ch
Feedback
Махаббат өлкесі...

Махаббат өлкесі...

前往频道在 Telegram

Тек махаббат туралы... Ұсыныс пен пікірлер бойынша @nurlandos

显示更多
哈萨克斯坦4 909未指定类别
1 921
订阅者
无数据24 小时
无数据7 天
无数据30 天

数据加载中...

吸引订阅者
五月 '24
五月 '240
在0个频道中
四月 '240
在0个频道中
Get PRO
三月 '24
+40
在0个频道中
Get PRO
二月 '24
+125
在0个频道中
Get PRO
一月 '24
+22
在0个频道中
Get PRO
十二月 '23
+154
在0个频道中
Get PRO
十一月 '230
在0个频道中
Get PRO
十月 '23
+46
在0个频道中
Get PRO
九月 '23
+104
在0个频道中
Get PRO
八月 '23
+51
在0个频道中
Get PRO
七月 '23
+36
在0个频道中
Get PRO
六月 '23
+94
在0个频道中
Get PRO
五月 '23
+148
在0个频道中
Get PRO
四月 '23
+38
在0个频道中
Get PRO
三月 '23
+37
在0个频道中
Get PRO
二月 '23
+115
在0个频道中
Get PRO
一月 '23
+108
在0个频道中
Get PRO
十二月 '22
+142
在0个频道中
Get PRO
十一月 '22
+74
在0个频道中
Get PRO
十月 '22
+58
在0个频道中
Get PRO
九月 '22
+97
在0个频道中
Get PRO
八月 '22
+96
在0个频道中
Get PRO
七月 '22
+72
在0个频道中
Get PRO
六月 '22
+52
在0个频道中
Get PRO
五月 '22
+118
在0个频道中
Get PRO
四月 '22
+191
在0个频道中
Get PRO
三月 '22
+432
在0个频道中
Get PRO
二月 '22
+190
在0个频道中
Get PRO
一月 '22
+279
在0个频道中
Get PRO
十二月 '21
+59
在0个频道中
Get PRO
十一月 '21
+43
在0个频道中
Get PRO
十月 '21
+53
在0个频道中
Get PRO
九月 '21
+45
在0个频道中
Get PRO
八月 '21
+48
在0个频道中
Get PRO
七月 '21
+69
在0个频道中
Get PRO
六月 '21
+96
在0个频道中
Get PRO
五月 '21
+34
在0个频道中
Get PRO
四月 '21
+66
在0个频道中
Get PRO
三月 '21
+127
在0个频道中
Get PRO
二月 '21
+355
在0个频道中
Get PRO
一月 '21
+297
在0个频道中
Get PRO
十二月 '20
+3 247
在0个频道中
日期
订阅者增长
提及
频道
11 五月0
10 五月0
09 五月0
频道帖子
ВАЛЬС Басталды вальс, баяу ән, Биледік сонда шыр айналып. Бақытым шығар таяған. Жанарға жанар байланып... Сол сәтте жер де, ә
ВАЛЬС Басталды вальс, баяу ән, Биледік сонда шыр айналып. Бақытым шығар таяған. Жанарға жанар байланып... Сол сәтте жер де, әуе де – Дүние кетті дөңгелеп. Дәру бола алмас дәнеме, Би ғана мені емдемек. Тербеліп жүрмін шаттанып, Керемет вальс ырғақты. Алғаусыз көңілін ақтарып, Тағдырым маған тіл қатты. Бал татып тұрды кермегім, Жұп болса, болсын тек мендей. Өзгені мүлде көрмедім, Өзге әлемге еніп кеткендей. Өмірдің білдім әр қырын, Жайдарлы екен ол, жаны ізгі. Мен емес, маған тағдырым, Талпынып тұрған тәрізді. Дертіңнің тапсаң дауасын, Қайтесің оған шағынып. ...Тағдырдың аппақ жағасы, Далабым қалды жағылып. Авторы: Сағыныш Намазшамова

2
没有文字...
890
3
СЕН... Мені ешкім сағынбасын. Сен сағын!.. Сағын... көзден үзіп мұңның моншағын. Дәл осылай сағынуға бола ма? – деп, таңғалсын Аспан. Ай. Күн. Жер шары!.. Мені ешкім іздемесін. Сен ізде!.. Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе! Дәл осылай бола ма екен сүюге? – деп таңғалсын Өзен, Мұхит, Теңіз де!.. Мені ешкім ойламасын. Сен ойла!.. Сен ойласаң, мен сеземін қалайда... Сезе тұрып айта алмаған тіл ғәріп, Көз өтірік айта алмайды алайда!.. Мені ешкім аңсамасын. Сен аңса!.. Аңсауларда армандар бар о, қанша?!. ...Жер бетінен пәк махаббат жоғалса, Ғұмыр кешу қиын маған адамша!.. Авторы: Қалқаман Сарин
644
4
Қаршадай қыз Қаршадай қыз, Жиі баққа барамыз, шаршамаймыз. Бірімізге айта алмай сырымызды, Түк таппаған адамдай тал санаймыз. Есте қалар күніміз бүгіндейміз, Бәденді едің бәйшешек, бүріндей қыз. Бір қоштассақ айрылып қалатындай, Таң рауандап атқанша гүл іздейміз. Иран бағым, Қалай сонда кеудеме сиған жаным? Иман жүзің ып-ыстық сүйген кезде, Ибалылық белгісі қиналғаның. Мамықтай маужыратып жасыл желек, Кеудеме кеп төсенді басың кенет. Жұбатуға сөзім жоқ кемсеңдейсің, Қаршадай қыз, не деген жасың көп ед? Сосын түк те айтпаймыз ақтарылып, Өше берсе қайтеміз жаққан үміт. Маңайыңа қарайсың мұңға батып, Бақыт тауып алардай бақта жүріп. Айдыныңда алаңсыз тәуір сырғып, Қанатыңды алмашы қауырсын ғып. Өріктей өңің сынып отырғаның, Құдай-ау, жүрегіме ауыр сұмдық. Шықпай жүрсің шерменде боп түсімнен, Сонда бізді табиғат тек түсінген. Күрт құлазып қаңғыбас бұлт жылады, Найзағай да суретке көп түсірген. Ғашықтар мен тағдырдың арбасқанын, Аңғардың да түсіндің алғаш жаным. Жаңбыр емес, көз жасы ол періштенің, Сол ғой саған күйзелген, ал басқа кім? Жаратқаным жар болшы жандарға әсем, Қаршадай қыз, аман бол жалғанда сен. Жұбатуға өзіңді бір-ақ жол бар: Мені ұмыт, көрсең де аңғарма сен, ...таңқалмас ем. Авторы: Бағдат Мүбәрак
1 082
5
Ханшадай өзін ұстаған, Қара алмас көзді, бал ерін, Басынан құс та ұшпаған, Бұла өскен асқақ жан едің. Қара оқа құсап бұрымың, Жалтылдап әрбір талы да, Жарасып барлық қылығың, Жараспай пенде жаныңа. Көңілің балқып тәтті әнмен, Кірпігің, қасың дірілдеп, Өтуші ең жасыл бақтармен, Өтуші ең шалқи күлімдеп. Жадымда қалды жатталып, Бек әсем қызыл көйлегің, Күлуге сол сәт шақ қалып, Қасыңды керіп сөйлеуің. Жыр болсын басқан ізің де, Аңыз боп атың әдемі. Тәкаппар аппақ жүзіңде, Тарыдай бір мең бар еді. Жаныма бір мұң жетті де, Жабығып өтті уақытым. Тарыдай меңде кетті ме, Таба алмай қойған бақытым?! Жұматай Жақыпбаев
626
6
“Махаббатты_сезіну”_Сөзі_Ф_Оңғарсынова,_әні_Т_Досымов_Асхат_Әмірғали.mp3
718
7
Махаббатты сезіну Қуанышым сен болдың, қайғы, жасым, Таусылмайтын мен үшін бай мұрасың. Қара жерге аспаннан ай құласын, Анық менің әйтеуір айнымасым. Жасын болдың сен маған көктемдегі, Жүрегіммен қақ жарған от кеудені. Кезіктірдім мен бұрын қиялымда Жоқ пендені. Күйіп-жанып содан соң алауладым, Ай, Күн барын ұмыттым, самал барын. Сол сезімнен бойыма бір тыныштық, Таба алмадым. Сені ойламай кезім жоқ көзімді ілген, Елжіредім сені аңсап, егілдім мен. Тағдырыма ризамын сен арқылы, Ақ махаббат дегенді сезіндірген. Авторы: Фариза Оңғарсынова
744
8
АУЫРАДЫ ЖҮРЕГІМ Алдамашы сен мені бұлай, көкем, Сен алдасаң, жүрегім жылайды екен. «Ауырады жүрегім неге?» - дейсің, Жүрек кілтін бұлайша сынай ма екен? Ауырады жүрегім жалғандықтан, Кезің бар ма мендегі арманды ұққан? Ауырады жүрегім... сенесің бе, Сені сүйіп өмірде қалғандықтан. Сені сүйдім... бақыты басқа жанның, Жанарымды еріксіз жасқа малдым. Гүлің болып көктегім келер кейде Сен отырған сыртында «тас қамалдың». Қалған да жоқ көңілде басқа амалым, Сенсіз жарық еместей аспан – әнім. Неге, неге сен өзің бұзып кеттің, Талқан қылып жүректің тас қамалын?! Сезіміме өртендім, күйдім, көкем, Төзіміме құйып ем күйді бөтен. Бара жатты жүрегім тасқа айналып, Неге, неге мен сені сүйдім екен?! Авторы: Гүлнар Өмірзақова
1 086
9
ЖІГІТІМ БАР… Ессіз ғашық халімді көре тұрып, «Жігітім бар!» – деуші едің, өп-өтірік. Азаптағың келетін мені әйтеуір, Сүйгеніме шынымен сене тұрып, Көнбей маған кетуші ең, көне тұрып. Гүлнәр, Баршын, Гүлсімің, Күмісің бар, Бәрі соның деуші еді: «жігітім бар». Менің бала кезімнің арулары-ай, Сендер бәрің шынымен ұлысыңдар. «Жігітім бар» – дегенің сылтау еді, Барлық ұлдар ол кезде мылқау еді. «Жігітім бар» – дегенің жігіттердің Сезімі мен намысын шыңдау еді, Соны, бірақ түсінген кім бар еді? Жігіт те емес, бала едік сары ауызды, Бүгін жігіт болдық қой, ор ауызды. Сонша неге ұнаттық екен, Құдай, Көзі ғана әдемі қара қызды?! Қасып қойып тәтті бір жарамызды, Қыздар жүрді-ау, қыздырып арамызды. «Жігіті бар» сол қыздар жігіт іздеп, Кезіп кетті кейіннен әр ауылды. Ол жылдардың қыздары керемет ең, Елемейтін сен өзің бөгемесең. «Жігітім бар» дегені байғұстардың, «Жігітім бол сен менің» дегені екен. Сезіміме сен менің сене тұрып, «Жігітім бар» – деуші едің, сәл өкініп. Жігітің сол, білмеппін, мен екем ғой, Неткен шындық едің сол, сол өтірік. Авторы: Есенқұл Жақыпбек
839
10
Қонақ қыз Түнгі Алматы, Әдемі әнді үзбеген, Кең көшеде көлікпен жалғыз келем. Қол көтерді бір ару қолаң шашты, Қонақ екен, есімі – Наргиз деген. Сұлулыққа кеткендей тасып қаным, Баяу қозғап көлікті, асықпадым. … Ән барады қалықтап сазы бөлек Бақыт құсы секілді ғашықтардың. Шеңберінен аса алмай ізетті ойдың. Сезімге де, төзімге күзет қойдым. Тілі мәйін Тәшкендік қазақ қыздың Нарқызсың – деп, есімін түзеп қойдым. Ашық екен жаны да, жанары да, Мұң мен қайғы түспеген қабағына. Ізетке де күзетке бағынбастан Көзім түсе бергені-ай, анарына! Өте шыққан уақыттай шолақ, біздің, Жапырағын жатқан кез, тонап күздің. Жанарынан көрдім бір жұмбақ сырды Жол үстінде жолыққан қонақ қыздың. Астаң-кестең жанымды кім ұғуда?! Қалаңыз да, халық та тынығуда. Жол үстінің қос жолақ сызығындай, Беу, тағдыр-ай, болмайтын бұрылуға! Қарсы аламыз сәлден соң құшып таңды, Үмітімді үздіккен, үсік шалды. Шымбұлаққа – Шыршықтан ұшып келген «Қарлығашым», қош бол – деп, түсіп қалды..! Авторы: Әлібек Шегебай
706
11
ЕҢ ӘДЕМІ ФОТОСУРЕТ баллада ...Қайшы. Желім. Қағаз. Сурет. Ескі альбом. Ескі альбомда – өткен ғасыр... жас дәурен. Мына сурет – ең бақытты кезім-ау, Бірге жүрген Алматылық достармен... Мына сурет – табиғатсыз, аспансыз, Мына сурет – мағынасыз, астарсыз. Мына сурет – ең бақытсыз кезім-ау, Жалғыз жүрген... сенсіз және достарсыз... Мынау – менмін, он бес жасар «жігітпін», Мынау – кім, ей?! Кім екенін ұмыттым. Мынау – әлгі, сен қызғанған сурет пе, Сұлуымен сүйістің деп түріктің... Мынау – сені күткен кезім сарылып, Мынау – сені жүрген кезім сағынып. Сағыныштан сарғаяды-ау сурет те, Сосын, ол да қараяды-ау қамығып... Сурет, сурет, сурет, сурет – айналам, Мынау сенсің – шашыңа гүл байлаған. Мынау да сен – айна алдында боянған, Кімге қарап тұр екенсің айнадан?! Бөлек түскен суретіміз көп екен, Бірге түскен суретіміз жоқ екен. Бірге түскен бір суретке зар қылған, «Өмір-жалған» деген осы, о, көкем?! Сурет, сурет, бір қап сурет – айналам, Суреттерді шыр-көбелек айналам. Бірге түскен суретің не, ол кезде Бірге өмір сүрерміз деп ойлағам... Сенің бейнең – жанарымда сақталған, Сенің бейнең – жан-дүниемді ақтарған. Сенің бейнең – өң мен түстей бір әлем, Ащы естелік, қышқыл сезім, тәтті арман... Көргенімде кейде сені сыртыңнан, Көз дірілдеп, қарашыққа мұң тұнған. Екеуіміз – екі бөлек суретпіз, Абайсызда ортасынан жыртылған... Барлығы бар, фотограф бар, ақша бар, Тек сен жоқсың... жоқ ешқандай хат-хабар. Бізді бірге түсірмеді-ау суретке Өмір дейтін фотограф, пәтшағар... Тағдырымды бір Құдайға тапсырып, Тілейінші жақсы тілек, жақсы үміт! ... Қиып алып бір жігіттің қасынан, Қойдым сені өз бейнеме жапсырып... Қиып алдым бір жігіттің қасынан, Несі ұят?! Несіне оны жасырам?! Дәл осылай қиған мені Тағдыр да, Ол ешкімнің сипамайды-ау басынан... Қос суретті бір қағазға желімдеп, Жүрегімнен жан салғандай дем үрлеп. Суретіңді сүйдім-сүйдім сүйсініп, «Сүйіктім-ау, сүйіктім-ау менің!», деп... Жаңа сурет – жарты бақыт, жарты бақ, Жанарымнан Күн шыққандай жарқырап. ...Дүниедегі ең әдемі суретті Ұстап тұрдым екі қолым қалтырап... Авторы:  Алмас Темірбай
823
12
Махаббаттың мекені Сені сүйіп өртенгендей өзегім, Жүрегімнің ауырғанын сеземін. Бақытсыздық жайлап алған ғұмырда, Мен бақыттың күтіп жүрмін кезегін. Меніменен сыр шертпеген ай тегін, Бұл жүректің өзің енді айт емін. Кесірінен саған деген сезімнің, Ет жүрегім тасқа айналса қайтемін?! Жүрегімнің табылмай жүр неше емі, Қарағанын жаралауға жетеді. Құмар болма ауыртуға сондықтан, Жүрек жалғыз махаббаттың мекені. Сезімімді түсінбеген шығарсың, Мүмкін менің жанарымнан ұғарсың?! Әдемі боп барасың-ау күн сайын, Неге сонша сүйдіруге құмарсың?! Ешнәрсе де өзгертпейді өлеңім, Өлеңімнен тек жұбаныш көремін. Жүрек жалғыз махаббаттың мекені, Сол мекеннің ханшайымы сен едің! Пәк сезіммен бір ғұмырға жететін, Аралайық махаббаттың көшесін. Аққулардың махаббатын сұраймын, Өлседағы бірге өліп кететін. Авторы: Айбар Зейнулла
748
13
Сағыныш Толықсыған ай алқа тағынған да, Себеп таппай жүрегім дамылдауға. Сағынғаннан өзіңді шығар деймін, Салып тұрған әнімнен жаңылғанда.   Сен шығарсың себебі солғын әннің, Есіміңді жырлайтын болдым әр күн. Сағыныппын шынымен деймін тағы, Құлақ күйін таппасам домбырамның.   Сен тұрасың ішінде жанарымның, Тұтқындалған жаныңа жаралыңмын. Гүл бейнелім қай жерде жүр екенсің, Желге әтірін өптіріп тамағыңның.   Бар қайғымды сенсің-ау ұмыттырған, Кетем жанды сен үшін қылып құрбан. Сағынбайын десем де күннің көзі, Саған ұқсап кетеді күліп тұрған.   Түн көрпесін жамылған аспан ана, Сенсіз мынау сияқты басқа қала. Жанып ысып барар ем алып ұшып, Ең болмаса емессің Астанада.   Жульетта (Нұрқанат Жақыпбайдың спектаклінен кейінгі хәл) Үскірік желі, далада Ақпан, “Верона” емес, Арқаның. Ақ ұлпа қар мен самала жапқан, Сұлбасын сұлу қалқаның.   Жиналған халық, бар сәнді құрып, Наурызнамаға* кешкілік. Алдымнан шығып қарсы алдың күліп, Сырғаңның үні естіліп.   Сабырымды ұрлап, тағатымды алған, Қара көз, құлын мүсінді ең. Сен мені ұқпай барасың қарғам, Сүйемін деймін ішімнен.   Парис* пиғылға құрық салайық, Құлып салайық екеулеп. Екеуміз сосын тұрып қалайық, Хан* тауын мәңгі мекендеп.   Көзімнен бәрін байқамай қалсаң, Дәлелдің қанша керегі. Жульеттамын деп айта бер, қалқам, Ромеомын ғой себебі. *Верона-екі тайпаның өмір сүрген жері *Наурызнама-Ромео мен Жульетта жолыққан сауық кеш *Парис - Жульеттаны жар етіп алмақ болған жан. *Хан тауы-Ромеоны жер аударып жіберген өңір Автор: Арманбек Жакейхан
747
14
Мазаламай кетейік Қоштасуға болмаса да қоштасайық, Басқалардай таныс болып достасайық. Достығымыз сезім менен махаббатқа, Ұқсамасын бұрынғыдай рас ғажайып. Білем сенде түгесілмес сезім ұйық, Жүрегіңнің тыңдамашы сөзін ұйып. Өтінішім мені үйленген деп ойлашы, Тұрсам да аңғармашы өзім сүйіп. Тасташы естеліктің жыртып бəрін, Жаныңның жүргеніңше құртып мəнін. Салмашы есіме сүйгенімді, Жанымның сөкпеші жыртықтарын. Жолықсақ махаббаттың жолдарын да, Неке жүзік көргендей бол қолдарым да. Түсіндір,басу айт өз-өзіңе, Бұлбұлдай сайрамашы орманым да. Бəрі жақсы болады алаңдатсам, Қабылдаймын оғыңды маған атсаң. Тек іздеме,бүгін мен ертеңнен де, Қабылдама сезімменен саған тартсам. Авторы: Мейіржан Тұрғанов.
817
15
Қыздар - гүл ғой бақтағы, Өмірге нәр беретін. Патшаны да тақтағы, Қылығымен жеңетін. Қыздар – гүл ғой бақтағы, Көздің жауын алатын. Жырлап теңеу таппады, Әлемдегі бар ақын. Қып-қызыл гүл сақта тек, Сала көрме табанға. Қызық та көп, бақ та көп, Қыздарымыз аманда. Авторы: Ұлағат Ханзада
848
16
Саған неше хат жаздым? Саны қанша? Сөзден - сырды, санашы, мұңы қанша?! Ақ пырақтай қанша шер, сағыныш бар, Неше үміт тұр, жолында, тірі жанша?! Сен барлығын сана да, өрте, гүлім, Менде, осы, жырыммен шектелемін. Сені, Аллаң, қайта ексін көктеміңмен, Мені, Тәңір, тірілтсін екшеп емін. Сосын, Ай боп, аймала өз түніңді, Түсіме енбе! Кездеспе! Үз гүліңді! Саған ғана жымисын сан мың жұлдыз, Маған бұлттар бұйырсын өр көңілді. Бір шөкім боп, бұлттармен көшем, қалқам, Бүгін - Жайық, Ал, ертең, Есіл жаққа. Сенің соңғы сөзіңді Қаңтар естіп, Менің соңғы хатымды оқыды Ақпан. Саған неше хат жаздым, сана бәрін?! Бұл ғұмырдың ертеңі маған мәлім. Әппақ Ай боп, аспанда адасарсың, Ақша бұлт боп, аспанда жоғаламын. Авторы: Қайырғали Сыдиыхұлы
1 009
17
Қазақша кітаптар арнасы
935
18
Сізді көрдім тағы да... Сізді көрдім. Жүз жылармын мен енді, Жүз күлермін! Мен сияқты Сізді іздеп ғаламтордан, Мен сияқты Сізді ойлап, үздігер кім? Жан жуытпас едіңіз жасыңызда, Кім болды екен мына жан қасыңызда? Қыз-қыз қайнап... Әйтеуір қарай бердім Қол тимеген қап-қара шашыңызға. Мұң тұнғандай мына жерде көзіңізге... (Тым құлпырып кетіпсіз өзіңіз де!) Не боп кетті, расында, тағдырыңыз. Сізді маған қоспаған, мені сізге? Дедіңіз бе бастайды сезім бүлік, Тағып апсыз тағы да көзілдірік. Мына жерде... жып-жылы жымиясыз Жаныңыздың шаттығын сезіндіріп. Көкірегіңді жазатын Шерге толған Ой, Алла-ай, Мына жерде мен де болғам. ...мониторға тесіліп қатып қаппын Періштені көргендей жерге қонған! Сізді көрдім тағы да, Сізді көрдім. Күзгі желдей мен де енді үздігермін. Қарашада қайғымды қалыңдатып, Кім жіберген үстіне Сізді жердің? Авторы: Дәурен Берікқажыұлы
858
19
МАХАББАТ, МЕН САҒАН ҚАРЫЗДАРМЫН! Біреуге ғашық қылғаның үшін, Арманға асықтырғаның үшін, Теңіздей тасып тұрғаның үшін- Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Тұңғиық сезімге батырғаның үшін, Таңдарды ұйқысыз атырғаным үшін, Айықпас мұңға шатылғаным үшін - Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Күттіріп мені, сағындырғаның үшін, Бейнеңе мәңгі табындырғаның үшін, Беймаза күйге бағындырғаның үшін – Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Шаттық боп маған келгенің үшін, Қуаныш кілтін бергенің үшін, Ертеңгі күнге сенгенім үшін – Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Кей кезде мені жылатқаның үшін, Жауаптары жоқ сұрақтарың үшін, Дегенмен... Мені ұнатқаның үшін – Махаббат! Мен саған қарыздармын!.. Авторы: Алма Түсіпбекова
379
20
Аннан-мұннан жұлдыз гүлдер бүр жарып, Ай сырғасы тұрған кезде дір қағып. Жалаңаяқ нояндары ауылдың, Алма ұрлауға шығушы едік ұрланып. Мысық жүріс ептілікке мастанып, Қаншасын жеп, қанша алмасын тастадық. Сол бір жолы алма ұрлаудың кезегін, Әлімбайдың бақшасынан бастадық. Қарқындары қамал бұзар кіл «батыр», Қараң-құраң қалың баққа кірді ақыр. О, жасаған, масахана ішінде, Толықсыған, толған айдай қыз жатыр. «Қарақшылар» қалт тұра қап шетінен, Қапелімде ауып қалды есінен. Ай сәулесі өліп-өшіп сүйіп жүр, Періштенің тамағынан, төсінен. Бір ғажайып арман күтіп ақ таңнан, Ару жатыр, ақ білегін жастанған. Жаңа ғана көзін ілген секілді, Бір періште ұшып келіп аспаннан. ...Ойлап тұрсам ол бір ғажап түн екен, Содан бері сұлулықты жыр етем. Әлгі сұлу періште емес, басқа емес, Әлімбайдың сары тәмпіш қызы екен. Балғын қиял қуалаған күндіз-түн, Бала едік қой, бала едік қой бүлдіршін. Санамызға сәуле кірген сол түні, Кімге қандай түс кіргенін кім білсін? Бізге осылай келді ме екен жігіттік, Біздер содан алма ұрлауды ұмыттық. Бұл өмірде алмаңыздан мың артық, Бір тәттілік бар екенін шын ұқтық. Авторы: Есенқұл Жақыпбеков
790