669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
#HitlerKaput
#KaputMyMercedessen
Барлық тілдердегі боқтаулардың мағынасы +/- бірдей. Fucking, Ёбтвоюмать, Verdammte Scheisse, Yariman бәрі сігу мен көттің айналасында құрастырылған әртүрлі етістіктер мен құрмалас сөйлемдер. Барлық тілде шеше/қыз деген сөз шет қалмайды, барлық тілде сыбайды.
Тек неге қазақ тіліндегі, жоқ, дәл шымкенттік версиясы мамбеттердің слоганы ретінде қабылданатыны қызық маған. Батыстықтар бір-біріне әнәссгин деп жүре береді де, шешеңді деген сөзді естігенде қатая қалады.
Жоқ, бұндай мазмұнды сөздерді нормализацияқшы ниетім жоқ. Шынымен ерсі естіледі әрі бұндай сөздерді қаралаймын. Бірақ, біләт, неге ақтардың боқтығы - круто, ал біздікі - мамбетский?
«Социализм - діндерден кейінгі адамзат тарихындағы ең үлкен алаяқтық»
Білә, Қазақстанда бір оңшыл популист саясаткер пайда бола бастаса осы фразамды соған сатсам деймін, қққ
#күнхикметі
Мектептегі 91-ші жұмыс күні:
Мұғалім әйел алмауға тырысам. Жалпы аулақ жүруге барымды салам 🤞
Құрметті әріптестер, сіздерді 11.09 күні Мұрат Әбділда атындағы 35 жалпы орта мектебінде болатын «Ұстаздар - психикасы бұзылған жандар» атты трениңіне қатысуға шақырамыз.
p.s. Білім және Ғылым министрлігі мәжбүрлеген, жексенбі күні болғаны тікпейд, бармасаңдар завучтарға айтам: айдавалад
24 жыл мұғалімнің баласы болуым мен 4 жылдық мектептегі жұмыс тәжірибем «мұғалімдер - психикасы бұзылған адамдар» деген қорытынды жасауға жеткілікті ме? Әлде біраздан кейін келейін бе бұл қорытындыға? Асығыстық танытып жатқан жоқпын ба?
– Не болды, ойланып кетіпсің ғой? Бірнәрсе болып қалды ма?
– Жоқ, ешнәрсе болған жоқ. Бәрі жақсы
5 секундтан соң:
"Бірде әлемдегі барлық гендерлер бір кафеге жиналыпты да, даяшыға "бізге екі адамдық орын дайындаңызшы" депті", (с)
Repost from YerlanGo - 44+
Қазіргі ойотоллоның жасы сексеннің бесінде, халі болса мүшкіл екен. Соны естіп алған батыстықтар (БАҚ емес, блогерлер) Иранда сірә бір өзгеріс болып қалар дейді.
Фотосетте: бас ойотоллоның орнына кезекте тұрғандар. Бұл өмірде сендерге ойотолло табылады, уайымдамаңдар, әххәхәхәхәхә.
Өз басым, қолым және көзім үшеуміз қазақтың қазіргі кинематография туындыларын қарамаймыз. "Түпсана", "Бөлек шығайық", "Келін", "Қайрат пен Төреғали", "Мұрат пен Әбділда" сияқты тұрмыстық майда-шүйде сұрақтарға арналған, қайын ене мен келін, қойын ата мен күйеу бала арасын ашып алуға тырысатын ұзақметражды вайндар әлгі ...
Алайда, өз басым мен жаңағы әлгі екеуімен бірге - бұл нәрсені қоғам бастан өткізуі керек болған табиғи процес деп санаймыз және қатты сөге бермеуге кеңес береміз.
Неге? Қазақстан, жалпы посткеңестік елдердің бәрінде ақсап жатқан әлеуметтік ғылымдар көп, оның ішінде психология. Советтер отағы космополитизм деді ме, әйтеуір бірнәрсе деп гуманитар ғылымдарға күн бермеді. Қызыл империя тарқаған соң артына мұра ғып, аты мультфильмге айналған Чикатило мен Жұмағалиев сияқты каннибалдар мен 300 млндық психикалық ауытқуы бар совет азаматтарын тастап кетті. Енді әркім өз жарасын өзі таңуы керек күн туғанда, осылай-осылай кинолармен болса да қоғамдық қатынастарды реабилитациялағанда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайм.
Ғылыми техника, кибернетика деп маңырамай-ақ қойыңдар: әлгі советтер космосқа адам ұшырып жатқанда НКВД талай адамды лагерьлерге айдап жатты. Алдымен арамызды дұрыстап, бақытты болуды үйреніп алайық, Ғылыми-техникалық революция ешқайда қашпайды. Керісінше, әбдеп дамып алған соң қолдана салу оңайға түседі.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - Кәримов Өзбекстанына құсап осылай мәңгілік бытовухадан шыға алмай қаламыз ба деген уайым. Меніңше жоқ. Өзбектерде біртұтас азаматтарының "Мәдениет пен Мә'рифәтін" күзететін комитет құрды, оған ақша бөліп отырды. Ал біздің кино жеке бизнес. Қазақтар өз жарасының жазылып, бұл тақырыптан зайбал бола бастағанда ондай кинолардың да қарасы жоғалады.
Рахмет.
Сіз үшін өнер көрсеткен - басым, қолым және көзім.
Адамзатты махаббат емес, жеккөрініш алға сүйрейтін сияқты осы. Кез-келген прогрестің драйвері де - бір қауымның екіншісін ұнатпауы, ендеше одан озу пәлсапасы.
Ал махаббат адамды деградацияға бейім қылатындай.
Repost from N/a
КҮННЕН АТЫЛҒАН ПЛАЗМА LASCO ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ КӨЗІМЕН
2024 жылдың 8–12 мамыры аралығында Күн тәжінен атылған плазма ағындарының көрінісі. Күн мен Жердің арасында, Жерден 1,5 млн км қашықтықта тұрған SOHO ғарыш аппаратының LASCO телескопы алған деректер негізінде РҒА Ғарыштық зерттеулер институты (ИКИ РАН) құрастырған анимация. Ғарыш аппаратының өзіне соғылған плазма әсерінен, видеоның соңғы жағына қарай сапа нашарлайды. Оң жақта Шолпан, сол жақта — Юпитер көрініп тұр.
Credit: ИКИ РАН
#күнциклі
Repost from Шексіздік 🌀
Дважды в одну реку не войдешь.
Бұрын осы тіркес мықты боп естілгенмен, іштей айтылған ойға қарсы едім. Қаласақ екі рет, жүз рет түсе беруге болады ғой деп ойлайтынмын. Енді түсіндім. Көл емес өзен бір орында тұрмайды. Ағып кете береді. Үшінші рет келсең де аты сол өзен болғанмен, ол өзгерген. Ешнәрсе бір орында тұрмайды. Сондықтан да ол Өмір-өзен.
Сағынасың. Сол бір кезді. Достарыңды, сол бір топты, ұжымды, сол бір жанды, сол көшені, сол бір отырысты, саяхатты, іс-сапарды.
Адамдары тірі. Олармен әлі де жақсы қатынаста болуың мүмкін. Бірақ, енді бәрі басқа. Айналамыздағы жағдай, айналамыздағы көңіл, пішін. Кейде тіпті сезім мен мазмұн да.
Сағат 18:01 кетті, нағыз сексизм отын үрлейтін уақыт.
Ютубтан бір тақырыпта қысқаша түсіндірмелерді, гайд немесе шолуларды көретін кезде байқаған бір нәрсем бар. Еркек спикерлер - әйелдерге қарағанда қысқа әрі нұсқа жауап береді. Әйелдер (тіпті кейде жас қыздар болса), өзінің қандай молодец екенін, жетістіктері мен сұлулығын, не керек, өмірінен бірнәрсе қосып жібермесе тұра алмайтындай.
Айтпақшы, инстаграмда бір парақша бар. Әйелдердің 4-5 минуттан тұратын ұзақ әңгімесін - 5-10 секундта қысқартып айтып береді.
Солай
"Әлемді маркетологтар билейді" (с) Екатерина Грозная
Кез-келген тауарды сату үшін маркетологтар керек екендігін жұрттар бұрыннан білсе де, бұрындары ғалымдар өздерінше пайдалы іске жарнама қажет емес деп ойлаған сияқты. Сөйтіп ортағасыр бойы таяқ жеп келді.
Тек 19-20 ғасырларға келіп қана тым құрығанда медиа-персонаны жарату керек екенін түсінген олар Эйнштейнді "күллі физиктердің құдайы" етіп көрсетуді бастаған. Араларында не әңгіме болғанын білмейм. Бірақ Эйнштейн де адамзаттың бәрі тұра ұмтылатын жартықұдай емес екенін түсінем. Қолдан жасалмаған адам: ең ұлы физиктердің бірі, данышпан, жай қазіргі медиа көрсетіп жүргендей емес. Өзінің заманында да одан салыстырмалы мықты физиктер болған деп есептейм.
Кейін дәрігерлер, инженерлер мен айти мамандарының да өз медиа-пірлері пайда бола бастады.
Айтайын дегенім, төрт балаң болса біреуін маркетологтың оқуына берсе болатындай екен.
Сурет "Эйнштейн физикадан қолы босағанда" деп аталады
