ch
Feedback
Қатал редактор

Қатал редактор

前往频道在 Telegram

Медиа сыны: сөз, тіркес, сөйлем, мәтін. Арна журналистерге арналған

显示更多
1 230
订阅者
无数据24 小时
无数据7 天
无数据30 天
帖子存档
"Әнұран ойнағанда орнынан тұрмай, жұмыс істеуін жалғастырған журналист" (с) Власть. "Жұмыс істеуін жалғастырғанның" қазақшасы – "жұмыс істей берген".

"Жаза кесу, абақты кесу" – тұрақты тіркес. Осылай жүреді әйтеуір. Тұрақты тіркес болған соң құрамы өзгермейді, ажырамайды. "Сот Бәленге 10 жыл жаза кесті", "Бәленге 10 жыл жаза кесілді". "Кесілетін" нәрсе – жаза. Адам емес. Сондықтан "Бәлен 10 жыл жазаға кесілді" деген сөйлем тұрақты тіркестің табиғатына, ережесіне қайшы. "Міндеттеу". Қазақ журналистикасы орысша медиамен әмпей-жәмпей болып, өте көп "біртүрлі етістікті" дүниеге әкелді ғой, бұл – соның бірі. Қазақша медиамәтінді орыс глаголдары жасайтын болып кеткен. "Обязать человека" дегеннен "адамды бірнәрсеге міндеттеу" деген шықты. Қазақша міндеттеу десек, "адамға бірдеңені міндет қылуды" айтып отыр ма, "адамды бірдеңені істеуге міндетті қылып отыр ма" (яғни әрекетті міндеттеп отыр ма, адамды міндеттеп отыр ма), нақтылауымыз керек еді. Бірақ біз нақтыламаймыз. Өйткені бізде бәрін орыс глаголы шешіп тұр: әрине, "обязать человека" деп.) Содан барып, "адам міндеттеледі" деген тіпті жаман нұсқа шығады. Сонымен "Сот БәленГЕ айыппұл төлеуДІ міндеттеді" ме, "Сот БәленДІ айыппұл төлеуГЕ міндеттеді" ме? Дұрысы: "Сот БәленГЕ айыппұл төлеуді міндет қылды/айыппұл төлеу керек деген міндет артты", "Сот Бәленді айыппұл төлеуге міндетті қылды". "Үндеу" де сондай. "Шақырдыдан" қашып, "үндеді" дедік, оның да кімді-негесі мен кімге-ненісі шатасып жатыр. "Шақырдының" да, "үндедінің" де келіспей сүмірейіп тұратыны – қазақ дегісі келгенін дейді, айтқысы келгенін айтады, осы әрекеттің бәріне "кеңес берді", "шақырды", "үндеді", "бөлісті", "сұрады" деп эвфемизм-айдар таққан – медиадағы орыс тілі. Қазақша мәтіннің тағдырын қазақ етістігі шешсіндағы. (деп түн ортасында шайнап отырмын)

Осы себепті де "және" десеңіз, мәжілісТІ және мәслихатТЫ сайлау болады, "пен" десеңіз ғана қосымшаны кейінгісіне жалғайсыз: мәжіліс пен мәслихатты сайлау.

Депутаттыққа кандидаттар арасында
Anonymous voting

"Және" бірыңғай мүшелерге қосымшаны жеке-жеке жалғағанды талап етсе, демек, дұрысы –
Anonymous voting

Мүлде дұрыс емес нұсқа –
Anonymous voting

"Жәненің" орны?
Anonymous voting

Барыс па, көмектес пе?
Anonymous voting

Медиада әйелдерді "аңдамай" жоқ қылып жіберетін әдіс: "Қожабектің айтуынша" (Назгүл); "Тілеужанның айтуынша" (Әйгерім); "Сержанның айтуынша" (Гүлзада); "Қожалының айтуынша" (Тоғжан); "Иманбайдың айтуынша" (Инга). Қалай ойлайсыздар?😇

Mediazona Алматыда оқушыларға теңіз шошқасын сойып көрсеткен мұғалім туралы жазды да, бэкграундқа келгенде, әлгі "ұқсас оқиғаларды қоса кету" деген бар емес пе, ақпаратқа Қырғызстанда қой ұрлаған мұғалімдерді де "жапсырмақ" болады. Қалай қыстырарын білмеді ме екен, былай депті: Преподаватели из стран Центральной Азии иногда совершают необдуманные поступки. Mediazona өзі де "кейде ойланбай әрекет қылады". "Иногда" депті, оған да шүкір.

"..."жайында", "жөнінде", "туралы", "хақында" сияқты кәнігі анықтауыш сөздеріміз тұрғанда, кейбір әдебиетшілер мен журналистер "жайлы" деген сөзге неліктен әуестеніп жүргенін түсіну қиын" деген екен журналист Құрманбек Сағындықов. "Анықтауыш" дегенді "нақтылайтын" деген мағынада қолданған шығар, әйтпесе бұлар ешқандай сөйлем мүшесі емес, сөздермен бірге тұрып, толықтауыш болады ғой. Шынында да, "туралы" жалғанған сөзде "дәл сол" деген факт мағына бар да, "жайлы" қолданылғанда әңгіменің мәні тап ондай нақты емес, "шамамен осы төңіректе" дегендей сәл көмескі, тұспалды, көркем, ауызекілеу. Заңдарда, құжаттарда "туралы" ғана қолданылатыны содан шығар. "Білім жайлы заң", "Тіл жайлы заң", "Сайлау жайлы заң" деп айтылмай тұр ғой. "Туралы" деген сөз әрі ресми тілге, әрі факт журналистикасына көбірек жақын болғаныдағы сонда. Ит жылғы баспасөз материалдарының тақырыбында да "жайлыдан" "туралы" көп сияқты. Тексеріп көру керек. Қазір "жайлы" көп екенін ішім сезеді. Сіз не дейсіз?

"Аталған" деген бар ғой. Кейде түр-түсі белгісіз нәрселер қалай "атала қойғанын" түсінбей қаласың: "Белгісіз біреулер бірдеңені қиратып кеткен. Аталған адамдарды полиция іздестіріп жатыр". "Баланы қандай көлік қаққаны белгісіз. Аталған машинаны полиция іздестіріп жатыр" "Түнде беймәлім бір елді мекенге әкеліп тастады. Аталған жерде тірі жан көрінбейді" Атауы бар болса да, жоқ болса да, аталып тұрса да, аталмай тұрса да, авторға бәрібір. Абсурд шамамен былай кете береді: "Біреу бір шығарма жазуға кірісті. Аталған кітап..." "Біреу дастарханнан дәм татты. Аталған тағам..." "Аталған жазбаға лайк басыңыздар" "Аталған ақша..." "Аталған видео..." "Аталған ауа райы..." Атауы жоқ я аталмайтын нәрселерді айтуға қазақ тілінде есімдік көп: бұл, ол, сол, ана, мына, әлгі, осы. Орыстың "данный/названный/упомянутый" дегенінсіз де мәтін жазуға болады.

"Мамандар бірдеңенің себебін бәлен жағдайдың түген болуымен түсіндіреді" "Объясняет это тем..." – 😱 "Мамандар бірдеңенің себебін бәлен жағдай түген болғанынан деп түсіндіреді" – 😻 "бәлен жағдай түген болғанымен байланыстырады"/ "связывает это с тем..." – 👎🏻 "бәлен жағдайға түген жағдайдың қатысы бар дейді/бәлен жағдай мен түген жағдай байланысты дейді" – 👍🏻 Орыс тілі "байланыстыру" дегенде тура әрекетті емес, "біреу ана екі нәрсе өзара байланысты я ананың мынаған қатысы бар дейді" дегенді айтайын деп тұр ғой. Оның үстіне, "байланыстыру" етістігі табыс септік пен мен/бен/пен/және шылауын (немесе табыс пен барысты) керек қылады да, көмектесті жатырқайды. "Бәлен мен түген байланысты", "анаған/мынаған/оған/соған/бәленге/түгенге байланысты" дегенді білемін, "бәленмен байланысты" дегенді түсіне алмайды екем.

"Банктің жазуынша". "Мекеменің айтуынша". Банк қалай жазады, мекеме қалай айтады?) Иә, метонимия, синекдоха деген тәсілдер бар, бірақ ақпаратқа оның керегі бар ма?! "Айтуынша" демекші. Мысалы, бір кісі "мені жаңа ғана біреу ұрып кетті" десе, неге ол нәрсе медиада "Ол өзін біреу ұрып кеткенін АЙТАДЫ" деп жазылады, а? Әлгі кісі жаңа ғана айтты емес пе? Өтірік сұрап отырмын, неге екенін білемін. Өйткені "говорит". Сол "говоритке" қарап, "айтады", "айтады" дей беріп, көпшілік бір ауық оның қазақшасы "айтты", "айтып отыр" болуы керек еді деп ойланбаған. Қашан "сказал" болғанын күтіп жүреді. Назгүл жазған "обучаются" "оқиды" болып кететіні сол. Бізде жаңалық атаулы (!) я "АЙТАДЫмен" (бір күні, ертең, жалпы???), я "АЙТҚАНмен" (баяғыда, былтыр, қашан екені беймәлім???) жасалып жүр. Қазақ журналистері нақ осы шақ пен жедел өткен шақты жаңалыққа қолданбағанда қайда қолданайын деп жүр, а?

... біледі
Anonymous voting

... хабарлады
Anonymous voting

... айтты
Anonymous voting

... белгісіз
Anonymous voting

... тілеймін
Anonymous voting

"Қазақстан[ның] бірдеңесі" деген де – "қазақстандық", "Қазақстан-нан шыққан/-да өндірілген" деген де – "қазақстандық", "казахстанский" де – "қазақстандық","казахстанец" те – "қазақстандық", "рақат" болды! "Ресей[дің] азаматы/компаниясы/тағы бірдеңесі" ("российский", "россиянин") болса да – сол, "ресейлік". Масқара рақат. Контекссіз-ақ дербес сөз табы, дербес форма бола алатын, болып жүрген, табиғатына сай қосымшасын жалғай алатын элемент зат та, сын да, басқа да қылып зорлай бергеннен әмбебап байғұсқа айналды. Матасуы, изафеті, анықтауыш-бастауышы ажыратылмай, бәріне -лық/лік/дық/дік/тық/тік деген нәрсе жапсырыла береді. Шаблон, шаблон және шаблон... Бұл орыс тілінің я басқа тілдің ықпалы болса, отарсыздандыруды кішкентай қадамдардан бастайықтағы.