🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
前往频道在 Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
显示更多未指定国家未指定类别
1 746
订阅者
-324 小时
+57 天
+530 天
帖子存档
🧡 Ықылас – оңай кезде емес, қиындау кезде, нәпсіге ыңғайлы кезде емес, ыңғайсыз кезде, ләззат алу бар кезде емес, ештеңе сезбейтін кезіңізде шынайы көрінеді. Тек “Аллаһ үшін” деген ниет қалғанда.
#ықылас
ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ فِى ٱلسَّرَّآءِ وَٱلضَّرَّآءِ وَٱلْكَٰظِمِينَ ٱلْغَيْظَ وَٱلْعَافِينَ عَنِ ٱلنَّاسِ ۗ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلْمُحْسِنِينَ
Нағыз тақуалар – кеңшілікте де, таршылықта да Аллаһ жолында садақа бергендер, (ашу қысқанда өзін ашуландырған адамның сазайын беруге шамасы жете тұрып) ашуын жеңе білгендер һәм адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Аллаһ (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді.
(«Әли Имран» сүресі 3:134)
+1
🌟Нағыз тақуалық, нағыз ықылас-бұл тұрақтылық және алаңдамау.
Мысалы, құран оқуда тұрақты болу, алаңдамау. Ұйқы қанса да, қанбаса да Аллаһ үшін оқу. Аш болсам да, тоқ болсам да Аллаһ үшін оқу. Оқығым келіп тұрса да, нәпсім қаламай тұрса да, Аллаһ үшін оқу, тәттілік сезінсем де, сезінбесем де Аллаһ үшін оқу.
Мақсатым-тек Аллаһтың Өзі, Разылығы. Қалғаны алаңдатпау керек. Әйтпесе сезім үшін оқыған боламын немесе тек ыңғайлы комфорт болса оқыған боламын. Шынайы ықылас жоқ қой ондай жерде. Жақсыға да, жаманға да алаңдамай Аллаһ үшін тұрақты болу ізгі амалдарда-сол шынайы тақуалық, шынайы ықылас.
🌟Егер Аллаһ мені ашумен сынаса, ашуландыратын адаммен, жағдаймен, соның бәрін жасап тұрған Аллаһ қой негізі. Сынағы. Аллаһ маған керемееет мүмкіндік беруде. Оған деген махаббатымды көрсетуге, дәлелдеуге. Егер ашу келгенде сол ашуды Ол үшін жұту Оған сондай ұнаса, Ол разы болса, жақсы көрсе, болды ғой онда. Онда ашумен сыналуым-нығмет қой.Ашуландыратын адам, жағдай-нығмет қой. Маған Аллаһ мүмкіндік беріп жатыр Ол үшін сол ашуды жұтуға, Оны разы етуге, махаббатымды, ықыласымды дәлелдеуге. Және хадиске сай, Аллаһ маған мүмкіндік беруде Оның алдында абыройым артуына кешірім жасауым арқылы, дәрежем артуына кішірейе салуым арқылы. Ашу жұту-керемет мүмкіндік, қолданып қалуым керек.
Махаббатымды дәлелдеуге, оны разы етуге, Оның алдында жаңа жоғары дәрежеге бөленуге.
#құран
🎀 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек
Сүннеттер🧡
✨ Жұмсақтық
✨ Жеңілдетуге тырысу, оңай адам болу
✨ Насихат, жақсылыққа шақыру мүмкіндіктерін қолданып қалу үнемі
✨ Адамдардың сезімін сезе, байқай алу – эмпатия
✨ Қонақжайлылық
✨ Сөздерді анық айтып, асықпай, байыппен сөйлеу
✨ Адамдармен мәміледе жас ерекшеліктерін және білім ерекшеліктерін ескеру
#сүннет
#АллаһЕлшісі
Адамның жақсы көруі, бауырмал болуы, өзіне қалайтынды басқаға қалауы – иманының кәміл болуына байланысты. Себебі, басқа адамды Аллаһ үшін жақсы көріп, Аллаһ үшін кемшіліктеріне көз жұмып, Аллаһ үшін жомарт болып, Аллаһ үшін жамандықтан тыйып, жақсылықты насихаттап жүру үшін де адам Аллаһты тануы керек, Аллаһқа тәуекел ете алуы керек, тек Аллаһтан күте алуы керек. Сол кезде ғана осы ізгі қасиеттер бойынан көріне бастайды.
Сәлем жаю – тек сөзбен шектеліп қалмау керек. Шынайы сәлем жаю – жүректен басталады. Сіз шынымен басқаларға Аллаһтың Мейірімін қалайсыз ба? Шынымен оларда бәрі жақсы болса екен дейсіз бе? Шынымен оларлың қуаныштарына қуана аласыз ба? Уайымдарына қосылып уайымдай аласыз ба? Міне, осы жүректен шығатын сәлем арттырады Аллаһ үшін болған махаббатты, жүректі тазартады. Солай ол адамның рухани дәрежесі тек арта береді.
#жүрек
Аллаһ Елшісі 🌱
«Иман келтірмейінше жаннатқа кірмейсіздер. Араларыңда махаббат (сүйіспеншілік) пайда болмағанша иман келтірген болып саналмайсыңдар. Махаббаттың орнығуына әсер ететін нәрсені айтайын ба? Сәлемді жаю». (Муслим)
وَإِذَا حُيِّيتُم بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا۟ بِأَحْسَنَ مِنْهَآ أَوْ رُدُّوهَآ ۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ حَسِيبًا
(Уа, мүміндер) Сендерге сәлем беріліп, игі ниет білдірілгенде, сендер одан да артық ниет білдіріп, одан жақсы сәлем беріңдер немесе жоқ дегенде дәл солай сәлем қайтарыңдар. Біліп қойыңдар, Аллаһ барлық нәрсені жіпке тізіп есепке алуда һәм бәрінің тиісті қарымын қайтарады.
(«Ниса» сүресі 4:86)
مَّن يَشْفَعْ شَفَٰعَةً حَسَنَةً يَكُن لَّهُۥ نَصِيبٌ مِّنْهَا ۖ وَمَن يَشْفَعْ شَفَٰعَةً سَيِّئَةً يَكُن لَّهُۥ كِفْلٌ مِّنْهَا ۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍ مُّقِيتًا
Кімде-кім бір жақсы іске дәнекер болса, сол жақсылықтың сауабынан оның да алар үлесі бар. Ал кім бір жаман іске дәнекер болса, оның да сол жамандықтан алар сыбағасы бар. Аллаһ бәрін көріп, бақылауда һәм қалаған нәрсесін істей алатын шексіз құдірет иесі.
(«Ниса» сүресі 4:85)
وَيَقُولُونَ طَاعَةٌ فَإِذَا بَرَزُوا۟ مِنْ عِندِكَ بَيَّتَ طَآئِفَةٌ مِّنْهُمْ غَيْرَ ٱلَّذِى تَقُولُ ۖ وَٱللَّهُ يَكْتُبُ مَا يُبَيِّتُونَ ۖ فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ وَتَوَكَّلْ عَلَى ٱللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلًا
Екіжүзділер сенің алдыңа келгенде: «Ләббәй, әміріңе құлдық», – дейді. Ал қасыңнан былай шыққаннан кейін олардың бір тобы түнделетіп айтқан сөздеріне кереғар жоспарлар құрады. Аллаһ олардың астыртын құрған жоспарларын жазып алуда. Сондықтан оларға (олардың ондай қитұрқы қылығына) көңіл аударма (кінәлары мен арам ниеттерін беттеріне баспай-ақ қой, оның орнына) бір Аллаһқа арқа сүйеп, тәуекел ет. Аллаһ қамқоршы һәм сенімді өкіл ретінде саған жеткілікті.
(«Ниса» сүресі 4:81)
кеше жаңадан оқырмандар қосылыпты, үлгермегендерге бүгін түске дейін мүмкіндік бар🧡
Сіз де Аллаһ Елшісін 🌱 жақсы көріп, сол үшін көп амалдар жасап, махаббатыңызды қуаттап отырсаңыз – сүннет амалдар, салауат, хадистерін жақсы көріп оқу және оның мінезіне еліктеу арқылы, Аллаһ сізді өте жиі қуантатын болады🧡
Өз тәжірибемнен🧡Аллаһ Елшісіне 🌱 ұқсауға тырысқан сайын, Оны еске алған сайын Аллаһ сондай ерекше нығметтермен қуантатын, әлі де қуантуда✨
Аллаһ үшін Аллаһ Елшісіне 🌱 махаббатымызды арттыруға тырысайық.
#АллаһЕлшісі
Бұл аятты Жәбірейіл алейхиссалям қуанышты хабар етіп жеткізеді, Аллаһ Елшісі 🌱 сахабасы Оған 🌱 махаббатын білдіріп, ахиретте көре алмай қалады ма деген уайымына🧡Аллаһ құлын аят арқылы қуанттты🧡Қай құлын? Аллаһ Елшісін 🌱 жақсы көрген құлын.
#АллаһЕлшісі
وَمَن يُطِعِ ٱللَّهَ وَٱلرَّسُولَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ مَعَ ٱلَّذِينَ أَنْعَمَ ٱللَّهُ عَلَيْهِم مِّنَ ٱلنَّبِيِّۦنَ وَٱلصِّدِّيقِينَ وَٱلشُّهَدَآءِ وَٱلصَّٰلِحِينَ ۚ وَحَسُنَ أُو۟لَٰٓئِكَ رَفِيقًا
Кімде-кім Аллаһқа және расулына тиісінше мойынсұнса, міне, солар (пейіште) Аллаһтың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен, (пайғамбарлардың ең жақын достары) сыддық-тармен, шейіттермен және (сенімі, ниеті, ойы, сөзі һәм іс-әрекеті түзу болған) ізгі жандармен бірге болады. Бұлар қандай керемет жолдастар десеңші!
(«Ниса» сүресі 4:69)
+7
Салауат арқылы Аллаһ жүректі кеңейтеді 🤍
📝 Имам ас-Сахауи рахимахуллах кейбір ғалымдардан келесі сөздерді жеткізеді:
«Егер олардың біреуінің көңілі құлазып (жүрегі қысылып), бір мәселені түсінуде қиналса, оңашаланып алып, Аллаһ Елшісіне солляллаху алейхи уа саллям жиі салауат айта бастайтын — тіпті ой-санасы айқындалып, шешімін тапқанға дейін.✨
Және ол:
«Аллаһ Елшісіне солляллаху алейхи уа саллям салауат айту сияқты жүректі ашатын (кеңейтетін) басқа ешбір амалды көрмедім", — дейтін».🤍
#салауат
сілтеме кешке жіберіледі ин шаа Аллаһ🧡не оған дейін ерте босаған кездерімде
бүгін соңғы күн жеңілдіктің🧡енді бұлай 90% жасамаймын ин шаа Аллаһ, жаңа проекттерге фокус қойылады
