9 717
订阅者
-524 小时
-607 天
-23330 天
帖子存档
9 717
Астанада жедел-жәрдем көліктерін жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырғандар сотталды
«2020-2023 жылдар аралығында жедел-жәрдем станциясының экс директоры, бұрынғы көлік бөлімінің басшысы мен бас механик санитарлық автокөліктерді жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 700 млн теңгеден асты», - дейді Бас прокуратура.Нәтижесінде қызметтегі автокөліктер саны 149-дан 32-ге дейін азайған. Оның 440 млн теңгеден астамы сот үкімімен өндірілген, ал такси қызметтеріне жұмсалған 300 млн теңгеден астам қаражат азаматтық сот арқылы өндірілуі тиіс. Сот үкімімен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, 9 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Бұдан бөлек, әрқайсысы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. @sputnik_aitady
9 717
Нөсер жауын Өскемен халқын әбігерге салды
Қаланың көшелері суға толған.
Желіде өскемендіктер өз видеоларын жариялап жатыр.
Қалалық әкімдік мәліметінше, суды сорғызу жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр.
Жауапты коммуналдық қызметтер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
@sputnik_aitady
9 717
Жол бойындағы «біртүрлі» белгі қазақстандықтарды алаңдатты
Желіде тараған видеода жол бойындағы «Сақ бол. Ажал жолы» деп жазылған белгіні көруге болады.
«ҚазАвтоЖолдан» мән-жайын сұрап білдік.
Компания белгіні бөгде адамдар орнатқанын атап өтті.
Қазір ол алынып тасталған.
Видео: dias.akhmetov
@sputnik_aitady
9 717
Зейнеткердің ақшасын алаяқтардан сақтап калған алматылық курьер марапатталды
Ол тапсырысты орындау кезінде зейнеткердің қатты қобалжығанын байқап, күмәнді жағдайға байланысты жеткізуді тоқтатып, бірден полицияға хабарлаған.
«Тексеру барысында әйелдің алаяқтардың арбауына түсіп, 3 мың АҚШ долларын курьерге пакетке салып жібермекші болғаны анықталды. Курьердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында зейнеткердің ақшасы өзіне қайтарылды», - дейді полиция.Азаматтық ұстанымы үшін оған Алматы қаласы полиция департаменті алғыс хат табыстады. @sputnik_aitady
9 717
Зеленский Трамппен кездесуде стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты
Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесудегі басты мақсаттарын атады.
"Біздің негізгі басымдықтарымыз – баллистикалық зымырандардан қорғану және Америкамен стратегиялық ынтымақтастық орнату", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.@sputnik_aitady
9 717
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ол сот үкіміне сәйкес жазасын түзеу мекемесінде өтеген.
Кейін сот шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу шарасына ауыстырылды.
«Босатылғаннан кейін сотталған адам пробация қызметінде есепке қойылды. Ол сот шешімінен туындайтын барлық шектеулерді, міндеттемелер мен талаптарды, соның ішінде ҚР аумағынан тыс жерге шығуға тыйым салуды сақтауға міндетті», - дейді ҚАЖД.▪️Еске сала кетейік, 2024 жылы мамырда ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол тағайындалған жазаның 2 жыл 9 айын өтеген. @sputnik_aitady
9 717
«Болашақ ойындары» Қазақстанда киберспорттың дамуына серпін береді
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев осындай пікір білдірді.
Айтуынша, киберспорт әлемнің 100-ден астам елінде қарқынды дамып келеді. Қазақстан да осы бағытта көшбасшы елдердің қатарынан көрінуге тиіс.
«Қазіргі таңда киберспорт жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Бұл мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанды алдағы үш жылда цифрлық державаға айналдыру міндетін жүзеге асыруға да ықпал етеді», - деді вице-министр.▪️Айта кетері, 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтіп жатыр. Бүгінде 24 елден 400 жуық спортшы елордаға жиналған. @sputnik_aitady
9 717
Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты
Қазақстандық футболшы «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесудің 6-минутында гол соқты.
1 шілдеден бастап қазақстандық шабуылшы лондондық «Челси» клубына ресми түрде ауысқан болатын.
Видео: chelseafc
@sputnik_aitady
9 717
Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтуге, сондай-ақ энергетика, көлік, инновация және білім салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруды тапсырды.
@sputnik_aitady
9 717
Орал маңындағы Хан тоғайында болған табиғи өрт толық сөндірілді
Бұған дейін өрт салдарынан қаланы түтін басқан еді. ТЖМ мәліметінше, Орал орман шаруашылығы аумағындағы өрт шамамен 18 гектар жерді шарпыған.
▪️ Өртті сөндіру жұмыстарына екпінді жел мен жетуі қиын жер бедері кедергі келтірген. Дегенмен өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.
▪️ Өртті сөндіруге 100-ден астам адам, 25 техника және екі тікұшақ жұмылдырылды. Әуе кемелері 46 рет су төккен.
@sputnik_aitady
9 717
Астана көшелеріндегі кәріз жүйесі жаңартыла ма?
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов еліміз бойынша нөсер кәрізі жүйелерін жаңарту ұлттық жоба аясында қамтылғанын айтты.
Айтуынша, 2026 жылға дейін мұндай жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған.
Нәтижесінде соңғы он жылда елордадағы қатты жауын кезінде жиі су басатын 11 учаскеде су басу мәселесі шешілді. Олардың қатарында Бауыржан Момышұлы, Мәңгілік Ел даңғылдары, Пушкин және Абай көшелері бар.
▪️Еске салайық, 21–23 шілде аралығында Астанада нөсерден кейін қаланың бірқатар көшесін су басқан еді.
@sputnik_aitady
9 717
«Жақ сүйегінен айырылуы мүмкін: Ақтауда тісін емдеткен баланың анасы әділдік іздейді
Оқиға туралы науқас жеткіншектің анасы тілшімізге айтып берді.
Мен оны жәй тексертейін деп шешкем. Баламның ешбір шағымы болмаған. Тісін құрт жеген деді дәрігер. Стамотолог жансыздандыратын укол салып, тісін емдеді. Екі аптадан кейін кел деді», - дейді анасы Ақмарал Қалжанова.Екі аптадан кейін бала басқа дәрігердің қабылдауында болған, ол балаға күшала пастасын қойып, екі күннен соң тіс емдеуге кірісетінін айтқан. Ана баланың тісін емдеу үшін емханаға бір жарым ай сабылғанын айтады. Осы уақытта баланың жағы ісіп, тістің ауырсынуы басылмаған. Кейін жеке клиникаға жүгінген ана, дәрігерлерден баланың жақ сүйегінің асқынғанын естиді.
« Баламның жағы 60-70% зақымданған. Кез-келген уақытта сынып, опырылып түсіп кетуі мүмкін. Астана дәрігерлері дереу ота жасап, жанын аман алып қалды», - дейді баланың анасы.Ол кінәлі маман лайықты жазасын алсын дейді. Ал баланың тісін емдеген Маңғыстау облыстық аурухананың бас дәрігері емнің әу баста дұрыс жүргізілгенін айтты. ➡️Толығырақ тілші материалынан оқи аласыздар. @sputnik_aitady
9 717
Хайп пен донат үшін адам «ұрлап», төбелескен: елімізде 9 стример жауапқа тартылды
Олар лайк, қаралым және донат үшін TikTok-тағы тікелей эфирлерде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсетіп, қауіпті пранктер ұйымдастырған.
▪️TikTok-та «Бауырсақ» лақап атымен 37 жастағы астаналық Индира Ештаева тікелей эфирде балағат сөздер айтып, заңсыз контент таратқан.
▪️Алматы қаласында 32 жастағы Ақтөре Батырбек тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, айналасындағыларды қорлаған.
▪️Шымкентте 20 жастағы Данияр Сейдалиев аудиторияның назарын аудару үшін тікелей эфирде электрошокер қолданып, адам ұрлау көрінісін әдейі ұйымдастырған.
▪️Жамбыл облысында «Алтын қыз» лақап атымен 41 жастағы Лайло Қасымова бірнеше рет тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтып, құқыққа қайшы контент таратқан.
▪️Сондай-ақ 19 жастағы жамбылдық Жарқынай Байбек пен Асылжан Танаберганов TikTok-та донат жинау және аудитория тарту үшін тікелей эфирде бір-біріне әдейі дене жарақатын салған.
@sputnik_aitady
9 717
+1
Алматыда соғыс ардагері Ілияс Кудин 99 жасқа толды
Кербұлақ ауданында дүниеге келген майдангер 1944 жылдың соңында әскер қатарына алынып, артиллериялық бөлімдерде қызмет атқарды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Қиыр Шығысқа жіберіліп, Жапонияға қарсы соғыс қимылдарына қатысты.
Майдангер туған жеріне Жеңістен кейін алты жылдан соң ғана оралды.
Ол ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Бүгінде майдангердің төрт немересі мен үш шөбересі бар.
Ардагерді әскери қызметшілер құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.
@sputnik_aitady
9 717
«Сізден басқасының бәрі кінәлі»
Премьер-министр Алматы облысының әкіміне қатаң ескерту жасады.
Үкімет отырысында энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны орындау барысы қаралды. Сол кезде қаржыландыру рәсімін созып жіберген аймақтар аталды. Олардың ішінде Алматы облысы да бар.
Бектеновтің айтуынша, осы аймақта ұлттық жобаға қатысты келісімшарттар әлі күнге дейін жасалмаған.
Премьер облыс басшысына қатаң ескерту жасады.
«Сізді тыңдасақ, сізден басқа бәрі кінәлі. Тездетіңіздер»,-деді Бектенов.@sputnik_aitady
9 717
ЕАЭО жұмыскерлері медсақтандыруды жергілікті азаматтармен бірдей шартта пайдалана алады
Бұл туралы ЕЭК-тің Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаменті Еңбек ресурстары бөлімінің басшысы Шыңғыс Сарыбаев мәлімдеді.
Бүгінде міндетті медициналық сақтандыру (ММС) жүйесі одақтың төрт мемлекетінде – Арменияда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде жұмыс істейді. Ол жедел медициналық көмекке, сондай-ақ басқа да медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«ЕАЭО туралы шартта одаққа мүше мемлекеттердің жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелері өзі жұмыс істейтін елдің азаматтарымен бірдей шартта және бірдей тәртіппен міндетті медициналық сақтандыру алуға құқылы екені көрсетілген. Бұл елдерде жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелері жедел медициналық көмектен бөлек, ММС шеңберіндегі басқа да медициналық қызметтерге қол жеткізе алады», – деді Сарыбаев.@sputnik_aitady
9 717
Шымкент тұрғыны шетелдік азаматқа зорлық жасады деген күдікке ілінді
Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады.
Желідегі ақпаратқа сай, жәбірленуші қорғасын-мырыш өндірісіне инвестиция салуға келген төрт қытай азаматын сол ауданға апарған.
Іскерлік кездесуден кейін көлігімен жеткізіп салмақ болған күдікті елсіз жерге апарып, зорлық жасаған, делінген.
Күдікке ілінген тұрғынның аудандық маслихат депутаты екені де айтылып жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», - дейді полиция.@sputnik_aitady
9 717
Қапшағайда демалушыны құтқармақ болған жігіт суға батып кетті
22 шілдеде Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан демалушыны құтқармақ болған кезде көз жұмды.
Қайғылы оқиға туралы қала әкімі Асхат Бердіханов желідегі парақшасына жазды.
«Бұл әрекет — нағыз ерліктің, жанқиярлықтың және азаматтық қадір-қасиеттің үлгісі. Шешуші сәтте Андрей бейжай қалмай, өз қауіпсіздігін ойламастан, қиындыққа тап болған адамға көмекке ұмтылды. Мұндай қадамға тек жүрегі кең, мінезі мықты адам ғана бара алады», - деп жазды әкім.Әкім қала тұрғындарының атынан Андрейдің әкесіне, бауырына, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жас жігіттің ерлігі Қонаев тұрғындарының жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. @sputnik_aitady
9 717
Павлодарда үйдің жанынан баласымен өтіп бара жатқан әйелге әлдебіреу жоғарыдан мұз кесегін лақтырған
Желіде тараған ақпарат бойынша әйелдің басы жарылған.
Онда оқиға 8 шілдеде болғанымен, бұл үшін ешкім жауапқа тартылмағаны айтылған. Зардап шегушінің туыстары желіде әйелдің басын жарған адамды өздері іздеуге мәжбүр екенін жазған.
Полиция желідегі жазбалардан соң оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алып, зерделеді. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полициядағылар.Қылмыстық іс Павлодар облысы полиция басшылығының ерекше бақылауында. @sputnik_aitady
9 717
Трамп Зеленскиймен Украинадағы қақтығысты аяқтау мәселесін талқылайды
АҚШ президенті мен Украина басшысы кездесіп, Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мәселесін талқыламақ.
Олар28 шілдеде кездеседі.
«Соғысты аяқтайтын уақыт келді», – деді Трамп әкімшілігінің шенеунігі.@sputnik_aitady
