669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
"Әпкең мен оның достары сені мазақ еткені шынымен өкінішті. Ең сорақысы, мен сол жерде болғанда, олармен қосылып мен де мазақ етететін ем"
(с) Bing Bang Theory
Көріпкелдік бәкгроунды жоқ фэнтези, тіпті кейде көркем әдебиет табу қиын, иә? Ғасырлар бұрын біреу бірдеңені болжап, соның артынан басталад бәрі
Қорғану құқығы
Талғардағы трагедия әр Қазақстан азаматының жүрегіне қорқыныш әкелді. Әр азамат үйінің қауіпсіз емес екенін түсінді. Себебі үйін қорғайын десе қорған болатын ештеңе жоқ. Елдегі заңдар адамдардың өзін заңды қорғау мүмкіндіктерін қатты шектеген. Қатардағы адамға өзін қорғау үшін қару сатып алу, оны үйде ұстау қиынның қиыны. Ал қылмыскерлер оны жақсы біледі. Оларға мылтық табу да қиын емес. Жауап қайтарады деп уайымдамай, лас тірлігін жасай береді.
Талғарда қылмыс жасағандар Шерзаттың отбасы қорғана алмайтынын жақсы білді. Көршілері де көмектесе алмайтынын жақсы білді. Артынан жауабы болмайтынын білген соң екі рет барды.
Бұл жерде ел тұрғындарының өзін қорғау құқығын қайта қарау керек сияқты. Азаматтардың өзін қорғау мақсатында қару сатып алу, оны сақтау ережелерін жеңілдету керек.
(с) Facebook, Quwat Düysen
Жалғыз болған қандай жақсы! Бірақ жалғыз болу керемет екенін жыр ғып айтатын адамың болғаны одан да күшті.
Ақылды адам сөзсіз қу болады. Тек оның ақылдылығы - қулығын жасыра білетіндігінде. Адамның қу екенін байқап қойсаң, демек ол онша ақылды адам емес. Болды, тақырып жабылды. Назарбаевтарыңызға рахмет.
"Дом дракона" көрдің ба
Жасылдар немесе қаралар
Көрдім. Дым қызық. "Тақтар ойынының" сәтсіз пародиясы, диалогтар жоқ, ара-қатынастары нашар, режиссер эпизодтарды қиқымдап жіберген. Персонаждардың мотивтері түсініксіз. Ұзақ та мәнсіз сериялар: Муракамидың вайбы боп тұр.
Рейнираға болысайын десем миы жоқ қатын, Дэймон - қояншық, Эймонд - өмірден ренжіген логикадан жұрдай боқмұрын, Кристон Коль - жылауық. Тіпті Тайвин сияқты хайуан болса да жарқын тұлғаларға болысайын десең, ондай да жоқ қой сол.
Стронгтар адам ретінде ұнайтын, анау маймақтан басқасы әрине. Қазірше Отто Хайтауэрге ғана симпатиям бар. Енше жасылдар.
Не жұмыс істейсің, педалог емессің ба
Емеспін. Сабақ бермейм, методистпін. Мұнда жүріп аз-маз сабақ беруге деген желаниемнің өзін ұрып өлтірді балалар ((
Ертең мұғалімдер күні, бәрі тусовкаға дайындалватад. Жұмыста қолым бос болатын сияқты (иншалла). Сол, жұмыс уақытында жауап беретін шығарм деген оймен:
https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607
Repost from Аристократтың күнделігі)
Сені жерлеп келген адамдардың палаудың дәмді немесе тұзы аз екенін айтуын, ең жақын болған сүйіктіңнің де көңілдес табытынын - өлмей тұрып ойлап, несіне уайымдайсың? Мұның барлығы табиғи емес пе?
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Толған Айсың сүттей аппақ түнде
Оранасың оянғанда көктем,
Боянасың қызыл-жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен,
Бұйырасың, біле алмадым, кімге...
«Сен басқа қыздарға ұқсамайсың» деп құлаққа лапшаны ілетіндер бар ма әлі? Ол да осылай естіледі 🙂
"Кез-келген өтірік хикаяны шындық етіп көрсетуге бола ма" деген ой келді магазинге бара жатып. Мысалы, адамның космосқа ұшқанына, Жердің шартәрізді екеніне, тіпті елдің тұтқасы болған Назарбаевтың қазақ екеніне де сенбейтін адамдар көп.
Кез-келген бір жалған/болуы мүмкін емес оқиға, факт айтып көріңдерші. Біз соны ойдан құрастырылған хикая не болмаса псевдоғылым арқылы дәлелдеуге тырысамыз.
Ақылды адам автоматты түрде қу адам болып санала ма? Егер адам ақылды болса, қулыққа да қабілеті жетуі тиіс. Бірақ неге ақылды деген - ортастатистикалық алматылық сияқты да, қу деген - ортастатистикалық шымкенттік?
