🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
前往频道在 Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
显示更多未指定国家未指定类别
1 745
订阅者
+224 小时
+87 天
+830 天
帖子存档
Түстерді осы ниетте, ізгі амалға шақыру, шабыттандыру мақсатында кейде келтіремін, негіз етіп емес, қосымша етіп, барлық түстерді салып жатқаным жоқ, айтып жүрген амалдарға, соның мақсатына қатысты мен көрген емес, оқырман ханымдар көрген түстер салынып қалады. Енді тағы осы видеодан “өзін жақсымын деп тұр демек” деп қабылдап алуларыңыз мүмкін, жақсы. Мен барынша өз жағымнан түсіндірдім. Әрі қарай шынымен жандарыңыз ашып, Аллаһты мақсат етсеңіздер, әдеппен, көркем түрде жекеме шықсаңыздар. Жеке сөйлесуге де шақырдық ұстазбен, жауаптарыңызбен тағы бір төменсіттіңіздер.
«Бұл айтылғандардың бәрі бос сөз, жауап беруге лайық емес».
Мен тағы да басқа үлкен ұстаздармен хабарға шығуға тырысудамын. Мен өзімді ақтап, мақтамаймын, бірақ осылай өте ауыр, дөрекі, төмен тәсілмен бастаған екенсіздер, осылай жазуға мәжбүрмін.
Сол хаттан, маған сұрақ қойған ханыммен сөйлескеннен кейін қаншама уақыт өтті, сол уақыт арасында не осы фитнаны бастамас бұрын “ерлі-зайыптылар” маған неге шықпадыңыздар, неге өзіммен сөйлескілеріңіз келмеді, біреумен баяғы болған хатты, түсінбей жатыр анализ жасамай.
Менің жүрегіме кіріп шықтыңыздар ма, мені өзін пайғамбарға теліп жүр деп айтатындай? Мен бұл сөздерді Аллаһқа махаббат, шүкірлік сезімдерінен айттым, содан қазбалап, өзін пайғамбарға теліп тұр, иманы күмән астында қалады деп айтуға қалай дәттеріңіз барады? Ең болмағанда сұрамадыңыздар ма бұл сөзбен нені меңзеп тұрсыз, нақыт қай даналықтар деп? Бірақ, сұрамағанға қарағанда түсінуге деген қалауларыңыз жоқтығын, асығып, адамға бір-екі сөздерінен баға беріп, басқа істеріне көз жұмып, солай төмен түсіруге деген қалауларыңыз барын көрсетудесіздер.
қойылған, Шейх Шаннардан жауап алынған 2-ші сұрақ:
2. Аллаһтың қалауымен өмірде болып жатқан жағдайлардан, сынақтардан тәрбие, сабақ алу, даналық көру (ол даналықтар құран мен сүннетке сай болып) сол тәрбие мен даналыққа амал етіп, оның жемістерін көргеннен кейін, оны адамдарға пайдалы болсыншы деп айтып бөлісудің және осы даналықтарды маған Раббым үйретті, Аллаһтан деп Аллаһты мадақтаудың үкімі қандай?
+1
Сосын астына осы екі сұраққа Шейх Шәннардың жауабы : бұл мәселелерде ешқандай проблема жоқ
Шейх Абдус Сабур: Ешқандай жәбірлік те проблема да жоқ, бәлки бұлай сезіну-айту Аллаһтың нығметінен
Шейхтарға қойылған сұрақ (Ұстаз арқылы қойылды, өзім емес)
1-сұрақ, Қазақшасы:
1. Аллаһқа махаббаттан, шүкіршілік сезімінен күнделікті өмірден, барлық нәрседен Оны, Оның Мейірімін көріп, мен жасадым, мен оқыдым, мен тамақ пісірдім, мен түсіндім, мен жақсы ойладым деудің орнына Раббым жасатты, Раббым оқытты, Раббым пісіргізді, түсіндірді, жақсы ойлаттырды деп Аллаһқа солай шүкірлігін білдірудің және соны адамдардың жүрегінде Аллаһқа махаббатты арттыру ниетінде насихаттаудың үкімі қандай? Барлық нығметтерді Аллаһтан деп, өзінің әлсіздігін сезініп отыру.
Бұны Пайғамбарымызға ﷺ еріп айтса, жасаса, мысалы ол кісі киім киген соң дұғада “сен киіндірдің” деп айтатын болған ғой. Хотя киім кию арнайы ғибадат емес қой. Сол секілді күнделікті істерді айтса Аллаһқа теліп, ол адамда дажбрия мазхабына сай келетін нәрсе бар деп қорқуға бола ма?
Бірақ ол кісі күнә, әдепсіздік жасап қойғанда өзінен, өзінің бір күнәсінің кесірінен деп ойлап, Аллаһтан кешірім сұрап, Одан жәрдем тілейді. Осы мәселеде ақида тұрғысынан проблема көріп тұрсыз ба?
Енді осы айыптауларыңызға түсіндірме жаздым өзімнен және бытовой істерді телуге болатыны жайлы дәлел келтір деп жатсыздар және Раббым үйретті дегенге қатысты бар, қазір төменде Шейх Шаннар хафизахуллах және Шамдық Шейх Абдус Сабур хафизахуллах сөздерін, жауаптарын келтірсем.
4) Күнделікті “бытовой” істерді Аллаһқа телуімді айыптаудасыздар. Аллаһқа махаббаттан, шүкірліктен, әлсіздікті сезініп, әрбір істен Аллаһты, Жәрдемін, Мейірімін көріп, содан “мен жасадым, мен жақсы ойладым, мен үйрендім, мен бала қарадым, мен үй тазаладым” демей, “Раббым жасатты, Раббым жақсы ойлаттырды, Раббым үйретті, Раббым бала қаратты, Раббым үй жинаттырды” деп айтамын және осы нығметтерді көре алу үшін бөлісемін, міндеттемеймін. Бұл айтуымның кейінге күнәға телуге апаратынына және “бала қараттырмады” деген ойға әкелуіне күмән келтірудесіздер. Бірақ, сабақтарда онсызда нығметтерде ғана “Раббым жасатты” деп өз күшін көрмей, ал жасай алмай қалса, сол нәрседе Одан жәрдем сұрауға шақырамын. Ал күнәлі істерде “мен жасадым, өз күнәмнан, ғапылдығымнан” деп тәубе халіне, кішіреюге шақырамын. Осы сөздерімнің бәрін толық алмай, түсінбей, тек бір жерін алып, содан қауіп көрсетіп жатқандарыңыз өкінішті. Тіпті егер шынымен қауіпті болып бара жатса, бірінші өзіме айтпайсыздар ма? Ел-жұрттың көзінше, терминдармен, нұқып-нұқып дөрекі сөйлеп, адамды түсіріп барып, өзін көтеру, өзінікін дәлелдеу – Рахманның құлдарының қасиеті ме? Аллаһ Елшісінің (солляллаху алейхи уа саллям) сүннеті ме? Сонда бауырларыңыздың абыройы, ақысы қайда қалады?
3) Аллаһ-Ұстазым деген жерін ғана алып, ол сөзбен нені меңзегенімді, түсіндірмемді алмай, сол сөзбен мені айыптап жүрсіздер. Сол сөзді мен бір адамға айттым ,сұрағына толық жауап бердім. Ол адам бір-екі жерін алып, рұқсатсыз таратқанына тәубе етсін. Екі адам арасындағы әңгіменің аманат екендігі және сөздерді бұрмаламау керектігін бәріміз білеміз.
3) Түстерге келсек, мен кейбір жақсы, ізгі түстерді айтып, сол арқылы насихаттап жүрген жақсылыққа, ізгі амалға шабыттандыру үшін ғана келтіремін. Оларды өмірімнің мәні қылып алмағам. Тек қосымша келтіретінмін. Сол түстердің өзіне келсек, ол жақта күмәнды заттар жоқ еді…Сүйінші, жақсы түстер. Ұстазымыз Аллаһ Елшісі (солляллаху алейхи уа саллям) «Біреуің өздеріңе ұнайтын түс көрсеңдер, ол - Алладан, сондықтан Аллаға мадақ айтып, (көрген түстеріңді басқаларға) айтыңдар, ал басқа, яғни өздеріңе ұнамайтын жаман түс көрсеңдер, ол - шайтаннан, сондықтан оның жамандығынан Алладан пана сұраңдар және жаман түсті ешкімге айтпаңдар, сол кезде ол сендерге ешқандай зиян келтірмейді», - деген. (Бұхари).
Аллаһ Елшісі (солляллаху алейхи уа саллям) таң намазынан кейін жамағатқа бұрылып түстерін сұрайтын болған, жорып беретін, қуантатын. Тіпті, жаман түс көрген кісілерге де жақсы жағынан жорып, әрі қарай жақсы амалдарға бағыттайтын. Аллаһ Елшісінің (солляллаху алейхи уа саллям) өзі үмметінің түстеріне маңыз берсе, сұраса, жақсылыққа жорыса, мадақ айт десе, не үшін бір-біріміз үшін қуанып, ғибрат алып, бір-бірімізді жақсылықта, тақуалықта қолдаудың орнына, аяқтан шалуға, шайтаннан деп, қорқытуға тырысудамыз? Жүрек дертінен, қызғаныштан, жеке бастағы ұнатпау сезімдерінен емес пе, бәлкім? Үнемі жүрегімізді таза ұстауға тырысайық. Егер сол түстер ұнамай, фитна тудырып тұрса, бәрін өшірейін, бөліспейін, бұл жерде түстен де маңызды мұсылмандық бірлігіміздің болуында.
Ассалямуалейкум уа рохматуллахи уа барокятух, қымбатты мұсылман бауырларым, оқырмандарым.
1) Соңғы күндерде болып жатқан жәйтқа қатысты пост, жауап жазсам.
Ең алдымен, менің кейбір айтқан сөздерімді дұрыс түсінбей, нақтыламай, менімен жеке сөйлеспей, өз қате түсінігін басқаларға таратып, мені “адасқан, өзін пайғамбарға теліп жүрген, үмметке қауіпті” адам қылып көрсеткен ханымдарға ренішімді білдіремін. Жасаған істеріңіз мұсылмандық, адамгершілікке сай емес. Егер мен жақтан түсініксіз, қате затты көрсеңіз, жекеме шығып, сұрап, насихаттап жіберсеңіз, мен тек қуанатын едім. Ал мән-жәйдың парқына бармай, жекеме насихатын да айтпай, қате түсінігімен фитна жасап жүргендеріңіз төмен іс болды.
Жекеме жазып, “бауырым, сүннет, әдеп насихаттап жүргеніңізге Аллаһ береке берсін, бірақ мына жерлерде қате көріп тұрмын, негізі былай болғаны дұрысырақ” деп көркем түрде жөндеп, бағыттап жіберудің қандай қиындығы бар? Шынайы жанашыр мұсылман болсақ, бір-бірімізге “жау” емес “бауырым” деп қарасақ, осылай жасайтын ба едік? Мен ешқашан насихаттан қашпаймын, жазатын адамдарға қуанамын.
2) Мен жабық сабақтарымда “бұл жақтағы барлық аудио, фото” аманат, ер адам қасында дауысымды қоспасаңыздар деп айтамын. Сонда аманатқа оңай қиянат жасап кеткендеріңіз қалай? Сіздер таратқан затты менің аудиоларымды тыңдамаған, контекстті толық көрмеген “адамдар” қалайша дұрыс шешім шығарады? Қалайша дұрыс баға береді? Сонда сабақтарымда отырған адамдардың бәрі ақымақ болғаны ма, оқып, тыңдап, қате көріп, соған еріп, үндемей жүретіндей? Сол сабақтардың ішінде менен де үлкен, білім иелері отыр емес пе? Сонда бір-екі адамның қате түсінігін алып дәлел ретінде аласыздар, қалған адамдардыкы дәлел емес пе, мән беруге тұрарлық емес пе? Әділдік қайда сонда?
3) Мен кезінде бір адам менен “ұстаздарыңыз бар ма, қайдан білім алғансыз, мазхаб, ақидаңыз қандай және жазып жүрген пост, даналықтарды кімнен үйрендіңіз” деп сұрағанда. Оған айтқам, діни ілімім, дипломым жоқ, ондай шейх, ұстаздарым жоқ, жазып жүрген даналықтарды өмірлік тәжірибе, сынақтар арқылы Аллаһ үйретеді, сол даналықтарды үйреткен Аллаһ-ұстазым дегем. Бірақ, сол уақытта мен қосымша білім алып жүргем өзім үшін… Ақида бойынша онлайн білім жолы платформасында, Нұржан Смағұлов ұстаздан. Рамадан аль Бути (рахимахуллах) онлайн дәрістерінен. Фиқһты ұстазбен өтіп жүрдім. Араб тілін үйреніп, құран жаттап жүрдім. Бірақ, мен жазып жүрген, өзіме пайдалы болған, мінезімді, адамдармен мәмілені көркем етуге себеп болған даналықтарды арнайы ұстаздан алмағасын, оны Аллаһтан деп айттым. Күллі жақсылық – Аллаһтан екенін білдіру мақсатында. Мен онсызда ақида, фиқһ бойынша ештеңе демеймін. Өзімді ұстаз санамаймын. Маған тіпті ханым деп айтпай, жәй Эльназ дей беріңіздер деймін. Ашық, анық сүннетті насихаттап, өзім үшін пайдалы болған қарапайым білім, даналықтармен, оларды өз мамандығым бойынша байланыстырып, психологиядағы, миға қатысты білімнен бір-екі мысалдар келтіруіме толық құқылымын. Әр адам өз деңгейінде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыя алады, исламды ұлықтауға, Аллаһқа махаббат арттыруда қолынан келетін күшін жұмсай алады. Және бұл жұмсалып жатқан күшке тек Аллаһ баға бере алады.
۞ يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَتَّبِعُوا۟ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِ ۚ وَمَن يَتَّبِعْ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِ فَإِنَّهُۥ يَأْمُرُ بِٱلْفَحْشَآءِ وَٱلْمُنكَرِ ۚ وَلَوْلَا فَضْلُ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُۥ مَا زَكَىٰ مِنكُم مِّنْ أَحَدٍ أَبَدًا وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يُزَكِّى مَن يَشَآءُ ۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Уа, иман келтіргендер! Шайтанның ізіне (соңынан) ермеңдер. Кімде-кім шайтанның ізіне еретін болса, біліп қойсын, шүбәсіз, ол үнемі арсыздық пен жамандықты бұйырады. Егер Алланың сендерге деген шексіз шарапаты, ерекше рақымы болмағанда, араларыңнан бірде-бір жан (сенімі, ниеті, іс-әрекеті және мінез-құлқында) әсте сүттен ақ, судан таза бола алмас еді. Бір Алла ғана қалаған құлын (күнә-қателіктерден арылтып,) сүттен ақ, судан таза қылады. Алла Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білуші).
(«Нұр» сүресі 24:21)
وَلَوْلَا فَضْلُ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُۥ وَأَنَّ ٱللَّهَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ
Егер Алланың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Алла құлдарына өте жанашыр, жұмсақ, әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!
(«Нұр» сүресі 24:20)
إِذْ تَلَقَّوْنَهُۥ بِأَلْسِنَتِكُمْ وَتَقُولُونَ بِأَفْوَاهِكُم مَّا لَيْسَ لَكُم بِهِۦ عِلْمٌ وَتَحْسَبُونَهُۥ هَيِّنًا وَهُوَ عِندَ ٱللَّهِ عَظِيمٌ
Өйткені сендер сол қауесет сөздің парқын айырып жатпай, оны біріңнің аузынан бірің қағып алып, сөйтіп, өздерің нақты білмейтін мәселені әңгіме қылып, ауыз жимай өсек айтумен болдыңдар. Һәм мұны болмашы әрі жеңіл-желпі нәрсе деп ойладыңдар. Алайда ол Алланың алдында зор күнә саналады.
(«Нұр» сүресі 24:15)
وَلَوْلَا فَضْلُ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُۥ فِى ٱلدُّنْيَا وَٱلْءَاخِرَةِ لَمَسَّكُمْ فِى مَآ أَفَضْتُمْ فِيهِ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Егер бұл дүниеде һәм ақиретте Алланың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, еш ойланбастан орынсыз желігіп, өсек-аяңға ергендерің үшін сөзсіз, алапат азапқа душар болар едіңдер.
(«Нұр» сүресі 24:14)
Repost from Yaqin
Сира көп адамның пікірінше пайдасыз сияқты көрінеді. Әсіресе, ілім жолындағылар үшін. Фиқһ оқиды күнделікті құлшылыққа керек деп. Ақида оқиды иманыңды берік етеді деп. Ал сира десең, ол жай оқиғалар ғой, Бәдір екінші жылы, Ухуд үшінші жылы…
Жооқ, ондай емес!
Сираның басты мақсаты - Мұсылман расында қандай болу керектігін үйрету!
Пайғамбарымыз ﷺ мұны іш жүзінде бізге айқындап көрсеткен. Тек оқып өтіп кететін дүние емес, ілімнің руханиятын түсінетін, өз іс-әрекетіңізде көрсететін сабақ.
Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ өнегеге толы өмірімен нені үйретеді?
“Бәрі қорқып жатқанда, сен қорықпа! Бәрі кектеніп жатқанда, сен кектенбе! Кешіре біл! Жұмсақ бол! Тақуа бол!” деген сияқты өмірге нағыз керекті дүниелерді түсіндіретін бұл - Пайғамбарымыздың ﷺ өмірі…
Біреулер ең ақылды деген шәкірттерді жинап алады. Біреулер ең ақшасы көп деген адамдарды жинап алады. Ал Пайғамбарымыз ﷺ ше? Кез-келген адам оның қасында отыра алатын. Кез-келген адам Оған ашық пікірін білдіре алатын. Ол тіпті, міскіндермен бірге отырудан ләззат алатын…
Біз сіздерге міне, сабақ беріп жатырмыз. Жартыңыздан көбіңіздің есіміңізді де танымаймыз, әйтеуір келіп жүрсіздер. Бірақ, бұл нәрсе қызық емес, біздің басымызды қатыратын мәселе емес.
Біздің мақсат - Пайғамбарымызды ﷺ максимально таныту.
Қанша рет қалсаң да, “енді келме” демейміз. Көшеде көріп қалсаң, сәлем бердің бе, бермедің бе — біз үшін бәрібір.
Мақсатымыз - бұл емес.
Мұсылман адамның дүниеге деген түсінігі , дүниеге деген есебі мүлдем басқа болуы тиіс. Өмірде ең қиыны осы - Өз адамдық деңгейімізде қалу.
Мүмкін көп нәрсе үйреніп те қажет емес шығар? Ілімнің шегіне жетпейсіздер қанша қопарып жатсаңыз да… Миың ашып оқыған кітабыңды түсінбесең пайдасы шамалы… Қанша жыл оқып дым үйренбей шығыппын ғой дейді кейбірі.
Білім, білім…дейміз. Бәлкім, Раббымыз бізге нені үйреткісі келетінін түсіну керек шығар?
Сүннеттің ең биік шыңы - қарапайымдылық. Нағыз мұсылман өзін басқалардан биік ұстамайды, бәріне “доступный” болады. Кез-келген жан оның жанында өзін еркін сезінуі тиіс.
Кез-келген адам көлігіңіздің алдына да, артына да еш қымсынбай отыра алатындай қарапайым болу — міне, бұл нағыз рухани деңгей.
Өмірдегі ең қиыны да сол —адамдық деңгейден түспеу.
Сүннет - негізінде осы!
©️Шейху әс-Сира Ернар Есімқұлов ұстазымыз(Аллаһ Тағаладан абыройын екі дүниеде асқақтатуын сұраймыз)
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
🤍 Жүрек тазалығы-ең ұлы сүннет
🌸Шейх Абдулқадир әл-Джилани рахимахуллах:
«Уа, бауырларым! Мен Аллаһ Тағаланың ризалығына түнгі құлшылықтармен, күндізгі оразалармен немесе ілім үйренумен жеткенім жоқ. Мен Аллаһқа тек кішіпейілділікпен, жомарттықпен және жүректің тазалығымен жеттім».
🌸Хадисте:
«Шын мәнінде, Жәннатта сондай зәулім сарайлар (бөлмелер) бар, олардың сырты ішінен, ал іші сыртынан көрініп тұрады. Аллаһ Тағала оларды жылы сөйлеген, тамақ берген (мұқтаждарды тойдырған), нәпіл ораза ұстаған және адамдар ұйықтап жатқанда түнде намаз оқығандар үшін дайындады».
Аллаһ Елшісі 👑 мұнда ең алдымен сөздің жұмсақтығын атап өтті, ал бұл-кішіпейілділіктің белгісі. Екінші кезекте тамақтандыруды атады, бұл-жомарттықтың белгісі. Ал нәпіл намаз бен нәпіл оразаны Шейх Абдулқадир рахимахуллах ерекшелегендей, бұлардан кейін атап өтті.💗
Жатарда жүрек тазалау-сүннет🌷🩷
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Бірінші боп сәлемдесу, сәлем жаю деген-жүрегімді сізге аштым деген ғой. Тілмен айтып, жүрегіңізді жауып тұрсаңыз, қалайша сүннетке ердім дейсіз🌾🤍
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Сәлеміңіз тек тілде қалып қоймасын, жүрекке түссін.
Жүрекпен сәлем тілей алыңыз, шынымен сол адамға жақсылық, амандық Аллаһтан болсыншы деп тілей алыңыз.
Зуылдатып тілмен сәлем айту бәрінің қолынан келеді.
Жүрекпен сәлем тілеу, оған жақсылық қалау-тек Аллаһты шынайы жақсы көретін құлдардың қолынан келеді.
Жүрекпен бірінші болып сәлемдесуіңіз-кешіріміңізден, жұмсақтығыңыздан, оның жағдайымен шынымен қызығуыңыздан, оны тыңдай алуыңыздан, оған сынмен емес, түсіністікпен қарауыңыздан, оған шынымен разы, оны көріп тұрғаныңызға разы болуыңыздан көрінеді. Міне осылай сүннетке амал етсеңіз, сіз сол адамды шынайы жақсы көре бастайсыз, иманыңыз кемелденеді, Жұмаққа кіру нығметіне жақындайсыз хадисте келтірілгендей.
