🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
前往频道在 Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
显示更多未指定国家未指定类别
1 745
订阅者
+224 小时
+87 天
+830 天
帖子存档
Рухани мықты әрі шынайы бақытты адам – қиындықтарға қарамай, шүкір етуге себептерді таба білетін және солар арқылы дамитын адам✨
Қиындыққа ұзақ қарап, соны сылтау ететін адам – рухани әлсіз әрі бақытсыз адам.
#насихат
Күннің астында баламмен серуендеміз✨
Кешегі күн жайлы Раббымыз оқыттырған, нәсіп еткен пайдалы білімнен кейін, күнге қарап шүкіршілігім, күн астында серуендеуге шабытым және сол қарапайым ғана істен ұлы нығметті көру қасиеті артып жатыр🧡
Күн арқылы Раббымыздың Қамқорлығын сезіну. Теп-тегін витамин. Күн арқылы Раббымыз құлдарының көңіл күйін реттеп беруі, гормондарының жұмысын реттеп беруі, ақылымның, санамның, миымның жұмыстарын, сапасын көтеріп беруі, кешкі ұйқымды қазірден дайындап, жақсартып беруі…✨
Оқы деген аяттың даналығын осылай түсінеміз ғой🧡Ғаламдағы Аллаһтың Заңдылықтарын оқумен, танысумен Раббымыздың Мейірімін тани түсеміз, шүкірлігіміз арта түседі, өмір сүру, құлшылық ету жеңілдей түседі🧡
#Аллаһтытану
🤍Сондай бір әдемі сүннет бар, көбінде ұмыт қалатын.
Мен әр аптаға жаңа трекер жасағанда сол сүннетке ерекше мән беремін Аллаһтың Жәрдемімен. Ол – ескеру сүннеті.🤍
Аллаһ Елшісі 🌱 адамдармен сөйлескенде олардың табиғаттарын, ақыл деңгейлерін, мінез ерекшеліктерін, өміріндегі жағдайларды, сынақтарды ЕСКЕРЕТІН. Аллаһ Елшісі 🌱 өзінің де жағдайын ескеретін, отбасы мүшелерінің жағдайларын ЕСКЕРЕТІН. Мысалы, егер өзінен дін жаю жолында шаршаңқылықты сезсе, бірден дүниелік істермен демалатын, мысалы Айша анамызбен (радыйаллаху анха) ойнап, әдемі әңгімелесіп. Дүниелік істерде шаршаңқылық сезсе, бірден намаз арқылы демалатын, мысалы Биляль сахабасын (радыйаллаху анху) шақырып, азан шақыртып. Жұбайларының мінездерін ескеретін, мысалы Айша анамыздың қызғануын, еркелігін, жасын ескеріп, соған сай көркем мәміле жасайтын, оның табиғаты көтере алмайтын заттарды талап етпейтін және сол үшін ашуланбайтын.
Дәл солай осы аптаға жаңа трекер құрмас бұрын сәл кідіремін, ойланамын, ішкі хальіме, сыртқы хальіме бір қарап қоямын. Қай сферама қалай назар бөлуге және сол арқылы Аллаһқа жақындауға мұқтажбын, ойланамын. Солай ескеріп барып, құрылады жоспар. Сол кезде береке болады.✨
🍁 Кінәлі сезіну, қатты шаршау, шектен шығу, көтере алмайтын істерді жүктеу не мүлдем немқұрайлы қарау дегендей дерт, жүктерден әдемі айналшықтап өтемін осы сүннеттің нұрымен. Сіздерге де насихаттаймын. Ескеру сүннетін ұмытпаңыздар🕊️
#насихат
#сүннет
#жоспар
#береке
#ескеру
Өткенгі апталардың трекерін жасап, сосын құран оқығанда апталық мақсатым, фокусым қандай болса, соған шабыттандыратын, амал етуіме көмектесетін аяттар шығатын алдымнан🥹🧡Бұл жолы да алдымен трекер жасап, осы апта SQ сферасына фокусты – ихсанға, амалдарды барынша сапалы жасауға қойып едім, содан кейін тоқтаған аяттарды ашып қарасам, жоғарыдағы амалдың қабыл болуы жайлы ғибратты оқиға айтылып басталатын аяттар🧡Аллаһтың Құдыреті, Жақындығы, Қамқорлығы✨
#құран
#ихсан
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Сол үшін көп амал жасап, сонымен алданып, сенімді болудың орнына, әр кішкентай амалыңыздың өзіне күмәнмен қарап,
-Аллаһ үшін істедім бе? Басқа ештеңе көздемедім бе?
-Аллаһ қабыл етер ме екен?
-Мына амалымда
сүннет, әдеп бар ма?
-Мына амалда мен
өзімді көріп қоймадым ба?
осылай тазалап отыру, хальді дұрыстаумен бос болмау-Аллаһты таныған құлдардың мінезінен екен🤍🌳
Сол кезде сіз таңғаласыз…Сапамен айналысқан сайын береке нәсіп болатынын. Біреулер 100 бет кітап оқып, алатын білімді сізге Аллаһ бере салады 1 абзац оқыттырып. Біреулер 1000 рет салауат айтып, өзгере алмай жатса мінездерімен, сіздің 1 рет айтқан салауатыңызбен Аллаһ көзіңізді жасқа, жүрегіңізді Елшісіне солляллаху алейхи уа саллям махаббатқа толтырады…🤍✨
#насихат
#даналық
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Көп құлшылық жасап, бірақ жүректегі дерттеріңіз әлі сол баяғы түрде болса, сіз шынайы құлшылық етпегенсіз. Өйткені, таза, сапалы, ықыласпен жасалған кез келген игі іс, игі сөз, құлшылық адамды өзгертеді. ✨Сол амалын Аллаһ разылығымен қабыл етсе, сол адамның халін Өзі Өзгертеді…✨
Сол үшін Ибн Атоилла ас Сакандари ғалымымыз рахимахуллах айтқандай, әлі Аллаһты дұрыс танымаған құлдар амалдарды көбейтумен бос болмайды. Аллаһты дұрыс таныған құлдар амалдарын тазалаумен бос болмайды…
#насихат
#даналық
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Амалдың көптігінен гөрі, оның таза болуы, дұрыс жасалуы, сапасы маңыздырақ🤍Сіз таңнан кешке дейін құран оқып, көп ракаат нәпіл оқисыз делік, бірақ мына жақта анаңызбен сөз таластырдыңыз, мына жақта біреуді ғайбаттадыңыз. Сонда сіздің оқығаныңыз сізге пайда бермеген ғой. Сонда, бұл жерде мәселе менің қалай оқығанымда болып тұр ғой. Себебі,
۞ إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا
Расында, адам баласы шыдамсыз әрі (әр неге) құмар болып жаралған.
(«Мағариж» сүресі 70:19)
إِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ جَزُوعًا
Жамандыққа тап болса, налығыш келеді.
(«Мағариж» сүресі 70:20)
وَإِذَا مَسَّهُ ٱلْخَيْرُ مَنُوعًا
Ал қандай да бір жақсылық (яғни, мансап, билік, байлық) дари қалса, сараңдығы ұстап қалады.
(«Мағариж» сүресі 70:21)
إِلَّا ٱلْمُصَلِّينَ
Алайда намаз оқитындардың жөні бөлек.
(«Мағариж» сүресі 70:22)
#насихат
#құран
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
🌾 Басқалар ізгі амал, құлшылық көбейтумен айналысса, арифтер өздерінің хальдерін үнемі дұрыстаумен айналысады.
🕯️Ибн Атоилла ас Сакандари рахимахуллах
Амал, түсіну тұрғысынан✨⬇️
🕊️ Амал қабыл болу үшін жәй амал болмау керек. Ең жақсы амал болу керек. Себебі, Раббымыз Мүлік сүресінде
Ол қайсыбірің анағұрлым игі һәм сауапты іс істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты. Ол − Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда оларға өте кешірімді) («Мүлк» сүресі 67:2)📚 Осы аяттың тәпсірінде ғалымдар айтады екен: «Қиямет күні амалдардың САПАСЫ рөл ойнайды, САНЫ емес” және де амал ең жақсы әхсәну болу үшін, ол амал 🌾 ықыласты, тек Аллаһ үшін 🌾Ізгі, Құранға сай 🌾Сүннетке сай болу керек #ихсан
🤩 Адамдардың көбі амалдың жасалуына мән береді де, қабыл болуына, соның шарттарын толық орындауға мән бермейді.
Оларға Адамның екі ұлының басынан өткен ғибратты оқиғаны айтып бер: Олардың әрқайсысы бірер құрбан шалған еді. Сонда біреуінің (Абылдың) құрбандығы қабыл болып, енді біреуінікі (Қабылдікі) қабыл болмады. Сол кезде құрбандығы қабыл болмаған (Қабыл) бауырына: «Сені өлтіремін», – деді. Ол болса: «Расында, Аллаһ өзіне тиісінше тағзым ететін һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады».
(«Мәида» сүресі 5:27)
Коммуникация білімін үйренуге шақыратын аят🧡Көп нәрсе дұрыс сөйлесе білумен шешіледі Аллаһтың қалауымен
وَقُل لِّعِبَادِى يَقُولُوا۟ ٱلَّتِى هِىَ أَحْسَنُ ۚ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ يَنزَغُ بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ كَانَ لِلْإِنسَٰنِ عَدُوًّا مُّبِينًا
(Уа, Мұхаммед!) «Құлдарыма (өзара тілдескенде де, қарсыластарымен жауаптасса да) «әрдайым сөздің ең жақсысын айтып, өте сыпайы сөйлессін» де. Өйткені шайтан қашанда олардың арасына жік салуға тырысады. Шүбәсіз, шайтан – адамға анық дұшпан.
(«Исра» сүресі 17:53)
Адам нығметтің дәмін шынайы сезіну үшін-оны кейде жоғалтуы керек кейде жетіспей, азаюы керек, кейде оны сағынып, күту керек. Міне сол кезде адам шынайы өзін тірі сезінеді.
Әйтпесе, кәпірлер сияқты тірі өлік болып, ештеңе сезінбей, нәпсіқалауының артынан ерген жануартәрізді болады. Бақытсыздық деген сол ғой.
أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَ ۚ إِنْ هُمْ إِلَّا كَٱلْأَنْعَٰمِ ۖ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلًا
Жоқ, әлде ол мүшріктердің көбі шынымен де айтқан сөзді тыңдайды немесе ақылға салып ойланады деп ойлайсың ба? Анығында, олар (өз бетімен жайылған) мал сияқты (нәпсілері қайда тартса, сол жаққа лағып кете береді), тіпті, жолдан одан бетер адасқыш келеді.
(«Фурқан» сүресі 25:44)
