Narikbi LIVE
前往频道在 Telegram
📈 Telegram 频道 Narikbi LIVE 的分析概览
频道 Narikbi LIVE (@narikbi_live) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 15 479 名订阅者,在 教育 类别中位列第 13 120,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 575 位。
📊 受众指标与增长动态
自 невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 15 479 名订阅者。
根据 14 六月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 -166,过去 24 小时变化为 -6,整体触达仍然可观。
- 认证状态: 未认证
- 互动率 (ER): 平均受众互动率为 21.15%。内容发布后 24 小时内通常能获得 7.84% 的反应,占订阅者总量。
- 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 3 275 次浏览,首日通常累积 1 214 次浏览。
- 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 24。
📝 描述与内容策略
作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
“🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands”
凭借高频更新(最新数据采集于 15 六月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 教育 类别中的关键影响点。
15 479
订阅者
-624 小时
-537 天
-16630 天
帖子存档
15 474
Азамат Қанапия: сұлтан Сүлейменде 40 кейіпкерді сомдадым / Narikbi LIVE #141
Бұл жолғы қонағым: диктор әрі актер Азамат Қанапия. Ол дубляж саласында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленген, ал Disney компаниясы оның дауысын 32 елдің ішіндегі ең үздік деп таныған.
Әңгімемізде дубляждың артында қандай қызықтар жасырылғанын, дауысты қалай қоюға болатынын, тұтығып сөйлеуден арылудың жолдарын және неге қазақша сөйлейтіндер азайып бара жатқанын талқыладық. Дауысын кәсіби деңгейге жеткізгісі келетіндерге пайдалы жаттығулар да бар.
https://www.youtube.com/watch?v=U2eXn0_EhJ8
15 474
Нұрлан Мұқанов: 50% бедеулік еркектен / Narikbi LIVE #140
Подкаст жаңа эпизодында андролог-уролог Нұрлан Мұқановпен ер денсаулығы туралы ашық, ұялмай әрі түсінікті әңгіме құрдық. Бұл көбіне үнсіз қалатын, бірақ әр ер адамға қатысты тақырып.
Тестостерон қалай жұмыс істейді, деңгейі төмендесе ағзада не өзгереді, бала көтеру мәселесінде кім кінәлі, варикоцеле, жыныстық инфекциялар, ерте эякуляция, тестостерон терапиясының пайдасы мен қаупі, осының бәрін дәрігердің тәжірибесі арқылы талқыладық. Халық арасындағы кейбір мифтерге де нақтылық енгіздік.
https://youtu.be/YUVPFUlM9DA?si=BlkEjeyOVsac9tB4
15 474
Жандос Қонақбаев: Қазақстаннан әлемдік бренд шыға ма? / Narikbi LIVE #139
Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев.
Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды.
Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай қателер жібергені, неге Қазақстаннан әлемдік бренд әлі шықпай тұрғаны туралы ашық айтты.
Стиль деген не? Киім адамға қалай энергия береді? Кәсіпкер болу үшін қандай қасиет керек? Осы сұрақтардың бәріне жауап табасыз.
https://youtu.be/LzXlUBIlPHg?si=QGNKG_AaVTeMRxwh
15 474
Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138
Бүгінгі қонағымыз — психофизиолог Абдрашит Түлкібай.
Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз.
Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не?
Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қайдан туады? Скроллинг неге миды шаршатады? Осындай сұрақтардың бәріне Абдраши аса қарапайым, түсінікті тілмен жауап берді.
https://youtu.be/IlUq_1OtOow?si=1JwU335BSr90AYJk
15 474
+4
Достар, бір ойымды айта кеткім келіп еді.
Осы подкаст маусымына біз шынымен көп күш салдық. Қонақты таңдау, тақырыпты дайындау, сұрақтарды ойластыру, түсірілім күнін келісу, түсіру, монтаж, баннер, анонс — әрқайсысы бөлек еңбек. Сырттан бір сағаттық видео болып көрінгенімен, артында бірнеше апталық жұмыс жатыр.
Бұл маусымда тәсілімізді өзгерттік. Бұрынғыдай асығыс емес, әр шығарылымға терең дайындықпен келіп жатырмыз. Мақсатымыз — сапаны көтеру. Көрермен отырып көргенде "уақытым бекер кетпеді" деп тұрғанын қалаймыз.
Әр шығарылымның артындағы еңбекті сезініп, бағалап отырсаңыздар — бұл бізге үлкен мән береді. Сол қолдау арқылы алда тағы да тереңірек, мазмұнды дүниелер жасауға күшіміз молаяды.
Рақмет 🙏
15 474
Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137
Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шекарадағы оқиғалар... — осының бәрі айналамызда айтылса да, көбіне мифтер мен үстірт пікірлер арқылы жетеді.
Сол себепті бұл шығарылымға белгілі теолог, ғалым Асқар Сабдинді қонаққа шақырдық. Ағамызбен бірге Иранның тарихы мен бүгінін, парсы халқының ұлттық кодын, шиизмнің ішкі қыр-сырын және ислам әлеміндегі бүгінгі ұстанымын талқылаймыз.
Егер сіз:
— Иран мен парсы өркениеті туралы тереңірек білгіңіз келсе,
— шиизм мен сүннизмнің айырмашылығын түсінгіңіз келсе,
— қазақ пен парсы арасындағы тарихи-мәдени байланысты ұғынғыңыз келсе —
бұл подкаст сізге арналған.
https://youtu.be/UBBLrihT5w8?si=re1YD0mWqYLBZFTc
15 474
32.
Бала кезде осы жасқа толған ағаларымды қарап, осылар нені ойлап, не сезеді екен деп ойлаушы едім.
Осы адам бүгін мен болдым. Кеше сапардан 10х15 фото альбом шығарғым келіп, арнайы аппаратқа бардым.
Телефонды қосып, экраннан басатын суреттерді таңдау керек. Сол кезде тоқтай алмай 200дей фотоны таңдап тастаппын.
Неге сонша көп? - деп ойланып қалдым. Сөйтсем, шүкір ететін сәттерді жиып, жиі көргім келеді екен.
32-де шүкірлікті сездім. Ата-анам, туған ағам, сүйікті жарым, екі балам - отбасым бар. Осы екен ғой бастысы.
Осыны түсіндім.
15 474
Талғат Тынымбай: "Талғатпен сұхбаттың" шындығы / Narikbi LIVE #136
Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз.
Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды!
https://youtu.be/ByRjXPMVHjs?si=MzGP4fAlhw9KJWrh
15 474
Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #134
Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін.
- Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз?
- Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмірлік жарымызбен ашық сөйлесуден, рөлдерді бөлуден қашамыз? Фильмдердегі «мінсіз махаббат» туралы ертегілер бізді қалай алдап келгенін айттық.
- Өзіңнің талантыңды тап. Неге бір адамдарға көп сөйлеу оңай, ал екіншілеріне жалғыз отырып ойланған майдай жағады? Өзіңді қинауды қойып, табиғи талантыңды қалай пайдалану керек екенін түсіндік
https://youtu.be/6HOa0ZkMQWY
15 474
Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134
Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек.
Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік.
«Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? Неге біз қазақша сөйлегенде асығамыз? Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз?
https://youtu.be/-GX59brkY0A?si=LpHDi6GcAlLbvzqC
15 474
Данияр Аренов: бала - сіздің жобаңыз емес / Narikbi LIVE #133
Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық.
Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық:
• Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?.
• «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай?
және өзге де қазіргі ата-аналарға өзекті сұрақтарды ашып көрдік.
https://youtu.be/q_TVdOQ6E1g
15 474
Салем, достар!
Кейде тредсте неге қазақ тілінде дұрыс контент жоқ деп жазып жатады ғой.
Біздің жобаның ерекшелігі - біліктілігі өте жоғары, алайда елімізге танылмай жүрген тұлғаларды шақыру.
Мират мырза солардың бірі деп білемін.
Қазақ ютубының өкінішті тұсы - қаржы, экономика, IT туралы видео мүлдем танымал бола алмайды. Бірақ, оларды шығармау керек деген сөз емес. Кейде бір қаралымның өзі біраз адамға әсер ете алады.
Сол үшін ондай подкаст санын көтере берейік, халқымыз да, қаралымдар да тартылар.
15 474
Мират Ахметсадық: 2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Narikbi LIVE #132
2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр.
Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық.
Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айналған, MOST Ventures компаниясының негізін қалаушы тұлға.
Бүгінгі шығарылымда біз экономикадағы өзгерістерді талдап, алдағы жылдары кәсіпкерлер не нәрсеге дайын болуы керектігін бүге-шігесіне дейін талқыладық.
https://youtu.be/hUNOjb07mLc?si=t6p1ZOcuS86m_3xI
15 474
Подкаст шыққан бойда аса көп қаралым жинады деп айта алмаймын. Бірақ дәл осы эпизод мен үшін ең жылы, күлкілі әрі терең ой қалдырған шығарылымдардың бірі болды.
Ғани ағаның отбасысына, туыстарына және жақындарына көңіл айтамын. Қазақ медицинасы білікті маманынан, ал еліміз нағыз патриот азаматынан айырылды.
Инна лилляхи уа инна иляйхи ражиъун.
PS: Әдетте некрологта суретті ақ-қара түсте жариялайды ғой. Бірақ мен үшін Ғани аға - түрлі бояуға, позитивке толы адам болып қалды.
https://youtu.be/YQL6YR_ByqY
15 474
2026 жылдың басы суық хабармен басталды. Бірнеше күн бұрын белгілі аритмолог, дәрігер, ғалым - Төлепбергенов Ғани Құнанбайұлы Раббысына қайтты.
Осыдан бір жыл бұрын подкастқа дәрігер мамандарды іздеп жүргенімде, көп адам Ғани ағаны ұсынған еді. Кейін парақшасымен танысып, WhatsApp арқылы хабарласып, подкаст жазуға келістік.
Жазба күні кездесіп, шай ішіп отырып, бір-біріміздің хал-жағдайымызды сұрасып, жоспарды талқылап алдық. Мен талай адаммен осылай кездескенмін, кейде бір көргеннен-ақ шығарылымның қалай өтетінін сезесің.
Ғани ағаның қарапайым, еңбекқор, адал адам екені бірден байқалды. Ол өз ісі жайлы шын ықыласымен, бар ынта-жігерімен айтып берді. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен бірге еліміздің түкпір-түкпірін аралап, науқастарды қабылдағанын айтты.
Сонымен қатар, науқасқа қамқор болу мен жылы сөздің маңызын ерекше атап өтті. Ең есте қалғаны — ата-анасын өте жоғары бағалап, оларды өзіне role model санайтынын айтуы.
15 474
Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131
Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен.
Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа, Мина секілді кезеңдердің әрқайсысы нені білдіреді? Қажылық адамның ішкі дүниесіне қалай әсер етеді? Бұл сапардан “қажы” атағымен емес, қандай жүрекпен оралу керек?
https://youtu.be/P1qAvQLc7lo?si=Ca0vkd98TcjKK209
现已上线!2025 年 Telegram 研究 — 年度关键洞察 
