669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
қай телеграм арна авторларымен араласасың?
бәрімен тең араласпайм, бірақ аздап таныспын дегендер дохрена:
- @Belgisizuly
- @oygroup
- @tazatalk
- @birewmusic
- @sekspeare
- @kulteler
- @ximay
- @sagidanova
- @amaihito_0
- @bizdinalemgoi
- @kitapuzindisi
- @shegirtke (онша таныс емеспін, бірақ еңбектері ❤️)
Біздің өмір әлі алдымызда,
Біздің бақыт болар қолымызда.
Қайда болсаң да, жаным, келші маған,
Жұлдызым болып!
Хреновый ұйқас. Мұқағалиді көрінен тік тұрғызуға жетіп жатыр
Сенім мен сезім бір-бірінен бір ғана әріп айырмашылық бар. Неліктен екеуінің мағынасы жер мен көктей?
Несі жер мен көктей? Екеуіне ортақ логикалық байланыс табу - қиынға соқпайды. Бірақ, этимологиясын қазбалап не керек? Меніңше екеуін байланыстыруға болады:
"- Білә, 10 мың теңгені Челсидың жеңісіне тіккенің не? Мына өлік командаға сеніп тұрсың ба?
- Көтім сезіп тұр
- ??
- Көтім сезіп тұр дейм. Мен оған сенем"
Міне, шамамен осылай.
жігіттер, неге осы сендер нәп-нәрмәлні сөйлесіп жүресіңдер да, и жоқ болып кетіп 1 айдан кейін қайта жазып тұрасыңдар?
1 ай - психолог қабылдауында болып, реабилитациядан өтіп келеміз.
Астанада болдыңыз ғой, иә
Қандай қала екен?
Құрыған қала. Құдай тәубәсіз құлдарын жазалауға арнап салынған лагерь дерсің.
Бүгін менде демалыс. Демек, сұрақ-жауап күні
https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607
90 жылдарғы видеолары мен айтқан сөздерін көрсетіп жақсы бір сайлау компаниясын жасаса - қаззақтар Назарбаевты ойланбастан қайта сайлап жіберер ед
Тап-таза қазақша сөйлеп келе жатып бір сөзге келгенде "Ым... ц-ыыы... как будет на казахском... О, Боже..." деп мүләйімси қалатындардан "ал, жарайды, орысшасын айта сал" деп сұрағанда "Орысшасын да білмейм" деп жауап алатын кездер болады. Қаззақтардың өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірі осы.
осындайларды жаппай соққы астына алуға шақырамын.
"Вдруг вы забыли как я выгляжу" деп жазып, фото салатындардың көментіне "Әрең дегенде ұмытып едім, қайта көрініп бәрін құрттың" деп жазып кеткенде:
Эрзин - Хатай провинциясындағы бір де бір ғимараты құламаған жалғыз қала дейді түрік ақпарат көздері
Қала мэрі Өккеш Елмасоғлы "Бір де бір сапасыз ғимарат салуға рұқсат етпедім. Сол кезде маған бәрі "тек сен-ақ тазасың ба?" деп ашуланды. Есесіне, қазір менің арым қинамайды" дейді.
Айтпақшы, Елмасоғлы - оппозициялық партия мүшесі екен
Алдымен бірінші пікірге лайк басып ем.
Кейін үшінші пікірді оқып ойымды өзгерттім.
Когнитив диссонанс деуші ме ед, әлгі. Ақиқаттың центрі көбейіп кетті соңғы кездері
РФ - Украинаға басып кіргенін алғаш ұйқымнан ояна сала досымнан естідім, ол "Бейбіт, соғыс басталып кетіпті" деді. Қайырлы таң дей алмаймын, әрине.
Бірақ, мен және ол досым екеуміз саяси жаңалықтардан хабардар болатынбыз және осыдан 2-3 күн бұрынғы Кремльдің қылықтарына қарап, соғыс болатынын түсіндік. Сол үшін қабылдау қиын болмады.
Ал, Назарбаевтың кеткенінен шынымен ахуел болдық, бәріміз. Кешкі 7-лер шамасында мәлімдеме жасап кетті де қалды. Жатақханада болатынмын ол кезде.
24 ақпанда - Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл болады екен.
Ал 19 наурызда Назарбаевтың президенттік лауазымынан кеткеніне 4 жыл.
Бұл оқиғалар тек саясатқа қызығатын адамдар үшін таныс тақырып болса да, глобал характерге ие. Түптің түбінде осы оқиғаларды саясатқа қызығатыны да, қызықпайтыны да естіп-білді, талқылады, реакция білдірді.
Осы оқиғаларды алғаш естігенде не көргенде қайда болғандарыңды, қандай жағдайда естігендерің естеріңде ма?
