669
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-930 天
帖子存档
Ал өзіңде адамзатты (мақұл бір қауымды) құтқарып қалуға негізделген арманың бар ма?
«Breaking Bad» сериалындағы Уолтер Уайтқа арналған қайырымдылық сайты әлі жұмыс істеп тұр екен
Жанашыр отағасы, аяулы жар, үлгілі әрі заң ережелерінен қия басып көрмеген азаматқа қол ұшын созайық, ағайын!
http://www.savewalterwhite.com/
Қиындыққа тап болып, айналаңдағы жұрттан көңілің қалғанда - өз өлімің жайлы тәтті ойға бату?
Repost from N/a
МАРЖАНДЫ РЕНЖІТКЕН КІМ?
Қаңтардың төртінде, таңғы 04:54-те, аспаннан:
- Кім Маржанды ренжіткен, а? - деген дауыс гүж етті.
Қайдағы жоқ сұраққа емес, аспаннан дауыс шыққанына таң қалдық. Таң қалмағандар да болды: ентерлет пен Марсқа ұшу заманында "жаңа бірдеңе шыққан шығар" деп жүре беретіндер де бар.
Маржаны кім, аспандағы кім деп қозғалақтап қалғанмен, ақыры былай шештік. Біреу әлде полицейдің өзі, дауыс зорайтқышпен ойнап отыр.
Бірақ, аспандағы дауыс 07:48-де қайталанған кезде ойланайын дедік.
- Кім деймін Маржанды ренжіткен? Айтасыңдар ма, жоқ па!
Аспаннан естілгені анық. Маржан туралы бірдеңе екені анық. Әрине, халық сонда да жынданды деп ойламасын деп, уотсапқа дауыс туралы емес, сұрақ белісін ғана жазды. Кім бастағаны белгісіз, біреу сұраққа "дауыс па?" деп еді, бәрі де "иә, иә!" деп жамырап кетті. "Маржан деген кім?" десіп жатты. "Кім ренжіткенін айтсақ та - кімге айтамыз, аспанға айқайлауымыз керек пе?" деді, әлден бір амал ойластырып жатқан полицей Қаржау. Дегенмен, дауыстың аспаннан шыққанына күмән басым еді.
Сағат 10:40-та аспан тағы сұраған кезде халық толқып кетті. "Хакерлер бұзып кеткен шығар деді" әкімдік клеркі Нұржол. "Нені, аспанды ма?" деп, жұрт оны талап тастады.
Билік болса, сабылып кетті. Алдымен ғылыми негіздеме іздеп көріп еді, таба алмады. ҰҒА басшысы бетке айтты:
- Біздер теориялық зерттеулермен айналысамыз. Мұнымен проктологтар айналысатын шығар.
- Немене? Бюджетке алақан жайғанда бәлесіңдер! Керек кезде айтқандарың осы ма? Проктолог көт қарамай ма, аспан емес!
- Өй ана бар ғой, ауа райы болжамы қысқасы.
- Метеоролог де, проктолог емес! Қалай басшы болып отырсыз?
- Менің жұмысымда жұмысың болмасын! Мені тағайындаған президент! Біліп қой да, аузыңды жап!
Метеорологиялық қызметтің жауабы, шынын айтқанда, қиямпұрыс көрінді. Тау етегіндегі ауылдардың біріндегі үйдің ауласында жанжал болған шығар; сөз сол жанжалдың үстінде айтылған шығар; ауаның акустикалық қасиеттері бүгін ерекше болып тұрған шығар; айғай жартастардан өте-мөте сәтті жаңғырып, зигзаг пішінде тропосфераға дейін жеткен шығар; ол жердегі тербелістердің амплитудалары сәтін салып... Шығар, шығар, шығар, басқа дым жоқ. Басқа жағынан, мандытып бірдеңе айтатындай метеорологтарда құралдан дым жоқ еді.
Талтүске қарай биліктің білгені: Ресей ешқандай сынақ жасап жатқан жоқ; бұл дауыс тек қазақ жерінде ғана қазақша шықты. Артық болмас деп, полицейлерді көшеге төгіп қоя салды.
Ал сағат бірде аспаннан отты шарлар жауа бастады. Қалаларды күкірттің иісі мен түтін алып кетті. Мешіттер лықа толды, сыймағандар шіркеуге бара салып жатты. Әрине, киелі кітаптарда бұл кесапат туралы әлдеқашан айтылған болып шықты. Маржан есімді танысы барлар бәлесінен аулақ деп ұмытқан қарыздарын қайтарып, қиянат қылғандар кешірім сұрай салды.
Сағат үште аспаннан бақа-шаяндар саулап жауды.
Беске таман елдегі Маржандардың реестрі жасалып болды. Тура 7081 адам екен, көбі егде адам.
- Тура 7081 адам, - деді, Дауысқа жауап жедел штабының басшысы Марғұлан шұғыл жиналыста.
- Дым инициатива, дым креатив жоқ, - деді, арқадан аппараттық пышақ ұруға оңтайлы сәт екенін түсінген Қырықбай, - жұмыс істемейсіңдер. Тек Маржандарды іздедіңдер ме? Ал, Маржан емес, Мәриям деген шығар? Иса шығар айқайлап тұрған, анасына қысастық қылғандарды жазалайын деп? Неге сол жағын ойламайсыңдар? Үндесетін есімдердің бәрін іздемейсіңдер ме? Енді не, қайтадан тізім жасайсыңдар ма? Аспанға күте тұр дейсіңдер ме? Дым жұмыс жоқ!
Пышақты омыртқа тұстан сұққан Қырықбай өзінің сөзі президентке ұнап жатқанын сезіп отырды, түсініп отырды. Дауыс иесі елді түгел жайпап кетпесе, бұйырса статбюро да қоржынға түсті деп масаттанды ол.
Дауыс енді қайталанбады.
[СОҢЫ]
В жизни всему уделяется место,
Рядом с добром уживается зло.
Если к другому уходит невеста,
То неизвестно, кому повезло!
(с) Старая финская песня "Рулатэ рула.."
В жизни всему уделяется место,
Рядом с добром уживается злоЕсли к другому уходит невеста,
То неизвестно, кому повезло!"
(Старая финская песенка "Рулатэ рула.." - "Рулады")
Білә, инстаграмды өшіріп тастағаныма аздап ішім ашиын деді. Қазақстан футболдан Солтүстік Кореядан жеңіліп қалыпты, анда нұр.кз пен зтб-лар не жазватыр екен, қызық болватыр 🤣🤣🤣
Repost from данышпан қарға
Адамдар ешқашан тең болмайды. Ұшақтағы бизнес кластар жойылғанда, бәлкім ойланып көрермін…
Әйел еркек бола алмайды, еркек те туа алмайды. Фактам плевать на наши чувства.
Адам біреулерді жақсы көріп, біреулерді жек көруге құқылы. ЛГБТ өкілдеріне көзқарас та сол типтегі таңдау-сүйсіну-жеккөру бостандығына жатады.
Қалғаны - таңу.
Айтыңдаршы, көшеде листовка таратып тұрған адамдар (әсіресе жануарлардың костюмін киіп алғандары) сендерде де мекен-жайы жоқ аяушылық сезімін туғыза ма?
Советтік фильмдерді көріп, сол заманды аңсайтындар да, мысалы. Көбінің жақсы көріп, ностальгия ұстайтын фильмдері Гайдай мен Рязановтікі болып шығады әдетте. Ал олардың фильмдерінің бәрі шетінен кеңестік құрылым мен өмір сүру салтын жерге кіргізіп, қайта шығарып, қайта кіргізумен атағы шыққан.
Стьюи Грифиннен «сүйікті мерекең қайсы?» деп сұрағанда, ол «11 қыркүйек» деп жауап берген (с) Грифиндер әулеті шежіресі
Қоғам неғұрлым сорлы болса, сол жерден шедеврлер көбірек шыға ма әлде?
Әдемі сөз - Ібілістің бір аяғы деген (с) рандом қазақтың даналығы
Оқу өтіп кеткен философтардың айтарлықтай бөлігі ақындарды жаман көрген. Платоннан бастап Витгенштейнге дейін поэзияны қаралайтындардың бәріне ортақ аргументтің бірі - өлең адамды әдемі сөз ойнатумен эмоцияға елітіп, сананы тұмшалайды.
Әлбетте, ғайбаттарға қосылмай тұра алмаймын. Әсіресе бұндай ұлы адамдардың ғайбатына қосылмайтын кім едім сонша.
Дегенмен. Ақындықты жек көрудің, менде тағы бір себебі бар. Ол - әдемі сөзді арбау құралына айналдыратынында. Кейде қазақша әндердің мәтіндері соншалықты әдемі жазылғанын көріп, автор шынында осындай қиын махаббатты бастан кешкен шығар деп ойлайтынмын, сөйтсем ақындар пачкалап күніне әртүрлі тематикада жазады екен өлеңдерді. Енді ойлаймын, сөзге осындай жан бере алатын, бірақ өзі ештеңе сезінбейтін адамның қолында қандай манипуляция құралы бар деп. Бұл қаруды топас қана қолданбас еді.
Кернге арнап "Я помню чудное мгновение..." деп өлең жазған Пушкин досына жазған хатында "с Божьей помощью вчера я выебал Анну Керн..." деп жазған мысалы, қққ
Бірақ, бір қызығы, нағыз рух беретін өлеңдер соншалықты әдемі сөз саптаудан аулақ, тіпті ұйқасы да жоқ боп келеді (менің сүйікті мысалым - Махамбет).
Диагноз жазуға білімім, ендеше шамам жоқ. Отырып-отырып, біреудің бақшасына тас лақтырғым кеп кетті.
Бірақ, по-братски кеңесім: әдемі сөйлейтін адамдардан аулақ болыңдар, шамаларың жетсе бір-екі рет ұрып кетіңдер. Когнитивті ойлауға ешкім кедергі болмасын.
"Ақындар шынын айтуға қарағанда өтірікке бейімірек пе деп қорқам" (с) Ницше
Мына постты жазған кезде әрі қарай Қазақстанды талқылауға ерініп едім. Қазір менде үш нұсқа бар.
1. Астананың сол жағалауы, Алматының «алтын шаршысы» сияқты аса прогрессив жерлер. Гламур өмір мен псевдоаристократия.
2. Солтүстік пен шығыс жақтағы елді мекендер мен кейбір өндірістік қалалар. Таза орысша сөйлейтін, Ресейдің ақпараттық кеңістігінде отырған адамдар.
3. Керісінше, таза қазақша сөйлейтін, консерватизм мен дәстүршілдік жайлаған оңтүстік, батыс халқы. Қазақстанның басты құндылығы - ауылдың айналасында орналасқан деп санайды.
p.s. Параллель Қазақстандар дегенде, былай: екі әлем бір-бірінің бар екендігі туралы білмеуі яки бір елде өмір сүріп жатқанына сенбеуі керек. Дінге берілген я наша шегетін деген сияқты локальді топтар мұнда кірмейді, өйткені олар қай жерде де бар, жиі кездеседі әрі өз алдына ақпараттық көбік жасай алмайды. Ал, сен, мысалы Астананың сол жағалауында тұрсаң, аздан соң бүкіл Қазақстан осылай деп ойлай бастауың керек, сосын Боратты көргенде жыларман болатын дәрежеде. Шамамен солай. Түсіндіңдер деп ойлайм 🙂
#qazaqdepression
Олар бір қара жерді бөлісіп өмір сүрді. Бірақ әрқайсысы - бір-бірімен тоғыспайтын өзіне тиесілі жолдармен ғана жүретін.
(с) Ж. Лондон, "Мартин Иден"
Корей өмірінің фанаты емес адам да кәрістер әрбір фильмінде әлеуметтік теңсіздікті қозғайтынын байқаған шығар. (әрбір! сайтан алғыр! фильмінде!) Тіпті шетелдік шығармаларды адаптациялағанда да өз өмірінің спецификасын енгізіп жібереді.
Бірақ, әйтеуір өз проблемаларын өздері түсінетін халық.
Ресейлік Зубаревич деген әлеуметтанушы "Төрт Ресей" деген термин енгізген журналистер арасында. Оған сәйкес, Ресей Федерациясының ішінде бір-бірінен бөлек, бір-біріне ұқсамайтын 4 әлем өмір сүріп жатыр. "Бірінші Ресей" - тойынған бай қалалар, Вавилондар: онда барлық нәрсе прогрессив, өмір - жарқын, тұрғындары азғындыққа бейім. Айлық жоғары т.с.с., "Екінші Ресей" - тек өндірістік мақсатта салынған, стратегиялық не мәдени маңызға ие емес, тек жұмысшыларға бейімделген қалалар, "Үшінші Ресей" - Федерацияның кең бөлігін алып жатқан ауылдар, елді мекендер, өркениеттен несібе көрмеген майда қалалар, "Төртінші Ресей" - РФ субъектілері, Шешенстан, Татарстан сияқты өз заңдарымен, өмір сүру салтымен, өз алдына өзі ел болып өмір сүріп жүрген жерлер.
Қазақстан да әртүрлі. Журналистер біздің күшіміз, спецификамыз деп мақтанатын әртүрлілік емес, бір-бірін түсінуге тырыспайтын, тіпті сепаратизммен шектесіп жататын әртүрлілік. Дым түсініксіз бір.
Сонымен, қанша Қазақстан бар?
Бірінші кезекте, әрине, қайыршылық еткім келіп тұр 🥺🙏
Сосын шынымен жақсы сервис сияқты. Жалпы Каспи қосымшасындағыдан бөлек, арнайы карталары бар. Araldy Saqta деген карта ашсаңдар, әрбір төлемнен түскен бонустар экологиялық қорға түсіп отырады.
Swift аударым қолжетімді, сондай-ақ инвестиция жасайтын платформасына да бір терезесі ашық.
Бірақ, әрине, ең дәмді жері - бонустары
БАЙ БОЛ!
Сіздің досыңыз данышпан қарға Freedom SuperApp қосымшасын жүктеп алып, Freedom валютасымен 1000 ₸ кешбэк алуды ұсынады.
1000 ₸ алу үшін:
1. Қосымшаға тіркеліңіз
2. Картаңызды толтырыңыз
3. Freedom Bank картасымен кем дегенде 100 ₸ сомаға зат сатып алыңыз немесе төлем жасаңыз
Қосымшаны жүктеп алыңыз: https://freedombank.onelink.me/WNLd/f20360dm
Қосымшада сізді 30%-ға дейінгі кешбэк, барлық төлем мен аударым түрлері, сақтандыру полистері, валюта айырбастау, активтерді басқару, ұшақ, пойыз, кинотеатр билеттері мен азық-түлікке тапсырыс беру қызметі күтеді
Промокод: FHHT6X35
