ch
Feedback

不要被骗子欺骗!Telemetrio 会找到并标记这些频道 👉 如果想查看标记,请订阅 👈

данышпан қарға

данышпан қарға

前往频道在 Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

显示更多
669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
Бейбіт Қорған деп тиісетін бед мектепте «Жанары оттай жанып» деп өлең айта беретін мені көргенде

Мен сізді сүйем ғой расымен Иә, мен де сүйем)

крч, Бейбіт, ішің пысса, тикток тартып алсай, ішінде дафига видео бар, қарааап отырасың жоқ, құсқым келеді, тиктоктан

жақында өлесің алысырақта барып өлгім келіп ед, әттең ((

Мадина Рейге сәлем жолдап жіберейінші. Фотолары керемет! Алдымен Исламға кел. Сосын сәлеміңді қабыл алады.

гориллаға ақшаң бар ма сені жеңсем болады

Қазақ әдебиетінде не өшің қалды? Мұрат Әбділдаға жазушылар одағынан орын бермегені үшін өле-өлгенше жек көріп өтем.

ішің пысса, огородқа шығып төбелесейік кеттік. жеңілген адамнан – бір горилла.

Дулат Исабековтің Қарғынын оқыған ба едіңіз? Иә. «Адамзат баласы оқымауы тиіс 1 кітаптың» қатарына қосқам.

Қасыңызда тұрып, маған өзіңіздің бар екеніңізді, осы жерде тұрғаныңызды дәлелдеңізші десем, қайтіп дәлелдейсіз? Басыңнан бір-ақ ұрам.

Білә, білем, мен сені сүйем деп жазбайтындарыңды. Бірақ менің ішім пысты, түсінесіңдер ме? 🥹

Бізде социология деген дамыған ғылым саласы болғанда Мұрат Әбділда феноменін зерттеп тастар ед, әлдеқашан.

Былай болуға болмайды, тым сүйкімдісің

Тыңдаңдаршы: иә, білем сендер көп нәрседе бір-бірлеріңе ұқсамайтын әртүрлі адамсыңдар. Бірақ Абайдың ракурсымен қарағанда... бәрің де бар болғаны сасыған боқтың қабысыңдар.

Дыбыс үндестігі. Егер латынға көшсек осы таңбалардың біреуі арқылы - екі дыбысты белгілеуге болады. Kazak Grammar идеясы. Жуан дауысты дыбыстардан соң басқаша оқылады, жіңішкі дауысты дыбыстардан соң басқаша оқылады. Karga - [қарға] Kerek - [керек] Kagaz - [қағаз] Gül - [гүл] L мәселесі бұрыннан жабық. Екі Л дыбысын да қазақша бір таңбамен белгілейді: Л. Көлік (жіңішке л) Қалақ (жуан л) Осы әріптердің әрқайсысына бөлек таңба қолдану - сөзсіз, құлдық сананың элементтері. Қ/К, Г/Ғ, Л/Ль - бір таңбамен белгіленуі керек.

K, G, L. Осы үш әріп/таңбаны қазақ тілінде не біріктіреді?

...1730 жылы қазақтан қашқан жоңғарлар бетпақ даладағы зобырларды (зомбиді) оятып жібереді. Зобырларды ояту – жоңғарлар тарапынан қасақана жасалады. Сол сәттен бастап – қазақ даласында ІІ зобырзаман басталады... (с) Мақсат Мәлік Қайбір жолы группаластарымызбен квестке бардық. Сондағы квесттің форматы – батыс/христиан хоррорына негізделгенін байқап ем: шіркеу, қарғысқа ұшыраған монахинялар, тірілген өліктерінде де – христиан молаларының иісі шығады. Былай қарасаң, біздің хоррор ол емес қой деген ой келеді. Янушкевич қазақ даласы туралы жазғанда «шексіз созылып жатқан теңіз сияқты» деп сипаттап еді. Ал, Жәк Лондонның өмір жайлы философиясын жеткізу жолы – теңіз арқылы болатын. Қазақтың да өмір пәлсапасын түсіндіруі – даламен ажырамайды; барлық нәрседе даладан балама келтіреді. Сәйкесінше, хорроры да – даламен ажырамас болуы түсінікті. Түнде қараңғы далада – жалғыз жүрудің өзі-ақ дайын тұрған хоррор. Осы жолда саған бәрі кездеседі: жезтырнақ та, мыстан да, ібіліс те. Оған қоса сен олардан ешқайда қашып құтыла алмайтының бар) Хоррормен танысып аздап дірілдеп алғысы келетін қазаққа Оралхан Бөкейден артық жазушы табылмаса керек; бірақ, оның өзі де пәлсапа үшін жазылған. Негізі видео – хоррор жанры туралы емес, жалпы аңыз-әңгімелерді сәтті пропагандалай білу туралы. Жай, осы тақырып есіме түсіп кетті. Қарап шығыңдар.

Посткеңестік елде туу - бақ па, сор ма білмедім: қым-қиғаш әрі болжап болмайтын өмірің болады. Кез-келген сәтте саяси топастығың сені орға жығуы мүмкін. Екінші жағынан өмір сүруге үйренесің. Адамдарды басқару жүйесін де түсіне бастайсың, әрине оған аздап ақылың болса. Диктатордың - диктатор екенін, негізі, байқау қиын емес. Популистігінен, өтірік уәде беріп оны орындамауынан ғана емес, басқа да айқын белгілерінен. Мысалы, өз билігі тұсында тәуелсіз әрі әділ сот жүйесін құрмағанын білетін президент - ешқашан биліктен кетпейтінін оңай түсінуге болады. Оны көз көріп, құлақ естіп, мұрын иіскеп жүр. Бұл өзі сондай лайфхак. Екінші жағынан диктаторлар - демократ көршілерін ұнатпайды. Қырғыздарға - тәжіктер де, Кәримов тұсында өзбектер де тиісе беруінің, қазақтар да шекараны жауып ит қылатын әдеті - содан. Путиннің - Гүржістанға, Украинаға басып кіруі де содан. Жай, олар кек алады. Көре алмайды. Демократияны тұншықтыру арқылы халқына "демократия үшпаққа жеткізгені осы ма?" деп нотация оқуы үшін. Бірақ, әлқисса, адамзаттың рухына - азаттық деген идея тән болғандықтан олардың бұл жоспары ерте ме кеш пе күйрейді. Сосын, демократияның - басқа басқару жүйелерінен артықшылығы - соғыс кезінде көрінеді. Байқасаңдар, демократиялық ел мен демократиялық ел өзара соғыспайды: я демократия - автократия, автократия - автократия елдер бір-бірімен соғысады. Өйткені, демократиялық елдердің тілі - компромисс тілі. Олардың пәлсапасы да солай: әрқашан жүзеген келген конфликтен барынша өзіне пайдалы шешім шығарып, тыныш тарқасу. Ал тоталитарлық, біздің жағдайда шығыс стиліндегі конфликтің риторикасы "орнына қою", "жер мен жексен ету" сияқты ұрандар - елдің ешбір саласында оң көрініс таппайды. Ол, жай, сорлылық. Булгаковтың "Иттің жүрегі" шығармасында, әлгі Шарик деген иттің жүрегін алып өлген адамға салғандағы пайда болған адам - коммунист боп кетіп, қаладағы мысықтардың бәрін жинап өлтіретін эпизоды бар еді ғой. Бір адамға шексіз билік берудің бірінші белгісі де - сол байғұс диктатордың қанағаттанбай қалған балалық комплекстерінің зардабын бүкіл халық болып өтеуінде болып шығады. Ұлы көсем балалығын кедей өткізсе - шексіз ақшаға тоймай ұрлай беруімен, ересектерден көп таяқ жесе - айналасындағыларды қорқуда ұстағысы келетін зэк болуымен айналысатын диктатор осылай пайда болады. Ең жаманы - кез-келген диктатураның соңғы жағында өлім мен соғыстың иісі қатты шыға бастайды: мейлі ол қанша кедей, қанша бейбітсүйгіш ел болмасын. Себебі ортақ жау - диктатордың бірнеше жылдық қорегі. Осымен менің диктатура жайындағы лекциям тәмам. Демократиялық құндылықтар тән болмағасын, өзіме жақын, өзім түсінетін идея туралы жаздым осылай 🙂.