ch
Feedback
Mihrab.kz

Mihrab.kz

前往频道在 Telegram

Mihrab.kz жобасының Telegram желісіндегі ресми каналы

显示更多
4 801
订阅者
-324 小时
-227
-7430
帖子存档
Ибраһим ибн Әдһәм бір науқастың жағдайын сұрап барады. Қал-жағдайының қалай екендігін сұраған кезде әлгі науқас аяқтарына қарап, еңкілдеп жылай бастайды. Не үшін жылап жатқандығын сұрағанда, төсекке таңылып ешқандай ізгі амал жасай алмағандығына кейіп: «Мына екі аяқ Алла жолында шаң болмай жатыр» - деген екен. 📚Ләфтәт әл-Кәбид

Шумайт ибн Ажлан: «Мүмін өзіне былай дегені жөн: «Өмір мына үш күннен ғана тұрады: кешегі күн; ол өтіп кетті, ертеңгі күн; бар болғаны бос арман, себебі ертеңгі күнге жете алмауың мүмкін. Егер ертеңгі күнді көре алсаңыз, ертеңгі күн онсыз да өз рызығымен келеді. Бірақ ертеңнің алдында «бүгін» деген (жүйеленіп, жоспарлануы тиіс) бір күн және бір түн бар. Көп адам ертеңін көре алмай осы екеуінің ішінде ажал құшты. Ендеше мұқият бол. Бәлкім сенің де тағдырың сол. Сондықтан өмір сүріп жатқан күн жайында ойлансаң, көп нәрсені түсіну үшін сол да жеткілікті» 📚Китаб әз-Зуһд

Алла Елшісі ﷺ былай дейді: Сендердің ешбірің өзіне қалаған нәрсесін бауырына да қаламайынша толық иман еткен боп саналмайсыңд
Алла Елшісі ﷺ былай дейді: Сендердің ешбірің өзіне қалаған нәрсесін бауырына да қаламайынша толық иман еткен боп саналмайсыңдар. 📖 (имам әл-Бұхари; имам Муслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz

«Алла Елшісі ﷺ былай дейді: Кімде-кім Рамазан айының оразасын ұстап, артынша алты күні Шәууәл айының оразасын ұстаса, оған бі
«Алла Елшісі ﷺ былай дейді: Кімде-кім Рамазан айының оразасын ұстап, артынша алты күні Шәууәл айының оразасын ұстаса, оған бір жыл ораза ұстағанның сауабы беріледі. 📖 (имам Муслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz

Түйгенім… “Көңілі құлазығандарды, өкінішке қарай, қағазбен жұбататын заман болды-ау, дүние-ай…” Алланың құзырындағы абыройымыз үстем болсын! 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz

«Алла Елшісі ﷺ Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «Жаһи
«Алла Елшісі ﷺ Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз ﷺ: «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «Жаһилия дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi 📖 (имам Нәсәи) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz

Түйгенім… Адам баласы ақылын дұрыс қолданбаса, иман - жорамалға, дін - сезімге, ал ақиқат - жай пікірге айналады. 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz

Айша анамыз былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күндігі кіргенде Алла елшісі ﷺ белін бекем буып, түндерін құлшылықпен өткіз
Айша анамыз былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күндігі кіргенде Алла елшісі ﷺ белін бекем буып, түндерін құлшылықпен өткізетін және жанұясын да оятатын» 📖 (Бұхари; Муслим) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz

Қадір түні оқылатын дұға 📁сақтап қойыңыз 📣бөлісе кетіңіз @Mihrab_Kz
Қадір түні оқылатын дұға 📁сақтап қойыңыз 📣бөлісе кетіңіз @Mihrab_Kz

Түйгенім... "Ренішті кейде шын сөз емес, сыйлық қана жұмсартады екен." Алла үнемі сыйласып жүруді жазсын! 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz

Рамазанмен қоштасу тасбихы @Mihrab_Kz
Рамазанмен қоштасу тасбихы @Mihrab_Kz

Түйгенім... Сын — адамның айнасы. Айнасыз қалған жан өз мінін байқамай, оны қасиет санап кетеді. Сондықтан қазақ "Сын түзелмей, мін түзелмейді" деп айтқан болса керек. Алла мінезімізді керкем етсін! 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz

Алла елшісі ﷺ айтқан: «Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі. Бұдан ораза ұстаушының с
Алла елшісі ﷺ айтқан: «Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі. Бұдан ораза ұстаушының сауабы еш кемімейді» 📖 (Хадисті имам Тирмизи риуаят еткен) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz

Түйгенім… Тарауихтағы тасбихтың орнына телефон ұстап, сауап емес, сторис санаған халге жеттік. Дүние-ай, шайтандар да цифрланып кеткен бе? Тарауих кабыл болсын! 🖊️ұстаз Жанболат Сапашов @Mihrab_Kz

Құрметті жамағат! Береке ұстаздың кішкентай баласы ауыр дертке шалдықты. Дәрігерлер оған «қысқа ішек» синдромы диагнозын қойған. Бұл - сирек кездесетін, күрделі емді қажет ететін ауру. Қазіргі уақытта шетелде ем алу қажет. Емге - 10 000 000 теңге көлемінде қаражат керек болып жатыр Бірігіп, сауапты іске атсалысайық! Жақсылық жасаудан жарысайық! Рамазан айында жасаған садақаларыңызды Алла қабыл етсін! 📌 Қаражат аудару үшін: 📱+7 778 489 88 04 (Береке И.) 💳4400 4302 9352 6528

Алла елшісі ﷺ айтқан: «Кім Рамазан айында иманмен, сауабын Алладан үміт етіп ораза ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі» 📖
Алла елшісі ﷺ айтқан: «Кім Рамазан айында иманмен, сауабын Алладан үміт етіп ораза ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі» 📖 (Хадисті имам Бұхари жеткізген) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz

انّا للّه و انا الیه راجعون MihrabKz жобамыздың мүшесі Асылбек бауырымыздың бүлдіршіні Османның жаназасы бүгін күндіз сағат 10:00 де Алматы қаласы “Ақсай” мешітінде өтеді. келіп қатыссаңыздар болады. Асылбек бауырымыз бен оның отбасына Алла Тағала сабыр беріп, Осман бауырымыз оларды Жәннатқа жетелейтін себепкер болуын тілейміз🤲🏼

🔥 Mihrab.kz ютуб арнамызда подкасттың жаңа саны жарық көрді! Пайдалы, ой саларлық, терең сұхбатты міндетті түрде көріп шығыңыз! 👍 Бейне ұнаса - лайк басып, 🔔 арнаға жазылып, 📲 Пайдалы ақпаратты жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз! https://youtu.be/f6_rieVDUIo?si=Uvje6U3PMzfWZUVW

Алла Елшісі ﷺ былай дейді: «Алла Тағала: «Ораза - тозақ отынан қалқан. Егер ораза ұстаған болсаңдар, ол күні лас сөз айтпаңда
Алла Елшісі ﷺ былай дейді: «Алла Тағала: «Ораза - тозақ отынан қалқан. Егер ораза ұстаған болсаңдар, ол күні лас сөз айтпаңдар. Арсыздық қылмаңдар. Біреу ораза ұстаған адаммен жанжалдасса немесе төбелессе, «мен - оразамын» деп айтсын», - деген». 📖 (Хадисті имам Бұхари мен имам Муслим жеткізген) 🤲 Жұма мүбәрак болсын! @Mihrab_Kz

Рамазан дұғалары 🤲Ауыз бекітерде айтылатын дұға 🥜Ауыз ашарда оқылатын дұға 🌙Ауызашар берген кісіге айтылатын дұға
+3
Рамазан дұғалары 🤲Ауыз бекітерде айтылатын дұға 🥜Ауыз ашарда оқылатын дұға 🌙Ауызашар берген кісіге айтылатын дұға