ch
Feedback
ұстаз Ерсін Әміре

ұстаз Ерсін Әміре

前往频道在 Telegram

🕌 "Сейітжан қари" мешітінің Бас имамы ☀️ Құраннан бес қырағат иесі | Хафиз 🌐 Ресми парақша

显示更多

📈 Telegram 频道 ұстаз Ерсін Әміре 的分析概览

频道 ұстаз Ерсін Әміре (@yersin_amire) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 15 211 名订阅者,在 宗教与灵性 类别中位列第 5 700,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 583

📊 受众指标与增长动态

невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 15 211 名订阅者。

根据 12 六月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 -199,过去 24 小时变化为 -6,整体触达仍然可观。

  • 认证状态: 未认证
  • 互动率 (ER): 平均受众互动率为 37.25%。内容发布后 24 小时内通常能获得 N/A% 的反应,占订阅者总量。
  • 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 0 次浏览,首日通常累积 0 次浏览。
  • 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 0

📝 描述与内容策略

作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
🕌 "Сейітжан қари" мешітінің Бас имамы ☀️ Құраннан бес қырағат иесі | Хафиз 🌐 Ресми парақша

凭借高频更新(最新数据采集于 13 六月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 宗教与灵性 类别中的关键影响点。

15 211
订阅者
-624 小时
-537
-19930
帖子存档
Түркия төріндегі Құран жарысы: Алланың қалауымен Түркия елінде өткен XI Халықаралық Құран жарысына қатысып қайту нәсіп болды.
+5
Түркия төріндегі Құран жарысы: Алланың қалауымен Түркия елінде өткен XI Халықаралық Құран жарысына қатысып қайту нәсіп болды. Жарыс биылғы жылдың 20–26 сәуір аралығында Диярбакыр қаласында өтті. Диярбакыр — екі пайғамбар мен жиырмадан астам сахаба жерленген, Түркиядағы қасиетті саналатын қалалардың бірі. Құран жарысының бағдарламасына сәйкес, 27 сәуір күні Анкара қаласына жол тарттық. Онда Түркия Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Сафи Арпагуштың арнайы қонағы болдық. 29 сәуір күні Құран жарысының қорытынды марапаттау рәсімі Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Президенттік кешенде салтанатты түрде өтті. Бұл сапар мен үшін үлкен тәжірибе болды. Сапар барысында Шейх Яхия Ғаусани сынды әлемдік деңгейдегі қари-ұстаздармен жақынырақ танысып, рухани байланыс орнатудың сәті түсті. 🔗ұстаз, хафиз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Жалпы Алла Тағаланың бұйырған бұйрықтарының астында жатқан хикметтерін іздеп, ізденіс жасауға болады. Бірақ, бұйрықтарға қарсы шығып, оны талқылауға болмайды. 🔗ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Патшаның әйелі Юсуф Пайғамбарды зинаға шақырғанда, Юсуф Пайғамбар зинадан қашып зынданға түсуді артық көрген еді. Ал қазіргі мұсылман жігіттер көшедегі қызды көрсе, көздерін де тыя алмайды. 🔗ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Кімде-кім Рамазан айына құлшылық жасайтын болса Рамазан бітті, кетті. Ал, кімде-кім Аллаға құлшылық жасайтын болса Алла мәңгі тірі, ешқашан жоқ болмайды. Құрметті бауырлар! Раббысын тек қана ораза айында танитын Оразбай мен Оразгүлдерден немесе оразаның сауабынан да мақрұм болған, тек айт намазына ғана келетін Айтбайлар мен Айтгүлдерден болмайық. Аллаға құлшылық қылу сезонный (науқандық) іс емес! - ұстаз Ерсін Әміре ✈️ t.me/yersin_amire

Мүмкіндіктер айы Пайғамбарымыз ﷺ бұл айдың мүмкіндігін бізге былай сипаттап береді: “Рамазан айына кіре тұра, Рамазан айында тірі бола тұра сол Рамазанның ішінде, Рамазан айында жүріп, бірақ Алланың мейіріміне қол жеткізе алмаған адам ұзақтатылсын, ол адам ұзақ болсын, Алланың мейірімінен ұзақ болсын” деп осындай бір ауыр сөзді айтады. Яғни, сондай үлкен мүмкіндікті пайдалана алмай қалған адам - нағыз бақытсыз адам деп жатыр. 1000 айдан қайырлы түн бар. Әр түнде Алла Тағаланың тозақтан азат ететін құлдары бар. “Уа, жақсылық істеуді қалаушы, сыбана кіріс, жеңіңді түріп, жақсылап кіріс. Өйткені бұл ай - мүмкіндіктер айы” деп періште айтады. Көптеген жеңілдіктер, бонустар, мүмкіндіктер беретін айда сонда да ораза ұстамаған адам - нағыз мақұрым қалған адам, нағыз бақытсыз адам. Мейлі бір күнін өткізіп алдыңыз, екі күнін өткізіп алдыңыз, үш күнін, бес күнін өткізіп алдыңыз. Бірақ, білдіңіз бе ұстау міндетті екенін, бірден сол уақыттан бастаңыз. Біледі, бірақ сонда да екіленіп жүретіндер бар. Басталып кеткеннен кейін, “енді 1 апта өтіп кетті ғой қалай бастаймын..” - деп. Жоқ, 1 апта өтіп кетсе де, 10 күн өтіп кетсе де сол оразаны ұстаңыз, бастаңыз. Қалған күндерін кейін толтырып бересіз. -ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Рамазанның соңғы он күнінде жасау керек амалдар 🎙️ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire
міндетті түрде тыңдап шығып, Рамазанның соңғы он күнін дұрысынан өткізуге тырысайық

Пайғамбарымыз ﷺ басқа бір хадисінде: «Қадір түнін соңғы он күннен іздеңдер және соның ішінде тақ түндерінен іздеңдер» дегені де мұсылмандардың соңғы он күнінде көбірек құлшылық жасауымыз үшін нақты қадір түнін бекітпей, жалпы біздер үшін оразаның соңғы түндерін құлшылықпен өткізуіміз үшін айтып кеткен. - ұстаз Ерсін Әміре ✈️ t.me/yersin_amire

☪️ҚАДІР ТҮНІ - Қадір түнінің абзалдығы - Қадір түні не істейміз - Қадір түні айтылатын дұға - Алладан кешірім тілеу - Садақа беру - Ұстаздан дұға ✈️ t.me/yersin_amire

Оразаның күндізі той жасап, ас беруге бола ма? Маңызды ескерту! 🎙️ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

☪️1️⃣0️⃣➖🔠🔠🔠
+3
☪️1️⃣0️⃣➖🔠🔠🔠

ayuzasharda_yersin_amire.mp32.72 KB

ОРАЗА ҰСТАҒАН АДАМ АУЫЗЫН АШҚАНДА АЙТАТЫН СӨЗДЕР ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الَأَجْرُ إِنْ شَاءَ الله Аудармасы: «Шөл басылды, тамырлар нәр алды, әрі, Алла қаласа, сауап та күтіп тұр». t.me/yersin_amire #dua #zikir

Мешітке баруға бет жоқ “Ой, мен күнә істеп қойдым, болды мен дайын емеспін, қазір бет жоқ, басқа” - деп адам өзін тосуына болмайды. Әсіресе дінді білмейтін, діннен ұзақ адамдар солай істейді. Мешітке жүр десе, “кеше ұрттап қойған едім” дейді. Ұрттап қойған болсаң керісінше сен мешітке келуің керек, Құдайдан кешірім сұрауың керек. Сен мұқтажырақсың. Күнде барып жүрген адамнан гөрі намазға баруға, мешітке баруға, тәубеге сен мұқтажырақсың. Неге? Өйткені, сен былайша айтқанда аурусың. Емге кім мұқтаж? Ауру адам мұқтаж. Күнә істеп жүріп мешітке баруға дайын емеспін немесе мешітке баруға бет жоқ дейтін адам ол - "мен аурумын, емделуге бет жоқ" деген сияқты адам. Емделмесең қалай сен түзелесің? “Мен тазарайын, кейін барам” - дейді. Сен қалай намаз оқымай тазарасың? Сен қалай тәубе етпей тазарасың? -ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

ТАРАУИХ НАМАЗЫНЫҢ ТАСБИХЫ سُبْحَانَ ذِي الْمُلـْكِ وَالْمَلَكـُوت، سُبْحَانَ ذِي الْعِزّةِ وَالْعَظَمَةِ وَالْقُدْرَةِ وَالْكِبْريَاءِ وَالْجَبَرُوت، سُبْحَانَ الْمَلِكِ الْحَيِّ الَّذِي لاَ يَمُوت، سُبُّوحٌ قُدُّوسٌ رَبُّنَا وَرَبُّ الْمَلآءِكـَةِ وَالرُّوح، لآ إلهَ إلاَّ اللهُ نَسْتَغْفِرُ اللهَ  نَسْأَلُكَ  الْجَنَّة  وَنَعُوذ ُ بِكَ مِن النّـَار 🎙️ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Ораза айында намаз бастау жеңіл ме? -ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Оразаның тағы бір артықшылығы - нығметтерді сезіну және нығметтен мақұрым болған адамдардың халін сезіну. Қаншама адамдар бар жеуге тамақ таппай отырған, қаншама адамдар бар ішуге су таппай отырған. Африкада қаншама адамдар аштықтан өліп жатыр. Алла Тағала бізге ораза арқылы осындай нығметтерді сезінуді үйретеді - ұстаз Ерсін Әміре ✈️ t.me/yersin_amire

Ауызашар және сәресі дұғаларын қазақша айтсақ болады ма? - ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Оразаның алғашқы күндерін жіберіп алсақ не істейміз? Төртінші күннен болса да, бесінші күннен болса да ұстауы керек және ұстағаны абзал болып табылады. Жалпы екілену, қорқу бұның барлығы шайтанның азғыруы, шайтанның айла әрекеті деп білуі керек. Сол үшін де толық шешіммен оразаны бастап кетуі керек. Әрбір күнді ғанибет білуі керек. - ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

☪️Рамазан айымен құттықтау Ассаляму алейкум қадірлі ағайын, аға-іні, әпке қарындастар. Кіріп келген Рамазан айы баршаңызға құтты болсын! Бұл ай әрбір отбасыға береке, шаттық, бақыт, жақсылық алып келсін. Рамазан айы мейірім мен жұмсақтықтың, сабыр мен рухани тазарудың айы. Алла Тағала осы айда әрқайсымыздың ұстаған оразаларымызды, жасаған дұғаларымызды, өзге де сауапты істерімізді қабыл етсін. Бұл қасиетті айда бір-бірімізге жақсылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созып, жүректерімізді мейірімге толтыра білейік. Рамазан бізге бірлікті, сабырлықты, мейірімді үйретсін. Алла Тағала әрқайсымызға осы айдың күндізін оразамен, түндерін құлшылықпен өткізуді нәсіп етсін. Ораза айы баршаңызға құтты болсын! - ұстаз Ерсін Әміре ✈️t.me/yersin_amire

Алғашқы тарауықтан қалмайық бауырлар ✈️t.me/yersin_amire