669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
Мына бір ерекше акция халықаралық қыздар күні қарсаңында Моңғолия астанасында өткен. 300 ойыншық көжектер орындықтарға қойылыпты және акцияға "Көжектің үнсіз айғайы" деген атау берілген. Моңғолиядағы құқық қорғаушылар мен белсенділер қыздар тарапына жасалатын зорлық-зомбылыққа көз жұма қарамауға шақырып, осындай акция өткізген.
Айтпақшы, әр көжектің маңдайына күйе жағылған. Ол ежелгі бір аңызбен байланысты екен. Аңыз туралы қысқаша:
Ерте заманда сайтан жемтік іздеп, кең даланы кезіп келе жатыпты. Сөйтіп жапан далада жалғыз тұрған киіз үйге көрінбейтін кейіпте кіреді. Киіз үйдің ішінде жас ана сәбиін емізіп отыр екен. Ал төрде әкесі жантайып жатыр. Сайтан ана баласын тастаса, бірден алып қашпақ болып күтеді. Алайда жас ана баласын қолынан тастамайды. Сол сәтте ол анасы мен әкесінің арасына от жағып, жанжал бастап, сол арқылы баланы алып кетпек болады. Сөйтіп сайтан ошақтан күл алып, баланың анасы мен әкесінің бетіме шашып жібереді. Ерлі-зайыптылар "сен шаштың да, мен шаштым" деп ұрсысып кетеді. Алайда жас ана сәбиін қолынан тастамай, қазаннан күйе алып, баланың маңдайына жағып, қараңғы түнде далаға шығып кетеді. Ол өзінің ата-анасына кеткен болатын.
Жас ана жол бойы "Жасыл Тараның" мантрасын (буддизм бойынша қасиетті кейіпкер) оқиды. Киіз үйден лезде шығып, баланы қолынан тартып алмақ болған сайтан жас ана мен сәбиін таппай қалады. Сайтан даланы кезіп жүгіре жөнеледі. Алдынан екінші бір сайтан шығады. Сол сәтте ол "жас ана мен баланы көрдің ба" деп сұрайды. Сонда екінші сайтан жолда қолына қазанын ұстаған Жасыл Тараны көргенін айтады. Аталмыш аңыз бойынша, кімде-кім қазанның күйесін шекесіне жағып, "Жасыл Тараның" мантрасын оқыса, онда ол жын-шайтанның көзіне көрінбейді, сәйкесінше олар оған жамандық жасай алмайды. Акцияның идеясы осы аңыздан алынған.
Креатив деген ұрып тұр, әрине. Ерекше, елең еткізерлік және балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа назарды бұра білген акция болыпты. Әр ойыншық көжектің маңдайына жағылған қара күйені "сайтан ниетті адамдардың пиғылынан балаларды сақтасын" деген мағынада түсінуге болады.
Интернеттегі пікірталастың барлығының соңы боқтаумен аяқталады. Ақыры сондай екен, уақыт үнемдеу үшін пікірталасты боқтаумен бастаған дұрыс.
#лайфхақ
Әр адамның жеке телеграм каналы болғаны дұрыс, меніңше. Мейлі, онда ештеңе жазбаса да. Тек тыңдайтын музыкалары мен халям-балям философсымақтардың тізесі шыққан афоризмдерімен толтырып отырса да. Да хрен с ним. Бәрібір жеке пікіріңді жазып/бөлісіп отыратын, эмоцияларыңды шығаратын, мейлі футбол, теннис, к-поп, фильм, секс туралы жазса да өз қызығушылықтары аясын ұштап отыруға сондай нәрсе керек. Сауаттылануға көмектесед. Ол – сен жай дым бітірмей жүрген біреу емес, өз ойы бар, пікірін айта алатын адам екеніңнің көрсеткіші бола алад. Мейлі, пікірің анау спермасымен ковидті емдейтін "Пайғамбардың" о жақ, бұ жағында болса да. Бастысы – пікірдің болуы. Ол әлдебір нәрседе бір курсты ұстана алу үшін керек. Ал оны жетілдіру үшін біреумен бөлісудің болуы керек.
upd: Осындағы адамдар, а-ууу, егер телеграм каналдарың болса, пікірге жазып кетсеңдер болад. Үздіксіз оқып тұрам деп уәде бере алмайм, онсыз да ақпарат ағыны көп. Бірақ, минимум тіркеліп беру қолымнан келед. Кезінде Қосановты да қолдадық қо, әнәсс, сендерді де қолдаймыз 🙂
Тынымсыз адамның санасы да ешқашан бір орында тұрмайды екен.
Не санасы, не санасыздығы қайралып, барған сайын ұшталып шыңдала береді екен. Көзден таса кеткен тынымсыз таныстарыңызды кейде саналылықтың бір сатысында қалдырып кетсеңіз, екі айналып кезіккенде не сізден әлдеқайда ойы озып кеткенін байқап тамсанасыз, не надандық рекордын қоюға дайындалып жатқанына куә боп, шошынасыз. Адам ешқайда кетпесе де, оның жақсы ойлары мен жаман ойларының дамуы жалғаса береді.
Айталық, бір танысың студент шағында эзотерикалық кітаптарға қызығып жүред. Нешетүрлі окульттық символдарды талқылап қияли боп жүреді. Онда тұрған не бар. Сіз де бір-екеуін оқығансыз, бәлкім.
Ал он бес жылдан кейін көрсең, анау эзотерикадан әбден көңілі қалып, нағыз скептикке айналған, не тұрмыстық күйбеңге түсіп прагматик боп кеткен, я әлдебір нақты ғылым профессоры боп шығады. Красавчик. Білгенмін бір жерден тесіп шығарыңды деп қоясың.
Немесе кері жағдайда, үйінен саентологиялық шіркеу ашып, сол жерде мини-пайғамбар боп, "құпия орден" басқарып долбоебтық шегіне жетіп, жындыханадан сары қағаз алып үлгерген, ресми түрде есуас боп шығады.
"осы біреудің жынды екенін сол кезде сезген едім" деп қоясың.
Ал шын мәнінде, нихуя да білмегенсің, сезбегенсің. Әрі кетсе, нумерологияны аяқтап, енді астрологияға қызығатын шығар деп ойлағансың.
Күнәдан жирен, күнәһардан түңілме деген принципқа жалпы орын қалдыру керек қашан да. Біреуді ортаға шығарып қойып, қадір қасиетін қорлап, хайуан деңгейіне қайта түсіру емес, сол деңгейден шығаруды мақсат етсек әрине.
Жалғасы:
Ақпарат тым көп, әрі күрделі болса, тіпті де "Ақша бола ма жоқ па, соны айтшы, мыжымай" деген апаттық сигнализация қосылады.
Оның бәрі табиғи реакция.
Ақпараттан құтыла алмайсың, демек түбі миың толып қалады. Оның дұрыс дүниемен толуы үшін дегенмен, біз фильтрлерімізге күтім жасауымыз керек. Кейде фильтрлерді шығарып, қағып, тазартып, жаңасына алмастырып отыруда да мән бар.
Кешегі күнге дейін Қытайда бананға СПИД вирусын шприцпен салып байғұс қазаққа сататыны жайлы пікірге сенген ел екенімізді де ұмытпайық.
Фильтрлеріміз қауағымызға толатын ақпараттың дәлдігін анықтауы керек, оның жағымдылығын емес.
Дәл керек кезде сеніміңді ақтамайтын қызық бірақ жалған ақпардың пайдасынан зияны көп. Одан ішпыстырарлық шынайы ақпар тәуір. Сондықтан, ақпаратты оған күндерің түспей тұрып тексеріп алған пайдалы.
Одан бөлек деңгейіңді ескер. Сенен тым көп білетін адаммен әңгімең жараспай қалуы мүмкін. Потенциал сұхбаттасың сенен кең болып, әңгімең жарасса да, сен оны салыстырмалы ақымақтығыңмен әрнені сұрап шаршатып жіберуің мүмкін. Вышматтан сабақ бере алатын адамға қосу-алуды үйретуін тегін талап ету дағдыға, білімге жасалған қиянат.
Қысқасы, бірдеңе үйренем десең өзіңнен ол саладан сәл ғана көбірек хабардар адамға жүгін, үйретем десең де өзіңнен хабары сәл азырақ адамға үйрет, сонда білім сусыны надандықтың тік жарына соқтықпай, баспалдақпен керек жеріне жетеді.
Мына қарапайым ақиқатты мықтап түйіп алу керек. Бұ жолы үнемі қарғысқа қала беретін қияли надандарға емес, мына кәдімгі өзімізге. Әлемде салыстырмалы түрде оңалмайтын, үмітсіз қараңғы надандар саны тұрақты 15 пайызды құрады делік. Ал ежелеп үйретуді қажет етпейтін, елден озып білетін зеректер саны 15 пайызды құрайды десек, бұлар жеме жемге келгенде көп нәрсені шешпейді.
Қоғамдағы таразы басын екі жақтың бір жағына бұратын бұлар емес. Ортадағы 70 пайыз.
Ортадағылар асып бара жатқан данышпан емес, бірақ дәйек пен айғақты тырысса түсіне алатын, надандық пен парасаттан дәмесі алма кезек пайда болатын, түптеп келгенде қоғамға тигізер таза пайдасы әлгі екі шеткі топтан артық болатын тірлікке жарамды адамдар категориясы. Мемлекет келбетін анықтайтын да осы топ.
Байқайтыным 15 пайыз сауатты қауым 15 пайыз үмітсіз надандармен соғыста тауы шағылып, бүкіл халықтан көңілі қалса, әлгі 15 пайыз қараңғылық таратушылар масаттанып, ортадағы потенциалы бар көпшілікті артқа тарта береді. Одан ел де, қоғам да ештеңе таппай, батқан шырмауығына шырмала береді. Солармен қырылып, дем тауысудың орнына сенің кемінде екі сөйлеміңе ілесе алатын адамдармен және өз қараңғылығын мәртебе көрмейтіндермен бөліскенің дұрыс. Олар аз емес.
Неге интернетте кейде офлайнда өзіңнен басқаның бәрі топас сияқты, халықтың бәрі тегіс қараңғы сияқты сезім қалыптасады?
Себебі, төменгі 15 пайыздың даусы қатты шығады. Олар өздеріне өте сенімді. Пікір жазар бұрын көп адам ойланады, таразылайды, көбі ештеңе жазбайды, тақап сұрамасаң айтпайды тек оқумен шектеледі.
Жазып қойса да, күмәнданып отырады, қате жібермедім бе осы, артық айтпадым ба екен деп. Мұнымнан басқаны қойып, ең құрыса өзіме не мәні бар деп ойланады. Ал кешірерсіздер, қараңғы адам надандығын таратпаса іші ауырады.
Ол надан өзің болуың да мүмкін. Себебі, сенен тым артық білетіндер саған есуас көрінуі де табиғи жағдай.
Нәтижесінде желіге кіресің, оқудың өзі миыңды кемі 10 мың жыл кері қарай секіртетін пікір оқисың. Пойызға мінесің, бір сиқырлы ютюб контентке тойып алған "Христос" төсегін төсемей жатып, ел-жұртқа сайрап отырады "как она есть" ғаламзаттың бүкіл сырын шашып тастап)).
Оны тыңдап, үндемегеннің бәрі топас па?
Құдай біледі, кейбірінің ақылы жеткенімен, темпераменті көнбіс, анау-мынауға алаңдамайды. Ішінен, "ой, әкең аузы", дейді де angry birds-ін ойнай береді.
Біз басқа елдерден қатты топас емеспіз, тек өте ұмытшақпыз. Көшпенді өмір мида көп ұғымдарды сақтауға үйретпеген ғой деймін.
Елдің бәрі ғалым болуы шарт емес әрі қажет те емес. Ғалымдар жалпы материалдық тұрғыда ең пайдасыз халық. Содан ғой, миллиардер болып кеткен ғалымдар аз. Ғалымға обал ма? Жоқ. Обал емес. Ғылым мен білім екі бөлек. Біздің өмірді жеңілдететін ғалымдар емес. Инженерлер. Технологтар. Ғалымдар күнделікті пайдасы бар боқ та өндірмейді. Осы тұста маған ренжуіңе болад. Ғалымдар пайдасыз ба сонда?
Жоқ. Ғалымдар өнертапқыш инженерлері жоқ ел үшін ғана пайдасыз. Себебі ғалымның мақсаты пайдалы бірдеңе жасау емес, ғылым көкжиегін кеңейту. Қоршаған орта туралы пайдалы-пайдасыз ақпарат жинау. Оны сорттап, пайдаға асыратын өнертапқыштар.
Ғылымдағы 99 пайыз ақпараттың пайдасы жоқ. Әзірге. Себебі инженер-технологтар ол білімді күнделікті пайдаға асыру жолын әлі ойлап таппады.
Ғалым менталитеті мен өнертапқыш менталитеті екі бөлек дүние. Ғалым көбелекті не үшін зерттеу керек деп басын қатырмайды. Зерттейді, тапқанын тіркейді. Болды.
Көбіміз өнертапқыштар сияқты пайда категориясымен ойлаймыз. Елге, жерге, өзіме, отбасыма пайда қайсы деп. Не үшін деген сауалға жауап іздейміз. Ғылым өйтпейді. Өнертапқыш психологиясы бизнесмен психологиясына жақын. Ғалым - кішкентай бала сияқты. Бәріміз ол сатыдан тым ерте өсіп кетеміз де, пайда әлеміне сүңгиміз.
Сондықтан, ақпарат тым көп болса, бірден қорғаныс механизмі іске қосылады мида, "Маған дәл осы, дәл қазір керек пе?"
Сенің әрбір жасушаң өлгенде, онымен бірге сенің бір бөлшегің де өледі. Денең толық ауысқанда, сен мүлде жаңа адамға айналасың. Бірақ ол жаңа адам өзін барлық тұрғыда "сенмін" деп ойлайды. Өйткені ол сенің естеліктеріңді, сенің әдеттеріңді, сенің ойларыңды еншілейді. Ол — сенің табиғи клоның. Бірақ, нағыз "Сен" баяғыда өліп қалғансың. Алмастырылғансың. Бір зауыттан, сол бір формула, сол бір дизайн, сол бір марка, сол бір модель белгісімен шыққан көліктер сияқты.
Осыны оқып болам дегенше сенің бірнеше миллион жасушаң өліп, және орнына бірнеше миллион жасуша туылып үлгереді. Адам бойындағы атомдар орта есепен 7 жылда толық ауысады деген сөз, 7 жыл сайын бір сәтте күрт ауысуды емес, біртіндеп ауысуды білдіреді. Демек, өлу мен туу, бір процесстың екі фазасы ғана.
Адамды ағып жатқан сумен салыстыруға болады. Ағын суға қарасаң, ол бүгін де ертең де бірдей сияқты. Оның пішінінің тұрақтылығы шартты ғана. Судың өзі жылдар бойы қазып өткен арықтың бойымен жүреді. Сол арық оның бойымен аққан судың пішінін анықтайды. Ал оны бақылауға кеткен қысқа уақыт сізге тұрақтылық иллюзиясын сыйлайды. Дегенмен, оның бөлшектері секунд сайын ауысып отырады. (Оны ағын суға бояу шашып тексеруге болады). Оның молекулалары ауысқанымен, арық сол баяғы арық, қарқыны да, сипаты да сол.
Солай ма?
Ендеше, ағын суды видеоға түсіріп алып, он жылдан кейін қарап көріңіз. Сонда сіз тек судың өзі ғана емес, оның бағыты да,қарқыны да, сипаты да өзгергенін, бәсеңдегенін не күшейгенін байқайсыз. Тереңдегенін не саязданғанын байқайсыз.
Бір мекеннен шықпай, оқшау тұрған тайпаларда адамдар әртүрлі болғанымен, ол адамдарды құрайтын гендік құрам тұрақтылығын сақтайды. Яғни, тайпа шартты түрде бір ғана организм іспеттес болады.
Алайда ол тұрақтылық та шартты.
Себебі, адамды шын мәнінде толық оқшаулау табиғатта мүмкін емес. Мүмкін болғанның өзінде, ол адамдар уақыт өте келе гендік құрамының кедейлігінен, сарқылуынан құлдырап бітеді.
Оның бойына бәрібір сырттан қосымша элементтер дариды.
Себебі, ең оқшаудың оқшауы деген аралға да космостан күн сәулесі және одан бөлек көзге көрінбейтін сан мың сәулелер түсіп, жел, су арқылы басқа да жаңа бөлшектер төгіледі. Сондықтан, назарымызға миллион жылдық кезеңді сыйдыра алсақ, ең оқшау аралдың да тайпасы түбегейлі өзгеріп шығады.
Ал енді санаңызға одан да үлкен кезеңді сыйдырып көріңіз.
Алғашқы жасушалар пайда болған мезеттен бүгінге дейін. Шамамен 3,9 миллиард жыл.
Міне, бұл біздің нағыз жасымыз.
Оған қарау көкжиегіңіздің сызығын, яғни "ағын суды", қабылдау қолайлылығы үшін қанша литрден, қай масштабтан (бір жасуша, бір орган, бір индивид, бір тайпа, бір ұлт, бір түр, бір класс т.б) сызып, бөлемін десеңіз де субъективті ерік өз еркізіңде.
Уфф, дерсіз сіз. Енді бәрі орын орнына тұрып, шеті шекарасы жоқ "Мен кіммін" деген философиялық сұраққа ғылыми түсіндірме табылды-ау. Енді тыныш ұйқтауға болады - дерсіз.
Асықпаңыз.
Жасушалар да бір сәтте "пырқ" етіп пайда болған жоқ. Құрылымы олардан да қарапайым, шартты тірі әлем мен шартты өлі әлем арасында орналасқан дүниелер (вирустар мен приондар мысалы) бар. Ол дүниелер де өз алдына бір ғалам. Егер тап қазір бүкіл жасушалы тіршілік біткен жойылып кетсе, бірер миллиард жылда, жаңа күрделі тіршіліктердің қайта жаңғырып жаратылуына жеткілікті мөлшерде шикізат пен қосалқы бөлшектер бар.
Мәңгі өмірді аңсау - күпірлік. Себебі, біз онсыз да мәңгіліктің бөлшегіміз. Бұл әрқайсымызға таңдап берілетін әлдебір сый емес. Мәңгілік әлмисақтан пешенемізге жазылған нәрсе, Бұл өмір сынақ емес, бұл өмір - ағын су, кешегі Біздің әрекетіміздің нәтижесі мен ертеңгі Біздің әрекетіміздің себебі. Біздің ағын судан айырмашылығымыз — әр қайсымыз өз деңгейімізде, өзімізге берілген уақыт шеңберінде "судың" қайда қарай және қалай ағатынын шешуге қосатын үлесімізді таңдай аламыз. Әрбір саналы/санасыз істеген әрекетіміз, айтқан сөзіміз арқылы.
Енді не істемек керек?
Өмір.
Өмір сүру керек, тап қазіргі сәтте. Өйткені, сенің қазіргі нұсқаңа берілген уақыт та шамамен 7 жыл ғана. Әлде мәңгілік пе?
(с) Ескіден.
Адамдар өзгереді. Иә, біздің әлемде осындай бір гипноз бар.
Сен өз қоғамыңда өз қоршаған ортаңның қабылдаған заңдарымен артық проблемаларсыз, алаңсыз өмір сүріп жүресің. Өз көзқарастарыңа өте сенімдісің, әлем дәл сенің ойыңдағыдай заңдылықтармен қозғалатыныңа күмәнсіз қарайсың. Бірақ бір күні саған біреу өте бөгде сұрақ қояды я болмаса өзіңе бейтаныс жаңа бір кітапты оқисың, және бум, гипноздан оянасың.
Жаңа ойлар, жаңа идеялардың бәрі адамдарды сондай бір утопияға я антиутопияға итермелеп апарады. Сонда, кейде, тіпті адамның өзі оған семья, әйел, бала-шаға деген нәрселердің не үшін керек екенін өзі де түсінбейді. Неге ол олай өмір сүруі керек? Бәрі үйленіп бала-шағалы болған соң, ол да солай болу керек деген бейсаналы убежденный тұжырымға келгеннен ба? Жалпы, бұл – адамның өз мүмкіндіктері мен потенциалын дұрыс бағаламау/сезінбеу. Сезінбегендіктен де, тиісінше, ол бейсаналы түрде сол қоғам қайда қарай ағып бара жатса, ол да сол ағыспен бірге ілесіп ағып бара жатыр.
Бірақ адам жарты ғасыр гипнозда өмір сүріп келіп, кейін оянса, қандай да бір анархия я қылмыс орнайды. Сол үшін өз орныңды мейлі он жыл, мейлі жиырма жыл болсын іздеуден, әлемнің/табиғаттың заңдылықтарын зерттеуден шаршамау керек, өз-өзіңді ең қиын моменттерде де жақсы көруді ұмытпау қажет.
@lebirgi
Юрий Дудь'тың «Как жить, если лишают Родины» деген фильмін қарап отырып, бір керемет оқиғаны тыңдадым.
Фильм Беларусьтегі 2020 жылғы митиңгілер, жаппай билікке қарсы көтерілу мен одан кейін үстерінен қылмыстық іс қозғалып, отанын тастап кетуге мәжбүр болған шетелдегі беларусьтар туралы.
Оқиға мынадай: Руслан Кулевич деген журналист митиңдер кезінде тұтқындалып, РОВД'да таяқ жеп екі қолы сынад. Кейін оны босатады. Танымал журналист болған соң, Руслан өз парақшасында күштік құрылымдардың заңсыз әрекетін айыптағаны Беларусь билігіне бас ауру бола бастайд. Контраргумент ретінде билік баспасөздері ТВ'да, әлеуметтік желілерде "Оның қолы сынбаған, өтірік істеп жатыр" деген пропаганда жүргізе бастайды. Дәлел ретінде оның гипстелген қолмен бір күшікті қолына алып, қайта жіберген видеосын көрсетед (ондай видео шынымен болған). Шамамен бір ай. Бір ай бойы осы пропаганданы қайталай берген. Ал, соңында айдың соңына қарай Русланның өзі қолының сынғанына күмәнмен қарай бастайд. Фантастика, кәдімгідей
Француз суретшісі Поль Гогеннің 1892 жылы салынған "Қашан тұрмысқа шығасың" деген картинасы 300 млн.долларға сатылған.
Сомен, қашан шығасың тұрмысқа?
Президент Ердоғанды әскери төңкеріс арқылы тұтқындамақ болған түрік офицерлері. Оларға Ердоғанның суретіне тәулік бойы қарап отыру жазасы кесілген.
Түркия, Шілде, 2016 жыл.
upd: Заманауи мәселелер заманауи шешімдерді талап етеді 🙂
Қоғамда десакрализация күшейіп кетті. Жоғарыдан, вертикаль кейіпте күштеп қалыптастырған мемлекеттік машинаның "құндылықтары" қирай береді осылай. Тек адам ғана, азаматтардың құқықтары ғана сакрализациялануға лайық нәрсе. Қалғаны былшыл. Тұрақтылық басты байлығымыз деп соғып отырып, халықты тонаумен айналысса ешқандай да құны болмайды оның. Мемлекеттің басты байлығы - азаматтары. Ал қолдан жасалған киелі мүсіндер түбі қирай береді...
