Aibek Smadiyar
الذهاب إلى القناة على Telegram
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-каналы **** Официальный telegram-канал Советника – Пресс-секретаря Президента Республики Казахстан Айбека Смадиярова
إظهار المزيدلم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
2 596
المشتركون
+224 ساعات
+117 أيام
+1530 أيام
أرشيف المشاركات
2 597
📢 5-6 ноября по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с официальным визитом посетит Король Иорданского Хашимитского Королевства Абдалла II бен аль-Хусейн.
🔹В ходе переговоров на высшем уровне будут обсуждены перспективы расширения двустороннего сотрудничества в торгово-экономической, инвестиционной и культурно-гуманитарной сферах.
🔹 5-7 ноября по приглашению Главы государства официальный визит в Казахстан совершит Президент Таджикистана Эмомали Рахмон.
Лидеры двух стран рассмотрят вопросы дальнейшего укрепления стратегического партнерства и союзнических отношений.
🔹 6 ноября в Астане состоится саммит Акабского процесса с участием глав ряда государств.
2 597
📢 5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.
🔹Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
🔹 5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
🔹Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.
🔹6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
2 597
На имя Главы государства Касым-Жомарта Токаева поступила телеграмма Президента Турции Реджепа Тайипа Эрдогана.
– Направляясь с официальным визитом в Республику Корея, я пролетаю над территорией нашей исторической прародины – дружественного и братского Казахстана. Успешные итоги и теплые воспоминания о моем визите в Казахстан в мае т.г., а также о Вашем недавнем визите в Анкару для участия в 13-м саммите Организации тюркских государств по-прежнему свежи в нашей памяти. Пользуясь этой возможностью, хотел передать Вам свои искренние приветствия и наилучшие пожелания крепкого здоровья и личного счастья, а также дальнейшего процветания и благополучия братскому народу Казахстана, – написал турецкий лидер в своей телеграмме.В свою очередь Глава нашего государства поблагодарил Президента Турции за теплый прием, оказанный делегации Казахстана в ходе официального визита в Анкару и саммита ОТГ.
– Выражаю сердечную благодарность г-ну Реджепу Тайипу Эрдогану за внимание и гостеприимство в Анкаре. Уверен в дальнейшем укреплении дружбы и стратегического партнерства между нашими странами, – отметил Касым-Жомарт Токаев в своем аккаунте в социальной сети X.
2 597
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті
– Корея Республикасына ресми сапармен бағыт алған мен тарихи атамекеніміз – достас әрі бауырлас Қазақстан аумағымен ұшып барамын. Биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарымның, сондай-ақ Сіздің жақында ғана Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Анкараға келген сапарыңыздың табысты нәтижелері мен жылы сәттерін ықыласпен еске алдым. Осы орайда, Сіздің деніңізге саулық, көңіліңізге қуаныш, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тілеген ізгі сәлемімді жолдағым келеді, – деп жазды түрік көшбасшысы жеделхатта. Мемлекет басшысы ТМҰ саммитіне қатысу үшін Анкара қаласына ресми сапармен барған қазақ делегациясын жылы қарсы алған Түркия Президентіне алғыс айтты.
– Режеп Тайип Ердоған мырзаға Анкарада көрсеткен ілтипаты мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік одан әрі беки береді деп сенемін, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына.
2 597
Глава государства Касым-Жомарт Токаев заявил о важности обеспечить жесткий контроль над расходованием средств в рамках реализации программы «Халықтық құрылыс»
– Считаю необходимым создать государственную комиссию по контролю над расходованием бюджетных средств в ходе реализации программы «Халықтық құрылыс» («Народная стройка»), которая была анонсирована мною в ежегодном Послании 28 октября. В комиссию войдут главы ряда профильных ведомств, депутаты Курултая и маслихатов, члены Халық Кеңесі, общественные деятели, активисты, волонтеры, журналисты, – написал Президент в своем аккаунте в социальной сети X.
2 597
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты
– 28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
2 597
📢28-30 октября Глава государства Касым-Жомарт Токаев по приглашению Президента Реджепа Тайипа Эрдогана посетит с официальным визитом Турецкую Республику
🔹В ходе визита в Анкаре состоятся переговоры глав государств, направленные на дальнейшее укрепление расширенного стратегического партнерства.
🔹Президент Казахстана также примет участие в 13-м Саммите Организации тюркских государств.
2 597
📢28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады
🔹Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.
🔹Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
2 597
Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил мужскую сборную Казахстана по фехтованию на шпагах с победой на этапе Кубка мира в Касабланке.
Благодаря этому успеху наши спортсмены впервые в истории вышли на первое место в мировом командном рейтинге Международной федерации фехтования (FIE).
Касым-Жомарт Токаев пожелал спортсменам новых достижений под флагом Казахстана на самых престижных состязаниях.
2 597
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.
2 597
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил казахских шахматисток, которые на Всемирной шахматной олимпиаде в Самарканде заняли почетное второе место, пропустив вперед только очень сильную и титулованную сборную Китая.
Президент в своем послании отметил, что ведомая прославленной шахматисткой Бибисарой Асаубаевой сборная Казахстана не потерпела на этом престижном турнире ни одного поражения, что было признано шахматными экспертами выдающимся достижением.
Касым-Жомарт Токаев также подчеркнул, что наши мастера этой древнейшей игры сумели повторить предыдущий успех на шахматной олимпиаде. Тогда команда Казахстана также заняла второе место. Это говорит о высоком уровне спортсменок, их таланте, трудолюбии и деятельном патриотизме.
Глава государства пожелал нашим шахматисткам новых успехов, а также здоровья и благополучия!
2 597
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады.
Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті.
Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев біздің шахмат шеберлері өткен олимпиададағы табысты жолын жалғастырғанына назар аударды. Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға табан тіреген еді. Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы шахматшы аруларымызға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.
2 597
Президент выразил благодарность Гизату Нурдаулетову за плодотворную и добросовестную службу на благо страны.
Касым-Жомарт Токаев отметил, что Гизат Дауренбекович направлял все свои профессиональные знания и опыт на защиту интересов государства и укрепление его стабильности. Президент также подчеркнул его значительный вклад в продвижение государственной политики и успешную реализацию масштабных реформ.
2 597
Президент ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті. Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды.
2 597
Глава государства поздравил теннисистку Елену Рыбакину с завоеванием звания первой ракетки мира.
– Выход на первую строчку рейтинга WТА – это спортивная вершина, покоренная Вами благодаря феноменальному таланту, колоссальному трудолюбию и непреклонной вере в себя. Этим историческим достижением Вы прославили казахстанский спорт и вписали свое имя в летопись мирового тенниса. Ваш путь служит вдохновляющим примером для тысяч юных спортсменов нашей страны и миллионов ценителей тенниса во всех уголках планеты. Не могу не отметить Вашу высокую культуру поведения и на кортах, и в общественных местах во время общения с самыми разными людьми, что наглядно говорит о Вашем интеллекте и воспитании, – говорится в поздравлении.Касым-Жомарт Токаев пожелал Елене Рыбакиной сохранять чемпионский настрой и уверенно идти к новым свершениям.
2 597
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
– Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге. Сонымен қатар кортта да, қоғамдық орындарда да, жұртшылықпен қарым-қатынас барысында да байқалатын жоғары мәдениетіңізді айрықша атап өткім келеді. Бұл – сөзсіз Сіздің парасатыңыз бен адами қалпыңыздың айқын көрінісі, – деп жазылған құттықтауда.Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.
2 597
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил национальную сборную Казахстана с успешным выступлением на VI Всемирных играх кочевников
Президент подчеркнул, что это достижение стало возможным благодаря высокой самоотдаче, трудолюбию и железной воле наших атлетов.
Глава государства выразил признательность чемпионам и призерам, тренерскому штабу и всем специалистам, благодаря которым укрепляется международный авторитет Казахстана как страны, где культивируются национальные виды спорта.
Касым-Жомарт Токаев пожелал нашим спортсменам новых ярких достижений на самых престижных спортивных состязаниях.
2 597
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
2 597
Глава государства Касым-Жомарт Токаев внимательно следит за ходом Всемирных игр кочевников, на церемонии открытия которых он присутствовал вместе с лидерами ряда стран.
Через министра туризма и спорта Ербола Мырзабосынова Президент передал участникам Игр из Казахстана привет и наилучшие пожелания дальнейших побед в состязаниях, которые проходят в обстановке дружбы и справедливости.
Глава государства поблагодарил тренеров и чемпионов, а также пообещал поощрить всех, кто своим упорным трудом внес вклад в общий успех нашей национальной сборной.
2 597
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі.
Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті.
