669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
#эпизодтар #қарауыл
Мешіттің ресепшіні жағынан үздігіп-үздігіп дыбыстар шығып жатыр:
– Кім, бауырым, атың кім еді?
– Данияр
– Данияр, бауырым, олай болмайды. Алладан ұялу керек. Қасиетті Рамазан айы. Ендігәрі мұндай жерге бұлай келуші болма, ұят болады.
– ....
– Сен қазір үйіңе бар да, демал. Сосын ертең кел, сөйлесеміз, – деді де, әлгі жігітке аяқ-киім киетін кіреберісті көрсетіп жіберді.
Ол жігіт аяқ-киімін әзер киіп жатып, есік алдында тұрған охранникті көріп қалды. Сосын басын көтеріп алды да: "Аллақ... Ол... Ешкімнен қорқпайд ғо. Сен... Бауырым... Айтшы, кімнен қорғап тұрсың мына жерді?", – деді.
Охранник мұрнының астымен міңгірлеп бірнәрсе дегендей болды да, оны шығарып салды.
Жә, тап бір көздерінен оқып қойдым деп өтірікті бөспей-ақ қояйын, бірақ, қарауыл жігіттің "Сен сияқты мас боп келетін есуастардан қарауылдайм, ебтібайымайд" деп айта алмағаны үшін қысылып тұрғанын жүрегім сезеді.
Бір ақылды адам тыңдауға ұсынған ән еді. Текстімен бірге ұсынған соң, тыңдап көрдім. Ұнамады. Бірақ тексті үшін музыкасын кешіруге болатын сияқты:
"Ұсқынсыз...
Сынған...
Басқа...
Жаңа сұлу
Сен ұсқынсыз емессің
Әлемдік стандарттар тым жоғары.
Сен біртүрлі емессің
Әлемдік стандарттар тым тік."
Ютуб әрбір рет осы әнді маған ұсынған сайын тыңдап тұрдым. Жоқ, ән точно ұнамайды. Бірақ мәтіні жағымды.
Мүмкін сендерге ұнап қалар. Тыңдап көріңдер.
Тағы бір нәрсе: комплекске булықпаңдар. Себебі, сендер ұсқынсыз емессіңдер. Жай, әлемдік стандарттар тым жоғары 🙂
"Тарихи әділдік" деген сөз бара-бара күлкілі болып бара жатыр. Қай жерде конфликт болса, сол жерге тарихтың әділеттілігі туралы моральды айта келетіндерді концлагерьлерге айдаса ғой, шіркін. Тарихта әділдік бар деген топас концепцияны таратқаны үшін.
Украина-Ресей соғысында Украинаны қазақтың дос/бауыры/тағдырласы ретінде қарап қолдайтындар да сол бір романтиканың құрбандары. Әйтпесе, ақ патшаға мүлтіксіз қызмет еткен, Ресей Империясының отар елдеріндегі халықтар көтерілісін, соның ішінде қазақ ұлт-азаттық қозғалыстарын да аяусыз басып-жаншып отырған козактардың ұрпағы ғой, қазіргі украиндар. Тек қызылдар билікке келгесін ғана басынан бақ тайып, қырғынға ұшырады. Бұл тұрғыдан, иә, украиндардың тағдыры қазақтардыкіне келеді.
"Иә, саған, атаңның басы, Бахчасарай – орыстың тарихи жері ма" деп бір украинка айтқандай, бұл жерден де тарихи әділет іздеп береке таппассың.
Журналистикада бір принцип бар: егер сөз таластырушы тараптың біреуі адами құқықтарды, адам өмірін аяқасты қылатын позицияны ұстанып отса, онда оның мінберден сөз сөйлеуге құқы жоқ деген. Украиндарды, әрине, қолдауға болады. Қолдау керек те. Бірақ, псевдо тарихи фактілермен емес, иә, бір саясат тұрғысынан бізге тиімді болғаны үшін, иә, әлгіндей гуманизм тұрғысынан адам өмірінің құндылығы үшін. Үшінші вариантты әзірше көріп тұрған жоқпын.
Қаззақтарларда мынандай керемет мақал бар:
"А так, өкпелесең көшіп кет"
Әхәхәхәхә!!!
#параллельдер
3-4 секунд ойлана келе, осында жазған посттарыммен мен сендерді белгілі бір дәрежеде тәрбиелеп жатырм-ау деген пікірге тоқтадым. Жан-жақты логикаға салып көрсем, бәрі дұрыс секілді. Адамды ақпарат тәрбиелейтіні рас болса, мен де сол ақпарат ағынының бір бөлігімін ғой, енді.
Тыныш жүріңдер со үшін. Сендердің тентектіктерің үшін қарғыс естіп жүрмейін :/
Құдай қаззақтарға қарғыс атқан топас билік беріп бір прикол ұстады. Артынша биліктен өткен топас оппозиция беріп одан бетер айқайлап күлді ;))))
Әркімге қабілетіне қарай ауыртпалық салдым; ал саған - прикол ұстағым кеп кетті, - деп кейіді Ол сонда. (c) Евангелие от Амандық, стих 33:12
#эпсилон #конспирология
Ломтадзе Базель қаласындағы форумда сөйлеп жатқан кезде, қолындағы қағазда шын мәнінде не жазылғанын тығыздығы жоғары фотоға түсіріп алған адам бар. Сұмдық. Міне, бір ғана пунктін келтірейін:
"...40. Сосын, қазақтар әбден біздің банкке кіріптар болған кезде, біз бетпердемізді шешеміз!...".
Ал енді, Каспий теңізінің кенет тартыла бастағанын тек ақымақ түсінбейді. Неғып байланыс көрмейсіз?!
Қазақтар, бізді ешкім ойламайды!
Әзері композиторы Алепкер Тагиев бұл әуенді өзінің әйеліне арнап жазған. Өкініштісі сол, әйелі ұлын босанып жатып көз жұмады, әйелінің жаназасынан соң бірер сағаттан соң жарық көрген бұл әуенге түрлі елдің ақындары сөз жазып, әртүрлі нұсқасы таралған.
Таныс па?
Сергей Гуриевтің лекциясын тыңдап отырып, сол сияқты интеллигент болсам екен деген арман бойыңды билей бастайды. Ақылды, интеллектуал, көркем мінезді дегендей ғой, енді.
Бірақ видеоны өшіріп, өз мінезіңе бір көз жүгірткесін, Гитлердің парадтарын, сөйлеген сөздерін іздеп кетесің
#сәттер
Мынау 2015 жылғы сурет еді ғой деймін, жаңылмасам. Ли Куан Ю Мәскеуге келген кезі.
Былай, әрине, екеуі де диктатор ғой. Бірақ сол жақтағы кәрі түлкі бақытты-баянды болып аяқталған диктатураның авторы және оның сырын да білетін. Осы кездесуде ол Путин ешекке «Көршілермен соғысу емес, сауда жасасу керек» дегені бар. Бірақ, оны тыңдаса Путин Хуйло болмас еді ғой))
#эпизодтар #дәуір
"Кайыр сураган жарымжандарга беремын деп унеми усак акша устап журетын жалгыз мен бе?" деген автокомплимент жазбалар негізі Вконтакте дәуірінен бері келе жатыр. Сосын ол жазбаға ондаған жүрек басылып, таныстары мен басқа да кіріптарлар: "Айдана апшем менын, журегыныз кен гой сыздын!" деген жүздеген комменттер қалдырып жататын.
"Жалғыз сен әрине, жындысың ба немене?" деп, мамыражай идиллияны бүлдіріп уақыт өткізетінбіз. Жай, сабақтан келгенде, әлгі пайғамбардың өзінен және жақтастарынан келген ондаған лағнет хабарларды оқу қызық болатын.
Солар қазір Инстаграмға (ендеше Телеграмға да) толық көшіп болғанға ұқсайды. Бірақ сапа да артқан, "ақшаң тасып бара жатса - маған-ақ берсейші!" деп айтып тастайтын жүрекжұтқандар да көбейіпті. Заман шіркін, асығыс қой
#лямбда #спам
Тиімді тарифі үшін ауылда інімнің бір нөмірін ұстап жүретінмін. Сөйтіп сол нөмір менде қалды, ақыры.
Бірақ, мына иттің баласы, сол нөмірін көрінген жерге жаза берген бе, спам нөмірлер звандап қоймайтынды шығарды. Орта есеппен күніне он рет. Міне, тағы да хабарласып тұр...
Алғашында зығырданымды қайнатып жүргенмен кейінірек бұның да бір қайыр екенін түсіндім.
Ешкім хал-жағдайыңды сұрамай, жалғызсырап отырғанда бұл да бір жаныңа медет болады екен, сөйтсем. Спам деген аты болмаса, тәп-тәуір жігіттер сияқты, былай. Будильникке тұрмасам да, әр таң сайын осылардың дүркін-дүркін звандағанынан оянатынды шығардым. Бұл да бір қамқорлық қой, мысалы...
#эпсилон #кенеттен
Болмағыр адамға болмағыр ойлар келеді дегені рас та шығар, осы жұрттың. Кенет жатып-жатып ойыма болашақта ата-енемді қалай атайтыным туралы сұрақ келе қалды.
Әдетте, әрине, тәжірибе бойынша папамнан үлгі алуым керек еді: Бірақ, нағашы атам да әжем де қазір о дүниелік. Оған дейін папамның не деп атағанын естіген емеспін. Көкелерімнің де ата-енесін «папа, мама» деп шақырмасына кепілдік бере алам. Болашақта келіншегімнің папа-мамасын «пап, мам» деп атасам, біздің әулет менің етімді қақтап жатқаны елестейді де тұрады. Қайынжұрттың баласы деп қағытпасына да кепілім жоқ.
Патриархал қоғамның проблемасы ғой, әйтпесе, әйелімде менің мама-папамды қалай атау туралы мәселе де туындамайды ғой, мысалы.
Мүмкін ақыл қосарсыңдар? Бұл мәселе бізде ғана актуальды емес болар. Үйдегілерден сұрасам, әлбетте, олар бұл шансты да құр жібермей «алдымен үйленіп алшы» деп айтары сөзсіз. Тоқаев сияқты бір сөзге он мағына беріп айтатын дипломаттық талант бермегесін де, өмірің күрделене түсе ме, қалай өзі?...
Қызық теория айтайын ба? Инерциал жүйелерді салыстырғанда олардың векторларын салыстыра салады, бірақ тежелу мен үдеудің қилы болатыны ескерілмей қалып жатады.
Қызық, осыны оқып отырған адамдардың кейбірі Өтейбойдақтың баянын түсіндім деп жүр, ал жоғарыдағы менің айтқаным бұлардың қасында әліппенің бірінші беті ғой.
#эпсилон #ТежегіштерСиндромы
Бүгін ерігіп жатып Шректі көріп тастадым. Қайта көрген жоқпын, алғаш рет көріп отырм.
Кейде мемді түсіну үшін де бірнәрсені қызығып көресің ғой, сол секілді Ешек пен Айдаһар туралы мемді көріп, о не деп қызыққаным да бар, енді. Қайрат пен Нюшаның тәлімгерлері екен, сөйтсем.
Жарайды, екеуі туралы жазу үшін постты бастаған жоқпын. Оны «Қаззақ ұлттық қарым-қатынастарды зерттеу-сараптама жасау орталығының» мүшелері анықтай жатар.
Менің назарымды тартқан басқа жәйт: Әдетте, мультфильмнің сәнін келтіру үшін пайда болған күлкілі персонаждарға біразға дейін жұпсыз рөл береді. Мен білетін сондай персонаждар: Жалқау Сит, Аққала Олаф, Жылқы Юлий және осы мультфильмдегі – Есек. Сосын, бұл заржақтардың бәрі фильмнің бір сериясында әйтеуір ғашық болып жұбын табады. Сол кезде ғашықтарының алдында олар қалай көп сөйлейтін бәдік, заржақ болса, солайынша қала береді. Осы тұсы ақиқатты айналып өтетін сияқты. Мультфильмнен ақиқат іздеген, әрине, сәл топастау тірлік, десе де: Өмірде өз ортасында ең көп сөйлеп жағы тынбайтын, сужұқпас заржақтардың үні ғашық болған кезінде біржола өшеді. Жақсылы-жаманды өмірлік тәжірибем солай дейді, әйтеуір. Соны сәл реттейтін бір мультфильм режиссері болса екен деген жлёмана тілек қой, менікі. Былайша, тормоздық жалпыадамзаттық құндылық қой, әйтпесе.
