Росатом Центральная Азия
الذهاب إلى القناة على Telegram
Официальный канал Госкорпорации «Росатом» в Центральной Азии. Новости, исследования, интересные факты об энергетике. Сайт: https://rosatomnewsletter.com/kk/ По всем вопросам обращайтесь на почту press@rosatom.kz
إظهار المزيد701
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
+27 أيام
+1630 أيام
أرشيف المشاركات
🌱 «Жасыл» қаржыландыру атом жобаларының кеңірек құндылығын ескеруі тиіс
🌍 Антальядағы COP31-де Ресей Федерациясының павильонында «Болашақ инфрақұрылымы: климаттық сын-қатерлер және қаржылық шешімдер» сессиясы өтті.
«Росатомның» тұрақты даму жөніндегі директоры Полина Лион серіктес елдердің атом жобаларына шын мәнінде қалай қарайтынын атап өтті.
«Атом энергетикасын дамытуды қарастырып жатқан елдердің көпшілігі атом жобаларына жай ғана төмен көміртекті генерация ретінде емес, әлдеқайда кеңірек қарайды. Олар тек тұрақты таза электрмен жабдықтауға ғана инвестиция салмайды. Олар өнеркәсіптік дамуға, инфрақұрылымға және жаңа жұмыс орындарына инвестиция салады. Ал жасыл қаржыландыру тетіктері мұны мойындауы тиіс», — деп атап көрсетті Полина Лион.🌱«Зелёное» финансирование должно учитывать более широкую ценность атомных проектов 🌍На COP31 в Анталье в павильоне Российской Федерации прошла сессия «Инфраструктура будущего: климатические вызовы и финансовые решения». Директор по устойчивому развитию «Росатома» Полина Лион обозначила, как страны-партнёры на самом деле смотрят на атомные проекты.
«Большинство стран, которые рассматривают развитие атомной энергетики, смотрят на атомные проекты гораздо шире, чем просто на низкоуглеродную генерацию. Они инвестируют не только в стабильное чистое электроснабжение. Они инвестируют в промышленное развитие, инфраструктуру и новые рабочие места. И механизмы зелёного финансирования должны это признавать», — подчеркнула Полина Лион.#Росатом #COP31 #ПолинаЛион #ЗелёноеФинансирование #АтомнаяЭнергетика #УстойчивоеРазвитие #Анталья 👌 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия» Оставляйте бусты 🅰️
😃 Нас разделяют границы, но объединяют проблемы: истории участников Impact Team 2050
В газете «Страна Росатом» вышел материал о международном молодёжном консультационном совете Impact Team 2050 при генеральном директоре «Росатома». Первые участники совета из Казахстана, ЮАР, Аргентины и Колумбии рассказали, как работа в нём изменила их взгляд на атомную энергетику и карьеру.
🇰🇿 Среди героев — Диана Гамазова из Казахстана. Когда она присоединилась к совету, об атомной энергетике знала понаслышке, а за три года настолько увлеклась мирным атомом, что посвятила ему диплом в Плимутском университете. Благодаря Impact Team 2050 Диана вошла в атомное сообщество Казахстана и стала одним из организаторов форума по ядерной энергетике и экологии «Энергия будущего»: в октябре 2025 года в Алматы прошёл одноимённый молодёжный эколагерь, о котором мы рассказывали. Сегодня она наставник совета от Казахстана: на встрече «Центральная Азия — Атом 2050» в Ташкенте Диана представляла итоги молодёжных ядерных диалогов.
Во второй состав совета войдут 15 человек в возрасте до 35 лет. Полный материал — по ссылке 🔗
👌 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия»
Оставляйте бусты 🅰️
😃 Бізді шекаралар бөледі, бірақ ортақ мәселелер біріктіреді: Impact Team 2050 қатысушыларының тарихы
«Страна Росатом» газетінде «Росатом» бас директоры жанындағы Impact Team 2050 халықаралық жастар консультациялық кеңесі туралы материал жарияланды. Кеңестің Қазақстаннан, ОАР-дан, Аргентина мен Колумбиядан келген алғашқы мүшелері ондағы жұмыс олардың атом энергетикасына және мансабына деген көзқарасын қалай өзгерткені туралы айтып берді.
🇰🇿Кейіпкерлердің бірі – Қазақстаннан Диана Гамазова. Кеңеске қосылған кезде ол атом энергетикасы туралы тек естіп қана білетін, ал үш жылда бейбіт атомға қызыққаны соншалық, Плимут университетіндегі дипломдық жұмысын осы тақырыпқа арнады. Impact Team 2050 арқасында Диана Қазақстанның атом қауымдастығына қосылып, ядролық энергетика және экология жөніндегі «Болашақ энергиясы» форумын ұйымдастырушылардың бірі болды: 2025 жылғы қазанда Алматыда біз бұрын жазған осы аттас жастар эколагері өтті. Бүгінде ол – кеңестің Қазақстаннан тәлімгері: Ташкентте өткен «Орталық Азия – Атом 2050» кездесуінде Диана жастар ядролық диалогтарының қорытындысын таныстырды.
Кеңестің екінші құрамына 35 жасқа дейінгі 15 адам кіреді. Толық материал – сілтеме бойынша 🔗
👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз
🅰️ Буст қалдырыңыз
+1
🌍 Платформа БРИКС подвела итоги года на полях World Atomic Days
В Анталье (Турция) в рамках форума «Мировые атомные дни» прошла Ежегодная конференция Платформы по атомной энергетике стран БРИКС.
Участники из Бразилии, Египта, Индонезии, Казахстана, Китая, России, Турции, Узбекистана, Эфиопии и ЮАР подвели итоги работы за 2026 год и определили планы на 2027-й.
📌 Ключевые итоги
• Торжественное подписание протокола об одобрении устава Платформы — важный шаг в институционализации объединения.
• Главный координатор Элси Пуле представила доклад о результатах работы за год и обозначила приоритеты на будущее.
• Представлены два исследования: «Роль и возможности многосторонних институтов развития в финансировании проектов атомной отрасли в странах БРИКС» (Селсу Кунья, ABDAN) и работа о сотрудничестве стран БРИКС в области устойчивых цепочек поставок для АЭС большой мощности (Сонвабиле Баклей, Совместная молодёжная экспертная группа).
• С приветственным словом к участникам обратились президент Нового банка развития Дилма Роуссефф и генеральный директор Всемирной ядерной ассоциации Сама Бильбао-и-Леон.
🌐 Почему это важно
На долю стран БРИКС приходится 131 из 417 действующих энергоблоков АЭС в мире и 57 из 78 строящихся. Платформа, созданная по инициативе «Росатома», объединяет компании и госструктуры для продвижения передовых ядерных технологий на рынках БРИКС и за их пределами.
#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #ПлатформаБРИКС #BRICSNuclearPlatform #АтомнаяЭнергетика #COP31 #Анталья
+1
🌍 БРИКС платформасы World Atomic Days аясында жыл қорытындысын шығарды
Анталияда (Түркия) «Әлемдік атом күндері» форумы аясында БРИКС елдерінің атом энергетикасы жөніндегі платформасының жыл сайынғы конференциясы өтті.
Бразилия, Мысыр, Индонезия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Эфиопия және ОАР қатысушылары 2026 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2027 жылға арналған жоспарларды айқындады.
📌 Негізгі қорытындылар
• Платформа жарғысын мақұлдау туралы хаттамаға салтанатты түрде қол қойылды. Бұл бірлестікті институционалдандырудағы маңызды қадам.
• Бас үйлестіруші Элси Пуле жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасап, алдағы басымдықтарды белгіледі.
• Екі зерттеу таныстырылды: «БРИКС елдеріндегі атом саласы жобаларын қаржыландырудағы көпжақты даму институттарының рөлі мен мүмкіндіктері» (Селсу Кунья, ABDAN) және ірі қуатты АЭС-тер үшін тұрақты жеткізу тізбектері саласындағы БРИКС елдерінің ынтымақтастығы туралы жұмыс (Сонвабиле Баклей, Бірлескен жастар сараптамалық тобы).
• Қатысушыларға Жаңа даму банкінің президенті Дилма Роуссефф пен Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры Сама Бильбао-и-Леон құттықтау сөз арнады.
🌐 Бұл неліктен маңызды
Әлемде жұмыс істеп тұрған 417 АЭС энергоблогының 131-і және салынып жатқан 78 энергоблоктың 57-сі БРИКС елдерінің үлесіне тиесілі. «Росатомның» бастамасымен құрылған платформа озық ядролық технологияларды БРИКС нарықтарында және одан тыс жерлерде ілгерілету үшін компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарды біріктіреді.
#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #ПлатформаБРИКС #BRICSNuclearPlatform #АтомнаяЭнергетика #COP31 #Анталья
⚛️«Атомная энергетика: преимущества “зелёной” трансформации»: главное с сессии WADs
13 ноября в Анталье (Турция) в рамках делового дня форума «Мировые атомные дни» (World Atomic Days) состоялась сессия «Атомная энергетика: преимущества “зелёной” трансформации».
🤝Представители России, Турции, Монголии, МАГАТЭ и Организации бухгалтерского учёта и аудита исламских финансовых учреждений (AAOIFI) обсудили, как атомная энергетика встроена в климатическую повестку, одновременно обеспечивая энергетическую безопасность, социальное развитие и экономический рост.
В центре дискуссии были подходы к развитию энергетических систем в разных странах и меры поддержки атомной энергетики — в частности, доступ к международным механизмам финансирования, поддерживающим устойчивое развитие и энергопереход.
🎤 Спикеры сессии:
• Кирилл Комаров — первый заместитель генерального директора — директор Блока по развитию и международному бизнесу госкорпорации «Росатом»
• Зафер Демирджан — заместитель министра энергетики и природных ресурсов Турции
• Вэй Хуан — директор отдела планирования, информации и управления знаниями Департамента ядерной энергии МАГАТЭ
• Шейх Ибрагим бен Халифа аль-Халифа — председатель Совета попечителей AAOIFI (Бахрейн)
• Далайжаргал Доржбал — генеральный директор компании «Мон-атом» (Монголия)
• Олег Жданеев — руководитель Центра компетенций технологического развития ТЭК при Минэнерго России (модератор)
💬 Ключевая цитата
«Энергетическая безопасность стала приоритетом для многих стран. При этом энергетические решения должны быть не только надёжными и доступными, но и экологически ответственными — именно это может предложить атомная энергетика. Климатическая повестка открывает возможности "зелёного" финансирования, ряд международных финансовых институтов в последнее время выразили интерес к финансированию атомных проектов. Для нас это реальная бизнес-ценность — четыре года подряд мы поддерживаем рейтинг ESG на уровне AA+ и уже привлекли более 1 миллиарда долларов через ESG-связанное финансирование и зелёные облигации. Атомная энергетика помогает странам достигать климатических целей и целей развития, а зелёная повестка открывает новые возможности для атомных проектов», — отметил Кирилл Комаров.#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #АтомнаяЭнергетика #ЗелёнаяТрансформация #COP31 #ESG #УстойчивоеРазвитие #Анталья
👌 «Атом энергетикасы: "жасыл" трансформацияның артықшылықтары»: WADs сессиясынан басты сәттер
13 қарашада Анталияда (Түркия) «Әлемдік атом күндері» (World Atomic Days) форумының іскерлік күні аясында «Атом энергетикасы: "жасыл" трансформацияның артықшылықтары» сессиясы өтті.
🤝Ресей, Түркия, Моңғолия, МАГАТЭ және Ислам қаржы институттарының бухгалтерлік есеп және аудит ұйымының (AAOIFI) өкілдері атом энергетикасы энергетикалық қауіпсіздікті, әлеуметтік дамуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ете отырып, климаттық күн тәртібіне қалай кірігетінін талқылады.
Пікірталастың басты тақырыбы түрлі елдердегі энергетикалық жүйелерді дамыту тәсілдері және атом энергетикасын қолдау шаралары болды, атап айтқанда тұрақты даму мен энергетикалық көшуді қолдайтын халықаралық қаржыландыру тетіктеріне қол жеткізу мәселесі.
🎤 Сессия спикерлері:
• Кирилл Комаров — «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары — Даму және халықаралық бизнес блогының директоры
• Зафер Демирджан — Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары
• Вэй Хуан — МАГАТЭ Ядролық энергия департаментінің жоспарлау, ақпарат және білімді басқару бөлімінің директоры
• Шейх Ибрагим бен Халифа әл-Халифа — AAOIFI Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (Бахрейн)
• Далайжаргал Доржбал — «Мон-атом» компаниясының бас директоры (Моңғолия)
• Олег Жданеев — Ресей Энергетика министрлігі жанындағы ОЭК технологиялық дамуы құзыреттер орталығының басшысы (модератор)
💬 Негізгі дәйексөз
«Энергетикалық қауіпсіздік көптеген елдер үшін басымдыққа айналды. Сонымен қатар энергетикалық шешімдер сенімді әрі қолжетімді ғана емес, экологиялық тұрғыдан да жауапты болуы тиіс — атом энергетикасы дәл осыны ұсына алады. Климаттық күн тәртібі "жасыл" қаржыландыру мүмкіндіктерін ашады, соңғы уақытта бірқатар халықаралық қаржы институттары атом жобаларын қаржыландыруға қызығушылық танытты. Біз үшін бұл — нақты бизнес-құндылық: төрт жыл қатарынан ESG рейтингін AA+ деңгейінде ұстап келеміз және ESG-байланысты қаржыландыру мен жасыл облигациялар арқылы 1 миллиард доллардан астам қаражат тарттық. Атом энергетикасы елдерге климаттық мақсаттар мен даму мақсаттарына жетуге көмектеседі, ал жасыл күн тәртібі атом жобалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті Кирилл Комаров.#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #АтомЭнергетикасы #ЖасылТрансформация #COP31 #ESG #ТұрақтыДаму #Анталия 😃 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия» Оставляйте бусты 🅰️
Каждый шестой энергетический реактор в мире работает на топливе ТВЭЛа
Топливная компания «Росатома» ТВЭЛ обеспечивает ядерным топливом десятки энергоблоков по всему миру — от Бангладеш до Китая. Весной 2026 года в реактор ВВЭР-1200 первого блока АЭС «Руппур» в Бангладеш загрузили 163 тепловыделяющие сборки: первую партию топлива доставили в страну семь самолётов Ил-76. Российское топливо поставляют и на китайские АЭС «Тяньвань» и «Сюйдапу», а на АЭС «Аккую» в Турции прошла генеральная репетиция загрузки: в корпус реактора поместили 163 имитатора ТВС.
ТВЭЛ работает и с реакторами зарубежного дизайна. Для реакторов типа PWR разработаны тепловыделяющие сборки квадратного сечения — ТВС-квадрат.Ещё один особый проект — китайский реактор на быстрых нейтронах CFR-600. В 2022 году ТВЭЛ поставил для него полный комплект ТВС для начальной загрузки и первой перегрузки. Россия почти полвека эксплуатирует быстрые реакторы и серийно производит для них топливо. 😃 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия» Оставляйте бусты 🅰️
Әлемдегі әрбір алтыншы энергетикалық реактор ТВЭЛ отынымен жұмыс істейді
«Росатомның» отын компаниясы ТВЭЛ Бангладештен Қытайға дейін әлемдегі ондаған энергоблокты ядролық отынмен қамтамасыз етеді. 2026 жылдың көктемінде Бангладештегі «Руппур» АЭС-інің бірінші блогындағы ВВЭР-1200 реакторына 163 жылу бөлгіш жинақ жүктелді: отынның алғашқы партиясын елге жеті Ил-76 ұшағы жеткізді. Ресейлік отын Қытайдағы «Тяньвань» және «Сюйдапу» АЭС-теріне де жеткізіледі, ал Түркиядағы «Аккую» АЭС-інде отын жүктеудің бас репетициясы өтті: реактор корпусына жылу бөлгіш жинақтың 163 имитаторы орналастырылды.
ТВЭЛ шетелдік дизайндағы реакторлармен де жұмыс істейді. PWR типті реакторлар үшін квадрат қималы жылу бөлгіш жинақтар – ТВС-квадрат әзірленді.Тағы бір ерекше жоба – Қытайдың шапшаң нейтрондардағы CFR-600 реакторы. 2022 жылы ТВЭЛ оған бастапқы жүктеу мен алғашқы қайта жүктеуге арналған жылу бөлгіш жинақтардың толық жиынтығын жеткізді. Ресей жарты ғасырға жуық шапшаң реакторларды пайдаланып, оларға арналған отынды сериялық түрде шығарып келеді. 😃 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз
⚛️Главное событие World Atomic Days: пленарное заседание «Атомная энергетика для людей и планеты»
🌍В Анталье (Турция) в рамках делового дня форума «Мировые атомные дни» прошло центральное событие всей программы — пленарное заседание.
В дискуссии приняли участие генеральный директор «Росатома» Алексей Лихачёв, генеральный директор Всемирной ядерной ассоциации Сама Бильбао-и-Леон, министр энергетики и природных ресурсов Турции Алпарслан Байрактар, председатель Агентства по атомной энергии Казахстана Алмасадам Саткалиев, директор Агентства «Узатом» Азим Ахмедхаджаев, главный координатор Платформы по атомной энергетике стран БРИКС Элси Пуле и генеральный директор Paks II. Ltd. Аттила Шагоди.
📌 Ключевой тезис
Алексей Лихачёв отметил, что атомная энергетика — единственная технология, способная преодолеть три ключевых вызова современности: изменение климата, энергопереход и геополитическую нестабильность.
👆🏼Глава «Росатома» подчеркнул, что Россия никогда не переставала строить АЭС и совершенствовать технологии, что позволило госкорпорации стать лидером отрасли.
🔬 Взгляд в будущее
«Росатом» планирует, что к середине века в России заработает двухкомпонентная атомная энергетика с тепловыми и быстрыми реакторами и замыканием ядерного топливного цикла. Технологии реакторов IV поколения сделают атомную генерацию практически безотходной.
«Экологичность атомной энергетики, её ключевое значение для энергоперехода и обеспечение равного доступа к ядерным технологиям — это главный вектор текущей мировой энергетической повестки. «Росатом» всегда предлагал свои решения партнёрам, делился своими знаниями и технологиями и будет так делать и впредь», — резюмировал Алексей Лихачёв.
«Казахстан занимает второе место в мире по запасам урана и обеспечивает около 40% его мировой добычи. Мы рассматриваем уран не только как экспортный товар, но и как стратегический ресурс для развития собственной энергетики и экономики. Казахстан планирует строительство трех АЭС, чтобы обеспечить растущие потребности в электроэнергии и сформировать полноценный промышленный и научный атомный кластер. Казахстан развивает собственные технологии и расширяет сотрудничество с мировыми лидерами атомной отрасли, включая Россию, Китай и европейские страны», — отметил Алмасадам Саткалиев.
#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #ПленарноеЗаседание #АтомнаяЭнергетика #COP31 #Анталья #Энергопереход
⚛️World Atomic Days басты іс-шарасы: «Адамдар мен планета үшін атом энергетикасы» пленарлық отырысы
🌍Анталияда (Түркия) «Әлемдік атом күндері» форумының іскерлік күні аясында бүкіл бағдарламаның орталық іс-шарасы – пленарлық отырыс өтті.
Пікірталасқа «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв, Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры Сама Бильбао-и-Леон, Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Узатом» агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев, БРИКС елдерінің Атом энергетикасы платформасының бас үйлестірушісі Элси Пуле және Paks II. Ltd. бас директоры Аттила Шагоди қатысты.
📌 Негізгі тезис
Алексей Лихачёв атом энергетикасы қазіргі заманның үш негізгі сын-қатерін – климаттың өзгеруін, энергетикалық ауысуды және геосаяси тұрақсыздықты еңсере алатын жалғыз технология екенін атап өтті.
👆🏼«Росатом» басшысы Ресей АЭС салуды және технологияларды жетілдіруді ешқашан тоқтатпағанын атап көрсетті. Соның арқасында мемлекеттік корпорация сала көшбасшысына айналды.
🔬 Болашаққа көзқарас
«Росатом» ғасырдың ортасына қарай Ресейде екі компонентті атом энергетикасы жұмыс істейді деп жоспарлап отыр: жылулық және жылдам реакторлар, ядролық отын циклі тұйықталады. IV буын реакторларының технологиялары атом генерациясын іс жүзінде қалдықсыз етеді.
«Атом энергетикасының экологиялылығы, оның энергетикалық ауысу үшін шешуші маңызы және ядролық технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – қазіргі әлемдік энергетикалық күн тәртібінің басты векторы. «Росатом» әрдайым серіктестеріне өз шешімдерін ұсынып, білімі мен технологияларымен бөлісіп келді және бұдан әрі де солай ете береді», – деп түйіндеді Алексей Лихачёв.
«Қазақстан уран қоры бойынша әлемде екінші орында және оның әлемдік өндірісінің шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді. Біз уранды тек экспорттық тауар ретінде ғана емес, өз энергетикамыз бен экономикамызды дамытуға арналған стратегиялық ресурс ретінде де қарастырамыз. Қазақстан электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз ету және толыққанды өнеркәсіптік әрі ғылыми атом кластерін қалыптастыру үшін үш АЭС салуды жоспарлап отыр. Қазақстан өз технологияларын дамытып, атом саласының әлемдік көшбасшыларымен, соның ішінде Ресеймен, Қытаймен және Еуропа елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуде», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #ПленарноеЗаседание #АтомнаяЭнергетика #COP31 #Анталья #Энергопереход
👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз
🅰️ Буст қалдырыңыз
🇷🇺 В Москве тестируют мобильную зарядную станцию-робот «Росатома»
Топливный дивизион «Росатома» совместно с Департаментом транспорта Москвы начал тестовую эксплуатацию роботизированной мобильной электрозарядной станции. Пилотный проект проходит на парковке у Триумфальной площади. Главное отличие от обычной ЭЗС — станция сама приезжает к электромобилю.
Внутри — накопитель энергии ёмкостью 74,6 кВт·ч, пиковая мощность зарядки достигает 60 кВт. Электромобиль средней ёмкости заряжается с 10 до 90 % примерно за 30 минут. Пока роботом управляет инженер с пульта, затем планируется беспилотный режим: станцию можно будет вызвать через приложение «Метро Москвы», а ориентироваться она будет с помощью цифровой карты, компьютерного зрения, стереокамеры и лидара.
«Появление на московских паркингах роботов-заправщиков — это ещё один шаг в развитии отечественных технологий беспилотности и роботизации», — отметил директор бизнес-направления «Электромобильность» ТВЭЛа Александр Бухвалов. Тестирование продлится до конца года, в 2027 году разработку планируют подготовить к серийному производству.👌 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия» Оставляйте бусты 🅰️
🇷🇺 Мәскеуде «Росатомның» жылжымалы зарядтау станциясы-роботы сынақтан өтуде
«Росатомның» Отын дивизионы Мәскеу көлік департаментімен бірлесіп роботтандырылған жылжымалы электр зарядтау станциясын сынақтық пайдалануды бастады. Пилоттық жоба Триумфальная алаңындағы тұрақта жүзеге асырылуда. Кәдімгі зарядтау станциясынан басты айырмашылығы – станцияның өзі электромобильге келеді.
Ішінде сыйымдылығы 74,6 кВт·сағ энергия жинақтағыш бар, зарядтаудың ең жоғары қуаты – 60 кВт-қа дейін. Орташа сыйымдылықтағы электромобиль 10-нан 90 %-ға дейін шамамен 30 минутта зарядталады. Қазір роботты инженер пульт арқылы басқарады, кейін жүргізушісіз басқару режимі енгізілмек: станцияны «Метро Москвы» қосымшасы арқылы шақыруға болады, ал ол цифрлық карта, компьютерлік көру, стереокамера және лидар көмегімен бағдар алады.
«Мәскеу тұрақтарында робот-зарядтағыштардың пайда болуы – отандық жүргізушісіз басқару және роботтандыру технологияларын дамытудағы тағы бір қадам», – деді ТВЭЛ-дің «Электромобильдік» бизнес-бағытының директоры Александр Бухвалов. Сынақ жыл соңына дейін жалғасады, ал 2027 жылы әзірлемені сериялық өндіріске дайындау жоспарланған.👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз
🌍 Ертең – World Atomic Days басты іс-шарасы: «Адамдар мен планета үшін атом энергетикасы» пленарлық отырысы
📆13 қараша, 12:00–13:30
Атом саласы бүгінде өрлеу кезеңін бастан өткеріп, жаңа көкжиектерді игеруде. Атом технологиялары адамзаттың ортақ міндеттерін шешу үшін мемлекеттерді біріктіреді. Бұл тек ғылым мен өнеркәсіп емес. Бұл сонымен қатар сенімді энергиямен жабдықтау, технологиялық егемендік, елдердің, өңірлер мен қалалардың орнықты дамуы және планетаның әр нүктесіндегі лайықты өмір сапасы.
☢️ Атом технологиялары біздің өмірімізді қазірдің өзінде қалай жақсартып жатыр және болашақта әлемді өзгертуге қалай көмектеседі? Қандай атом шешімдері орнықты болашаққа апаратын кепілді жолға айналады? Атомның шексіз мүмкіндіктерін ашыңыз – ел үшін, өзіңіз үшін, планета үшін.
🎤 Спикерлер:
• Алексей Лихачёв – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры
• Сама Бильбао-и-Леон – Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың бас директоры
• Алмасадам Сәтқалиев – Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы
• Азим Ахмедхаджаев – Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Атом энергетикасын дамыту агенттігінің (Узатом) директоры
• Элси Пуле – БРИКС елдерінің Атом энергетикасы платформасының бас үйлестірушісі
• Аттила Шагоди – Paks II. Ltd. бас директоры, директорлар кеңесінің төрағасы
👥 World Atomic Days-тің барлық қатысушыларын залдағы отырысқа қосылуға шақырамыз!
🔗 Жеке қатыса алмайсыз ба? Сілтеме арқылы тікелей трансляцияға қосылыңыз!
Атом энергетикасының болашағы туралы басты әңгімені жіберіп алмаңыз! 👀
#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #ПленарноеЗаседание #АтомнаяЭнергетика #COP31 #Анталья
👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз
🅰️ Буст қалдырыңыз
🌍 Завтра - главное событие World Atomic Days: пленарное заседание «Атомная энергетика для людей и планеты»
📆13 ноября, 12:00–13:30
Атомная отрасль сегодня переживает подъём, осваивая новые горизонты. Атомные технологии объединяют государства для решения общих задач человечества: это не только наука и промышленность, но и надёжное энергоснабжение, технологический суверенитет, устойчивое развитие стран, регионов и городов, достойное качество жизни в каждой точке планеты.
⚛️Как атомные технологии улучшают нашу жизнь уже сейчас — и помогут изменить мир в будущем? Какие атомные решения станут гарантированным маршрутом в устойчивое будущее? Открывайте безграничные возможности атома — для страны, для себя, для планеты.
🎤 Спикеры:
• Алексей Лихачёв — генеральный директор Госкорпорации «Росатом»
• Сама Бильбао-и-Леон — генеральный директор Всемирной ядерной ассоциации
• Алмасадам Саткалиев — председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии
• Азим Ахмедхаджаев — директор Агентства по развитию атомной энергетики при Министерстве энергетики Республики Узбекистан (Узатом)
• Элси Пуле — главный координатор Платформы по атомной энергетике стран БРИКС
• Аттила Шагоди — генеральный директор, председатель Совета директоров Paks II. Ltd.
👥 Приглашаем всех участников World Atomic Days присоединиться к заседанию в зале!
📌Не сможете быть лично? Подключайтесь к прямой трансляции по ссылке!
Не пропустите главный разговор о будущем атомной энергетики! 👀
#Росатом #WorldAtomicDays #WADs #ПленарноеЗаседание #АтомнаяЭнергетика #COP31 #Анталья
👌 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия»
Оставляйте бусты 🅰️
👌 Алексей Лихачев открыл Молодежный день Мировых атомных дней в Турции
🇹🇷 В Анталье (Турция) состоялось открытие Молодежного дня Мировых атомных дней. Участников приветствовал генеральный директор госкорпорации «Росатом» Алексей Лихачев. В своем выступлении глава «Росатома» обозначил роль молодых специалистов в реализации будущих решений атомной отрасли.
«Мировые атомные дни продолжают диалог, начатый на Мировой атомной неделе в Москве. Здесь, в Анталье, параллельно с климатической конференцией ООН COP31 мы обсуждаем, какой вклад атомная энергетика и технологии вносят в «зеленое» будущее нашей планеты.
И начинаем мы с Молодёжного дня, потому что именно вам, молодым специалистам, предстоит воплощать в жизнь многие из решений, о которых сегодня пойдёт речь. Для Росатома подготовка кадров начинается задолго до пуска станции. Пример тому – АЭС «Аккую».
Вместе с турецкими партнёрами мы готовим специалистов для первой атомной электростанции Турции. Вместе с новой станцией в стране формируется команда, которая будет отвечать за ее безопасную и надежную эксплуатацию. Сегодня атомной промышленности нужны таланты — молодые люди, готовые предлагать новые идеи, осваивать технологии и работать на стыке разных профессий. Будущим инженерам, экологам и разработчикам цифровых систем важно уже во время учебы учиться решать общие задачи и видеть, как их знания применяются на практике», — отметил Алексей Лихачев.Программу Молодежного дня открыл диалог высокого уровня «Кадры для технологического прорыва в ответ на изменение климата», организованный совместно с Платформой по атомной энергетике стран БРИКС. В течение дня также пройдут сессии с участием Международного молодежного консультационного совета Impact Team 2050 и презентация результатов национальных молодежных ядерных диалогов. 👌 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия» Оставляйте бусты 🅰️ #Росатом #WorldAtomicDays #WADs #МолодежныйДень #Анталья #COP31 #АтомнаяЭнергетика #ImpactTeam2050
👌 Алексей Лихачев Түркиядағы Әлемдік атом күндерінің Жастар күнін ашты
🇹🇷 Анталияда (Түркия) Әлемдік атом күндерінің Жастар күні ашылды. Қатысушыларды «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев құттықтады. Росатом басшысы сөзінде атом саласындағы болашақ шешімдерді жүзеге асырудағы жас мамандардың рөліне тоқталды.
«Әлемдік атом күндері Мәскеудегі Әлемдік атом апталығында басталған диалогты жалғастырады. Мұнда, Анталияда, БҰҰ-ның COP31 климаттық конференциясымен қатар біз атом энергетикасы мен технологияларының планетамыздың «жасыл» болашағына қандай үлес қосатынын талқылаймыз.
Біз Жастар күнінен бастаймыз, өйткені бүгін сөз болатын көптеген шешімді жүзеге асыру дәл сіздерге, жас мамандарға жүктеледі. Росатом үшін кадр даярлау станция іске қосылғанға дейін көп бұрын басталады. Бұған «Аккую» АЭС-і мысал бола алады.
Түрік серіктестерімізбен бірге Түркияның алғашқы атом электр станциясы үшін мамандар даярлап жатырмыз. Жаңа станциямен бірге елде оны қауіпсіз әрі сенімді пайдалануға жауап беретін команда қалыптасып келеді. Бүгінде атом өнеркәсібіне таланттар керек. Бұл жаңа идеялар ұсынуға, технологияларды меңгеруге және әртүрлі кәсіптердің түйіскен жерінде жұмыс істеуге дайын жастар. Болашақ инженерлер, экологтар мен цифрлық жүйелерді әзірлеушілер оқу кезінің өзінде ортақ міндеттерді бірге шешуді үйреніп, білімдерінің іс жүзінде қалай қолданылатынын көруі маңызды», — деді Алексей Лихачев.Жастар күнінің бағдарламасы «Климаттың өзгеруіне жауап ретінде технологиялық серпіліс үшін кадрлар» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі диалогпен ашылды. Оны БРИКС елдерінің Атом энергетикасы жөніндегі платформасы бірлесіп ұйымдастырды. Күні бойы Impact Team 2050 Халықаралық жастар консультативтік кеңесі қатысатын сессиялар өтеді. Ұлттық жастар ядролық диалогтарының нәтижелері де таныстырылады. «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз #Росатом #WorldAtomicDays #WADs #ЖастарКүні #Анталия #COP31 #АтомЭнергетикасы #ImpactTeam2050
🇰🇬 В Кыргызстане досрочно завершили реабилитацию горных отвалов Тоо-Моюн и Кызыл-Жар
«Росатом» совместно с МЧС Кыргызской Республики досрочно завершил реабилитацию горных отвалов в посёлках Тоо-Моюн Ошской области и Кызыл-Жар Джалал-Абадской области. Работы выполнили за 11 месяцев вместо запланированных 18, объекты получили государственные акты о вводе в эксплуатацию.
На площадках создали места локализации горных отвалов с противофильтрационным экраном, переместили более 100 тыс. кубометров горных пород, законсервировали шахты и штольни, построили гидротехнические сооружения. Рудник Тоо-Моюн разрабатывался с 1922 по 1954 год, объект в Кызыл-Жаре — с 1946 по 1967 год.
«Территории приведены в радиационно безопасное состояние, что позволит снизить существующие экологические риски для населения и окружающей среды», — отметил министр чрезвычайных ситуаций Кыргызской Республики Канатбек Чыныбаев. Ранее «Росатом» вместе с кыргызстанскими компаниями привёл в радиационно безопасное состояние пять объектов в Мин-Куше и Каджи-Сае. Текущий этап сотрудничества рассчитан до 2030 года.👌 Подписывайтесь на канал «Росатом Центральная Азия» Оставляйте бусты 🅰️
🇰🇬 Қырғызстанда Тоо-Моюн және Қызыл-Жар тау үйінділерін оңалту мерзімінен бұрын аяқталды
«Росатом» Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, Ош облысындағы Тоо-Моюн және Жалал-Абад облысындағы Қызыл-Жар кенттеріндегі тау үйінділерін оңалту жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Жұмыстар жоспарланған 18 айдың орнына 11 айда орындалып, нысандарды пайдалануға беру туралы мемлекеттік актілер алынды.
Алаңдарда сүзуге қарсы экраны бар тау үйінділерін оқшаулау алаңдары жасалды, 100 мың текше метрден астам тау жынысы орын ауыстырылды, шахталар мен штольнялар консервацияланды, гидротехникалық құрылыстар салынды. Тоо-Моюн кеніші 1922–1954 жылдары, ал Қызыл-Жардағы нысан 1946–1967 жылдары игерілген.
«Аумақтар радиациялық тұрғыдан қауіпсіз күйге келтірілді, бұл халық пен қоршаған орта үшін қазіргі экологиялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді», – деді Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Канатбек Чыныбаев. Бұған дейін «Росатом» қырғызстандық компаниялармен бірге Мин-Куш пен Каджи-Сайдағы бес нысанды радиациялық тұрғыдан қауіпсіз күйге келтірген. Ынтымақтастықтың қазіргі кезеңі 2030 жылға дейін есептелген.👌 «Росатом Орталық Азия» арнасына жазылыңыз 🅰️ Буст қалдырыңыз
🌍 World Atomic Days: Анталья становится точкой притяжения глобальной атомной повестки
⚛️12–13 ноября в Анталье (Турция) пройдут «Мировые атомные дни» (World Atomic Days, WADs) — ключевое международное бизнес-мероприятие мировой атомной отрасли 2026 года, организуемое «Росатомом» для зарубежных партнёров.
❗️Как вы помните, на следующей неделе в Анталье стартует COP31. Дополняя климатическую повестку конференции, «Росатом» проведёт собственное мероприятие, которое станет площадкой для предметного разговора о вкладе атомной энергетики в низкоуглеродное будущее.
📌 Главное
• Пленарное заседание «Атомная энергетика для людей и планеты» с участием генерального директора «Росатома» Алексея Лихачёва — центральное событие деловой программы.
• Сессии с руководителями госкорпорации: первый заместитель генерального директора — директор Блока по развитию и международному бизнесу Кирилл Комаров, заместитель генерального директора по персоналу Татьяна Терентьева, заместитель директора по информационным и цифровым технологиям Евгений Гаранин и другие спикеры.
• Молодёжная повестка: сессии с участием международного консультационного совета Impact Team 2050, презентация результатов национальных молодёжных ядерных диалогов и Global Atomic Quiz.
• Выставка «Росатома» с виртуальным туром по АЭС «Аккую» — турецкие инженеры, выпускники российских вузов, проведут зрителей по ключевым объектам первого пускового комплекса.
🤝Мероприятие пройдёт при поддержке МАГАТЭ, Всемирной ядерной ассоциации (World Nuclear Association, WNA),
«Платформы по атомной энергии БРИКС» (BRICS Nuclear Platform) — механизма сотрудничества, созданного по инициативе «Росатома» для продвижения ядерных технологий на рынках стран БРИКС и партнёров.
📆Где и когда: Анталья, Турция, 12–13 ноября 2026 года.
#Росатом #Мировыеатомныедни #WorldAtomicDays #WADs #COP31 #Анталья #Турция #BRICSNuclearPlatform #Атомнаяэнергия #ImpactTeam2050 #AkkuyuNPP #Аккую #GlobalAtomicQuiz
