ch
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

前往频道在 Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

显示更多
669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
Білім беру саласындағы кастаға бөлінудің түбі жақсылық болмасын сезем. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары немесе білім саласына енді өзгеріс енгізіп жатқан жас ел болғанымызда түсінер ем: Барлық мектептерді бірдей жаңарту мүмкін емес, бірақ саған сапалы кадрлар керек болғанда бір-екі элиталы мектептер желісін жарылқап, кейін үздік түлектерінен команда жасар ең. Бірақ бұл технологияны пайдалану уақыты өткелі қашан, ал мектептер арасындағы айырмашылық жылдан жылға өсіп келе жатыр. Елдегі кедейлік белгілі бір шекке жеткенде, не істесең де ешқашан жеңіп болмайтын халге келеді. Үндістан мен Бангладеш соған мысал. Сол шектен асып кетпесек болғаны осылай Ай қарап жүріп

Негізінен, адамдар анау айтқандай мықты емес. Біз - қарабайыр пендеміз, құдайлар бізді махаббат үшін жаратқан. Біздің ұлылығымыз да, қасіретіміз де сонда (с) Эйемон мейстер

Кісенделуіме байланысты көп пост сала алмайтынымды зор өкінішпен хабарлайм ((

Биылғы өткен екі көктем мейрамынан байқағанымды айтайын 1. Алғыс айту күні, негізі, о баста елдегі басқа ұлттардың қазақтарға алғыс айту күні болып жарияланған. Титулды ұлтты көрсетіп, ұлтшылдарды суарып қою үшін. Ес білгелі "ей, бұны басқаша тойлау керек, бізге басқалар алғыс айтатын күн" деп қақсап келген дала жұрты биыл дамылдағандай. Тіпті тағдырына мойынсұнған сияқты: анасына, апасына, әкесіне, мысығына, Мұрат Әбділдаға, бәріне айтты алғысты. Тек қазаққа алғыс айту керек деп ешкім жыламады. Алдағы уақытта да осы "кез-келген адамға/нәрсеге алғыс айту" форматы сақталып қала береді-ау деп ойлаймын. Ұлтшылдардың үні осымен мәңгі өшті деп сенемін (басқа ұлттар қазақтарға алғыс айтады деп ойлаған оларда да ми жоқ негізі). 2. 8 наурызды дамыған елдерде тойламайтынын білетін шығарсыңдар, иә? Өйткені онда жыл он екі ай әйелдер құқы дұрыс қорғалады, ендеше жылдың бір күнін өздеріне арнауды әйелдер жыныстық сипаттағы дискриминация, тіпті, қорлық деп біледі. Біздегі прогрессив азаматтар 8 наурызды сол принципке салып тойламай жүретінін жиі көретінмін, бірақ биыл олар да ағысқа ілескендей. Бұл кісілердің қай қоғамда өмір сүретінін түсініп жеткеніне - бір тәубә, сосын, "бұл мейрам жезөкшелер маршынан қалған" дейтінге сенетін меркантил ерлердің ізі қалмай бара жатқанына - мың тәубә. Алда - Амал мерекесі мен Наурыз келе жатыр. Біріншісі бойынша долбарларым жоқ, бәлкім осы жылдан бастап батыстықтар Амал мейрамын қызғанудан сап тиылар, яки қалған қазақтар тәлпіштікті доғарып өз мейрамы ретінде қабылдар. Бірақ өткенде Тоқаевтың "Наурызды тойлауда креатив жетіспейді" дегенін естіп қалып едім: бар сюрпризді шенеуніктерден күтіп отырмын енді. Қандай боларын кім білсін, тек жақсы нәрсе емес екенін білем.

Мерекелеріңмен ❤️ Құқықтарың тапталмасын 🤞

El Pais пен бірнеше ресейлік ғылыми журналдар - 2024 жыл Күннің ең актив фазаларының біріне тура келетінін өткен жылдан бері қақсап келе жатыр. Магниттік дауылдар, күн ысуы, не керек апалардың уатсабына 2015 жылдан бері келіп жүрген нәрсе шынымен болайын деп жатыр дейді. Осыған ұқсас магниттік боран 1859 жылы тіркелген екен, сол кезде мыңдаған телеграф бағандарынан о дүниеге жіберген. Ал әлемнің төрт тағанының үшеуі чиптерге сүйенген заманда мынандай апат шынымен болса, о, астапыралла, қолымыздағы барымыздан айырылатын сияқтымыз.

YouTube-та фонға қойып қоймай, еш жерін өткізбей басынан аяғына шейін қарайтын тек бір арнам бар. Николай Дубинин деген жігіттің "Послезавтра" деген арнасы. Бейнешоп, дикторлық, шиномонтаж, не керек бәрі-бәрі өте жоғары деңгейдегі контент. Көпшілік роликтерінің тақырыбы - адамзат тарихын өзгерткен я өз-өзін өзгертіп суперықпалды полюсқа айналған елдер туралы айтады. Және, әрине, болашақ туралы да. Бүгінгі Google мен Meta өнімдері есеңгіреп қалғанының бір себебі ретінде - Йемендік хусси бауырларымыздың Қызыл теңіз астында жатқан кәбелдерінің 15/4 үзіп жібергені көрсетілген. Мұхит астында жатқан әлемді бір-бірімен жалғайтын кәбелдер туралы да осы арнаның ролигінен көріп едім. Болашақ түгілі осы шақтың масштабын елестете алмай жүргеніміз осы енді. Шын жүректен осы арнаны жарнамалаймын сендерге. Міндетті түрде қарап көріңдер, жақсы ма?

Батыстықтар сағат тілін бізге қарап туралады деп жыртылып жүргендерін көріп жаным ашиды. Негізі GMT бойынша орталықтың уақыты норм, солардыңкі +4 болуы керектігін ешкім айтпаған ба? Шығыстан кейін ең зиян көретін аймақ солар ғой

Ол премьер де кетті. Жаңасы мына бағдарламаға жауап береді деп ойламаймын. Ал бізге тиімдісі - зейнет жасына дейін өле қалу

Адамдар ылғи да "өмірдің мәні" деген мәнсіз сұрақты өздеріне қояды да жүреді. Тіпті сол сұраққа жауап табылса да жауап іздеуд
Адамдар ылғи да "өмірдің мәні" деген мәнсіз сұрақты өздеріне қояды да жүреді. Тіпті сол сұраққа жауап табылса да жауап іздеуді жалғастыра беретіндей импульс жинап алды. Тап екі күн алдын сені өмірге не қанаттандырғаны есіңде ме? Ал екі жыл алдын өміріңнің бар мәні болған адам бүгін өлді десе бет сипап қоюға ғана жарайтындайсың. Пафостан аулақ болып, радарларымызды майда-шүйде болса да бір сәт бақыт сыйлайтын сәттерге қаратайық: кешке дәмді тамақ жеп жатамыз, ал ертең - демалыс күні. Дүйсенбі күні Қайрат 10 мың қарызын қайтарам деді. "Өмірді - өмірдің мәнінен артық жақсы көру керек" (с) Ф.М. Достоевский

#эпсилон «Ғайбат тасып өткен күндер ғана өмір Ал қалғаны - жай күндер» (с) Белгісіз автор Бір қыз өзімен қатынас орнатпақшы болып, жазып жүрген жігіттен ютубтағы қаралым тарихын сұрайтын кейсті көріп ем бір жолы. Өмірде адамның сапасын анықтауға арналған түрлі индикаторларды көргем, бірақ мынандай ноу-хауды... Құдай ұрып қалып Нұрсұлтан ишанның уағызы мен Дархан Әбдіктің сұхбаттарын қатар көрген боп қалсаң. Соның скрині кетіп қалса. Қыз сенің я атеист, я діндар екеніңді білмей ішқұса болса Мараль орнына: Салтанат. Мораль жоқ ешқандай. Жай, әңгіме болсын деп. Ғайбат қо, ғайбат 🙂

Қазақстан қалаларының жобалауларындағы ұнамайтын не нәрсені айта аласыңдар? Неге ғимараттар бір-бірінен сонша алшақ, және жолға тік қаратып емес, қиғаш бетпен салынады, соны түсіне алмай өтетін шығармын өмірден

Қазақстан қалаларының жобалауларындағы ұнамайтын не нәрсені айта аласыңдар? Неге ғимараттар бір-бірінен сонша алшақ, және жолға тік қаратып емес, қиғаш бетпен салынады, соны түсіне алмай өтетін шығармын өмірден

Бүгін Ай әдемі боп тұр

#кенеттен Соңғы уақыттары ғибратлі ойлардан мақрұм қалып, миым біржола құрдымға кеткен соң кенеттен бұрын естіген қоқыс жаңалықтарым еске түсе беретін болыпты. Бүгін аяқ астынан бір үйге ұрлыққа түскен екі ер кісіні үй иесі ұстап алып, 5 күн қамап ұстап, онымен қоса тынбай зорлағаны туралы жаңалық есіме түсіп кетті. Солай жалғаса берер ме еді, бір күні офицерлер үйден шыққан жалынышты дыбыстарды көріп тексеріп көрмек болғанда, көздерінде мән қалмаған, жанары суалған екі ұрыны тауып алыпты деседі. Абайлап жүріңдер, қылмыскер бауырларым

Мемлекеттік мекемелерде әйел затының хиджап киюі?
Anonymous voting

Балгерлер самооценкасы түсіп кеткенде өйстіп самоутвердиться етіп тұратын шығар, иә?

Балгер болсам ставка тігер ем

"Құдайға шүкір, жігіті жоқ екен, бүгін сториіне ештеңе салмады"

Бір уақ бейқам, әлжуаз болуға болатын қауіпсіз, жайлы ортасы жоқ адам — ашушаң келеді, қуат алып, қалпына келетін жері жоқ болған соң, үнемі қатер күтіп, бес қару арқалаудан күндердің күні жүйкесі жұқарып, қауіпті ортада морт кетеді. Саялап, саябыр табатын жері жоқ болса, еркек сөз көтермес ұрда-жық, әйел ұрысқақ, шайпау болады. Жақындарына ауық-ауық еркелеп, еркелетіп жүрген адам психологқа беретін ақысы мен полицияға төлейтін айыппұлын үнемдеуі мүмкін. (с) Facebook, Oskar Gasta