669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
Өтірік айтуды кәсібилендірген екі мамандық бар: біреуі - саясаткерлер, екіншісі - тарихшылар.
Кеше көзім ілініп бара жатып бір зор постқа жазуға идея келіп еді. Не туралы екенін ұмытып қалдым ((
Құрметтеу мен жек көру қарама-қарсы ұғымдар ма?
Мысалы мен Хитлерді геноцид пен соғыс үшін қотақбасқа балап, алайды мемлекет құрудағы еңбегіне құрметпен қарай алам ба?
Аспанға қалықтауға шақ жаратылған,
Сен менің қанатымдайсың. Ортаға сайысуға түссең болғаны
Би алаңын жаратындайсың. Айнымас өзімнің көшірмемді әкеліп,
Бақытқа бататындайсың.
Баста да, орта да, кәрілікте
Жанымда жататындайсың
Мен... Бар болғаны... Ностальгияға бөленейін деген жартылай арам ниетпен алғашқы жазбаларымды зиярат етейін деген едім жай...((
Қазақша сөйлемдердің арасына орысша сөздерді оңды-солды тыға бергенімді көріп...(соншалықты ұсқынсыз мәтін бола ма?! сонда Жанар Бақыттан қай жерім артық?)... жүрегім айнып отыр. Басым да айналатын сияқты. О Құдай, кринжден о дүниеге жүріп кетсем, біліп-білмей істеген күнәмді кешіргейсің. Әсіресе орысша сөздердің
Тал түсте бекер ұйықтадым бүгін түсімде сені көрдім
Осындай кезде, аз да болса (е, Алла, өзің кешіргейсің) өлген адам болмағаныма қынжылам. Сенің түсіңе кіріп, о дүниеге шақырып жатыр-ау деп ойлауың үшін
Әртүрліміз ғой біз.Өзім комфорт зонадан шыққым келмейді,мен үшін өте қиын.Өзімде күш қалмайды.Өсу үшін міндетті түрде шығу керек пе әлде бос сөз бе?
Өсу үшін комфорт зонадан шығу керек, иә. Одан басқа формуласы жоқ прогрестің
Өз болмысың мен сырт келбетіңді жақсы көріп толықтай қабылдадың ба?
Өзімді қабылдадым дегенде, мен дәл қазіргі өзімді әрқашан жақсы көрем, налымайм, қысқасы өзіме ғашықпын, қққ))
Дегенмен толықтыруларға әрдайым есігім ашық. Өзім кемшілік-ау деп тапқан нәрселерімді дұрыстауға харекет жасайм
Біреумен дос боп жүргеніңе өкініп қалатын кезің бола ма әрі токсик достардан оңай арыласың ба?
Мен әлі күнге дейін өзіме "дос" категориясын анықтай алмадым. Менде дос жоқ шығар, менікі тек жолдастық болар.
Токсиктерден арыла салу түк емес қой 😁
мүгедектігі бар балалар сау балалармен бірге оқу керек пе?
Балалар дәрежесінде - жоқ. Жақында ғана біздің министрлік сондай заң енгізіп (олардың далбан екенін есепке ала отырып, бұйрықты әй-шайсыз төменге бірден жіберетінін айтпай-ақ қоюға болады), бір ақылы кемістеу ме екен мүгедек бала - басқа балаларға шабуыл жасайтынды шығарып, ата-аналары у-шу боп жатқан. Кей жағдайларда, керісінше, мүгедек бала буллиңге ұшырайды.
Жалпы, бала-шаға деген - өте жауыз халық қой. Тактичность дегеннен жұрдай. Сол үшін қоғамға 16-18 жастан кейін сіңістірудің әрекетін жасаған жөн деп ойлаймын.
лузер болып қалам деген қорқыныш болмай ма сенде кейде?
Бұрын болатын. Қазір жоқ. Интеллектіме сенім артам.
біз неге өз қателігімізден сабақ алмаймыз?
Олай емес. Біз ғасырлар бойы тәжірибе жинап, қателіктерімізден сабақ шығарып үйреніп келеміз. Егер сен цианистый калийды ішуге болмайтыныны немесе жанып тұрған отқа жалаң аяқ секіруге болмайтынын түсінсең, осыны білгейсің: кезіндегі жартыбас ата-бабаларымыз осыны істеп көрген де, Барзаққа жол тартқан. Ал аман қалғандары "еее бұлай жасауға болмайды екен ғой" деп дәптеріне түртіп алған
Біз тек тарихи дамудың азғааантай бөлігін алып жатқандықтан, көзімізге онша көріне бермейді
илон маск данышпан ба?
жоқ деу үшін көткен қарап алу керек, алдымен. дегенмен оның тым популяр екендігі данышпандығын шайып жіберетіндей көрінеді. әсіресе көп сөйлейтіндігі.
махаббат әлде достық?
Бір адамға қатысты жағдай болмаса, өмірде бұндай өткір таңдау кездесетініне сенбеймін. Сол үшін жауабым жоқ.
біз өз ата-анамыздың поведениесін бейсаналы түрде қайталаймыз екен. сен соны өзіңнен байқайсың ба?
Ол қайталау емес, геннен болар. Папамның гиперуайымшылдығын жек көретінмін, "өскенде ешқашан бұлай болмайм" деп өзімді сендіретін ем. Кішкентай інім туып өскелі, сол қылық өзімде де пайда болғанын сездім, ауылдағы жолдың (!) бойымен қолынан ұстап жүретін, сәл көзден жоғалып кетсе іздеп ығырын шығаратын болғам. Бұл процестің ешбірінде мен "мынаны көргенім үшін жасап жатырм-ау" деген ой болмаған
әлсіздігіңді ұялмай,қорықпай көрсетіп,мойындай аласың ба?
Ох, қиын. Кейде интеллектуал артықшылығымды компенсация жасай отырып, әлсіздігімді әлсіз мойындайм. Бірақ комплексім бар. Әсіресе қыздардың алдында 😁
одан да бұлай жауап беруім керек ед деп өкінесің бе кейде өзің?
Кез-келген конфликттен 30 минут өткен соң, қққ
