек и 1 собака. В ходе тушения из зоны горения были вынесены 3 газовых баллона, что позволило предотвратить возможный взрыв. Также из двух гаражей от огня спасены два автомобиля.
Пожар ликвидирован. Пострадавших нет.
МЧС напоминает о необходимости соблюдения правил пожарной безопасности.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 20 мысық пен 1 итті құтқарды
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында Черкасская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, жалын жабық қалқаға, гаражға және шаруашылық құрылыстарға тарады. Жалпы жану аумағы 100 шаршы метрді құрады.
ТЖМ қызметкерлері үйден 20 мысық пен 1 итті құтқарды. Өртті сөндіру барысында жану аймағынан 3 газ баллоны шығарылып, бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ екі гараждан екі автокөлік өрттен аман қалды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Сотрудники МЧС при пожаре спасли 20 кошек и 1 собаку
В городе Караганда, район им. Казыбек би, по улице Черкасская в двухквартирном жилом доме произошло возгорание с переходом огня на крытый навес, гараж и хозяйственные постройки на общей площади 100 кв. м.
Сотрудниками МЧС из дома спасены 20 кошек и 1 собака. В ходе тушения из зоны горения были вынесены 3 газовых баллона, что позволило предотвратить возможный взрыв. Также из двух гаражей от огня спасены два автомобиля.
Пожар ликвидирован. Пострадавших нет.
МЧС напоминает о необходимости соблюдения правил пожарной безопасности.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ авиациясы кезекті рейсті орындады
ТЖМ авиажасағы Қарағанды - Балхаш - Қарағанды бағыты бойынша кезекті санитарлық рейс орындады. Бұл ұшуда ТЖМ авиациясы шұғыл медициналық көмек қажет ететін 2004 жылы туылған пациентті тасымалдады.
ТЖМ тікұшағының білікті экипажы мен медициналық бригаданың үйлесімді әрекеті науқасты уақытылы әрі сәтті жеткізді.
112 - әрдайым қасыңызда.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Авиация МЧС выполнила очередной санитарный рейс
Авиация МЧС выполнила очередной санитарный рейс по маршруту Караганда - Балхаш - Караганда.
В ходе полёта был осуществлён транспортировка пациента 2004 года рождения, нуждающегося в экстренной медицинской помощи.
Слаженными действиями экипажа вертолёта МЧС и медицинской бригады пациент был своевременно и успешно доставлен к месту назначения.
112 - всегда рядом.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
Repost from 112 KZ
Бүгінгі шолуымызда - Ақбел ауылында ашылған жаңа ерікті өрт сөндіру бекеті. Бөлімшенің жұмысы қалай ұйымдастырылғанын, қандай техника және жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, сондай-ақ оның ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырудағы маңызын көрсетеміз.
Жаңа нысан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылды. Заманауи техникамен, байланыс құралдарымен және арнайы жабдықтармен қамтылған еріктілер төтенше жағдайларға жедел ден қойып, кәсіби құтқарушылар келгенге дейін алғашқы көмекті көрсетуге дайын.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Сегодня в обзоре - новое добровольное противопожарное формирование в селе Акбель. Расскажем, как организована работа подразделения, каким оборудованием и техникой оснащён объект, а также какую роль он будет играть в обеспечении безопасности местных жителей.
Новый объект создан в рамках программы «Ауыл құтқарушылары» и призван повысить готовность села к чрезвычайным ситуациям. Современное оснащение и подготовленные добровольцы позволят быстрее реагировать на происшествия и оказывать помощь до прибытия профессиональных подразделений.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ тікұшағы кезекті санитариялық рейсті орындады
Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 1966 жылы туған ер адам ТЖМ тікұшағымен Қарағанды – Балқаш – Қарағанды бағыты бойынша жедел жеткізілді.
Әуе кемесінің бортында науқас санитариялық авиация мамандарының бақылауында болды.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында науқас одан әрі ем қабылдау үшін медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.
112 - әрдайым қасыңызда.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Вертолёт МЧС выполнил очередной санитарный рейс
Мужчина 1966 года рождения, нуждавшийся в срочной медицинской помощи, был экстренно доставлен вертолётом МЧС по маршруту Караганда – Балхаш – Караганда.
На борту воздушного судна пациент находился под наблюдением специалистов санитарной авиации.
Профессиональными и слаженным действиям пилотов и медицинских работников пациент был благополучно доставлен в медицинское учреждение для дальнейшего лечения.
112 - всегда рядом.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
1 800
Repost from 112 KZ
+9
Глава МЧС посетил спортивный комплекс «Batyr» в Караганде
Министр по чрезвычайным ситуациям генерал-лейтенант Чингис Аринов в ходе рабочей поездки в Карагандинскую область посетил спортивный комплекс «Batyr», введённый в эксплуатацию после капитального ремонта. Комплекс был полностью модернизирован и сегодня отвечает современным требованиям, создавая все необходимые условия для качественной подготовки личного состава.
Глава ведомства ознакомился с материально-техническим оснащением объекта, условиями для проведения учебно-тренировочного процесса, а также системой подготовки спортсменов и сотрудников Департамента. Обновлённый комплекс оснащён современным оборудованием, необходимым для проведения тренировок, совершенствования физической подготовки и развития служебно-прикладных видов спорта.
Объект расположен на территории пожарной части №11 города Караганды и представляет собой отдельно стоящее двухэтажное здание. Здесь функционируют универсальный спортивный зал, тренажёрный зал, зал единоборств, раздевалки, душевые, банное помещение, кухня и кабинеты тренеров. При поддержке Фонда казахстанских спасателей комплекс оснащён современным спортивным инвентарём, а капитальный ремонт выполнен за счёт средств ДЧС Карагандинской области. В ходе посещения министр вручил главному тренеру спортивного комплекса Мухамедрахиму Нуркееву теннисный стол, который позволит расширить возможности для проведения тренировок и организации спортивного досуга.
Проведённая модернизация позволила значительно улучшить инфраструктуру объекта и создать комфортные условия для занятий спортом. Созданная материально-техническая база способствует укреплению физической выносливости сотрудников, повышению уровня их профессиональной подготовки и успешному участию в соревнованиях различного уровня.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
1 800
Repost from 112 KZ
ТЖМ басшысы Қарағандыдағы «Batyr» спорт кешеніне барды
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілген «Batyr» спорт кешеніне барды. Кешен толықтай жаңғыртылып, бүгінде жеке құрамның сапалы даярлығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті заманауи талаптарға сай жағдай жасалған.
Ведомство басшысы нысанның материалдық-техникалық жарақталуымен, оқу-жаттығу үдерісін өткізуге арналған жағдайлармен, сондай-ақ спортшылар мен Департамент қызметкерлерін даярлау жүйесімен танысты. Жаңартылған кешен жаттығулар өткізуге, дене дайындығын жетілдіруге және кәсіби даярлыққа бағытталған спорт түрлерін дамытуға қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Нысан Қарағанды қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан және жеке тұрған екі қабатты ғимараттан тұрады. Мұнда әмбебап спорт залы, тренажер залы, жекпе-жек залы, киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары, монша, ас үй және жаттықтырушылар кабинеттері жұмыс істейді. Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен кешен заманауи спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілді, ал күрделі жөндеу жұмыстары Қарағанды облысы ТЖД қаражаты есебінен жүргізілді. Сапар барысында министр спорт кешенінің бас жаттықтырушысы Мұхамедрахим Нұркеевке жаттығу өткізу және спорттық демалысты ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған теннис үстелін табыстады.
Жүргізілген жаңғырту жұмыстары нысанның инфрақұрылымын едәуір жақсартып, спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Қалыптастырылған материалдық-техникалық база қызметкерлердің физикалық төзімділігін нығайтуға, кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және түрлі деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсетуіне ықпал етеді.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
现已上线!2025 年 Telegram 研究 — 年度关键洞察 
