669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
Сәлем
Қалайсыз?
Қызық әңгіме айтып беріңізші☺️
Сәлем. Өмірім тым қарапайым әрі соншалықты ішпыстырарлық болғандықтан саған талғажау болатын түк естелік таппай тұрғаным.
Бірақ ағамның басынан өткен естелік бар. Үйдің үлкені болғандықтан әрі ауылда тұрғандықтан - ағам үйде отырмайтын, тап сығанның демо версиясы болатын: таңертең кетед кешке келед - не істеп жүргенін хз. Әсіресе жазда. Сөйтіп бір күні күндізгі 11'де кетіп, күні бойы жоқ, жоқ, жоқ... Үйдегі үлкендер не істегені, іздеп-іздемегені есімде жоқ. Әйтеуір, бір кезде... түнгі 12'ге таяу үйге бір қап көтеріп келді. Ішінде - қауын. Сөйтсе, өзіне ұқсаған сыған оғландарымен ауылдың о басына барып, біреудің огородынан қауын ұрлап үйге ырыс-несібе ғып әкеп тұрған жөні екен, қққ. Үйдің жанынан арық ағатын. Апам (әжем) қарты алды да, бәрін суға лақтырып жіберді. Кейін, ағам дәстүрлі - шапалақ, шыбық һәм күректің сабы сияқты ата жауларынан процедура қабылдап алды. Сол 🙂
Комбо 3х1.
Кез-келген мазмұндағы посттың астына жазып кетсеңіз де көрген адамдар мыңқ демей лайкты топырлата беретін, Ғайсаның өзі патихасын берген алтын стандарт комменттер. Ал үшеуін бірге жазсаңыз тіпті - уоооу ✌️
Тағы да бір саяси прецедент.
Жақында РФ саяси элитасының өкілдері - Пригожин мен Фархад Ахмедовтың телефон арқылы сөйлескен жазбасы тарап кетті. Олар өз әңгімесінде Путинді жерден алып жерге салған, қысқасы. Түсініктірек шығуы үшін Нұрлан Қоянбаевтың Ахметжан Есімовке звондап "Тоқаев - Путиннің күшігі, қанды қол қылмыскер және мебель" деп айтқанын елестетсең жетіп жатыр.
Мейлі, маңызды емес.
Маңыздысы мынау: Пригожин да, Ахмедов та - бір сылтауға жүгінді. "Дауыстар нейрожелі арқылы жасалған" деді.
Білуімше, оларға әлі ешкім тиісе қойған жоқ. Бірақ осы оқиғаның өзінен, болашақта тергеушілер мен қауіпсіздік күштерінің жұмысы қалай ауырлайтынын түсіне беруге болады. Қазір нейрожелі өнімдерін анықтауға болары, бірақ 2-3 жыл көкжиегінде ендігі жасанды интеллект адамға бой бермей кетеді деп қорқам.
Банк тонайсың немесе біреуді телефон арқылы қорқытасың да, сотта "Бұл - нейрожелі. Мен емес. Жоқ, нихрена" деп безірейіп тұрып аласың)
Бүгін Санкт-Петербордағы кішкентай бір кафеде Ресей пропагандисті, военкор, Владлен Татарский деген жігіттің шығармашылық кеші болуы керек еді. Қашан басталад деп асыға күтіп отырсам, Украина қауіпсіздік қызметі жарылыс ұйымдастырып қопарып тастапты кәпені. Тікелей эфирді қосам дегенше басты жұлдызымыз тозаққа аттанып кетіпті, қққ
Кеш өтіп жатқанда Татарскийге бір қыз "арнайы ақпарат саласындағы еңбегі үшін" деп статуэтка табыстаған екен. Жарылғыш зат - соның ішінде болған. Осылайша, Татарскийдің шығармашылық кеші болады деп күтілген нәрсе - Украина жансыздарының дискотекасына айналып кетті, пхпхпхпх...
Әрбір пропагандистке осындай өлім тілесең лайк бас.
"Құдай төбесінен ұрмай жатыр. Амал жоқ, біз бірнәрсе жасауға мәжбүрміз"
(с) Аршат Ораздың телеграм арнасындағы коменттен
"Құдай төбесінен ұрмай жатыр. Амал жоқ, біз бірнәрсе жасауға мәжбүрміз"
(с) Аршат Ораздың телеграм арнасындағы коменттен
Авторитар тыныштықтан қорқу керек. Саясаттануда оны бекерден бекер "мазар тыныштығы" деп атамайды. Өйткені бұндай жүйелер бүкіл конфликтерді кілемнің астына сыпырып тастай береді. (...) Жастар өлең жазып, ұран айтып, әндетіп бастады ма, билік бұл нәрседен қорқа бастауы керек.
(с) Мұхамед Садық
Іш пысқанда YouTube-тан қазақша контент іздеп көріп тұрам. Сөйтіп жүргенде бір күшті арна тауып алдым, ит-мысық базарларына барып шолу түсіреді. Авторы таза қазақша, сауатты сөйлейд. (спойлер: Олжас Оқас емес). Сілтемесін пікірге тастап кетем.
Өзіме ұнаған күшіктер.
1. Мемдегі иттер сияқты қарап тұрған 3 қара күшіктер - 60 мың теңгеден (әрқайсысы)
2. 2-ші тұрған красавчик 25 мың.
3. Коробкада жатқан щеголдар 2 мың.
4. Коробкадан басын шығарып тұрғаны - 7 мың.
5-6. 25 мыңнан деп тұр.
Негізі қазақы төрткөз төбет іздеп ем 🙂
Контекст. Заттыбек - суперталантты болғаны үшін емес, қазақ тойларынан өзбек әндерін ығыстырып шығарғаны үшін танымал болды, мысалы.
Тарихи контекст тұрғысынан қарамасақ, Абай мен Сұлтанмахмұттың да өлеңдері Қуат ақынның аздап прайм версиясы секілді көрінеді.
Ал Дарханда талант та, жаңашылдық та бар еді. Өзі негізін салған TBRN қозғалысының ең үлкен пиары ретінде өзінің өлімі қызмет етер әрі қарай енді... Кім білсін
"Мен бәріне ризамын,
Бәрі өз бабымен, тфай-тфай-тфай, Тағы не дейсің енді..."
https://youtu.be/EqOo7y-61lM
Repost from N/a
#1
31 желтоқсан
Эдуардо ұйқыдан бүгін өте кеш тұрды. Сағат әлі таңғы 07:05 кетті. Әдетте ол 2 минут ерте тұратын, яғни 05:07 кеткенде... Я Эдуардо сағатты дұрыс таңымайтын.
Ол өте қияли тұғын. Адамдармен араласып сөйлескеннен, 91-дің әндерін тыңдағанды жөн санайтын.
Таңғы асты Эдуардо ішпейді, есесіне 07:10 кеткенге дейін туалетке сиіп келіп, қайта ұйықтайтын. Эдуардо тумысынан өзің интроверт сезінетін. Қатарластары тірлік қылып жатса, Эдуардо өз қиялымен өмір сүре беретін. Эдуардо қатты шөлдесе құлағы қызарып кететін де еді. Бірақ бұл жолы қызармады, ну әпшуі тұрып кетті. Сөйтсе Эдуардо түс көріп жатыр екен..
Түсінде ғаламат мекенде, ақ нәсілді гетеросексуал Кениялық қызбен шыбынның үстіне мініп алып әлемді шарлап жүр екен. Кениялық қыз оған небір сөздер айтты, сырың ақтарды, бар шындығын айтты, сұрақ қойды. Бірақ Эдуардо грузинше түсінбейтін еді. Кениялық ақ нәсілді қыз, қалай грузинше сөйлеп тұрғанын түк ұқпады, және грузинше ме әлде мүлде басқа тілме оны да ажырата алмады. Эдуардо әлемде екі ақ тіл бар деп ойлайтын. Бірі грузинше, екіншісі өзінің тілі(ол боқтағанда грузинше сөздерді көп қосатын)
___
Ол түсін кейін жалғастырам деп ойлап, оянды. Сағат обед ішетін уақыт боп жатыр. Бүгін обедке мамасы өз қолымен ролтон дайындады.
Эдуардо отбасында өзімен мысығын қосқанда барлығы 6 тірі органикалық, көпжасушалы биохимиялық алгоритмдер тұратын еді. Әрине өрмекшілер мен тарақандарды қосса отбасы саны миллионнан асып кетер бәлкім.
Дегенмен автор 5 хомо сапиенс пен 1 мысықты таныстырғысы келді. Барлық млнды таныстырып, энергиямды құртып "наху" деп ойлады автор.
1. Эдуардоның мысығы. Эдудың отбасы мысыққа ат қоймайтын. Піш-піш десе жүре беретін мысық еді. Оның мысығы Дэн Сяопиннің "мысық түсі ақ па қара ма бәрібір, жақсы мысық тышқан аулайтын мысық" деген афоризмін үлгі қылатын. Бірақ мысығы тышқан ауламайтын, ол қияр житін веган мысық еді.
4. Зи 540 атты әпкесі бар Эдудың. Есімін обед шақырып Атасының сіңлісі қойған ед. Зи 540 тың атасының сіңлісі И.Маск пен орыс автомобилдерінің фанаткасы еді. Есімі тартымды болғаны сондықтан дьее. Зи әпкесі ешкімді көре алмайтын. ГТА ойының патриархалдар ойлап тапқан дейтін. Өзінің 3 дипломы болса да, шемішке шағудан PhD дәрігері болса да, ағылшын және қарақалпақ тілдерін білетін болса да, Эдуардоның өзінен ақылды болғанына іші өртенетін. Бірақ жұрт Зиді өте жақсы адам деп есептейтін. Зидің өзі де солай ойлайтын.
3. Эдудың ағасы да бар. Ол өте көнбіс еді. Ол сайлауда нұр отанға шын дауыс беретін адал сайлаушы. Саяси терминдердің бәрін білетін таксист. Прикинь өзің либерал, бірақ әйелдердің билікке келуін қолдамайтын сексист. Ол кванттық физиканы жек көред, әлемді бөлшектер емес, 3 есек көтеріп тұр деп ойлайд. Алхимия мен астрологияның жілігін бұтаған. Ал Ағасының Эдуға түкіргені бар. Осы күнделікті оқысам бірінші болып көтімді сүртем деп ойлап жүр.
Айпақшы Эдудың ағасының есімі Кварктай тұғын. Бірақ жұрт оны Ақтөс деп еркелететін.
5. Әкесі де бар болатын Эдудың. Есімі Қоғо. Оның қорылдаған дауысы Андромеда галактикасына дейін естілетін. Шаштаразға барғанда 1 ақ прическа түрін білед. Көп сөйлейтіндерді жек көред. Турникке қанша рет тартыласын дегенде, ол барлығын деп жауап бере салад. Қоғоның отбасы мұны кешегіден қалған тағамды жегенде, ауырсынбайтын антибиотик ретінде пайдалад. Үйде бас санитар, кейде отағасы да еді. Ол Эдуардоны мақтан тұтатын.
2. Маргарита. Я бұл Эдудың туған шешесі еді. Ол Хатико көргенде жыламаған. Оның "Ң" әріпіне аллергиясы бар. Сыни ойлауы π деңгейіндегі жоғарғы сұрып еді. Ол тырнақ астынан кір іздеу атты "Эдуардоның үй жинау қателіктері" биографиясының авторы болатын. Ол ютубтың өзің хейт ететін. Көрген әр видеосына дизлайк басатын. Маргаритаға ештеңе жақпайтын, прям ештеңе.
– Эдудың отбасында көргендей оңғаны жоқ..
Кешке отбасындағылар жұмыстан тым кеш келгеніне байланысты, тамақта тым кеш пісті. Бүгін Эдуардоға сорпа.
Ал ертең жаңа жыл!
PS: Күнделік беті өте шаң боп қалыпты. Бұл 1 ші беттегі әңгіме еді. Автор мұны 2016 ның көктемінде ескі сарайын тазалап жатып тауып алды. Сірә күнделік үйінің алдыңғы иелерінен қалған ау...
31.12.2009 ж...
Repost from Kazakh in Cardiff (I was)
Мына сурет көп жерге шықты.
Көрген адамның басым бөлігі бұның нейрожелі салған өтірік сурет екенін байқаған жоқ. Бұл біріншіден midjourneyдің жаңа нұсқасы фотореализмді қатырады деген сөз. Екіншіден, адамдар фотошоп меңгермей-ақ, суретші болмай-ақ фейк сурет жасай беретін болады, бұл жалған ақпарат санын одан сайын арттырады. Үшіншіден бізге месседж: Бұдан былай интернетте көрген кез-келген суретті по умолчанию фейк деп қабылдауымыз керек. Олай емес екені дәлелденгенге дейін.
Егер сенімді дереккөзі болмаса, енді, қалқам, бәрі де жалған.
Ескі жазбаларыңа көз жүгіртудің өзінде бір ғибрат бар. Кей жазғандарыңды көріп "о, мына жерде неткен данышпан болғам!" дейсің, кейбір жазғаныңды көріп кринжден арам өлгің келед. Әйтеуір прогресс жүріп жатса болғаны
Мүмкіндік болса, кіммен естелікке бірге суретке түсетін едің?
Әнші/ғалым/саясаткер/олигарх/актёр?
Естеріңде болсын! Қасқыр - адамдардан әлсіз шығар, бірақ олар сияқты 120 мың теңге айлыққа пахать етіп жұмыс істеп жүрмейд ☝️
Сағат 00:44 кетті. Нағыз сексизмді өршітетін уақыт
Қайсысының юмор түсіну қабілеті нашар?
Жынын өргізген бақсы секілді ымыртта,
Қарамын тұрап керуен де керуен бұлтқа.
Бұлтқа сіңіп кетерміз бір күн, сол уақ
Ұмытсын бәрі,
Сен ғана мені ұмытпа.
