🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
前往频道在 Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
显示更多未指定国家未指定类别
1 742
订阅者
-224 小时
+17 天
+430 天
帖子存档
وَقَالَ يَٰبَنِىَّ لَا تَدْخُلُوا۟ مِنۢ بَابٍ وَٰحِدٍ وَٱدْخُلُوا۟ مِنْ أَبْوَٰبٍ مُّتَفَرِّقَةٍ ۖ وَمَآ أُغْنِى عَنكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَىْءٍ ۖ إِنِ ٱلْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِ ۖ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ ۖ وَعَلَيْهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُتَوَكِّلُونَ
Яқуб ұлдары сапарға аттанарда: «Уа, балаларым! Қалаға барғанда барлығың бір қақпадан кірмей, бөлек қақпалардан кіріңдер. Шындығында, мен (қанша жерден ақыл айтсам да) сендерді Аллаһтың жазғанынан сақтап қала алмаймын. Қалай дегенмен кесімді үкім айту, шексіз билік бір Аллаһқа ғана тән. Сол үшін де мен Оған ғана арқа сүйеп тәуекел етемін. Өзіне сүйеу іздеген ғаріп жандардың барлығы (яғни, күллі адамзат) Оған ғана арқа сүйеп тәуекел етуі керек», – деп насихат айтты.
(«Юсуф» сүресі 12:67)
قَالَ هَلْ ءَامَنُكُمْ عَلَيْهِ إِلَّا كَمَآ أَمِنتُكُمْ عَلَىٰٓ أَخِيهِ مِن قَبْلُ ۖ فَٱللَّهُ خَيْرٌ حَٰفِظًا ۖ وَهُوَ أَرْحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ
Әкелері Яқуб оларға: «Сендерге бұдан бұрын оның үлкен бауырын сеніп тапсырғанымдай, енді оның өзін аманат етейін бе?! Ең жақсы қорған – Аллаһ! Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі», – деді.
(«Юсуф» сүресі 12:64)
📖 Құдси хадистерінде бірінде былай делінеді:
“Аллаһ Тағала байлық берген құлынан сұрайды екен, “Уа, құлым, Мен саған байлық бердім, онымен не істедің?”
Құлы: “Уа, Раббым! Мен оны ешқайда жұмсамадым, кейін балаларым кедей болып қалмасын деп қорықтым”,-дейді.
Сонда Раббымыз оған айтады: “Сен Менің Ризық Беруші, Қуатты, Берік екенімді білмедің бе? Ал сен қорыққан нәрсені олардың басына түсірдім”
Ал басқа бір құлынан дәл солай: “Уа, құлым, Мен саған байлық бердім, онымен не істедің?”
Құлы: “Уа Раббым! Оны әр мұқтажға жұмсадым. Өйткені, Сен - Ең жақсы Сақтаушысың, әрі Сен - Мейірімділердің ең Мейірімдісісің!”,-дейді.
✨ Жомарт Кершеев ұстаздың сабағынан
#тәуекел
Аллаһ жайлы жақсы ойлау, Одан жақсылық күту – Оған жасалатын ең көркем құлшылықтан💗
Йақуб пайғамбар (алейхиссалям) Юсуф баласын (алейхиссалям) бауырларымен ойнауға, алысқа жіберіп жатқанда қатты қорқады екен, қасқыр жеп қоймайды ма, сендер қарамай қоймайсыңдар ма деп, осы бір қорқыныш үшін (яғни, Аллаһқа тоолық тапсырылмағасын) Аллаһ құлын Юсуф баласымен, ажыратумен сынаған. Ол оқиғаның даналықтары өте көп, соның бірі осы. Ал арада бірнеше жыл өтіп, Беньямин ұлын сапарға жібергенде, толықтай Аллаһқа тапсырып, тәуекел етеді, сол кезде Раббымыз айтады екен періштелеріне: “Ұлылығыммен ант етемін, Мен оған екі баласын бірге қайтарып беремін” деп солай, екі ұлын бірге көріп, көзі ашылып, осындай маңызды сынақтан өтеді.💗
#дұға
#тәуекел
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
🤍✨Сүйікті Мухәммәд Мырзамыз, Ұстазымыз, Жанашырымыз, Аллаһ Елшісіне солляллаху алейхи уа саллям қатысты 🍃ӘДЕПТЕР🌱:
❤️Пайғамбарымыз ДЕМЕУ, Аллаһ Елшісі солляллаху алейхи уа саллям деу😊
Неге?✨🤍⬇️
Ибн Хаджар аль-Хайтами рахимахуллах “Пайғамбар, Пайғамбарымыз” сөзін тікелей өзіне қолдануды әдепсіздік санаған. Оның орнына “Аллаһтың Пайғамбары, Аллаһтың Елшісі” деп айтуды насихаттаған. Себебі, Раббымыз құранда “О, Пайғамбар!” дейді. Тек Аллаһ қана осылай оған айта алады, ал біз Аллаһ сияқты сөйлеп, олай айтуымызға болмайды.
📍Түсіндіре кетейін, яғни Пайғамбар дегенде Аллаһқа әдеп танытып, Ол сияқты атамау Оның Елшісін 🤎 және ол біздің емес Аллаһтың Пайғамбары ғой сол үшін, Аллаһ Елшісі, Пайғамбары деп айту әдептірек болады😊😘
🌺 Әл-Ләтыфтың құлы
#әдеп
💗 «Уа, Аллаһ тағалам! Мен Өзіңнен пайдасыз білімнен, қорықпайтын (жасымайтын) жүректен, тоймайтын нәпсіден және қабыл болмайтын дұғадан пана тілеймін».
Аллаһ Елшісінің 🌱 дұғасы
Біз сырттай баға беріп, бақылаймыз, бірақ Аллаһтың жәрдемімен ішке үңілсек, көпшіліктің айналысып жүрген істері, айтып жүрген сөздері және көрсетіп жүрген дүниелері – жан тыныштығы жоғалғаннан, нәпсінің аштығынан, Аллаһқа сенбеуден, өз күшіне, ақылына тәуекел етуден.
#насихат
Қазіргі замандағы ең үлкен байлық — жан тыныштығы, көңілдің тоқтығы, Аллаһқа тәуекел✨
Repost from N/a
Каждое благо, которым ты обладаешь, и каждый успех, которого ты достигаешь, должны быть сопровождаемы смирением.
Высокомерие превращает имеющееся у тебя добро в зло, а твой успех — в поражение.
| Шейх Мухаммад Абу’ль-Худа аль-Якуби
Repost from N/a
Мы можем просить о чём-то сейчас, но это может быть предопределено для нас лишь через десять лет.
Когда мы просим Аллаха о чём-либо, мы не подразумеваем, что знаем лучше Аллаха, и не стремимся ускорить то, что Он уже предопределил. Поэтому, когда мы просим, мы всегда просим также о прощении.
| Шейх Мухаммад Абу’ль-Худа аль-Якуби
💗 Қаншалықты өзіңізден 1% болсын күш көрмесеңіз, лайықсыз болсаңыз да, қаншама нығметтерге бөленіп жатқаныңызды түсінсеңіз, өзіңізге пайда келтіре алмайсыз және зияннан өзіңізді қорғай алмайтыныңызды білсеңіз, қаншама күнә-кемшіліктеріңізді Аллаһ жасырып қойғанына ойлансаңыз, жүрегіңізде хушуғ пайда болады. Кішіпейіл құл бола бастайсыз. Сол кезде сіздің жүрегіңіз өзі-ақ ізденіп, талпынып тұрады - жәрдем сұрап отыруға әр істе, сабырға, намазға. Аллаһқа деген махаббаттан, Одан ұялғаннан, Оның Ұлылығын сезінгеннен, нәпсінің әлсіздігін, төмендігін және Раббысының Мейірімін, Жақындығын танығаннан.
#жүрек
💗 Аллаһтың алдында жүрекпен кішірейіп жүретін жандарға өте жеңіл келеді әрі тәттілік сезеді:
1) Үнемі Аллаһтан жәрдем сұрап жүру
2) Сабырлы болу (құлшылықта, күнәға қарсы тұруда, қиындықтарда, адамдармен мәміледе)
3) Намаз оқу
وَٱسْتَعِينُوا۟ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِ ۚ وَإِنَّهَا لَكَبِيرَةٌ إِلَّا عَلَى ٱلْخَٰشِعِينَ
(Аллаһқа құлшылық етуде, күнә атаулыдан сақтануда һәм бастарыңа ауыртпалық түскенде) сабырлылық танытып, намаз оқып, (Аллаһтан) медет тілеңдер. Расында, бұл – Аллаһтан шын именетін һәм Оған тиісінше тағзым ететін жандардан өзгелерге тым ауыр келеді.
(«Бақара» сүресі 2:45)
+3
“Жолаушы” және “Жұмақтық әйел” клубтарында жаңа трекер, амал, аудиолар💗✨
Жаңадан тіркелген оқырмандарым, бүгін-ертең клубқа қосылып алсаңыздар болады.
“Жолаушы” клубына тіркелу— 7,000 тг
“Жұмақтық әйел” клубына тіркелу — 5,000 тг
🌷
