ДОДА
前往频道在 Telegram
📈 Telegram 频道 ДОДА 的分析概览
频道 ДОДА (@dodatimes) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 11 910 名订阅者,在 体育 类别中位列第 5 345,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 757 位。
📊 受众指标与增长动态
自 невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 11 910 名订阅者。
根据 23 十月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 -368,过去 24 小时变化为 -15,整体触达仍然可观。
- 认证状态: 未认证
- 互动率 (ER): 平均受众互动率为 23.87%。内容发布后 24 小时内通常能获得 20.37% 的反应,占订阅者总量。
- 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 2 847 次浏览,首日通常累积 2 429 次浏览。
- 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 61。
📝 描述与内容策略
作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
“Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay”
凭借高频更新(最新数据采集于 24 十月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 体育 类别中的关键影响点。
11 910
订阅者
-1524 小时
-1047 天
-36830 天
帖子存档
11 906
Негізгі құрамдар 🔥
⚽️ Астон Вилла – Ман Сити ⚽️
⏱ Матч 16:30-да басталады.
💬 Болжамдарыңыз қандай?
11 906
Бүгін Англияда екі топ матч 🔥
⚽️ Астон Вилла – Ман Сити ⚽️
⏱ Матч 16:30-да басталады.
⚽️ Челси – Тоттенхэм ⚽️
⏱ Матч 21:30-да басталады.
💬 Болжамдарыңыз қандай?
11 906
Жарты сағатқа шығады
🗣️ "Бернли" бапкері Ники Хайеннің айтуынша, Дастан Сәтпаев толық айығып үлгермеген және алаңға шамамен 30 минутқа шыға алады.
🔍 "Бернли" бүгін сырт алаңда "Линкольнмен" кездеседі. Матч 19:00-ге жоспарланған.
11 906
Саканың жағдайы жақсы емес
🎯 Букайо "Баварияға" қарсы матчта (2:2) алған жарақатына байланысты екі айдай алаңға шықпайды деп күтілуде.
📰 Футболшы тағы медициналық тексерістен өтеді. Жағдай бұдан да жаман болуы мүмкін.
11 906
Роналдиньо алаңға оралады
✔️ Бразилиялық 46 жастағы сиқыршы араға 11 жыл салып ресми футбол матчына қатыспақ.
ℹ️ ESPN мәліметінше, футболшы 15 қараша күні Италияның С Сериясы аясында өтетін "Равенна" – "Форли" матчына қатысады.
✅ Еске салсақ, Роналдиньо жазда аталған клубтың ортақ иелерінің бірі ретінде таныстырылып, соңғы голын соғу үшін алаңға қайта оралатынын мәлімдеген еді.
11 906
Бүгін ҚПЛ 29-туры өтеді
🏆 Тур ойындары әдеттегідей екі күнге жоспарланған.
🇰🇿 "Ордабасы" бүгін жеңіске жетсе чемпион атанады.
11 906
Автогол болып тіркелді
❌ Криштиану Роналдудың бүгінгі "Әл-Файсали" қақпасына соққан голы есепке алынбады.
⏺ 1000-ға 19 гол қалды...
11 906
Венсан Компани инфекцияға байланысты ауруханаға жеткізілді
🩼 Ол екінші команданың жаттығуын бақылау кезінде есінен танып, медициналық көмекке жүгінген.
🎯 Қазір "Бавария" бапкері ауруханада толық медициналық тексерістен өтуде және дәрігерлердің бақылауында. Ол толық айыққанша команданы оның бапкерлік штабы жаттықтыратын болады.
11 906
982-ні еңсерді
⚽️ "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Про-лига аясында өткен матчта "Әл-Файсали" қақпасына (3:1) бір гол соғып, мансабындағы голдар санын 982-ге жеткізді.
11 906
Ник Вольтемаде үздік үштікте
🎯 Неміс шабуылшысы "Ювентус" сапында алғашқы үш еурокубок матчында гол соққан үшінші футболшы атанды.
⚽️ Бұған дейін бұндай нәтижені италиялық клубта Роберто Баджо мен Дарко Ковачевич тіркеген.
11 906
Жотаның құрметіне кітап шығарды
"Ливерпуль" жол апатына байланысты бақилық болған Диегу Жотаның құрметіне "Forever in Our Hearts" ("Мәңгілік жүрегімізде") атты биографиялық кітап шығарды.
✅ Барлық түскен табыс футболшының атындағы жас футболшылардың дамуы үшін ашылған LFC Foundation-ге аударылады.
11 906
Юлиан мен Фабио қысқа тізімде
⚽️ МЮ бас бапкерлік қызметке төрт кандидатураны қарастыруда, деп жазады Фабрицио Романо.
⚠️ Бұған дейін Эдди Хоу мен Антонио Контеның есімдері аталған еді. Екеуі де маусым ортасында клубты тізгіндеуге дайын.
🔰 Ал Нагельсман мен Хюрцеллер есімдері қысқа тізімге енді қосылды. Юлиан жұмыссыз жүрсе, Фабио "Брайтонды" баптауда.
11 906
Хвичаның орнын Мендеш басады
🔍 L'Equipe мәліметінше, Луис Энрике сол қаптал вингер позицияна Нуну Мендешті қоюды қарастыруда.
❗️ Ал сол қапталдың қорғаныс шебінде Люка Динь мен Лукас Эрнандес ойнайды.
11 906
18 матчқа жетті
🚫 "Барселона" Чемпиондар лигасында қатарынан 18 матч бойы қақпасын құрғақ ұстай алмады.
❗️ Бұл – испаниялық клубтар арасында ең сәтсіз нәтиже.
11 906
Байкот мерзімі аяқталды
⚽️ "Реал" ойыншылары 26 қазан күні өтетін "Алтын доп" табыстау рәсіміне қатысады, деп жазады L'Equipe.
⚠️ Клуб ойыншылары 2023 жылдан бері аталмыш салтанатты шараға қатыспаған еді.
11 906
Луис Диас қатардан шықты
🎯 Мюнхендік клуб колумбиялық футболшының "Арсеналға" қарсы матчта (2:2) сол аяғының бұлшық етін зақымдап алғанын мәлімдеді.
📰 Ойыншының алаңға қашан оралатыны белгісіз.
11 906
+3
Кешегі ойын күнінде тіркелген нәтижелер және турнирлік кесте
🏆🏆 Келесі тур ойындары 5 қарашаға жоспарланған.
11 906
Хави Эспарт ЧЛ-да гол соққан ең жас қорғаушы атанды
1⃣⚽️ Хави Эспарт – 19 жас, 152 күн
(ПСЖ қақпасына гол соқты).
2⃣⚽️ Серхио Рамос – 19 жас, 251 күн.
(Олимпиакосқа гол соқты).
11 906
Ресми хабарлау қалып тұр
⚽️ Мадридтік "Реал" мен Арда Гүлер арадағы келісімшарт мерзімін 2031 жылға дейін ұзартты.
⚠️ 21 жастағы түрік футболшысы испаниялық клубқа 2023 жылы "Фенербахчеден" ауысқан еді.
11 906
Екінші матчта жеңіліс тапты
🇰🇿 "Қайрат" бүгін Конференция лигасының екінші туры аясында "Панатинаикосты" қабылдады.
🇪🇺 1-турда "Ригамен" тең (1:1) тарқасқан алматылықтар 2-турда грекиялық клубқажол берді (1:5).
➡️ Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі ойынын сырт алаңда "Аталантаға" қарсы өткізеді.
