ch
Feedback

不要被骗子欺骗!Telemetrio 会找到并标记这些频道 👉 如果想查看标记,请订阅

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

前往频道在 Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

显示更多
未指定国家未指定类别
1 745
订阅者
+124 小时
+37 天
+630 天
帖子存档
Repost from Sakenkyzy
Ақылға салсаң бұл дүние “сынақ алаңы” болғандықтан тек сынақтардан тұру керек еді. Алайда, Алла сондай мейірімді, ауыртпашылығымызға қарағанда жеңілдіктерімізді көбейткен екен. Әлхамдулиллә!

Зуһд қой😊Жүрекке кіргізбеу еш нәрсені, ол сізді басқармайды, сіз басқарасыз Аллаһтың қалауымен. Тек Аллаһқа байлану, тек Алл
Зуһд қой😊Жүрекке кіргізбеу еш нәрсені, ол сізді басқармайды, сіз басқарасыз Аллаһтың қалауымен. Тек Аллаһқа байлану, тек Аллаһқа құл болу. Аллаһтан басқа нәрселерге байланған сайын өз өміріңізді өзіңіз қиындатып аласыз. Мысалы, кофесіз жүре алмайды екенмін деген нәрсе бар көбінде. Бұл да құлдық қой негізі…Кофе сізбен басқарып кетті, көңіл-күйіңізбен. Құран оқу үшін, кітап оқу үшін, күніңіз әдемі өту үшін, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болу үшін міндетті түрде сол зат керек деп өзіңіз шарт қойып алуыңыз. Әдейі бас тартуды үйреніңіз. Ол болмай қалған күні өзіңізді өте тыныш, бос, еркін сезіне алуыңыз үшін. Бұл - сүннет. Аллаһ Елшісі 🌱 үйге келіп, тамақ бар ма деп сұрағанда, жоқ деген жауапты естіген күндері тыныштық, байсалды халінде әрі қарай жұмыстарын жасай беретін. Оны бір заттың бар не жоқ болуы алаңдатпаған үлкен мақсаттарынан. Аллаһқа құл болудан, Аллаһты танытудан. Ал біз ше? #насихат #тәуелділік #ерікжігер #әдет

Шайтанға, нәпсіге мүмкіндік бермеу😊 Хазрет Умар ибн аль Хаттаб (радыйаллаху анху) қай көшемен келе жатса, сол көшемен жүрмей
Шайтанға, нәпсіге мүмкіндік бермеу😊 Хазрет Умар ибн аль Хаттаб (радыйаллаху анху) қай көшемен келе жатса, сол көшемен жүрмейді жындар, алдынан шығуға қорқатын еді. Сахаба Умар мырза (радыйаллаху анху) өзінің тақуалығымен және үнемі зікір халінде болуымен шайтанға өзіне жақындауға мүмкіндік, себеп бермеді😊 Аллаһ Елшісі (солляллаху алейхи уа саллям) аспаннан гөрі көбінесе жерге қарап жүрген. Харам түгілі, қажетсіз нәрсеге көзі түсіп кетпеуін осылай басқарған.😊 Абу Бакр (радыйаллаху анху) көбінесе тілінің астына тас салып жүрген. Сол арқылы артық, күнәлі сөз айтып қоюдың алдын алған😊 Бұл мысалдар және кітаптан бір бөлікті келтіру арқылы сіздерге, өзіме жасайтын насихат – белгілі бір жақсы әдет, қасиет, мінез, сүннет қалыптастырғыңыз келсе, тұрақты түрде әрине. Ол үшін ол әдет, қасиет, сүннетке әдемі қоршаулар салып қойыңыз сыртынан. Кедергілер кірмейтіндей. Мысалы, әлеум.желі, сериал дертінен арылғыңыз келсе, оғае уақытыңыз қалмайтындай күнді жоспарлап қойыңызшы. Немесе ғайбаттан аман болғыңыз келсе, өзіңізге бүгін осынша 10,000 салауат айтуым керек деген вирд жасап алыңыз, салауатпен босамай жүргесін, ғайбат кіре алмай қалады тіліңізге. Егер салыстыру дертінен емделгіңіз келсе, көзді тыйып үйреніңіз, салыстыру жайлы ойлардың келуіне мүмкіндік бермеңіз. Осылай әдемі күзет, система құру арқылы өзіңізге едәуір жеңілдете аласыз жақсы әдет, қасиеттерді. Ерік-жігеріңізді үнемдейсіз😊 #насихат #лайфхак #мінез

Мысалы, кітап оқып отырғанда мен Раббымызға шүкіршілік сезінемін, айтамын 🧡 Кітап оқи алатын ақыл сыйлағаны үшін, Ол қаласа ақылымды кем қылып жаратар еді ғой. Ақыл нығметі болуы – үлкен сый. 🧡 Кітаптың беттерін өз қолдарыммен, өз саусақтарыммен аша алатыныма шүкіршілік сезінемін, Ол қаласа мені біреуге тәуелді етіп қояр еді ғой, өз қолыммен, өз саусағыммен кітап беттерін ашу – ол үлкен сый. 🧡 Кітап оқып отырғанда сезінетін жағымды сезімдер үшін, жаңа ақпарат үшін немесе қайталау, еске алу үшін шүкіршілік сезінемін. Ол қаласа мен кітаптан емес, күнәлі заттардан жағымды сезімдер іздеп, қор болып жүруім мүмкін еді ғой. Пайдалы іске қызығуым да – Оның сыйы. 🧡 Кітап оқуға көздерім бары, әріптерді, сыртын, ішін, түсін анық көре алуым, оны оқып отырғанда еш жерім ауырмауы, еркін тыныс алуым, қауіпсіз мекенде отыруым – Оның сыйлары ғой тағы да. Осы сыйларды біз сый деп көрмегенде бақытсыз боламыз, сыйларды иеленіп, міндетсінгенде, кішіпейілділікті ұмытқанда бақытсыз боламыз, бұл сыйлар үнемі менімен бірге болу керек деп көргенде бақытсыз боламыз. Ал қашан бұның бәрі менде болмауы әбден мүмкін еді, Раббым қаласа, алып қояр еді, демек бергенде бағалайын, қадірлейін, жақсы көріп шүкір етейін деген бәрімізде қасиет болу, дамыту керек. #шүкір

Біз де шүкіршіл құл бола аламыз әр сәттегі нығметтерді байқап үйрену арқылы🧡 Негізі нағыз бақыт, жан, сана тыныштығы – қаншалықты шүкір етесіз, соған байланған.🧡 Барлық кезде, әр бір сәтте әдейі, саналы түрде шүкір етуге себеп, мүмкіндік іздеу арқылы қаншалықты осыған дейін өз бақытыңызды өзіңіз ұрлап жүргеніңізді түсіне бастайсыз🧡 #шүкір

ذُرِّيَّةَ مَنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍ ۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَبْدًا شَكُورًا Уа, Нұхпен бірге кемеге мінгізіп, алапат апаттан құтқарған мүмін құлдарымыздың ұрпақтары! Нұх расында да (Раббысына) өте көп шүкіршілік ететін құл еді. («Исра» сүресі 17:3)

🤎 🕯️ Бүгінге 2 сүннет сіздерге: ✔️ Аллаһ үшін жұмсааақ болу. 🧡 Аллаһ Елшісі 🌱 : «Жұмсақтық қай істе көрініс тапса, оған сән береді. Ал қандай да бір іс жұмсақтықтан жұрдай болса, ол істің сиқы кетеді», – деген. (Муслим) 🧡 «Аллаһ Тағала жұмсақ, әрі ісінде жұмсақтық танытқандарды жақсы көреді. Жұмсақ мінезділерге нәсіптеген игіліктерінен басқа ешкімге нәсіп етпейді» (Мүслим) 🧡 «Өзіне жұмсақтық берілген адамға дүние мен ахирет жақсылықтары берілді деген сөз» (Ахмад, Тирмизи) 🧡 Үйіңізге кіргенде не шыққанда есікті қатты жаппаңыз. Немесе есіктің қатты жабылатынын білсеңіз, оны жібере салмаңыз. Бұл – ислам әдебіне қайшы іс. 📖(Шейх Абдуль Фаттах Абу Гудда рахимахуллах) ✔️ Аллаһ үшін аз сөйлеу. 🧡 Аллаһ Елшісі 🌱: «Аллаһқа және ахыретке сенген адам не жақсылық айтсын не үндемесін!» (Бухари) 🧡 «Бос және пайдасыз істерді тәрк ету мұсылманның көркем мінезінен». (Тирмизи) 🧡 «Аллаһ еске алынбаған көп сөз жүректі қатайтады. Аллаһтан ең алыс адам-жүрегі қатты адам» (Тирмизи) 🧡 «Адам жүрегі түзелмей, иманы түзелмейді, тілі түзелмей, жүрегі түзелмейді» (Ахмад) #сүннет #тіл #көркеммінез

Сұрақ: Неліктен кейбір адамдар таңертеңгі және кешкі зкірлерді (дұғаларды) үнемі оқып жүрсе де, ауырып қалады немесе басына бір қиындық түседі? Жауап: Мұның басты себептерінің бірі — бұл зкірлердің де дұға сияқты болуында. Жүректің қатысуынсыз жасалған дұға қабыл болмайтыны сияқты, зкірлер де ықыласпен әрі жүрекпен сезініп айтылмаса, толық нәтиже бермейді. Сол себепті ғалымдар: «Егер адам оларды жүрегін оятып, зейін қойып, ниетін тазалап және Аллаһ Елшісінің ﷺ шыншылдығына кәміл сеніп айтса, бұл міндетті түрде көмектеседі деген екен. #зікір

🧡✨ Құран Кәрімде: وَذَكِّرْ فَإِنَّ ٱلذِّكْرَىٰ تَنفَعُ ٱلْمُؤْمِنِينَ Сонымен қатар, ақиқатты еске салып, насихат айтуыңды
+2
🧡✨ Құран Кәрімде: وَذَكِّرْ فَإِنَّ ٱلذِّكْرَىٰ تَنفَعُ ٱلْمُؤْمِنِينَ Сонымен қатар, ақиқатты еске салып, насихат айтуыңды жалғастыра бер. Өйткені ақиқатты еске салып, насихат айту, мүміндерге (һәм иман келтіруге бейім жандарға) қашан да пайдасын тигізбек. («Зәрият» сүресі 51:55) дәп әмір етіледі. Салауат – зікірдің бір түрі. Салауат – Аллаһ Тағалаға мадақтау мен Пайғамбарына 🌱 игілік пен сәлем айту дұғасының жиынтығы. Салауаттың қасиеттері жайлы аяттар мен хадистер негізінде 40 хикметі табылған. Ендеше, сол хикметтері мен сырларын назарларыңызға ұсынамыз:  1. Салауат – Аллаһ Тағаланың әмірін орындау; 2. Салауат – Аллаһ Тағаланың сөзімен қатар жүреді; Аллаһ Тағаланың Пайғамбарға салауаты – мақтау және шарапат көрсету болса, мұсылманның салауаты – Аллаһ Тағаладан тілегін сұрап дұға ету; 3. Салауат – Періштелердің Пайғамбарды мақтауы. Салауат айтумен мұсылманның тілегі, періштелер тілегімен ұштасады; 4. Бір салауат – Аллаһ Тағала тарапынан он жарылқауға себеп; 5. Бір салауат – мұсылманның мәртебесін он есе көтереді; 6. Бір салауатқа – он сауап беріледі; 7. Бір салауат – он қателікті жуып шаяды; 8. Дұғадан алдын айтылған салауат тілектің қабыл болу үмітін арттырады; 9. Салауат – Аллаһ Расулы (ﷺ) шапағатына лайық болудың бірден-бір себебі; 10. Салауат – күнәнің кешірілуіне себеп; 11. Салауат – Аллаһ Тағала тарапынан адамның уайым-қайғысының кетуін қамтамасыз етеді; 12. Салауат – қиямет күні Оған (ﷺ) жақын тұруға себеп; 13. Салауат – жағдайы төмен адам айтса, садақаның орнын басады; 14. Салауат – мұң-мұқтаждықтың өтелуіне себеп; 15. Салауат айтушыны – Аллаһ Тағала жарылқайды, оған періштелер дұға жасайды; 16. Салауат – айтушының жан дүниесін тазартады; 17. Салауат – адамның тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленуіне себеп; 18. Салауат – қиямет қорқынышынан құтылуға себеп; 19. Салауат – ұмытқан нәрсені тез еске түсіруге көмектеседі; 20. Салауат айтсаңыз, сәлеміңізге Аллаһ Расулы (ﷺ) жауап қайтарады; 21. Мәжіліс басында салауат айту – жиынға берекет келтіреді және азын-аулақ кемшіліктерді жояды; 22. Салауат – кедейлікті жояды; 23. Салауат – мұсылманның сараңдығын жояды; 24. Салауат – Аллаһ Расулы 🌱 жазғырған адамдар қатарынан құтқарады; 25. Салауат – жәннатқа апатарын жолға жетелейді; 26. Салауат – Аллаһ Тағаланы тілге алмайтын мәжілістен сақтайды; 27. Салауат – сөзді толықтырушы дұға. Әр маңызды әңгіме Аллаһ Тағалаға мақтау және Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтумен басталады; 28. Салауат – қыл көпірде мұсылманға мол нұр сыйлайды; 29. Салауат – адамды дөрекіліктен құтқарады; 30. Салауат арқылы Аллаһ Тағала сізді жер мен аспанды мекен еткен жаратылыс арасында жақсы атқа лайық етеді; 31. Салауат – адамның өзіне, амалына, өміріне және әрбір оның мүддесіне қажетті шаруада берекет береді; 32. Салауат – Аллаһ Тағаланың рақыметіне бөленуге себеп; 33. Салауат – мұсылманның Оған (ﷺ) деген ұдайы сүйіспеншілігінің белгісі; 34. Салауат – Аллаһ Елшісінің (ﷺ) сүйіспеншілігіне себеп; 35. Салауат – мұсылманның тура жолда жүргенінің белгісі; 36. Салауат – айтушының аты-жөні Оның (ﷺ) құзырында ескерілуіне себеп; 37. Салауат – қыл көпірде мұсылманның аяғы нық болуына және аман-есен өтуіне себеп; 38. Салауатпен – үмбеті ретінде аз да болса Аллаһ Расулы (ﷺ) алдындағы борышы өтеледі; 39. Салауат – адамзатқа жіберілген ең үлкен нығмет Аллаһ Расулы (ﷺ) үшін Аллаһ Тағаланы зікір ету және шүкіршілік білдіру сөздерін қамтиды; 40. Салауат – дұға, ол дұғада мұсылман Раббысына ең абзал адамға, яғни Аллаһтың досы Пайғамбарына (ﷺ) мақтау айту, оның мәртебесі мен дәрежесінің ұлғаюуын сұрайтын дұға.   Мұхаммед Ибраһим #салауат

“Аллаһым, менің жүрегімді сондай бір шүкіршілікке толтыршы, Сен жүрегіме қараған сайын, сол шүкіршілікті көріп, Сен менен Разы болатындай… Аллаһым, менің жүрегімді сондай бір тәубеге толтыршы, Сен жүрегіме қараған сайын, сол тәубені көріп, Сен менен Разы болатындай… Аллаһым, менің жүрегімді сондай бір тәуекелге толтыршы, Сен жүрегіме қараған сайын, сол тәуекелді көріп, Сен менен Разы болатындай… Аллаһым, менің жүрегімді сондай бір нұрға толтыршы, Сен жүрегіме қараған сайын, сол нұрды көріп, Сен менен Разы болатындай… Аллаһым, менің жүрегімді сондай бір махаббатқа толтыршы Саған және Елшіңе 🤍 арналған, Сен жүрегіме қараған сайын, сол шынайы махаббатты көріп, Сен менен Разы болатындай… Аллаһым, менің жүрегімді сондай бір мейірімге толтыршы Сенің құлдарыңа Сен үшін, Сен жүрегіме қараған сайын, сол мейірімді көріп, Сен менен Разы болатындай… Аллаһым, менің жүрегімді сондай бір хайырға, жақсылықтарға, қазыналарға, әдемі білім мен даналықтарға, Сен жайлы терең танымға толтыршы, Сен жүрегіме қараған сайын, сол дүниелерді көріп, Сен менен Разы болатындай… Жүрегімді Өзіңе тапсырдым, Мені сондай жүрек иесі етші, Сенің алдында ең сүйікті, бағалы, әдемі жүректің иесі болайын…” #дұға #Мекке

Аллаһ Елшісі 🌱 айтты: 🧡✨ «Орта жолды ұстану, асығып-аптықпау, хал мен жүрісте шектен шықпау, пайғамбарлықтың жиырма төрт бөлігінің бір бөлігі» (Әбу Дауд, Тирмизи) 🧡✨ «Парыз болмаған амалдарды шамаларың жеткенше істеңдер! Өйткені амалдардың ең қайырлысы, аз болса да жалғасымды болғаны» (Ибн Мәжә, Зуһд 28). 🧡✨ «Досыңды сүйсең, мөлшерлі сүй! Өйткені күндердің күнінде дұшпаның болып шығуы мүмкін. Дұшпаныңды мөлшерлі жек көр! Өйткені күндердің күнінде досың болуы мүмкін» (Тирмизи) #ортажол #хадис

🧡✨ «Кімде-кім таңертең ұйқысынан тән саулығымен (дені сау болып), отбасы амандықта әрі алдында бір күндік ішер асы (нәпақасы) бар күйде оянса, ол су жаңа (күллі) әлемді уысына ұстағандай болады» (Имам әт-Тирмизи хадистер жинағынан). Қанағатшылдық✨Дұрыс баға бере алу✨

#ортажол #құлшылық
+6
#ортажол #құлшылық

#ортажол #қарымқатынас
+2
#ортажол #қарымқатынас

🧡✨ «Ақиқатында, бұл дін жеңіл. Бұл дінде шектен шыққан адам жығылады. Сол үшін амалда орта жолды ұстаныңдар. Амалды (нәпіл)
+1
🧡✨ «Ақиқатында, бұл дін жеңіл. Бұл дінде шектен шыққан адам жығылады. Сол үшін амалда орта жолды ұстаныңдар. Амалды (нәпіл) шамаларың келгенше істеңдер. Амалдарың үшін берілетін сауапқа қуаныңдар. Амалды орындау үшін таңғы-кешкі уақытты және түннің алғашқы уақытын пайдаланыңдар», – деді» (Бұхари мен Муслим). 🧡✨ Сахаба Әнас (радыйаллаху анху) пайғамбарлық кезеңде болған мына оқиғаны әңгімелеп: «Пайғамбардың әйелдерінің үйіне үш адам келіп, Оның құлшылығы туралы сұрайды. «Әлгі адамдарға Пайғамбардың құлшылығы туралы айтылғанда, оны азсынғандай болып: «Бізге Пайғамбарға жету қайда. Оның ілгері-кейінді күнәсі кешіріліп қойған», – деді. Олардың бірі: «Мен өмірбақи көз ілместен түннің барлығын намазбен өткі­земін», – деді. Екіншісі: «Мен өмірбақи ораза ұстап өтемін, аузымды ашпаймын», – деді. Үшіншісі: «Мен өмірбақи әйелдерге үйленбей, бойдақ өтемін», – деді. Мұны естіген Аллаһ елшісі 🌱 әлгі адамдарға келіп: «Мұндай сөзді айтқан сендер ме? Аллаһтың атымен ант етейін, расында сендердің араларыңда Аллаһтан қатты қорқатын да, ең тақуасы да менмін. Дегенмен де мен ораза ұстап, аузымды ашамын, түнгі намаз оқып, ұйықтаймын, әйелдерге де үйленемін. Кім менің сүннетімнен бас тартса, ол менен емес», – деді (Бұхари, Муслим). #ортажол

Repost from N/a
Кімге сынақ келсе, нығметтің қадірін сезінеді. Кім нығметтің қадірін сезінсе, Аллаһ Тағаланы еске алады. Кім Аллаһ Тағаланы еске алса, Раббысына жақындайды. Ал Раббысына жақын болған адам — бақытты.

3 амал, мысал – осы сүннетке амал етіп үйренуді жеңілдететін 🤍 🤍 Біреу сөйлеп жатқанда сізге, әрбір сөзін мұқият тыңдаңыз тіпті мимика, эмоция, жестикуляцияға мән беріңіз. Ойыңызда айтатын жауапты құрып бастасаңыз, тоқтатыңыз, қайта оралыңыз ол адамға. Жауап беру үшін тыңдауға емес, есту үшін тыңдауға ниет етіңіз Аллаһ үшін. 🤍 Адамдармен кездескенде, үйде, сыртта болсын, сол адамдарға не жетпей тұрған болуы мүмкін, нені қысылып айта алмай тұрған болуы мүмкін, іздеп көріңізші әдейі. Мысалы, жаурап тұрған құрбыңызды байқарсыз, солай ішке, жылы жерге кіруді бірінші боп ұсынарсыз немесе асығып тұрған досыңызды байқарсыз, сөйтіп бірінші боп әңгімені аяқтап, оған қоштасуды жеңілдетерсіз, бәлкім көңіл күйі болмай, шаршап тұрған құрбыңызды байқарсыз, солай құшақтап, кофе сыйлап, жылы сөзбен қуантарсыз немесе бір қолында бала екінші қолында дорбасы бар ананы көрерсіз, солай жүгіріп барып, есігін ашып, дорбасын көтеріп, жағдайын ыңғайластырып жіберерсіз. Байқауды үйреніңіз😊 🤍 Айтқызбай тұрып жасау. Мысалы, кейбір сәттер болады, адам өзі көмек сұрайды, сосын көмектесесіз. Кейде айтқызбай көмектесу жақсырақ болады. Барлық кезде емес. Ол үшін де сезу, байқау, ойлану керек. Мысалы, қонаққа барғанда, ол үлгермей жатса, қапылып жатса, сізге айтпайды, бірақ сіз айтқызбай өзіңіз барып көмектессеңіз, ісін жеңілдетсеңіз, риза болады. Бірге тамақтандыңыздар, сізде артық ақша бар, сол кезде екінші тараптан күтпей, өзіңіз жомарттық танытып, төлеп жіберсеңіз де осы сүннетке амал еткен боласыз. Күйеуіңіз, анаңыз, әкеңіз шаршап отыр, немесе аяқ-қолдары ауырып тұр. Айтқызбай барып, келіңіз массаж жасап берейін, дем салып берейін десеңіз әдемі болады😊 #сүннет #көркеммінез

Аллаһ Елшісі 👑 адамдармен мәміле жасағанда, бар ойы сол адамдарда болатын, өзінде емес. Оған ыңғайлы ма, түсінікті ме, жағдайы қалай деп, өзін емес, өзгелерді ойлайтын. Бірінші болып сәлемдесетін, бірінші болып іздейтін, бірінші болып орнынан тұрып, шапанын жайып беретін, бірінші болып күлімсірейтін, бірінші болып кешіретін, бірінші болып беретін. Адамдармен мәміледе өз ақысын, нәпсісін ұмытатын. Өзі үшін ренжіп, ашуланып, кек алмайтын. #сүннет #насихат