ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)
前往频道在 Telegram
显示更多
未指定国家未指定类别
370
订阅者
+324 小时
+67 天
+1130 天
帖子数量
数据加载中...
反应
评论
Telegram 星星
按以下排序的热门帖子
数据加载中...
发布分析
帖子 | 浏览量动态 | |||||
1️⃣9️⃣.«Немесе олар қараңғылықтарға қамалып, күн күркіреп, найзағай ойнап жауған нөсерге тап болған адамдарға ұқсайды. Олар жай отының үрейінен өліп кетеміз бе деп, саусақтарын құлағына тығып алады».
Яғни олардың күмәнға толы халдері тас қараңғылықтағы найзағайдың жарқылдап, жауынның астында қалған адамның халі тәрізді. Бұлттардың да ішінде тас қараңғылықтар, қатты найзағай жарқылдары мен күн күркіреуі бар. Міне, осы күн күркіреудің қорқынышынан сақтану үшін, саусақтарын құлақтарына тығады. Бұл - қатты қорқыныштың белгісі. Күн күркірі мен найзағайдан өліп кетеміз бе де қатты қорыққаны сонша осылайша әрекет еткеннен басқа амалы жоқ.
«Алла капірлерді құрсаулап, қыспаққа алушы».
Яғни Алла Тағала құдіретімен оларды қоршауға алғандықтан, олар енді Оның қалауы мен еркінде. Айналасынан жау қоршап, құтыла алмағаны тәрізді, олар да Алланың еркінен тыс шығып, құтыла алмайды.
2:19
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy | 104 | 1 | 0 | 6 | Loading... | |
1️⃣8️⃣.Саңырау, мылқау һәм көр соқыр. Сондықтан олардың кері қайтулары мүмкін емес».
Олар саңырау тәрізді жақсылықты естімейді, мылқау тәрізді өздеріне пайдалы нәрсені сөз етпейді, көр тәрізді туралықты көре алмайды. Енді, олардың осы бір мүшкіл халдерінен арылып ақиқат пен жарыққа қайта оралулары да әсте мүмкін емес. Сондықтан да, олар адасқан жолдан әсте кері қайта алмайды.
Алла Тағала олардың халдерін одан әрі ашықтай түсіп, екінші мысалды келтіріп былай дейді:
2:18
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy | 100 | 0 | 0 | 5 | Loading... | |
1️⃣7️⃣. «Олардың халі от жаққан адамға ұқсайды. От жалыны алаулап, айналаға жарық шашқанда, Алла олардың нұрын алып кетіп, оларды көзге түртсе, көргісіз тас түнек қараңғылықтарға тастайды».
Олардың екіжүзді жағымсыз жағдайлары жылынып, жарық ету үшін от жаққан адамға ұқсайды. Сол от жанған кезде, артынша өшіп, тас қараңғыда қалып, қатты қорқынышқа тап болады. Яғни от енді жанып, айналасына жарық шашып, жылуын бере бастап, амандыққа енді жеттік дегенде, Алла оның отын алып қояды да, жарық жоғалып сала береді. Олар қараңғылықтар мен қорқыныш ішінде не істерін білмей, әрлі-берлі жүріп, ақырында тура жолды таба алмай дал болады.
Ибн Кәсир былай дейді: «Алла мұнапықтар турасында осы мысалды баяндап, һидаяттың орнына надандықты, көрегенділіктің орнына көрлікті таңдауына қатысты олардың жарыққа мұқтаж болғаны үшін от жаққан адамға теңеді. От оның айналасын енді жарық қылып, оң мен солын енді ғана тани бастағанда, аяқ астынан оты сөніп, тас қараңғылықта, түк көре алмай, жолын да таба алмай қалады. Міне, мұнапықтар да һидаяттың орнына адасқандықты, туралықтың орнына бұрыстықты таңдауда нақ осындай еді. Бұл мысал олардың алдымен иманға келіп, артынан кәпір болғандықтарын көрсетеді. Сол үшін Алла олардың нұрларын алып, орнына күпірлік, күмән мен екіжүзділік қараңғылығына батырып, жақсылықты таба алмайтындай, азаттық жолын біле алмайтындай етіп тастайды»²⁰.
📍²⁰ Мухтасар Ибн Кәсир, 1/36
2:17
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy | 104 | 0 | 0 | 5 | Loading... |

