"ГАРМОНИЯ" орталығы
前往频道在 Telegram
Ташкент облыстық "Гармония" тұрғындарға практикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығы. +99897 4100480
显示更多340
订阅者
无数据24 小时
+17 天
-230 天
帖子存档
Repost from N/a
Кім көп жол жүрсе, сол көп сүрінеді...
Қанша көп сүрінсе, соншалықты сүрінбей жүрудің амалын үйренеді...
Ақыр соңында, өмірден сабақ алып, тәжірибе жинаған адам ғана өзгелерге жол көрсете алады...
Ешқашан қателеспегенін мақтан тұтатын адам өмірдің ащы-тұщысын әлі татып көрмегені...
Жел сәл өзгерсе де, ондай адам тепе-теңдігін жоғалтып алады...
Адам өз тепе-теңдігін қателік пен жетістік қатар өрілген күрестің ортасында ғана табады...
Бүгін бір таныс апай телефон соғып, "Гармония" орталығының каналвнда ақпарат жарияламай қойдыңыз, жұмыс істеп жатырсыздар ма деп сұрады. Тұрақты оқырман қырағы болады. Көңіл бөлгеніне рақмет! Риза болдым ❤️.
Иә, біраздан бері материал жариялауға мүмкіндік болмады. Дегенмен жұмысымыз тоқтаған жоқ. Жаңа халықаралық жобада жұмыс істеп жатырмыз. Бенефициарларымыз көп. Түрлі әлеуметтік және басқа да проблемаларға тап болған жандардың фотосуреттерін жариялауға құқымыз жоқ. Оның үстіне, жеке консультацияға келген жандар да өздері туралы ақпараттың жарияланғанын қаламайды. Бұл – олардың талабы.
Каналға материал жариялау үшін де, оны әзірлеу үшін де уақыт бөлу керек. Екі жұмыстың арасында ары-бері жүгіріп, кейде үлгермей қаламын.
Жуырда Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің құзырындағы Басқару тиімділігі агенттігі ұйымдастырған оқу семинарына қатысып, аталмыш агенттіктің (АРГОС) базасына тренер ретінде ендім. Бұл – мен үшін үлкен жетістік.
Бүгінгі таңда Қыбырай, Орташыршық аудандары және Бекабад қаласының тұрғындарымен жұмыс істеп жатырмыз. Түрлі жағдайға тап болған қыз-келіншектер көп. Кейбірі проблемаларын шешу үшін тырысып жатса, кейбіреулерінің өз проблемасына тіке қарауға батылы жетпейді. Жан-жақтан дайын шешімді берсе, біреу келіп шешсе дегендер де жоқ емес.
Әркім өзінің проблемасын шешудің ең тиімді жолын өзі ғана біледі. Өйткені өзінің шама-шарқын, тәжірибесін, бойындағы қасиеттерін, қабілеттері мен дағдыларын қайда, қалай жұмсағаны дұрыс болатынын өте жақсы сезеді.
Біз тек жан-жақты қарауға көмектесеміз, психологиялық призмамен қарауды ұсынамыз. Әйтпегенде, адам өзінің субъективті призмасы арқылы қарап, жағдайдың басқа қырын байқамай қалуы мүмкін.
Айгүл ЕРКІН
https://t.me/psy_consultt
Бүгін бір таныс апай телефон соғып, "Гармония" орталығының каналвнда ақпарат жарияламай қойдыңыз, жұмыс істеп жатырсыздар ма деп сұрады. Тұрақты оқырман қырағы болады. Көңіл бөлгеніне рақмет! Риза болдым ❤️.
Иә, біраздан бері материал жариялауға мүмкіндік болмады. Дегенмен жұмысымыз тоқтаған жоқ. Жаңа халықаралық жобада жұмыс істеп жатырмыз. Бенефициарларымыз көп. Түрлі әлеуметтік және басқа да проблемаларға тап болған жандардың фотосуреттерін жариялауға құқымыз жоқ. Оның үстіне, жеке консультацияға келген жандар да өздері туралы ақпараттың жарияланғанын қаламайды. Бұл – олардың талабы.
Каналға материал жариялау үшін де, оны әзірлеу үшін де уақыт бөлу керек. Екі жұмыстың арасында ары-бері жүгіріп, кейде үлгермей қаламын.
Жуырда Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің құзырындағы Басқару тиімділігі агенттігі ұйымдастырған оқу семинарына қатысып, аталмыш агенттіктің (АРГОС) базасына тренер ретінде ендім. Бұл – мен үшін үлкен жетістік.
Бүгінгі таңда Қыбырай, Орташыршық аудандары және Бекабад қаласының тұрғындарымен жұмыс істеп жатырмыз. Түрлі жағдайға тап болған қыз-келіншектер көп. Кейбірі проблемаларын шешу үшін тырысып жатса, кейбіреулерінің өз проблемасына тіке қарауға батылы жетпейді. Жан-жақтан дайын шешімді берсе, біреу келіп шешсе дегендер де жоқ емес.
Әркім өзінің проблемасын шешудің ең тиімді жолын өзі ғана біледі. Өйткені өзінің шама-шарқын, тәжірибесін, бойындағы қасиеттерін, қабілеттері мен дағдыларын қайда, қалай жұмсағаны дұрыс болатынын өте жақсы сезеді.
Біз тек жан-жақты қарауға көмектесеміз, психологиялық призмамен қарауды ұсынамыз. Әйтпегенде, адам өзінің субъективті призмасы арқылы қарап, жағдайдың басқа қырын байқамай қалуы мүмкін.
Айгүл ЕРКІН
https://t.me/psy_consultt
🔮 БОЛАШАҚТАҒЫ ӨЗІҢІЗБЕН СӨЙЛЕСІП КӨРІҢІЗ
Психодрамада рөлдерді алмастыру әдісі бар. Біз сізге осы әдістің кейбір элементтерін қамтитын жаттығуды ұсынамыз.
💜 Жаттығуды орындау үшін екі орындық пен 5 минут уақытыңыз қажет.
🪑 1-қадам. Бірінші орындыққа отырып, дәл қазір шешім қабылдай алмай жүрген жағдайыңыз туралы ойланыңыз.
🪑 2-қадам. Екінші орындыққа ауысыңыз. Өзіңізді 10 жылдан кейінгі қалпыңызда елестетіңіз. Яғни, сіз – қазіргі өзіңіз, бірақ арада 10 жыл өткен.
🪑 3-қадам. Қарсыңыздағы бос орындыққа қарап, өзіңізге мына сұрақтарды қойып, болашақтағы өзіңіз ретінде жауап беріңіз:
— Қазір не үшін мүлде уайымдамауың керек?
— Дәл қазір нені назардан тыс қалдырып жүрсің?
— Саған қандай кеңес бере аламын?
🪑 4-қадам. Қайтадан бірінші орындыққа оралыңыз.
Болашақтағы өзіңізден естіген жауаптардың қайсысын қазіргі өміріңізде басшылыққа алғыңыз келеді?
✨ Кейде рөлдерді алмастыру арқылы үйреншікті жағдайға күтпеген қырынан қарап, оны басқаша бағалауға болады.
Ал сіз 10 жылдан кейінгі өзіңізге қандай сұрақ қояр едіңіз?
https://t.me/psy_consultt
Тәжікстанда климаттық әділеттілік мәселелеріне арналған халықаралық тренинг өтуде
13–15 қазан күндері Тәжікстанның Гулистон қаласында «Өзгерістер жолындағы көшбасшылық: климаттық әділеттілік үшін әрекет ету» тақырыбында тренерлерге арналған ұлттық тренинг өтуде. Іс-шара Women’s Learning Partnership (WLP) халықаралық ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған.
Тренингке «Гармония» халыққа практикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығының басшысы Айгүл Тешебаева қатысуда.
Іс-шараның ашылуында «Әйелдер ресурстық орталығы» үкіметтік емес ұйымының директоры, WLP-International ұйымының Орталық Азия және ТМД елдері бойынша өңірлік үйлестірушісі Гүлнара Қарақұлова тренингтің мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, оның әдістемелік негіздеріне тоқталды.
Тренинг барысында климаттың өзгеруі, экологиялық әділеттілік, гендерлік теңдік және адам құқықтары мәселелері талқылануда. WLP-Kazakhstan тренерлері Жадра Дусупова мен Лали Шенгелия қатысушыларға практикалық сабақтар өткізіп, көшбасшылық пен тренерлік дағдыларды дамытуға бағытталған әдістерді үйретуде.
Халықаралық тренингке қатысу «Гармония» орталығының басшысына тәжірибе алмасуға, жаңа әдістерді меңгеруге және әйелдер мен жастарды қолдау бағытындағы қызметінде адам құқықтары, гендерлік теңдік пен әлеуметтік әділеттілік мәселелерін тереңірек қамтуға мүмкіндік береді.
#Тәжікстан #Гулистон #Гармония #КлиматтықӘділеттілік #АдамҚұқықтары #ГендерлікТеңдік #WLP #ХалықаралықЫнтымақтастық
https://t.me/psy_consultt
🌱 Жаңа білім мен тәжірибе алмасу жолында
Тәжікстанға жол тарттым! 🇹🇯
Алда Гулистан қаласында өтетін «Өзгерістер үшін көшбасшылық: климаттық әділеттілік жолында әрекет етеміз» атты Ұлттық тренерлерді даярлау институтына қатысу күтіп тұр.
Бұл — жаңа білім алу, халықаралық тәжірибе алмасу және көшбасшылық пен тренерлік дағдыларды жетілдіру мүмкіндігі.
«Гармония» орталығының басшысы ретінде мұнда жинақтаған тәжірибемді әйелдер мен жастарды қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамның әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысымызда қолдануға ниеттімін.
Жаңа сапар, жаңа танысулар, жаңа мүмкіндіктер! 🌿
#Гармония #Тәжікстан #Көшбасшылық #ТәжірибеАлмасу
https://t.me/psy_consultt
✔️ «Эмоциямен тыныстау» практикасы
🎯 Мақсаты: күшті эмоцияны басып тастамай, оны байқап, қабылдап, біртіндеп жеңілдетуге көмектесу.
📌 Практиканы орындау:
1️⃣ Күшті эмоцияны сезінген сәтте өзіңізге тыныш жерде жалғыз қалуға бірнеше минут уақыт беріңіз.
2️⃣ Қазір қандай эмоцияны бастан өткеріп тұрғаныңызды анықтауға тырысыңыз: ашу, қорқыныш, мұң, реніш немесе басқа сезім. Оны түсінуге асықпай, жай ғана байқаңыз.
3️⃣ Бұл эмоцияның денеңіздің қай бөлігінде сезілетінін анықтаңыз. Сол жерде қандай сезім бар: қысылу, ауырлық, керілу, жылу, суықтық немесе басқа да белгі?
4️⃣ Эмоцияны сол дене бөлігінде бейне ретінде елестетіп көріңіз. Оның көлемі қандай? Пішіні, түсі немесе құрылымы қандай?
5️⃣ Енді дәл сол аймақ арқылы дем алып, дем шығарып жатқаныңызды елестетіңіз. Дем алған сайын тыныс сол жерге жетіп, дем шығарған сайын қайта шығып жатқанын сезініңіз.
6️⃣ Әр дем шығарған сайын денедегі қысым мен жағымсыз сезімдердің біртіндеп бәсеңдеп, сыртқа шығып бара жатқанын елестетіңіз.
7️⃣ Эмоцияны күшпен жоймаңыз және онымен күреспеңіз. Оның бар екенін мойындап, біртіндеп кетуіне мүмкіндік беріңіз. Өзіңізге:
«Бұл эмоция қазір менде бар. Мен оны байқап тұрмын. Ол біртіндеп басылады», — деп айта аласыз.
8️⃣ Тыныс алуды бірнеше минут жалғастырыңыз. Денеңіз босаңсып, ішкі күйіңіз тыныштала бастағанын байқаңыз. Соңында өзіңізден: «Қазір мен не сезіп тұрмын?» деп сұраңыз.
🌿 Есте сақтаңыз: эмоцияны сезіну — әлсіздік емес. Эмоция — адамның ішкі күйі туралы белгі. Оны түсініп, қауіпсіз түрде қабылдай білу — өзіңізбен жұмыс істеудің бір жолы.
📎 Практиканы қажет кезінде қолданып көріңіз және эмоциялармен жұмыс істейтін әріптестеріңізбен бөлісіңіз.
#өзінөзікөмек #эмоцияменжұмыс #психология
https://t.me/psy_consultt
📚 Кітап оқимыз. Талдаймыз. Өмірмен байланыстырамыз.
17 қазан (октябрь) күні «Гармония» орталығында кітаптың адам өміріндегі орны, оның ойлауымызға, сезімдерімізге және күнделікті өмірімізге әсері туралы библиотерапиялық сұхбат өткіземіз.
Бұл жай ғана кітап талқылау емес.
Біз бірге:
📖 кітап оқудың адамға беретін пайдасы туралы сөйлесеміз;
💭 оқығанымызды талдаймыз;
🔎 кейіпкерлердің әрекеті мен таңдауларына үңілеміз;
🪞 кітаптағы оқиғалар мен ойларды өз өмірімізбен байланыстырамыз;
🌱 оқығанымыздан өзімізге қажетті ойды алып, оны өмірде қалай қолдануға болатынын қарастырамыз.
Кейде кітаптан іздеген жауабымызды табамыз.
Кейде өзімізге жаңа сұрақтар қоя бастаймыз.
Ал кейде бір ғана ой адамның белгілі бір жағдайға көзқарасын өзгертуі мүмкін.
Библиотерапиялық сұхбат — кітап туралы ғана емес, кітап арқылы өзіміз туралы сөйлесу.
Егер сіз кітап оқуды жақсы көрсеңіз, оқығаныңызды тереңірек талдап, өз ойыңызбен бөліскіңіз келсе немесе кітапты өміріңізбен байланыстырып көруге қызықсаңыз — сізді кездесуге шақырамыз.
📅 17 қазан (октябрь)
⏰ 10:00–12:00
📍 Қыбырай ауданы, «Гармония» орталығы
👥 Қатысушылар саны — 10 адамға дейін.
Кездесу шағын әрі жайлы форматта өтеді, сондықтан орын саны шектеулі.
💳 Қатысу — ақылы.
📞 Толық ақпарат және тіркелу үшін:
97 410 04 80
Студент жастар және -қыз-келіншектер үшін.
Кітапсүйер қауым үшін!
https://t.me/psy_consultt
#кітап_оқу
Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Мені жақыннан танитындар да, әлеуметтік желідегі жазбаларым арқылы сырттай танығандар да мұны байқайтын шығар.
Мен үшін жақсы кітап — ең жақын досыңмен немесе сүйген адамыңмен сырласқандай, ой бөліскендей әсер береді. Кейде автормен бір үстелде отырып әңгімелесіп, өзіңнің көптен бері іздеп жүрген сұрақтарыңа жауап алып отырғандай боласың.
Соңғы кездері өмірімде болған жағдайларға байланысты кітаптан сәл алыстап кеттім. Бірақ кітаптың менің өмірімдегі орны қаншалықты маңызды екенін тағы да түсініп келемін.
Кітап — мен үшін уақытты мазмұнды өткізудің ғана құралы емес. Ол — даму, білім көкжиегін кеңейту, тереңірек ойлану, дүниетанымды байыту мүмкіндігі. Кейде ол өз бағытыңды анықтауға, кейде бір жағдайға басқа қырынан қарауға көмектеседі.
Адам көп жағдайда өмірге өз тәжірибесі, сенімі мен қалыптасқан түсініктері арқылы қарайды. Ал кітап сол өз «проекцияларыңнан» бір сәт алыстап, әлемге басқа адамның көзімен қарауға мүмкіндік береді. Бір мәселені бірнеше ракурстан көруге, түрлі жауаптардың болуы мүмкін екенін түсінуге үйретеді.
Сондықтан жақсы кітаптан кейін қолыңда дайын жауап қана емес, өмірдің түрлі жағдайларына арналған ішкі «портфелің» пайда болғандай сезім болады. Қандай жағдай болса да, ой елегінен өткізіп, бірнеше нұсқаның ішінен өзіңе керегін таңдауға дайын боласың.
Мүмкін, кітаптың адамға беретін ең үлкен сыйы да осы шығар — оның ойлау кеңістігін кеңейтуі.
https://t.me/psy_consultt
🌿 ТІКЕНЕКТІ ШЫРМАУЫҚ
Ертеде бір бақта қарт бағбан өмір сүріпті. Ол күн сайын бақтағы өсімдіктерге күтім жасап, суарып, қураған бұтақтарын кесіп, әрқайсысының жақсы өсуіне жағдай жасайды екен.
Бір күні бақта тікенекті бір шырмауық пайда болып, тез өсіп, айналасындағы өсімдіктерге кедергі келтіре бастайды.
Бағбан оған біраз уақыт үнсіз қарап тұрады. Не істеу керегін ойлайды.
Біреулер:
— Оны тамырымен жұлып тастаңыз, — дейді.
Екіншілері:
— Бұтақтарын кесіп тастаған дұрыс, — деп кеңес береді.
Бірақ бағбан асығыс шешім қабылдамай, біраз күте тұруды жөн көреді.
Арада он минуттай уақыт өткенде, ол шырмауықтың арасынан жайқалып келе жатқан әдемі бір гүлді байқайды.
Гүлдің сұлулығы сондай ерекше еді, бағбанның өзі де таңғалып қалады. Біраз бұрын ғана баққа кедергі болып көрінген өсімдік енді бақтың ең көрікті бөлігіне айналған еді.
Сонда бағбан:
"Кейде біз бір нәрсені оның алғашқы көрінісіне қарап бағалап, асығыс шешім қабылдайды екенбіз", — деп ойлайды.
Сол күннен бастап ол өзіне бір қағида қалыптастырады:
Егер бір нәрсе бірден жаман болып көрінсе — асықпа. Тоқта. Жақынырақ қара. Біраз күт.
Өйткені уақыт өте келе біз бастапқыда байқамаған нәрсе көрінуі мүмкін.
Кейде біз кедергі деп қабылдаған нәрсе — жаңа мүмкіндікке айналады.
Кейде қиындықтың артында сабақ жатады.
Ал кейде өміріміздегі "жаман" болып көрінген жағдайдың ішінде әлі ашылмаған өзінің бір әдемі гүлі болуы мүмкін. 🌿❤️
Қорытынды шығаруға асықпаңыз, кеңірек қарасаңыз, әлбетте, бір мәнін табасыз...
https://t.me/psy_consultt
ТАШКЕНТ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛДІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ, ОҚЫТУШЫЛАР МЕН АТА-АНАЛАРЫ ҮШІН СЕМИНАР, ТРЕНИНГТЕР ДЕ ӨТЕ АЛАМЫН.
БҮГІНГІ ТАҢДА ҚЫБЫРАЙ, БЕКАБАТ, ОРТАШЫРШЫҚ АУДАНДАРЫНДА ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГТЕР, КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ӨТІП ЖҮРМІН. БҰЛ ПРОЕТ НЕГІЗІНДЕ. БАСҚА АУДАНДАРҒА АҚЫЛЫ БОЛАДЫ.
https://t.me/psy_consultt
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН, ӨЗДЕРІҢІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫҢЫЗДЫ, ОЙЛАРЫҢЫЗДЫ ЖЕКЕМЕ ЖАЗУЫҢЫЗ, КОМЕНТАРИЙДЕ ҚАЛДЫРУЫҢЫЗ, ТЕЛЕФОН СОҒЫП АЙТУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.
КЕРІ БАЙЛАНЫС ҮШІН ТЕК АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН.
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ ҚЫБЫРАЙ АУДАНЫ ОРТАЛЫҒЫНДА.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДА, ЖАСӨСПІРІМ ПЕРЗЕНТТЕРІҢІЗДЕ ПРОБЛЕМАЛАР БАЙҚАП ЖАТСАҢЫЗ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ. СОНДАЙ-АҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН.
ТЕЛ: +998974100480
https://t.me/psy_consultt
🤩 ОЙЛАР ЖӘНЕ ТІЛЕК АҒАШЫ ТУРАЛЫ ТӘМСІЛ
Бір адам саяхаттап жүріп, кездейсоқ жұмаққа тап болады. Үнді дәстүрінде жұмақта барлық тілекті орындайтын ғажайып ағаш бар деген түсінік бар. Оның саясында не тілесең, сол сәтте орындалады.
Адам сол ағаштың саясына жатып демалады. Біраз уақыттан кейін қарны ашып:
— Тамақ болса ғой, — деп ойлайды.
Сол сәтте алдынан дәмді, хош иісті тағамдар пайда болады.
Содан кейін шарап ішкісі келеді. Шарап та бірден пайда болады.
Ол таңғалып, ойлана бастайды:
— Бұл не болып жатыр? Мүмкін, мен түс көріп жатқан шығармын? Әлде бұл жерде елестер бар ма?
Сол сәтте оның көз алдында өзі елестеткен қорқынышты елестер пайда болады.
Ол шошып:
— Олар мені өлтіреді! — деп ойлайды.
Сол сәтте елестер оны өлтіреді.
Тәмсілдің түйіні — біздің санамыз да осы тілек ағашы сияқты.
Біз нені жиі ойласақ, соған көбірек назар аударамыз. Ал назарымыз сезімімізге, әрекетімізге, тіпті өмірді қабылдауымызға әсер етеді.
Егер адам үнемі «бәрі жаман болады», «менің қолымнан келмейді», «мені ешкім түсінбейді» деп ойлай берсе, уақыт өте келе сол ойлар оның шындығын қабылдау тәсіліне айналуы мүмкін.
Бұл өмірде бәрі тек ойымызға байланысты деген сөз емес. Әрине, біздің өмірімізге сыртқы жағдайлар да әсер етеді.
Бірақ өз ойымыздың бізге қалай әсер ететінін байқау — өзімізді түсінудің маңызды бір бөлігі.
Сондықтан кейде жағдайды өзгертуден бұрын, өзіміздің сол жағдай туралы не ойлап жүргенімізге назар аударып көрген пайдалы.
Себебі біз кейде өмірдің өзінен емес, өз ойымыздың ішінде құрған әлемнен шаршаймыз. ❤️
https://t.me/psy_consultt
