Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал
前往频道在 Telegram
Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿
显示更多未指定国家未指定类别
385
订阅者
-124 小时
+197 天
+2030 天
帖子存档
«Ақ жол» партиясы халықаралық байқаушылармен кездесті
«Ақ жол» демократиялық партиясы орталық кеңсесінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясынан (ҰҚШҰ ПА) келген халықаралық байқаушылар тобымен маңызды кездесу өтті.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауын бақылау мақсатында келген мәртебелі делегациямен емен-жарқын пікір алмасу ұйымдастырылып, маңызды саяси мәселелер талқыланды.
Халықаралық байқаушылар миссиясының құрамында ҰҚШҰ ПА Жауапты хатшысы Сергей Поспелов бастаған делегация бар. Атап айтқанда, көршілес елдердің парламенттерінен келген Нилуфар Алимжанова мен Баир Жамсуев секілді өкілдер еліміздегі саяси науқанның барысын халықаралық стандарттар аясында бақылауға арнайы атбасын бұрған.
Кездесуге «Ақ жол» партиясы тарапынан Орталық аппарат басшысы Асылхан Қожахметов, партия төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев, Астана қалалық филиалының төрағасы Асқар Смағұлов және Орталық аппараттың Халықаралық бөлімінің басшысы Әсем Аққужанова қатысты. Басқосу барысында тараптар өзара ынтымақтастық байланыстарды бекемдеу, елдегі саяси доданың — сайлау науқанының қарқыны мен Құрылтайдың жаңа рөлі жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті.
Диалог форматында өткен жиын барысында алдағы сайлаудың ашықтығы, заңдылығы мен демократиялық талаптарға сай өтуінің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Партия өкілдері мен халықаралық байқаушылар ашық пікір алмасып, алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласа
"Ақ жол" Демократиялық партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері қаладағы ірі ARAY CITY MALL сауда орталығында Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды 23 тамыздағы Құрылтай сайлауында "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырды.
Ютуб-канал «Жұрттың баласы»провёл интересный разбор политических программ партий Казахстана и составил «карту» их позиционирования по отношению к экономическим и политическим свободам.
По этой оценке, Демпартия «Ак жол» является наиболее продвинутой в плане конкурентной рыночной экономики и либерального государства.
https://youtu.be/Ob5GdgfmJ9g?si=UFR7eQeJwBc4ZDm0
Госзакупки должны давать бизнесу возможности, а не создавать новые барьеры.
Как предпринимателю работать и развиваться в существующих условиях? Что необходимо менять в системе и почему государству важно слышать тех, кто ежедневно сталкивается с этими вопросами на практике?
Микрюков Виктор — о своем опыте, взгляде на бизнес и проблемах, которые требуют конкретных решений.
Подробнее — в нашем блиц-опросе.
https://www.instagram.com/reel/DcSm3fLsivX/?igsi=dWdjaWE4ZmcyZjds
Экономикалық өсім есептегі сандармен емес, еңбек адамының табысымен өлшенуге тиіс
Шымкенттегі «LOTTE Рахат» өндірістік алаңында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дәния Еспаева кәсіпорын ұжымымен кездесті.
Кездесуде жұмысшылардың әл-ауқаты, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі, шағын бизнесті қолдау және несие мөлшерлемелерін төмендету мәселелері талқыланды.
Отандық өндіріс — жұмыс орындары мен тұрақты табыстың негізі. Сондықтан қымбат несие мен әкімшілік кедергілер кәсіпорындардың дамуына тосқауыл болмауы керек.
Еңбек адамының мүддесін қорғау — ел экономикасын қорғау!
23 тамызда — №6. «Ақ жолға» дауыс беріңіз!
«Ақ жол»: экономикалық дербес жастар — қуатты мемлекеттің тірегі
20 тамызда Шымкент қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған Жастар форумы өтті. Іс-шараға партия төрағасы Дәния Еспаева, Қазыбек Иса және Мұхтар Шимиров қатысты.
Форум барысында жастар кәсіпкерлігін дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, Салық кодексін жетілдіру, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік және салықтық жүктемені азайту мәселелері талқыланды.
«Ақ жолдың» ұстанымы айқын: жаңа жұмыс орындарын шенеуніктер емес, кәсіпкерлер ашады. Сондықтан салық жүйесі адал бизнесті жазалаудың құралына емес, оның дамуына жағдай жасайтын тетікке айналуға тиіс. Ал мемлекет кәсіпкерлік бастамаға кедергі келтірмей, баршаға ортақ әрі түсінікті ережелерді қамтамасыз етуі қажет.
Кездесуде отбасы институтын нығайту және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне де назар аударылды. Берік отбасы құр ұраннан емес, тұрақты жұмыстан, лайықты табыстан және ертеңгі күнге деген сенімнен басталады.
Ашық пікір алмасу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Партия өкілдері жастар саясаттың сырттай бақылаушысы емес, елдегі өзгерістердің белсенді қозғаушы күші болуы тиіс екенін атап өтті.
Форум соңында қатысушылар 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырылды.
23 тамызда — №6. «Ақ жолға» дауыс беріңіз!
Өзгерістер «Ақ жолмен» бірге!
Отандық өндіріс — қуатты экономиканың негізі
20 тамызда сайлауалды науқан аясында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дәния Еспаева бастаған Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Шымкент қаласындағы «QAZALPACK» өндірістік кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге Қазыбек Иса мен Мұхтар Шимиров қатысты.
Партия өкілдері кәсіпорын цехтарын аралап, заманауи технологиялық желілердің жұмысымен және өнім шығару үдерісімен танысты.
Кездесуде отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, жұмыс орындарын сақтау және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өндіріс саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Айтылған пікірлер мен ұсыныстар назарға алынды.
«Ақ жол» үшін нақты сектор мен отандық бизнесті қолдау — ел экономикасының тұрақтылығы мен жаңа жұмыс орындарының негізі.
23 тамызда «Ақ жолға» дауыс беріңіз! Бюллетеньде — №6.
Когда цель выше личных амбиций, меняется и отношение к результату.
Бек-Мухамед Жаукебаев — о целях, мотивации, собственных принципах и о том, что помогает не останавливаться на достигнутом.
Короткие вопросы и ответы, которые позволяют узнать кандидата не только как политика, но и как человека.
Смотрите новый блиц-опрос.
https://www.instagram.com/reel/DcQ0hT6CUJp/?igsi=N2pvaGhvbzRuancw
Кандидат в депутаты Құрылтая от Демократической партии «Ак жол» Бактыбек Бибаев проанализировал предвыборную программу партии Respublica и объяснил, почему шаблонные лозунги и модные термины не могут заменить чёткую идеологию, конкретные обязательства и ответственность перед страной.
Құрғақ уәде емес, нақты іс керек!
Бүгін Қазақстанға жалаң ұрандар емес, халық игілігіне жарайтын нақты шешімдер қажет. «Ақ жол» партиясы ұлттық мүддені ту еткен тәуелсіз мемлекетті қолдайды. Біз адал билік, ашық басқару, пәрменді парламенттік бақылау мен бәріне ортақ әділ сотты жақтаймыз.
Мемлекет қаржысына үлкен жауапкершілік керек. Қайтарылған активтер мен қазына қаржысы тікелей мектеп, аурухана, тұрғын үй мен заманауи инфрақұрылымға жұмсалуы тиіс. Экономикаға серпін беретін басты күш – еркін кәсіпкерлік пен қуатты өндіріс. Нағыз тәуелсіздік – адал еңбекпен табысқа жету, ісіңді кедергісіз бастау және ертеңге деген сенім.
Өзгерісті бірге жасайық! «Ақ жол» партиясына дауыс беріңіздер!
Дания Еспаева приняла участие в открытии республиканского телеканала «Әділет TV» в Шымкенте
20 августа в Шымкенте Председатель Демократической партии «Ақ жол» Дания Еспаева приняла участие в церемонии открытия республиканского телеканала «Әділет TV».
В мероприятии также приняли участие представители партии Казыбек Иса и Исламбек Тулебаев, а также коллектив нового телеканала.
В ходе встречи представители «Ақ жол» поздравили коллектив с началом работы и отметили важную роль средств массовой информации в формировании открытого общественного диалога и освещении актуальных вопросов, волнующих граждан.
В рамках предвыборной кампании участникам также представили основные направления политической программы Демократической партии «Ақ жол». Речь шла о поддержке отечественного предпринимательства, развитии сильного среднего класса, защите прав и законных интересов граждан, укреплении парламентского контроля и других инициативах партии.
Дания Еспаева подчеркнула, что открытая информационная среда и профессиональная журналистика имеют особое значение для развития общества. Средства массовой информации должны оставаться площадкой, где поднимаются реальные проблемы граждан, звучат разные позиции и формируется содержательный диалог между обществом и государством.
Представители партии пожелали коллективу «Әділет TV» профессиональных успехов, объективного освещения общественно значимых тем и новых проектов.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы кездесулерін жалғастыруда
Отандық өндіріс – ел экономикасының тірегі
Бүгін Шымкент қаласындағы «QAZALPACK» өндірістік кәсіпорнында маңызды қоғамдық-саяси басқосу өтті.
«Ақ жол» партиясы төрағасы Дания Еспаева бастаған штап мүшелері елдегі кәсіпкерлікті қолдау, отандық өнім өндірушілердің нарықтағы үлесін арттыру және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мәселелерін кеңінен талқылады.
Шара барысында спикерлер партияның алдағы уақытқа жоспарлаған негізгі бағыт-бағдарымен таныстырып, бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ең алдымен ішкі өндіріс орындарын барынша қолдау қажеттігіне назар аударды.
Жиын барысында отандық кәсіпкерлерді негізсіз кедергілерден қорғау, салықтық ынталандыру жүйесін қайта қарау және өндіріс орындарын заманауи технологиялармен жабдықтауға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету секілді стратегиялық басымдықтар сөз болды. Халық қалаулылары жаһандық экономикалық құбылмалылық жағдайында Қазақстан үшін ішкі нарықты қамтамасыз етіп отырған отандық кәсіпорындардың рөлі орасан зор екенін баса айтып, қарапайым жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мен тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттің қуаты оның өндірістік әлеуетінде екенін тілге тиек еткен меймандар, еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың құқығын қорғап, отандық кәсіпорындардың еркін дамуына жол ашу ортақ міндет екенін жеткізді.
Елуге жуық зауыт қызметкері қатысқан жиын тек баяндама оқумен шектелмей, ашық диалог форматында өрбіді. Жұмысшылар қауымы өндіріс процесіндегі қиындықтар, шикізат мәселесі және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты өздерін толғандырған сауалдарын тікелей қойып, пікірталасқа белсенді түрде араласты. Кәсіпорын ұжымы тарапынан айтылған ұтымды ұсыныстар назарға алынып, спикерлер әрбір сұраққа дәйекті әрі нақты жауаптар берді.
Кездесу қорытындысы бойынша партия өкілдері кәсіпорын қызметкерлері көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын және олардың тиісті деңгейде қаралып, шешілуіне ықпал ететіндерін жеткізді. Отандық өндірісті қолдауға бағытталған мұндай ашық жүздесулер саяси күштер мен қарапайым еңбеккерлер арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы ортақ түйткілдерді бірлесе шешуге зор үлес қосады.
Кандидат в депутаты Курултая от Демократической партии «Ак жол» Бек-Мухаммед Жаукебаев прокомментировал подход партии Respublica к отбору кандидатов и объяснил, почему политиков нельзя оценивать только по популярности в социальных сетях.
