BAQ.kz
前往频道在 Telegram
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
显示更多2 760
订阅者
无数据24 小时
+77 天
+1630 天
帖子存档
2 759
✉️Мемлекет басшысы Перу Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
🇰🇿🇵🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Кейко Фухимориді Перу Президенті қызметіне кірісуімен және осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Президент Кейко Фухиморидің жауапты қызметіне табыс, ал Перу халқына құт-береке тіледі.
@baq_kz
2 759
🇯🇵 Жапонияда жойқын жер сілкінісі: 50-ден астам адам зардап шекті
Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, 50-ден астам адам жарақат алып, шамамен 40 мың үй жарықсыз қалды.
Жер сілкінісінен кейін көлік қатынасы уақытша тоқтатылып, әуежай жабылды. Билік 150 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялауға шақырып, алдағы күндері қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.
@baq_kz
2 759
❗️Мұғалімді «маскүнем» деп атаған: Семейлік педагог сотқа арызданды
Семейде бастауыш сынып мұғалімін «ішімдік ішеді, жұмысқа мас күйінде келеді» деп айыптаған әйелге қатысты сот шешім шығарды. Сараптама бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын анықтады.
Сот жауапкерді мұғалімнен көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттеп, моральдық зиян үшін өтемақы мен сот шығындарын өтеуді жүктеді. Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
@baq_kz
2 759
Желіде этиканы сақтамағандар осылай жазалануда. Треш-стримдер үшін жаза қатаң болуы керек пе?
2 759
⚡️Лайк пен донат үшін заң бұзған 9 стример жауапқа тартылды
ІІМ құқыққа қайшы контент таратқан 9 әлеуметтік желі қолданушысын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар лайк пен донат үшін тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Сот шешімімен құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік қамау жазасы тағайындалдыі.
Желіде этиканы сақтамағандар осылай жазалануда. Треш-стримдер үшін жаза қатаң болуы керек пе?
@baq_kz
2 759
⚡️Зеленский мен Нетаньяху АҚШ-қа барды
Екі елдің басшысы Дональд Трамппен жеке-жеке келіссөз өткізеді.
Зеленский АҚШ басшылығымен Украинаның әуе қорғанысын күшейту, Patriot жүйелеріне арналған зымырандар және әскери ынтымақтастық мәселелерін көтеруді жоспарлап отыр.
Ал Нетаньяху мен Трамптың келіссөзінде Иранға қатысты ахуал, Израильдің қауіпсіздігі және Таяу Шығыстағы жағдай негізгі тақырыптардың бірі болады.
@baq_kz
2 759
🇰🇿🇹🇭Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
@baq_kz
2 759
‼️Павлодарда сәбиімен келе жатқан әйелдің басына мұз құлап, қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда көпқабатты үйден лақтырылған мұз кесегі сәбиімен келе жатқан әйелдің басына түскен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, басына алты жерден тігіс салынды.
Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір мұздың құлауына жауапты тұлғаны анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
@baq_kz
2 759
⚡️Тамыз айында қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Тамыз айынан бастап күшіне енетін негізгі жаңашылдықтарға шолу жасадық.
🔗 https://baq.kz/1-tamyzdan-bastap-qazaqstanda-ne-ozgeredi-320036759/
@baq_kz
2 759
⚡️ШҚО-да заңсыз алтын өндірген топ ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында рұқсатсыз алтын өндірген топтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Заңсыз кен өндіру салдарынан 30 гектар жер бүлініп, өзен арнасы өзгерген.
Іске 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай азаматтары тартылған. Тінту кезінде ауыр техника мен алтын өндіруге арналған өндірістік кешендер тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.
@baq_kz
2 759
⚡️Еуро банкноталарының жаңа дизайны таныстырылды
Еуро банкноталары 20 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа дизайнға ие болады.
Еуропалық орталық банк еуроның жаңа сериясына арналған банкноталардың соңғы дизайн нұсқаларын ұсынды. Болашақ банкноталардың жалпы 10 нұсқасы әзірленген және олар екі тақырыптық тұжырымдамаға негізделген ⬅️
@baq_kz
2 759
⚡️Иран Болгарияға қатаң ескерту жасады
Тегеран Болгария АҚШ-қа өз әскери базаларын пайдалануға рұқсат бергеннен кейін бұл елге тағы да қатаң ескерту жасады. Балқан елінің бұл шешімі екі мемлекет арасындағы дипломатиялық шиеленістің жаңа көзіне айналды.
Тегеран бұл бір реттік жағдай емес екенін атап өтті. Иран тарапының айтуынша, мұндай қадамдар бұған дейін де АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операцияларын қолдау мақсатында жасалған.
Толығырақ ⬅️
@baq_kz
2 759
⚡️Орталық Азиямен тауар айналымы күрт өсті: Қазақстан жаңа межені бағындырды
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 28,9%-ға өсіп, рекордтық 4,2 млрд долларға жетті. Сонымен қатар аймақ бүгінде Қазақстан экспорттайтын дайын өнімнің 40%-ын қабылдайтын негізгі сыртқы нарыққа айналып отыр. Бұл туралы экономист Ернар Серік келтірген деректерде айтылған ⬅️
@baq_kz
2 759
⚡️Павлодар облысында қоқыс пакеттерінен бөлшектелген әйелдің мәйіті табылды
Павлодар облысының Екібастұз қаласында әйел адамның бөлшектелген денесі табылуына байланысты қылмыстық іс тергелуде.
Куәгерлердің айтуынша, Мұхтар Әуезов көшесіндегі қоқыс алаңынан адамның бөлшектелген денесі салынған дорбалар табылған. Оқиға туралы ақпарат полицияға түсіп, одан кейін құқық қорғаушылар тексеруді бастады.
Павлодар облыстық Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
@baq_kz
