669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
Өзбектердің саясат және юмор тақырыбындағы контенттерін қарап жүрм.
Әлдебір қоғамдық-саяси тақырыптарды қозғағанымен, юморлары әлі сол, сексті астарлаумен өтіп жатыр.
Ал, саяси талдаулары - енді, айуан. Azon TV деген ақпарат порталдарының талдауларын тыңдайм. Діни нарративі болса да, саясат пен қоғам мәселелерін жақсы талдайды. Спикерлері де - монсторлар. Өзбекше түсінетіндерге рекомендеймін.
Бейтаныс нөмір хабарласып тұр. "Сіз нөмірді жаңылыс тердіңіз" десем, "жоқ, мен дұрыс тергем" дейді. Не, енді мен трубканы жаңылыс көтердім ба??
Уатсап уақытша істен шықты.
Meta компаниясының ресми хабарлауынша, қазақстандық апалар мен мамалардың Республика күнін құттықтап жіберген фотолары; "мен қазақпын" деген сарындас видеоларының бір мезетте көптеп жіберілуі - мессенджерде ақпараттық турбуленттіктің пайда болуына әкеп соқтырды.
Компания өкілдері қазір уатсап қолданбасының жұмысын жөндеу жұмыстарын бастап кетті.
#эпсилон
Гегельдің моральдық философиясына сын.
...десең 😁
Бүгін "Дос Мұқасанның" фильміне барып қайттым. Әсер тұрғысынан, әлбетте, жақсы дүние. Дегенмен...
...Айтпақшы, егер бұл фильмді көрмеген, бірақ көруге ниеттеніп жүргендер болса, постты оқымауға кеңес берем. Спойлер болмасын.
Қатарынан бірнеше фильмдермен параллель жүргізуге тура келді.
Фильмдегі басты антогонист - жолдас Жарас - комсомол, белсенді, анау-мынау. Коммунистің жақсы символы. Бірақ Жүл Верннің "Жер жүзін - 80 күнде айналып шығу" романындағы Фильеас Фогқа 80 күн бойы қыр соңынан қалмай кедергі келтіріп жүретін инспектор Фикске ұқсайды. Бұл жағдайды - Фикске, әрине, лордтар ақша төлейді. Бірақ, анау жігітке - дым да төлемейді, ал ол басқа жұмысы жоқтай - Дос Мұқасанның артынан қалмай, миын ашытып жүреді. Жалғыз мотив - қыз; бірақ, қайдам. 7-8 жыл бойы оған бола кек сақтауы мүмкін емес.
Екінші параллельді - Қуаныштың былтырғы "30'дан асып барамын" фильмімен жүргіздім. Екеуінде де сонша уақыттық еңбекті тек шолу ретінде жасап шыға салған сияқты. Әсіресе, Дос-Мұқасанның құрамы тіпті жиі өзгергеннен, кім келіп, кім кетіп жатқанын басым қақпай қалды.
Үшіншісі параллель - Жумоң, Сон Док сияқты қарабайыр кәрістің тарихи дорамаларымен салыстыру. Жаудың қолына тұтқынға түсіп қалған кезде, тұтқиылдан шабуыл жасап бас қаһарманды құтқарып алатынындай, тым банальный, символикаға басымдық берген эпизодтар көп. Аяқ астынан өлең жазып шыға салатын, бәрі күшті болып кете салатын сәттер дегендей... Былай, эпичный шықсын деген шығар, енді. Бірақ өмірде ондай романтика жиі қайталана бермейді.
Төртіншісі - режиссерға деген аздап күдік. Төбелес, той болған эпизодтарда - бір локациядан екінші локацияға лезде ауысып кету: осы нәрсе театрларға ғана тән сияқты көрінетін. Реали көріністерді бұзып, миыңда түсініксіз әсер қалдырады, шынымен. Министрліктің қолдауымен түсірілген фильм екенін білмесем, ақша жетпей қалды ма екен деп ойлар ем))
Және, ең соңғысы, бір танысымның ескертпесі - диалогтардың жасандылығы. Онымен қоймай, кейбір орысша сөйлейтін жерлерді қазақшаға сәтсіз дыбыстау жерлері. Бірақ өзіме осы нәрсе қатты байқалмады.
Фильмді тарихи реалилығы, өткеннің елесі мен мюзиклы алып шыққан сияқты әсер қалдырды.
Сонымен... Аха, иә, сендер дұрыс түсіндіңдер: өзі маған түк жақпайды 🙂
Жолдас Ши Жыңпыңның жеке басына да, несіне де қаратыла айтылған барлық ғайбаттарға қосылам.
Кішкентай қыздардың/балақайлардың күрсілдеп жөтелгені - махаббат. Сондай сүп-сүйкімді өздері 🥰
Борис Жонсон сияқты әркімнің бір қытығына тиіп, айналаңның бәрінің қанын ішіп болып ең соңында бәрі саған шыдамай бойкот жариялағанда барып "hasta la vista, baby!" деп ду қол шапалақтың астында кетсем бе деп армандайм
Адамдар қазақша - популизмі тасып тұрғаннан сөйлемейді, ана тілі болғасын сөйлейді, мал. Халықтың бәрі - саясаткер емес, олар қатынас тілін таңдағанда саяси мотивтерсіз, жай өзіне ыңғайлы болуы үшін таңдайды. Тиісінше олардың не сөйлегені, қай тілде сөйлегені де - саяси оқиға болып есептелмейді.
Саясаткер, ол - сен, иттің ғана баласы! Сенің сөзіңнің салмағы бар. Қай тілде сөйлеуді ойлануы керек адам да - сенсің, сен ғана тіл мәселесін саяси ойынға айналдыра аласың. Солай екен, біздің тілімізде шаруаң болмасын.
Бүгін Үндістан - Украинадағы азаматтарын елден кетуге шақырыпты. Жалпы бұл тенденция жалғасып жатқанына біраз апта болды. Осыған дейін АҚШ, Жапония, Қытай, Мысыр және т.б. елдер осындай мәлімдеме жасаған.
Мені ең таңқалдырғаны - Қытай мен Үндістанның реакциясы. Олар жайдан жай реакция көрсетпейді.
Неужели біз ядролық соғыс куәсі боламыз? 😳
"Қаззақтар сондай кәззаптар" демекші, орыстілді ақпарат құралдарының бәрі "Казахстан, Токаев, Казахи" деген ілмек сөздердің жақсы іс беретінін үйреніп алған, әнәсс..
Әп-әжептеуір Украинаның мемлекеттік пропагандасымен айналысатын ≈2 миллиондық жазылманы бар ютуб-канал "Казахстан..." деген тақырыппен видео шығарыпты, ішінде тек бір қазақтың украин тілінде ән айтып отқан 0:10 секундтық ғана эпизоды бар, қалған 20 минут - өз елінің хәл-жағдайы мен батыс саясаткерлерінің мимырт тірлігі.
Бір қызығы, осы фишка әлі күнге дейін жұмыс істейді. Қазақстан туралы шетелдік ақпарат құралдары таратқан видеолар - әдеттегі шығарылымдарына қарағанда әлдеқайда көп қаралым жинайды, шынымен. Тіс қаққан блогерлер мен журналистер де бұны түсініп алған.
Олар ғой, мейлі, соғыс жағдайында. Қалай пропагандаласа да өздерінің елі, өз саясаты. Қаззақтарды айтам да, өріп жүре беретін әр жерде бір 🤣🤣🤣
#эпсилон #ГиДеТопассон
Өзіме қандай авторлар ұнайтынын көптен бері айқындай алмай жүрмін. Сірә, ол – дәл менің көңілімнен шығатын тап Гектар Мағауиндай жазушының бұл өмірде шынымен жоқ екенін аңғартса керек.
Десе де, осындай болса екен деп армандайтын идеал жазушым да жоқ емес. Ендеше, ол авторлар орысша айтқанда - "анализден басқа алатын түгі жоқ" бейшаралар емес, Сатыбалдыдай болуы керек. Ал Сатекеңді олай деуге аузым, жалпы - еш жерім бармайды.
Арманымдағы автор деген өз әңгімелерінде қоғамдағы антагонистік топтарды төбелестіріп қоюдың хас шебері болса, шіркін! Байлар мен кедейлер, гетеролар мен гейлер, адамдар мен тиктокерлер сияқты қарама-қайшы элементтер - оның әңгімелерінде маңдайларымен соғысып, қырылып жатса... Көбіне екі жақ та о дүниелік болса. Кейде - жеңіп, тірі қалған тараптар кейінірек өзіне қол жұмсап жатады десе – тіпті керемет. Осындай жазушы қаззақ әдебиетін жарып шықса деп армандайм мен, негізі. Сонда ғана қаззақ деген ұлтты жұрттың бәрі – әдебиеті арқылы жазбай таныр еді.
Ирандағы наразылықтың әнұранына айналған Шервин Хаджипурдың "Барайе" ("Не үшін?") әнінің қазақша мәтіні: Ән тарихы мен әнші өмірі алдыңғы постта.
Не үшін?
Көшеде билей алмайтыным үшін
Сүюден қорқатыным үшін
Қарындасым үшін, қарындасың үшін
Миларымызды улағаны үшін
Ақша болмағандықтан ұялғаным үшін
Қарапайым өмір үшін
Қоқыс жәшіктерінде жүрген балалардың арманы үшін
Қолдан жасалған экономика үшін
Ластанған ауа үшін
Валиаср көшесіндегі қураған ағаштар үшін
Жеңіс үшін
Құлауы (режимнің) үшін
Кінәсі жоқ қаңғыған иттер үшін
Төгілген жас үшін
Күлімдеген жүздердің қайталануы үшін
Студенттер және олардың болашағы үшін
Түнерген аспан үшін
Қамалған озық ойлы студенттер үшін
Мәжбүрлі жәннат үшін
Қиын өмір үшін
Ауғандық балалар үшін
Барлық осы "үшін" үшін
Нәтижесіз ұрандар үшін
Қамыстан жасалған үйлер үшін
Тыныш өмір үшін
Ұзақ қараңғы түннен соң шығатын күн үшін
Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілерді ішпеу үшін
Гүлденген Отан үшін
Әке үшін
Ер үшін
Ұл бала болғысы келетін қыз үшін
Әйел үшін
Өмір үшін
Еркіндік үшін
Еркіндік үшін
Еркіндік үшін
P.S. Бұл тікелей аударма. Әр жолдың өз тарихы бар, оны тек ирандықтар мен ирантанушылар ғана түсінеді
(c) Zhanibek Kopzhassar, Facebook
Ғасырлар бойы езгіде келген топтың - жылауық, радикал және комплекске тұншыққан болуы - түсінікті нәрсе емес пе? Иә, орынсыз әрине. Нағыз қотақбастық дер ем, адекваттық шыңынан назар сала тұрып. Әйтсе де, амал жоқ 🙂
