cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

кітапсүйер 📚🕯

Кітапсүйердің арнасы 📚 Автор: @fatiw1xs Инстаграм: @fatiw1xs

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
540
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
+27 أيام
-930 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Менің қазіргі оқып жатқан авторым-Дулат Исабеков. Алғашқы авторым, барлық шығармаларын оқып жатқан. Дулат Исабековтен байқаған бір ерекшелік-адам жанын, сезімін дәл жеткізе алу. Әсіресе өзі еркек болып, әйел сезімін дәл жеткізуі. Қарғынды оқып жатып "шығармалары кішкене философиялау-мааа" деген ойға тоқталдым 😂 Өйткені әр шығармасында әйтеуір бір кермек ой табасың ☕️
إظهار الكل...
4👍 2👏 2
Мен кітаптарды авторларымен оқу жайында айтып едім. Яғни бір автордың қанша кітабы болса сонша кітабын оқу. Кітаптың өзін оқығаннан, авторымен оқысаң сол авторды тереңірек танисың, жазу стильін, ойларын, сипаттауларын... Оны жазушы ретінде таныған соң өзгелерге айтып, ұсынада аласың 📚
إظهار الكل...
Қайырлы таң кітап сүйер қауым 🫶🏻 Оқушылар жазғы демалысқа шығуларыңызбен 😁
إظهار الكل...
34. Анна Франк. Пана: хат түріндегі күнделік. Автор: Анна Франк Бет: 366 Күнделік. Бірнеше минут бұрын оқылған шығарманың ізін ала рецензия жазуды жөн көрдім. Сыйға берген жан "Анна қайсар қыз, бірақ қазақтың қыздары оданда мықты болуы қажет. Сіз міндетті түрде оқуыңыз қажет кітап" деп беріп еді. Бұл хат түрінде жазылған күнделік. Күнделік иесі Анна Франк. Күнделік 1942 жылғы 12 маусымнан 1944 жылғы 1 тамызға дейін жазылған. Анна Франк басында күнделікті тек өзі үшін жазған. Оранье радиосынан Нидерланд үкіметінің білім министірінің сөзінен соң Анна, соғыс аяқталған соң осы күнделігіне сүйеніп кітап жазам деп ұйғарады. Бірақ 15 жасында Анна концлагерьде қаза табады. Күнделік соғыс кезінде жазылған. Аннаның отбасы және таныстары бас сауғалап, паналайды. Өздерінің паналап жатқан жерлерін-Пана деп жазады Анна. Бірақ 1944 жылғы 4 тамызда оларды қолға түсіреді. Концлагерьге жіберіледі, жер аударады... Концлагерьге жіберілген 8 адамның тек біреуі ғана аман қалады. Ол Отто Франк (Аннаның әкесі) болады. Соғыс біткен соң, Отто Франк Аннаның күнделігінің жарыққа шығаруға тырысады. Ақырында күнделік басылып шығады.
إظهار الكل...
👍 1 1
33. Әлемді 80 күнде шарлау Автор: Жюль Верн Бет: 284 Шытырман оқиғалы туынды Енді мына суреттерден-ақ кітаптың қандай қызық екенін айтпасамда түсінікті шығар? 😂 Летс гоууу Кітаптағы басты кейіпкер бай-қуатты, бойдақ Фогг мырза өзінің достарымен әлемді 80 күнде шарлауға бәс тігеді қомақты соммаға. Сонымен арнайы сызылған карта бойынша Фогг мырза мен оның қызметшісі Паспорту саяхатқа шығады. Нағыз шытырман осы жерде басталады. Сол күні Фогг мырзаны ұры деген күдікпен бір комиссар соңына түсіп, бөгет болып келеді. Бірақ, шынында Фогг мырза ұры емес-тін (ол кітаптың соңында анықталады). Олар саяхатқа шыққанда жабайы адамдарға тап болады, пілмен саяхаттап, мұхит кешеді, үнділерге тап болып, Фогг мырзаның болашақ әйелі Ауда ханымды құтқарып алады. Шығарма енді қайғылы бітейін деп жатқанда, автор кейіпкерлерді күтпеген қиындықтан құтқарып алады. Кітап happi end. Смело оқи беріңіздер 😂😇 Және кітапты өте сауатты жазғаны көрініп тұр. Себебі уақыттың бәрі дәлме-дәл есептелген. Осы кітапты оқыған журналист Нелли Блай 1889 жылы Жюль Верн сызған бағдармен Жер шарын 72 күнде аралайды. Және жолай авторға кіріп шығады.
إظهار الكل...
32. Жүректің сырлары Автор: Имам Ғазали Жанр: діни Бет: 435 Қанша уақыт оқим-оқим деп жүргеніммен ауыр кітап екен. Екі-үш апта өзімді қысып оқыдым. Шытырман оқиға мен классикаға жатып алған маған, бұл кітап ауырлық етті. Бірақ, соңында табандылығым жеңіп, кітапты бітірдім, рецензия жазбаққа отырдым. Кітап ауқымды өте. Алладан қорқудан бастап, адами қасиеттер, ғибадат, жұмақ, тозақ бәрін жаза өтеді. Тіпті қазіргі заманға дейін актуал болған тақырып музыка тыңдай сынды тақырыпта бар. Діни кітап болған соң не айтарымды білмей қалдым ғой 😂 Кейбір кісілер бұл кітапты тек Ихия-улумиддин кітабының қысқаша алынғаны дейді. Ал мен айтар едім Ихияны оқымай тұрып автордың жеңіл кітаптарына жәймен кіріп бой үйретіп алыңыздар деп. Өйткені ол кітаптар Жүректің сырларынан қарағанда өте ауқымды. Егерде Жүректің сырларын оқымаққа ұмтылсаңыз Алла зейініңізді ашсын.
إظهار الكل...
https://youtu.be/utUam9e6nCs?si=ftq-Mdxfp-0CcLSW Айтпақшы алғашқы видео салынды ютубқа. Бірінші видео болған соң енді, кхм... 😅😂
إظهار الكل...
Қазақша қандай кітап оқуға болады? Қазақша ғылыми-фантастикалық кітаптар 📚

Біздің алғашқы видеомызда ғылыми фантастикалық кітаптар жайлы айтылды. Мен оқыған фантастикалық кітаптар: • Шоко әлем сериясы-Рүстем Сауытбай• Көрінбейтін ад...

🔥 1
Рецензия жазып отырып бір екі сұраққа да жауап жаза өтейін: -Рецензия неге сирек жазасыз? -Кітап оқып отырып, кейде жазуға ерінетінім бар, а так кітап аз оқитын адам емеспін 😅 -Телеграм жүргізудегі мақсат? -Қазір әлеуметтік желілерді жүргізудегі мақсатым ұлтқа қызмет ету болып кетті. Сол іс бойынша бас қатырып жүрмін. Ал нақты телеграм жүргізудегі мақсат қазақша кітаптарға рецензия жазып, адамдарға кітап оқу жағынан көмек беру болды. Онсызда кітаптар көп. Ал адамның өзіне қажет емес кітапқа уақыт құртқаны шығын. Сондықтан кітаптарға рецензия жазудамын. -Қанша кітапқа рецензия жазу ойда бар н/е канал тоқтап қалмайма деген сұрақ? -Канал тоқтамайды, бұйырса. Қазақша әдебиетке аз дегенде 50% кітаптарына рецензия жазу ойда бар. Басты мақсат пайдалы болу. Қазақша сапалы кітапқа қатысты контентті көбейту. Себебі кітапқа қатысты қазақша контентті таба бермейсің...
إظهار الكل...