ch
Feedback
Press Pavlodar region

Press Pavlodar region

前往频道在 Telegram

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің арнасы Канал пресс-службы акима Павлодарской области

显示更多
1 008
订阅者
+124 小时
+177
+2830
帖子存档
+4
IMG_2589.JPG1.10 MB

Аким Павлодарской области Асаин Байханов представил активу Актогайского района нового акима. По согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, депутатами районного маслихата и распоряжением главы региона на должность акима Актогайского района назначен Ернур Айткенов. Ернур Нурмуханович родился в 1965 году. Уроженец Майского района. Имеет высшее образование и более 20 лет стажа государственной службы. В разные годы возглавлял Майский, Баянаульский районы, а также районы Аққулы и Тереңкөл. Последние годы являлся депутатом Сената Парламента Республики Казахстан. Представляя нового руководителя района, Асаин Байханов отметил, что Актогайский район сохраняет положительную динамику развития, однако по ряду направлений необходимо усилить работу. В первую очередь глава региона акцентировал внимание на привлечении инвестиций. Сегодня район занимает лишь 10-е место в области по объему инвестиций, поэтому новому акиму поручено активизировать работу с инвесторами, реализовывать новые проекты и создавать постоянные рабочие места. Также глава региона поручил усилить работу по созданию комфортных условий для жизни населения и привлечению участников программы добровольного переселения Особое внимание поручено уделить развитию агропромышленного комплекса. В текущем году посевные площади увеличены на 5,3 тыс. гектаров, однако в условиях засушливой погоды необходимо принять все меры для сохранения урожая, своевременно провести кормозаготовительную и уборочную кампании. В этом году за счет бюджетных средств в районе реализуются 15 проектов. Асаин Байханов поручил обеспечить их качественное и своевременное выполнение. В числе ключевых задач - завершить до конца года строительство спортивного комплекса в с. Акжол, провести ремонт подъездных дорог к семи селам района - Жамбыл, Кайран, Караой, Абжан, Жанатап, Жанабет и Жоламан, а также проработать вопрос ремонта внутрипоселковых дорог в селах Жанабет и Жанатап с учетом обращений жителей. Кроме того, новому акиму поручено изучить возможность восстановления автовокзала и общественной бани в районном центре, а также строительства бассейна. В числе первоочередных задач также названы своевременная подготовка к отопительному сезону, реализация противопаводковых мероприятий и включение в бюджет 2027 года проекта строительства моста на подъездной дороге к с. Шолаксор. В завершение Асаин Байханов пожелал Ернуру Айткенову успешной работы, подчеркнув, что главным показателем деятельности акима должны стать реальные изменения в жизни жителей района. Пресс-служба акима Павлодарской области Фото Валерия Бугаева

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ақтоғай ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және өңір басшысының өкімімен Ақтоғай ауданының әкімі лауазымына Ернұр Әйткенов тағайындалды. Ернұр Нұрмұханұлы 1965 жылы туған. Май ауданының тумасы. Жоғары білімді, мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр жылдары Май, Баянауыл, Аққулы және Тереңкөл аудандарын басқарды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарды. Ауданның жаңа басшысын таныстыра отырып, Асайын Байханов Ақтоғай ауданының даму қарқыны оң динамиканы көрсетіп отырғанын, алайда бірқатар бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті. Ең алдымен өңір басшысы инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударды. Қазіргі таңда аудан тартылған инвестиция көлемі бойынша облыста 10-орында тұр. Осыған байланысты жаңа әкімге инвесторлармен жұмысты жандандырып, жаңа жобаларды іске асыру және тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырылды. Сонымен қатар, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларды тарту бағытындағы жұмысты күшейту міндеті жүктелді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Биыл егіс алқаптары 5,3 мың гектарға ұлғайды. Алайда құрғақшылық жағдайында өнімді сақтап қалу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, мал азығын дайындау және егін жинау науқанын уақытылы жүргізу қажет екені атап өтілді. Биыл аудан аумағында бюджет қаражаты есебінен 15 жоба жүзеге асырылуда. Асайын Байханов олардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Негізгі міндеттердің қатарында жыл соңына дейін Ақжол ауылындағы спорт кешенінің құрылысын аяқтау, Жамбыл, Қайран, Қараой, Әбжан, Жаңатап, Жаңабет және Жоламан ауылдарының кіреберіс жолдарды жөндеу, сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, Жаңабет және Жаңатап ауылдарының ішкі көшелерін жөндеу мәселесін пысықтау бар. Бұдан бөлек, жаңа әкімге аудан орталығындағы автовокзал мен қоғамдық моншаны қалпына келтіру, сондай-ақ бассейн салу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, жылу беру маусымына уақтылы дайындалу, су тасқынының алдын алу шараларын іске асыру және Шолақсор ауылына кіреберіс жолдағы көпір құрылысы жобасын 2027 жылдың бюджетіне енгізу де кезек күттірмейтін міндеттердің қатарында аталды. Жиын соңында Асайын Байханов Ернұр Әйткеновтің қызметіне табыс тілеп, аудан әкімінің жұмысы ең алдымен тұрғындардың өмір сапасына оң әсер ететін нақты нәтижелермен бағалануы тиіс екенін атап өтті. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

IMG_2559.JPG2.08 MB

Назначен новый руководитель аппарата акима Павлодарской области По согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан и распоряжением акима Павлодарской области руководителем аппарата акима области назначен Руслан Муканов. Руслан Берекеленович в 2008 году окончил Инновационный Евразийский университет по специальности «Основы права и экономики». Трудовую деятельность начал ведущим специалистом аппарата акима Лебяжинского сельского округа Лебяжинского района. В разные годы работал главным специалистом в аппаратах акима города Павлодара и акима Павлодарской области. С 2013 по 2023 годы занимал различные должности в государственном аппарате: работал в областном управлении по делам религий, отделе предпринимательства и туризма города Аксу, возглавлял аппарат акима района Тереңкөл, занимал должность заместителя акима района Аққулы, руководителя аппарата акима города Аксу, а также руководителя отдела протокольно-организационной и территориальной работы аппарата акима Павлодарской области. До настоящего назначения занимал должность акима района Аққулы. Пресс-служба акима Павлодарской области Фото Валерия Бугаева

Павлодар облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Павлодар облысы әкімінің өкімімен Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы болып Руслан Мұқанов тағайындалды. Руслан Берекеліұлы 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Лебяжі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Павлодар қаласы әкімі аппаратында және Павлодар облысы әкімі аппаратында бас маман қызметтерін атқарды. 2013-2023 жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында еңбек етті. Атап айтқанда, облыстық дін істері басқармасында, Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінде қызмет атқарды, Тереңкөл ауданы әкімі аппаратына басшылық етті, Аққулы ауданы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Аққулы ауданының әкімі қызметін атқарды. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

+6
IMG_2553.JPG2.07 MB

Асаин Байханов на заседании актива представил нового акима города Аксу Открывая встречу, аким Павлодарской области Асаин Байханов поблагодарил Болатбека Шарипова, который покинул пост акима Аксу по состоянию здоровья, за многолетнюю работу и вклад в развитие города. По согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, депутатами городского маслихата и распоряжением главы региона акимом города Аксу назначен Ануарбек Аманов. Ануарбек Дуйсенбаевич родился в 1986 году. Имеет два высших образования. В 2008 году окончил Павлодарский государственный университет имени С. Торайгырова по специальности «Автомобиле- и тракторостроение», в 2020 году - Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза по специальности «Юриспруденция». Трудовую деятельность начал в 2009 году главным специалистом отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Павлодара. В 2009–2023 годах работал в отделе жилищной инспекции, где прошел путь от главного специалиста до руководителя. В 2023-2024 годах занимал должность заместителя акима Экибастуза, до настоящего назначения был заместителем акима Павлодара. Представляя нового руководителя, глава региона обозначил ключевые направления дальнейшего развития города. - Аксу - один из основных промышленных центров Павлодарской области, обеспечивающий около 17% общего объема промышленного производства региона. Сегодня главная задача - не только сохранить темпы развития, но и создать современную и комфортную среду для жизни горожан, - подчеркнул Асаин Байханов. В числе приоритетных задач названа модернизация коммунальной инфраструктуры: повышение надежности системы теплоснабжения города, дальнейшая модернизация сетей водоснабжения и канализации, строительство тепловых сетей в п. Аксу, качественная и своевременная подготовка к отопительному сезону и завершение работ по запуску и вводу в эксплуатацию новой городской котельной с устранением всех выявленных замечаний. Отдельный блок поручений касается благоустройства. В течение двух лет необходимо привести в порядок все дворовые территории, обновить асфальтовое покрытие основных магистралей и тротуары, а также полностью заасфальтировать улицы частного сектора. Кроме этого, поручено обеспечить своевременную реализацию проектов по реконструкции центрального парка, строительству бассейна и продолжить комплексное озеленение города. Особое внимание глава региона уделил социальной сфере. В здравоохранении необходимо усилить работу по привлечению медицинских кадров и реализовать проект реконструкции Аксуской городской больницы. Кроме того, поставлена задача приступить к проектированию с последующим строительством инклюзивного детского сада и других востребованных социальных объектов. Подводя итоги встречи, Асаин Байханов отметил высокий потенциал Аксу и заверил, что областной акимат продолжит оказывать всестороннюю поддержку развитию города. - У Аксу большой потенциал для дальнейшего роста. Со своей стороны мы будем оказывать необходимую поддержку в решении ключевых задач. Желаю Ануарбеку Дуйсенбаевичу успехов в работе на благо жителей города, - сказал Асаин Байханов. Пресс-служба акима Павлодарской области Фото Валерия Бугаева

Асайын Байханов актив жиынында Ақсу қаласының жаңа әкімін таныстырды Жиынды ашқан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов денсаулық жағдайына байланысты Ақсу қаласының әкімі қызметінен кеткен Болатбек Шәріповке көпжылдық еңбегі мен қаланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, қалалық мәслихат депутаттарының келісімі және өңір басшысының өкімімен Ақсу қаласының әкімі лауазымына Әнуарбек Аманов тағайындалды. Әнуарбек Дүйсенбайұлы 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастады. 2009-2023 жылдары тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қызмет атқарып, бас маманнан бөлім басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. 2023-2024 жылдары Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Жаңа басшыны таныстырған өңір басшысы қаланың алдағы дамуындағы негізгі басымдықтарды айқындады. - Ақсу - өңірдегі жалпы өнеркәсіп өндірісінің шамамен 17% қамтамасыз етіп отырған Павлодар облысының негізгі өнеркәсіп орталықтарының бірі. Бүгінгі басты міндет - қол жеткізілген даму қарқынын сақтап қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи өмір сүру ортасын қалыптастыру, - деп атап өтті Асайын Байханов. Басым міндеттердің бірі ретінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері аталды. Атап айтқанда, қаланың жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттыру, су құбыры және кәріз желілерін одан әрі жаңғырту, Ақсу кентінде жылу желілерін салу, алдағы жылу беру маусымына сапалы әрі уақытылы дайындалу, сондай-ақ анықталған барлық ескертулерді жоя отырып, жаңа қалалық қазандықты іске қосу және пайдалануға беру жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Абаттандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Алдағы екі жыл ішінде барлық аула аумақтарын ретке келтіру, негізгі көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарының асфальт жабынын жаңарту, сондай-ақ жеке сектордағы барлық көшелерді толықтай асфальттау қажет. Бұдан бөлек, орталық саябақты қайта жаңғырту, жүзу бассейнінің құрылысын уақытылы аяқтау және қаланы кешенді көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды. Өңір басшысы әлеуметтік салаға да ерекше назар аударды. Денсаулық сақтау саласында медицина кадрларын тарту жұмысын күшейтіп, Ақсу қалалық ауруханасын қайта жаңғырту жобасын іске асыру қажет екені айтылды. Бұдан бөлек, инклюзивті балабақша мен өзге де сұранысқа ие әлеуметтік нысандарды жобалап, құрылысын бастау міндеті жүктелді. Жиынды қорытындылаған Асайын Байханов Ақсу қаласының даму әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, облыс әкімдігі қаланың өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын жеткізді. - Ақсу қаласының әлеуеті өте жоғары. Біз өз тарапымыздан барлық маңызды міндеттерді шешу үшін қажетті қолдау көрсететін боламыз. Әнуарбек Дүйсенбайұлына жауапты қызметінде сәттілік пен қала халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеймін, - деді Асайын Байханов. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Аққулы ауданының әкімі Асқар Ажмұраттың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы ____ Официальная страница акима района Аққулы Аскара Ажмурат в Instagram

+4
IMG_2547.JPG1.39 MB

Аким Павлодарской области Асаин Байханов представил нового акима активу района Аққулы По согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, депутатами районного маслихата и распоряжением главы региона на эту должность назначен Аскар Ажмурат. Аскар Кадырович родился в 1976 году. Имеет высшее образование и более 24 лет стажа государственной службы. Работал на руководящих должностях в Павлодаре, Павлодарском и Успенском районах, свыше двух лет возглавлял управление строительства Павлодарской области. Представляя нового руководителя, глава региона обозначил ключевые задачи, стоящие перед районом. - Район Аққулы обладает высоким аграрным потенциалом. Вместе с тем необходимо усилить работу по привлечению инвестиций и созданию новых рабочих мест,- подчеркнул Асаин Байханов. Особое внимание поручено уделить своевременному проведению кормозаготовительной и уборочной кампаний с учетом засушливых условий текущего года, а также привлечению молодых специалистов и созданию комфортных условий для жителей. Глава региона поручил обеспечить качественную реализацию бюджетных проектов, подготовить предложения по ремонту подъездной дороги к селам им. Абылкайыра Баймолдина и Такыр, а также продолжить работу по реконструкции автомобильной дороги районного значения «Акку – Казы – Майкарагай». Кроме того, поручено проработать строительство новой школы в с. Тосагаш и бассейна в районном центре. Отдельный акцент сделан на подготовке к отопительному сезону, развитии туристической инфраструктуры на озере Тузкала и решении вопросов водоснабжения. В частности, глава региона поручил приступить к реконструкции водопроводных сетей в районном центре и обеспечить водой жителей с. Тлектес. Подводя итоги встречи, Асаин Байханов отметил, что перед новым акимом стоят масштабные и ответственные задачи, выразив уверенность, что знание района и накопленный управленческий опыт помогут ему эффективно работать на благо жителей. Пресс-служба акима Павлодарской области Фото Валерия Бугаева

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және өңір басшысының өкімімен бұл лауазымға Асқар Ажмұрат тағайындалды. Асқар Қадырұлы 1976 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, мемлекеттік қызметте 24 жылдан астам еңбек өтілі бар. Павлодар қаласында, Павлодар және Успен аудандарында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ екі жылдан астам уақыт Павлодар облысының құрылыс басқармасын басқарды. Жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі аудан алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындап берді. - Аққулы ауданының аграрлық әлеуеті жоғары. Сонымен қатар инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет, - деді Асайын Байханов. Облыс әкімі биылғы құрғақшылықты ескере отырып, мал азығын дайындау және егін жинау науқандарын уақытылы әрі сапалы өткізуді, сондай-ақ жас мамандарды тарту мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауды ерекше тапсырды. Өңір басшысы бюджеттік жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді, А. Баймолдин және Тақыр ауылдарының кіреберіс жолдарын жөндеу бойынша ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ аудандық маңызы бар «Аққу - Қазы - Майқарағай» автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, Тосағаш ауылында жаңа мектеп пен аудан орталығында жүзу бассейнін салу мәселесін пысықтауды жүктеді. Жылу беру маусымына дайындық, Тұзқала көлінің туристік инфрақұрылымын дамытуға және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, облыс әкімі аудан орталығындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауды және Тілектес ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Кездесудің қорытындысы бойынша Асайын Байханов жаңа әкімнің алдында ауқымды әрі жауапты міндеттер тұрғанын атап өтіп, ауданды жақсы білуі мен жинақтаған басқарушылық тәжірибесі тұрғындардың игілігі үшін тиімді еңбек етуіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

+6
IMG_2474.JPG1.95 MB

+9
IMG_2484.JPG2.71 KB

+9
IMG_2497.JPG1.63 KB

Аким Павлодарской области Асаин Байханов представил транспортно-логистический потенциал региона на Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России Аким Павлодарской области Асаин Байханов выступил на пленарном заседании XXI Форума межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Омске с участием Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева и Президента Российской Федерации Владимира Путина. Глава региона представил транспортно-логистический и промышленный потенциал Павлодарской области, подчеркнув, что благодаря выгодному географическому положению, более чем 700-километровой государственной границе с Российской Федерацией и развитию современной транспортной инфраструктуры регион становится одним из ключевых центров казахстанско-российского сотрудничества. - Мы высоко ценим многолетнюю дружбу и взаимовыгодное сотрудничество между Павлодарской и Омской областями. Такие же прочные партнерские отношения связывают нас с Новосибирской областью и Алтайским краем, - отметил Асаин Байханов. Сегодня Павлодарская область производит 7% промышленной продукции Казахстана, обеспечивает выпуск 100% отечественного алюминия, 60% угля, 58% ферросплавов и 40% электроэнергии страны, сохраняя статус одного из крупнейших индустриальных регионов республики. Особое внимание глава региона уделил развитию международного транспортного коридора «Север-Юг». Для повышения эффективности речной логистики завершено строительство дополнительного причала Павлодарского речного порта, продолжаются дноуглубительные работы на Иртыше объемом свыше 1,2 млн кубометров. Завершается капитальный ремонт автомобильной дороги «Атамекен-Иртышск-Русская Поляна». По поручению Главы государства уже этой осенью планируется открыть движение по новому мосту через Иртыш на автомобильной дороге республиканского значения «Кызылорда-Павлодар-Успенка-граница Российской Федерации». Реализация проекта позволит сократить маршрут движения грузового транспорта более чем на 60 километров. Продолжается модернизация международных автомобильных пунктов пропуска «Қосақ», «Шарбақты» и «Өрлітөбе». В числе приоритетных направлений также развитие авиационной инфраструктуры. После завершения реконструкции взлетно-посадочной полосы аэропорта Павлодара уже в сентябре планируется открыть международные транзитные рейсы по маршрутам Омск-Павлодар-Ташкент и Новосибирск-Павлодар-Ташкент. Асаин Байханов пригласил участников пленарного заседания на международный форум «Иртыш - река дружбы, река развития», который в этом году пройдет в Павлодаре. По его словам, форум станет новой площадкой для укрепления добрососедских отношений, развития доверия и реализации совместных проектов между приграничными регионами Казахстана и России. Также в рамках деловой программы форума представители Павлодарской области приняли участие в работе тематических панельных сессий, где обсуждались вопросы международной кооперации, развития транспортных коридоров и инфраструктурных проектов, водных маршрутов, экологического партнерства на реке Иртыш, а также укрепления промышленной кооперации между двумя странами. Пресс-служба акима Павлодарской области

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін таныстырды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Өңір басшысы Павлодар облысының көлік-логистикалық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстырып, тиімді географиялық орналасуы, Ресей Федерациясымен 700 шақырымнан асатын мемлекеттік шекарасы және заманауи көлік инфрақұрылымының дамуы өңірді Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың маңызды орталықтарының біріне айналдырып отырғанын атап өтті. - Біз Павлодар мен Омбы облыстары арасындағы көпжылдық достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Бізді Новосібір облысы және Алтай өлкесімен де осындай берік әріптестік байланыстар біріктіреді, - деді Асайын Байханов. Бүгінде Павлодар облысы Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің 7% өндіреді. Өңірде еліміздегі алюминийдің 100%, көмірдің 60%, ферроқорытпаның 58% және электр энергиясының 40% өндіріледі. Осылайша облыс республиканың ірі индустриялық өңірлерінің бірі ретіндегі мәртебесін сақтап келеді. Өңір басшысы халықаралық «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударды. Өзен логистикасының тиімділігін арттыру мақсатында Павлодар өзен портында қосымша айлақтың құрылысы аяқталды. Ертіс өзенінде көлемі 1,2 млн текше метрден асатын түбін тереңдету жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар «Атамекен-Ертіс-Русская Поляна» автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы күзде республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы» автокөлік жолындағы Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірді ашу жоспарлануда. Бұл жоба жүк көліктерінің жүру бағытын 60 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Қосақ», «Шарбақты» және «Үрлітүп» халықаралық автокөлік өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Басым бағыттардың бірі - авиациялық инфрақұрылымды дамыту. Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін, биылғы қыркүйекте Омбы-Павлодар-Ташкент және Новосібір-Павлодар-Ташкент бағыттары бойынша халықаралық транзиттік әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Асайын Байханов пленарлық отырысқа қатысушыларды биыл Павлодар қаласында өтетін «Ертіс - достық өзені, даму өзені» халықаралық форумына шақырды. Оның айтуынша, бұл форум Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлері арасындағы тату көршілік қатынастарды нығайтуға, өзара сенімді арттыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға арналған жаңа алаңға айналады. Сонымен қатар форумның іскерлік бағдарламасы аясында Павлодар облысының өкілдері тақырыптық панельдік сессияларға қатысып, халықаралық кооперация мәселелері, көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық жобаларды, су көлігі бағыттарын дамыту, Ертіс өзеніндегі экологиялық әріптестікті нығайту және екі ел арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мәселелерін талқылады. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Валерий Бугаев