cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Ystyqnews

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
10 431
المشتركون
-3024 ساعات
-3607 أيام
+22630 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Журналист ұлт үшін қызмет етеді Президент Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
«Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әлихан Бөкейхан «Газет-журнал шығаруға зор шеберлік керек» деп талап қойған. Жалпы, журналистер мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіру ісінде айрықша рөл атқарады»,-деі Қасым-Жомарт Тоқаев.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміндегі сөзі басталды
إظهار الكل...
📣📣📣Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Банктің жылдық жиналысы аясында Еуразиялық даму банкі Кеңесінің (ЕАДБ) отырысын өткізді, онда ұйымның 2023 жылғы жұмысының қорытындылары қаралды, сондай-ақ одан әрі көпжақты даму бойынша бірқатар шешімдер қабылданды. 🔺 ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов 2023 жылы Банк қаржылық тұрақтылықты сақтап, операциялар аймағындағы жетекші даму институты ретіндегі рөлін күшейткенін атап өтті. Жылдық инвестиция көлемі $1,7 млрд құрады. Есепті жылы банк «жасыл инвестициялар» саласындағы жұмысты ұлғайтты — ағымдағы инвестициялық портфельдегі жасыл жобалардың көлемі жыл қорытындысы бойынша $600 млн-нан асты. Алғашқы екі жылдың қорытындысы бойынша Инвестициялар бойынша 2022-2026 стратегиясының көрсеткішін орындау 140%-ды құрады. ✔ Банктің 18 жылдық жұмысында жинақталған инвестициялық портфель $14,7 млрд-қа жетті, ал жобалардың жалпы саны – 285. Негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар құрайды. Анықтама: Еуразиялық даму банкі — Еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. 18 жылдан астам уақыт бойы ЕАДБ экономикалық байланыстарды нығайтуға, кеңейтуге және қатысушы елдердің жан-жақты дамуына жәрдемдесіп келеді. ЕАДБ-ның жарғылық капиталы – $7 млрд. Банк өз қызметінде БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.
إظهار الكل...
Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Банктің жылдық жиналысы аясында Еуразиялық даму банкі Кеңесінің (ЕАДБ) отырысын өткізді, онда ұйымның 2023 жылғы жұмысының қорытындылары қаралды, сондай-ақ одан әрі көпжақты даму бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

00:59
Video unavailableShow in Telegram
🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤 Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанада өтетін саммитіне 1 апта қалды. 🔷Естеріңізге сала кетейік, жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады. 🔷Бұл ретте назарларыңызға Қазақстанның ШЫҰ-дағы орны мен рөлі туралы бейне ұсынамыз. @ptrkkz
إظهار الكل...
IMG_0654.MP419.80 MB
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇶🇦Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады. Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады. ✔️Кездесуде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.
إظهار الكل...
📣📣📣2024 бумы: экономиканың кей салалары мықты серпілмек
Биыл жылдың соңына дейін ішкі жалпы өнім көлемі әжептеуір артуы ықтимал. Күні кеше Парламенттің бірлескен отырысы өтті. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің атқарып жатқан жұмысы мен алдағы жоспарымен бөлісіпті.
👍🏻Мәселен, биыл 12 мың километр автомобиль жолына жөндеу жасау көзделген. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Елімізде республикалық маңызы бар 96 мың шақырым жол бар екенін ескерсек, соның 8 пайызы бір жылда жөнделеді. 🙌🏻Халықты баспанамен қамту мақсатында 18 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Отбасы банкі «Отау» және «Наурыз» бағдарламаларын іске қосқан еді. Бүгінге дейін 64 мың өтініш келіп түскен. Ал жалдамалы пәтерді көбейту мақсатында қосымша 272 миллиард теңге бөлінген. 📍Сондай-ақ 1800 километрге газ құбыры жүргізіледі. Нәтижесінде 300 мың адам көгілдір отынға қол жеткізбек. 6,5 километр коммуналдық желі жаңартылады. Демек, газ өндіру көлемі де көбеюге тиіс. Ендеше, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. 🔍Негізі жоспар бойынша жыл сайын экономиканы 6 пайызға ұлғайтып отыру қажет. Бұл әрине, оңай шаруа емес. Оған жақындау үдеден шықсақ қуанар едік. Қазірдің өзінде құрылыс, байланыс, транспорт салаларында өсім анағұрлым жоғары. Сауда-саттық саласында да өсім біртіндеп артып келеді. ✨Сонымен қатар ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі 4 есеге өсті. Биыл отандық өндіріске 540 милилард теңге беріледі. Жаңа лизингтің бағдарлама бойынша 100 миллиард теңге бөлінеді. 📌Экономикаға салынған қаражаттың қайтарымы болатыны түсінікті. Яғни, елдегі ішкі жалпы өнім көлемінің артуына жағдай жасайды. Әрине, мұның бәрі әлеуметтік бағыттағы жобалар. Бірақ бұлар экономиканы күрт жандандыруға тиіс. Жыл нәтижесін күтеміз. Айбар Олжаев, қаржыгер
إظهار الكل...
📣📣📣Су тасқыны салдарын жою: Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді 📌 ҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. ➤ Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі ҚР Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс. Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі: 1. Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая; 2. Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка; 3. Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора). 🔺 Еске сала кетейік, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі таңда оның 40%-дан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр. ➤ Сондай-ақ бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды. 📌 Зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу және инфрақұрылымның барлық түрін қалпына келтіру мәселелері Үкіметтің қатаң бақылауында.
إظهار الكل...
🇰🇿🇲🇹 Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрі Иан Борчты қабылдады 📌Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕҚЫҰ аясындағы ықпалдастықтың жай-күйі талқыланды. 📌Мемлекет басшысының айтуынша, ЕҚЫҰ қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында біздің аймақта және одан тыс жерлерде барлық үш өлшем бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінің Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға бейілді екенін растады.
– Біз осы ізгі мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға, сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ұйымға төрағалық етіп отырған Мальтамен бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз, – деді Президент.
📍Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мальта Президенті Мириам Спитери Дебоноға ізгі тілегін жолдап, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және Қазақстан мен Мальта байланыстарына тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Олжас Бектенов шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуді тапсырды 📌 Үкіметте қазақстандықтардың шетелдегі еңбек қатынастарын заңдастыру және олардың құқықтарын қорғау қажеттілігі атап өтілді. Қазіргі уақытта тиісті үкіметаралық келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Қазірдің өзінде шет елдерде біздің азаматтарды жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің қызметін бір жүйеге келтіру қажет. Қазақстандықтар келісімшарт бойынша сенімді кепілдік алуға тиіс. Еңбек министрлігі осы бағытта кешенді шаралар қабылдасын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
🔺 Шетелде жұмыс істегісі келетіндер үшін бірқатар өңірлерде, атап айтқанда Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында Кәсіптік және тілдік даярлау орталықтары ашылады. Үкімет басшысы басқа өңірлер бұл тәжірибені ары қарай пайдалана алатынын ескертті.
إظهار الكل...
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет су тасқынынан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр. Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты. Зардап шеккендерді баспанамен қамту ✔ 67 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. Эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіледі. ✔ Су тасқынынан зардап шеккендердің жалғыз баспанасы саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысы су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды. ✔ Бағалау қорытындысы бойынша 9 306 үй жөндеуге жатқызылды, 8 190 үй қалпына келтірілмейтіні анықталды, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ үлгілік жоба бойынша 2 576 үй салу жоспарлануда. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет. ✔ Қазіргі уақытта тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 40 млрд теңгеге өтемақы 6 176 отбасына берілді. 3 414 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алды. ✔ Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 2,5 мың жаңа үйдің құрылысы басталды. 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлемдер 24 маусымдағы жағдай бойынша 33 321 отбасы 12 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Қосымша шаралар Зардап шеккен тұрғындарға 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жоғалған қажетті заттарды сатып алу үшін қосымша өтемақы төленеді. 15 355 отбасы 7,6 млрд теңгеге өтемақы алды. Суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты. Зардап шеккен бизнестің шығынын өтеу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 833 млн теңгеден асатын 124 өтінімін қарап, мақұлдады. Әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 797 ШОБ субъектісі 24,1 млрд теңге сомасында зардап шеккен. Осы объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізіледі, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады. Инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 48,7 млрд теңгеге бағаланды. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік объектілерді жөндеуге бағытталады. Бүгінгі таңда 39,8 млрд теңгеге жобалар дайындалды. Құжаттама Қаржы министрлігіне келіп түсуіне қарай Үкімет басқа жобалар бойынша шешім қабылдайтын болады.
إظهار الكل...
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.