ch
Feedback

不要被骗子欺骗!Telemetrio 会找到并标记这些频道 👉 如果想查看标记,请订阅

Ablai Khan University💜

Ablai Khan University💜

前往频道在 Telegram

Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана

显示更多
1 639
订阅者
无数据24 小时
-107 天
+7030 天
帖子存档
AUDC PANTHEON командасы – «Lex & Debate: Конституция дәлелдер алаңында» қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы 2026 жылғы 24–25 қазанда Ablaikhan University қабырғасында Алматы қаласының жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептерінен 84 қатысушының басын қосқан «Lex & Debate: Конституция дәлелдер алаңында» қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Зияткерлік сайысқа Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ), Сүлейман Демирел атындағы университеттің (SDU), Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ), «Тұран» университетінің, Satbayev University, Халықаралық бизнес академиясы колледжінің (ХБА) өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының мектеп оқушылары қатысты. Екі күн бойы қатысушылар шешендік шеберліктерін, сыни ойлау қабілеттерін және өз ұстанымдарын дәйекті дәлелдермен қорғау дағдыларын көрсетті. Пікірталастардың негізгі тақырыптары конституциялық құндылықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, құқықтық мемлекет қағидаттары және Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі болды. Турнир қорытындысы бойынша Ablaikhan University атынан қатысқан AUDC PANTHEON командасы жеңімпаз атанып, жоғары дайындық деңгейі мен пікірсайыс жүргізудегі шеберлігін танытты. Турнир жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, өзара пікір алмасуға және Алматы қаласының білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті. AUDC PANTHEON командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға мазмұнды пікірталастары, белсенді азаматтық ұстанымы және зияткерлік дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!   Команда AUDC PANTHEON — победитель городского дебатного турнира «Lex & Debate: Конституция в аргументах» 24–25 октября 2026 года в Ablaikhan University состоялся городской дебатный турнир «Lex & Debate: Конституция в аргументах», объединивший 84 участника из университетов, колледжей и школ Алматы. В интеллектуальных состязаниях приняли участие представители Международного университета информационных технологий (МУИТ), Университета имени Сулеймана Демиреля (SDU), Казахстанско-Британского технического университета (КБТУ), Университета «Туран», Satbayev University, колледжа Международной академии бизнеса (МАБ), а также школьники Алматы. В течение двух дней участники демонстрировали ораторское мастерство, критическое мышление и умение аргументированно отстаивать свою позицию. В центре дискуссий были конституционные ценности, права и свободы граждан, принципы правового государства и роль молодёжи в развитии Казахстана. Победителем турнира стала команда AUDC PANTHEON из Ablaikhan University, продемонстрировавшая высокий уровень подготовки и мастерство ведения дебатов. Турнир способствовал развитию правовой культуры молодёжи, обмену идеями и укреплению сотрудничества между образовательными учреждениями Алматы. Поздравляем команду AUDC PANTHEON с заслуженной победой и благодарим всех участников за содержательные дискуссии, активную гражданскую позицию и стремление к интеллектуальному развитию!

Абылай хан университеті – халықаралық жастар байқауының жүлдегері! 2026 жылғы 27 қазанда «Бейбітшілік көпірі: Қытай – Қазақстан – Орталық Азия» халықаралық жастар қысқаметражды бейнероликтер байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 🇨🇳🇰🇿 Байқауға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шығыстану» және «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша университетіміз жүлделі III орынды иеленді! Аталған байқау жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, мәдениетаралық диалогты нығайтуға және Қытай, Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы достық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Студенттерімізді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен халықаралық деңгейдегі жаңа жеңістер тілейміз!    Ablai Khan University — призёр международного молодёжного конкурса! 27 октября 2026 года состоялась торжественная церемония награждения победителей международного молодёжного конкурса короткометражных видеороликов «Мост мира: Китай — Казахстан — Центральная Азия». 🇨 В конкурсе приняли участие студенты образовательных программ «Востоковедение» и «Международные отношения» Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана. По итогам конкурса наш университет занял почётное III место! Конкурс стал важной площадкой для творческого самовыражения молодёжи, укрепления межкультурного диалога и развития дружеских связей между Китаем, Казахстаном и странами Центральной Азии. Поздравляем наших студентов с заслуженной наградой и желаем новых творческих успехов и международных достижений!

«Топтық сурет салу» тренингі 23 қазанда университетте студенттердің топтық өзара әрекеттесу, ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған екі тренингтік сабақ өткізілді. «Топтық сурет салу» шығармашылық жаттығуы барысында қатысушылар сурет салып, оны кезекпен бір-біріне беріп, толықтырып отырды. Нәтижесінде әр сурет бастапқы авторына қайта оралып, топ мүшелерінің ортақ еңбегі арқылы жаңа мазмұнға ие болды. Талқылау барысында студенттер өзгерістерді қабылдаудың, өзгелердің пікірін ескерудің, бастамашыл болудың және бірлескен шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Тренинг шығармашылық және белсенді өзара әрекеттесу атмосферасында өтіп, қатысушыларға жеке идеялардың бірлескен жұмыс нәтижесінде ортақ жетістікке қалай айналатынын тәжірибе жүзінде түсінуге мүмкіндік берді.   Тренинг «Групповое рисование» 23 октября в университете состоялись два тренинговых занятия для студентов, направленных на развитие навыков командного взаимодействия, сотрудничества и понимания групповой динамики. В ходе творческого упражнения «Групповое рисование» участники создавали рисунки, последовательно передавая их друг другу для дополнения. В результате каждый рисунок возвращался к первоначальному автору, приобретая новые детали и отражая вклад всей группы. В процессе обсуждения студенты отметили важность умения принимать изменения, учитывать мнение других, проявлять инициативу и находить совместные решения. Тренинг прошёл в атмосфере творчества и активного взаимодействия, позволив участникам на практике увидеть, как индивидуальные идеи объединяются в общий результат.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де заманауи тілдік кеңістік мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық семинар өтті 2026 жылғы 23 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлесіп «Қазіргі тілдік кеңістік: әлеуметтік өзгерістер және коммуникация эволюциясы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара офлайн және онлайн форматтарда өтті. Семинарда университеттің ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, профессор Майра Уәлиқызы Успанова құттықтау сөз сөйлеп, екі мекеме арасындағы көпжылдық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар қазақ тілінің дамуы, тілдік әралуандылық, көптілділік, жастардың тілдік бірегейлігі және цифрлық ортадағы заманауи коммуникация мәселелерін талқылады. Іс-шара қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұсынған ғылыми еңбектермен университеттің кітапхана қоры толықтырылды. Семинар ғылыми серіктестікті нығайтуға, бірлескен зерттеулерді дамытуға және жас ғалымдарды даярлауға бағытталған ынтымақтастықтың маңызды жалғасы болды.   В КазУМОиМЯ имени Абылай хана состоялся научно-практический семинар по вопросам современного языкового пространства 23 октября 2026 года в КазУМОиМЯ имени Абылай хана состоялся научно-практический семинар «Современное языковое пространство: социальные изменения и эволюция коммуникации», организованный совместно с Институтом языкознания имени Ахмета Байтурсынова. Мероприятие прошло в офлайн- и онлайн-форматах. С приветственным словом выступила проректор по научной и инновационной деятельности, профессор Майра Уалиевна Успанова, подчеркнувшая значимость многолетнего научного сотрудничества двух организаций. В ходе семинара учёные, преподаватели, магистранты и докторанты обсудили актуальные вопросы развития казахского языка, языкового разнообразия, многоязычия, языковой идентичности молодёжи и современных форм коммуникации в цифровой среде. По итогам мероприятия библиотечный фонд университета пополнился научными изданиями, переданными Институтом языкознания имени Ахмета Байтурсынова. Семинар стал очередным шагом в укреплении научного партнёрства, развитии совместных исследований и подготовке молодых учёных.

отношений: дипломатия, сотрудничество, национальные интересы». Балжан Мансуровна Ныгметова – докторант 3-го курса образовательной программы «Международные отношения». Тема: «Экономическая дипломатия Казахстана как инструмент укрепления национального суверенитета и международного партнёрства». Модератором семинара выступила проректор университета, кандидат философских наук, ассоциированный профессор Татьяна Владимировна Серёжкина. В завершение семинара состоялось награждение победителей внутривузовского конкурса студенческих статей «Конституция Республики Казахстан: современность и перспективы развития». Дипломы I степени: Бостан Маржан, Айтмұхаметқали Эинара, Еркинбекова Жулдыз, Истаева Дәмелі, Тулкунов Мухаммад, Куканова Мухлиса, Сайдахмет Жания. Дипломы II степени: Гайворонская Юлия, Ергалиева Арайлым, Перлиманова Фатима, Ысқали Арыс, Кумісбек Ару, Маликова Ирада, Иваненко Анастасия, Каримова Аружан. Дипломы III степени: Сатыбалды Аяулым, Волошина Анастасия, Оконешникова Лилия, Жумаш Нұрай, Базарбай Нұртас, Нұртаза Айым, Бекенқызы Нұрай. Сертификаты за активное участие: Мурначева Аия, Сәкен Сафийа, Якубова Наиля, Ананьева Анастасия, Сейдахмет Анель, Әсен Зубинур, Ибраева Сабина, Жолдасбек Әсем, Абдулади Әділет. Дипломы победителям и памятные подарки вручила Дана Ануварбековна Кунанбаева. Церемония завершилась совместной фотографией награждённых студентов с руководителем университета. Лучшие конкурсные работы будут опубликованы в университетской газете «Мир языков». Поздравляем победителей и участников конкурса! Желаем новых научных и творческих достижений!

Республика күні: ғылым, мемлекеттілік және студенттердің жетістіктері 2026 жылғы 23 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Республика күніне арналған «Қазақстан жаңғыру жолында: конституциялық реформалар, қоғамдық өзгерістер және білім беруді дамыту» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шара барысында Қазақстан мемлекеттілігін нығайту, конституциялық реформалар, халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ ел дамуындағы ғылым мен білімнің рөлі талқыланды. Семинарды университеттің Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Дана Ануарбекқызы Құнанбаева ашып, «Егемен Қазақстанның болашағы: конституциялық құндылықтар, ұлттық мүдде және білімнің стратегиялық рөлі» тақырыбында баяндама жасады.      Ғылыми бағдарлама аясында баяндама жасағандар: Венера Амангелдіқызы Изтаева – саяси ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі. Баяндама тақырыбы: «Жаңа Қазақстан: тарихи мемлекеттілік пен әділетті қоғам идеясының тоғысуы». Жанат Становна Мақашева – PhD, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде: дипломатия, ынтымақтастық және ұлттық мүдделер». Балжан Мансұрқызы Нығметова – «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Қазақстанның экономикалық дипломатиясы ұлттық егемендікті нығайту мен халықаралық әріптестікті дамытудың құралы ретінде». Семинарға университет проректоры, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Татьяна Владимировна Серёжкина модераторлық етті. Семинар соңында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты университетішілік студенттік мақалалар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. І дәрежелі диплом иегерлері: Бостан Маржан, Айтмұхаметқали Эинара, Еркинбекова Жулдыз, Истаева Дәмелі, Тулкунов Мухаммад, Куканова Мухлиса, Сайдахмет Жания. ІІ дәрежелі диплом иегерлері: Гайворонская Юлия, Ергалиева Арайлым, Перлиманова Фатима, Ысқали Арыс, Кумісбек Ару, Маликова Ирада, Иваненко Анастасия, Каримова Аружан. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Сатыбалды Аяулым, Волошина Анастасия, Оконешникова Лилия, Жумаш Нұрай, Базарбай Нұртас, Нұртаза Айым, Бекенқызы Нұрай. Байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталған студенттер: Мурначева Аия, Сәкен Сафийа, Якубова Наиля, Ананьева Анастасия, Сейдахмет Анель, Әсен Зубинур, Ибраева Сабина, Жолдасбек Әсем, Абдулади Әділет. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтарды университеттің Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Дана Ануарбекқызы Құнанбаева табыстады. Марапаттау рәсімі студенттердің университет басшысымен бірге естелік суретке түсуімен аяқталды. Байқаудың үздік жұмыстары университеттің «Мир языков» газетінде жарияланатын болады. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа ғылыми және шығармашылық жетістіктер тілейміз!   День Республики: наука, государственность и достижения студентов 23 октября 2026 года в КазУМОиМЯ имени Абылай хана состоялся научно-практический семинар «Казахстан на пути обновления: конституционные реформы, общественные преобразования и развитие образования», посвящённый Дню Республики Казахстан. Участники обсудили вопросы укрепления казахстанской государственности, конституционных преобразований, международного сотрудничества, а также роли науки и образования в развитии страны. Семинар открыла и.о. Председателя Правления – Ректора Дана Ануварбековна Кунанбаева, выступившая с докладом «Будущее суверенного Казахстана: конституционные ценности, национальные интересы и стратегическая роль образования». В рамках научной программы с докладами выступили: Венера Амангельдиевна Изтаева – кандидат политических наук, ассоциированный профессор, заведующая кафедрой истории Казахстана. Тема: «Жаңа Қазақстан: тарихи мемлекеттілік пен әділетті қоғам идеясының тоғысуы». Жанат Становна Макашева – PhD, ассоциированный профессор кафедры истории Казахстана. Тема: «Казахстан в современной системе международных

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де Италия университетінің профессоры қонақ дәрісін өткізді 2026 жылғы 22 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Италияның Неаполь қаласындағы L’Orientale университетінің араб тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Франческа Беллиноның (Francesca Bellino) қонақ дәрісі өтті. «Сөз әлемі: классикалық араб мәдениетіндегі табиғат, әдебиет және білім жүйесі» тақырыбындағы дәріс «Аударма ісі», «Шетел филологиясы» және «Шығыстану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналды. Дәріс барысында классикалық араб мәдениетіндегі табиғат пен қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктері, тіл, әдебиет және дәстүрлі білім жүйелерінің өзара байланысы, сондай-ақ мәдени және зияткерлік дүниетанымның қалыптасуындағы әдеби мұраның рөлі қарастырылды. Аталған іс-шара студенттердің араб әдебиеті мен мәдениеті саласындағы білімін тереңдетуге, шетелдік ғалымның ғылыми-зерттеу тәсілдерімен танысуына және тіл мен мәдени мұраның өзара байланысын кеңірек түсінуіне мүмкіндік берді. Мұндай академиялық кездесулер халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға, студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтуге және университеттің шетелдік серіктестерімен академиялық байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.   В КазУМОиМЯ имени Абылай хана состоялась гостевая лекция профессора итальянского университета 22 октября 2026 года в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана состоялась гостевая лекция Франчески Беллино (Francesca Bellino) — ассоциированного профессора кафедры арабского языка и литературы Университета Неаполя L’Orientale (Италия). Лекция на тему «Мир в словах: природа, литература и система знаний в классической арабской культуре» была организована для студентов образовательных программ «Переводческое дело», «Иностранная филология» и «Востоковедение». В центре внимания лекции находились особенности восприятия природы и окружающего мира в классической арабской культуре, взаимосвязь языка, литературы и традиционных систем знаний, а также роль литературного наследия в формировании культурных и интеллектуальных представлений. Мероприятие предоставило студентам возможность расширить знания в области арабской литературы и культуры, познакомиться с научными подходами зарубежного исследователя и углубить понимание взаимосвязи языка и культурного наследия. Проведение подобных академических встреч способствует развитию международного научно-образовательного сотрудничества, расширению профессионального кругозора студентов и укреплению академических связей университета с зарубежными партнёрами.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де жаңа Конституцияның рөліне арналған актілік дәріс өтті 2026 жылғы 21 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Билік пен қоғам үнінің тепе-теңдігін нығайтудағы жаңа Конституцияның рөлі» тақырыбында актілік дәріс өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру. Дәріске құқық саласының сарапшылары қатысты: «Адам құқықтары жөніндегі халықаралық орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жанділда Әжіғалиұлы Жақыпов, заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Жанар Аманжанқызы Кегембаева, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Бауыржан Болатбекұлы Сералин және заң ғылымдарының кандидаты, халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нұртас Ергембайұлы Наурызбаев. Кездесу барысында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік, заң үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және азаматтық қоғамның рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Дәріс қатысушылардың белсенді пікір алмасуымен өтіп, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, конституциялық құндылықтарға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етті.   В КазУМОиМЯ имени Абылай хана состоялась актовая лекция о роли новой Конституции 21 октября 2026 года в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана кафедрой международного права была организована актовая лекция на тему «Роль новой Конституции в укреплении баланса власти и общественного голоса». Цель мероприятия — разъяснение конституционных преобразований в Республике Казахстан, повышение правовой культуры и формирование гражданской активности молодёжи. В качестве экспертов выступили Жандильда Ажигалиевич Жакупов, президент РОО «Международный центр по правам человека»; Жанар Аманжановна Кегембаева, доктор юридических наук, профессор КазНУ имени аль-Фараби; Бауыржан Болатбекұлы Сералин, адвокат Алматинской городской коллегии адвокатов; Нуртас Ергембаевич Наурызбаев, кандидат юридических наук, ассоциированный профессор кафедры международного права. В ходе лекции обсуждались вопросы совершенствования государственного управления, баланса ветвей власти, верховенства права, защиты прав и свобод человека, а также повышения роли гражданского общества. Мероприятие прошло в формате конструктивного диалога и способствовало повышению правовой грамотности студентов, укреплению уважения к конституционным ценностям и формированию гражданской ответственности.

Шығыстану факультеті жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктерін меңгеруде  Шығыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы ChatGPT Edu және Codex жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша практикалық семинарға қатысты. 2026 жылғы 19 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлеріне арналған ChatGPT Edu және Codex жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша практикалық семинар өтті. Семинарға Шығыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, оның ішінде «Шығыстану» білім беру бағдарламасының оқытушылары қатысты. Қатысушылар платформалардың негізгі мүмкіндіктерімен танысып, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында және әкімшілік қызметте қолдану жолдарын талқылады. Семинар барысында практикалық мысалдар ұсынылып, құралдардың жұмыс істеу мүмкіндіктері көрсетілді. Семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби дағдыларды жетілдіруге және жасанды интеллектті білім беру саласында тиімді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік берді.    Профессорско-преподавательский состав факультета востоковедения принял участие в практическом семинаре по применению инструментов искусственного интеллекта ChatGPT Edu и Codex  19 октября 2026 года в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана состоялся практический семинар для профессорско-преподавательского состава и сотрудников университета, посвящённый применению инструментов искусственного интеллекта ChatGPT Edu и Codex. В семинаре приняли участие преподаватели факультета востоковедения, в том числе преподаватели образовательной программы «Востоковедение». Участники ознакомились с основными возможностями платформ и обсудили способы применения инструментов искусственного интеллекта в учебном процессе, научно-исследовательской и административной деятельности. В ходе семинара были представлены практические примеры и продемонстрированы функциональные возможности инструментов. Семинар предоставил возможность обменяться опытом, усовершенствовать профессиональные навыки и рассмотреть новые перспективы эффективного применения искусственного интеллекта в сфере образования.

Выборы депутатов маслихата - 2026