cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

SADAQ

📌Қоғамдық-саяси жаңалықтар платформасы https://sadaqmedia.kz 💡 Бейімбет Майлиннің «Ғалия» медресесінде (Уфа) шығарған «Садақ» қолжазба журналының реинкарнациясы. 📘Қазақ және әлем авторларының кiтаптары қосымша жүктеледі. 📍Жарнама: 87001117705

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
4 317
المشتركون
-1124 ساعات
-687 أيام
-31230 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Photo unavailableShow in Telegram
Мұрат Әуезов 81 жасында дүниеден өтті Көрнекті қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезов өмірден өтті. Қайғылы хабарды жазушы-журналист, Қазақстан ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин жеткізді.  «Қаралы хабар келді. Ұзаққа созылған ауыр науқастан ұлтымыздың мақтанышы, көрнекті ойшыл Мұрат Әуезов жантәсілім етіпті. Қош бол, қымбатты Мұрат Мұхтарұлы!», - деп жазды ол желідегі парақшасында.  
إظهار الكل...
😢 6
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанда қоғамдық орында діни киім киюге тыйым салынады Парламент дін мәселелерін реттейтін заңды күзде қарауды жоспарлап отыр. Ермұрат Бәпидің сөзінше, заң алдымен күзде талқыдан өтеді. «Заң қабылданған соң елде бірқатар сұрақтар шешіледі. Оның ішінде мектепке діни киіммен келу де бар. Оғар толық тыйым салынады. Заң нормасын ұсынғандардың бірі менмін, сондықтан қандай нормалар барын білемін», - деді ол.
إظهار الكل...
🤬 13👍 4👏 2🤯 2🔥 1💔 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тағы бір сарбаз әскерде көз жұмды Оқиға бүгін Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 13 маусым күні оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
إظهار الكل...
🤬 6😢 3
☄️Түнде Алматы аспанынан аққан метеорит пе? Алматылықтар түнде аспаннан белгісіз нысанды байқаған. Желі қолданушылары ерекше құбылыстың видеосын бөлісті. Дегенмен бұған қатысты қазақстандықтардың пікірі әртүрлі. Бірі мұны метеорит десе, енді бірі НЛО деп топшылады.
إظهار الكل...
IMG_0322.MP42.04 MB
IMG_0321.MP43.44 MB
🤯 3
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇰🇷 Қазақстанға мемлекеттік сапармен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль келді «Ақорда» резиденциясында Корея Республикасының Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
إظهار الكل...
👏 3 2🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
❗Балаларына мысықтың етін берген емші науқастарды «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» Желіде асырап алған балаларына тамақтың орнына ит-мысықтың еті мен нәжісін беріп, қорлық көрсетті деп айыпталған ақын-сазгер, өзін емші деп санайтын Ұлықбек Смановтың адамдарды Ақбота Керімбекованың «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» видеосы тарады. Бейнероликтен бір топ адамның тәуіптің ән айтқанына қосылып теңселіп тұрғанын анық аңғаруға болады. Сманов келушілерді қазақша әндерді орындай отырып емдеген тәрізді. 🌐 Толығырақ
إظهار الكل...
🤬 4🤯 1
00:16
Video unavailableShow in Telegram
Ақмола облысы Астрахан ауданына қарасты Жалтыр станциясында 67 жылқы қырылып қалды Елді мекен сыртындағы шарбақта қамауда тұрған 500-ге жуық мал қатты дауыл мен найзағайдан үркіп, бір-бірін таптап кеткен. Оқиға орнына бірден ветеринарлар жіберілді. Қазір зарарсыздандыру жұмыстары аяқталған. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, малынан айырылған халыққа өтемақы сақтандыру полисі болса ғана төленеді.
إظهار الكل...
IMG_0301.MP41.28 MB
😢 6🤯 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡Енді Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниясын басқарады Бұған дейін Мусин цифрлық даму министрі қызметін атқарған еді. Ал «Қазақтелекомның» экс-басшысы Қуанышбек Есекеев президенттің кеңесшісі лауазымына ауысты.
إظهار الكل...
🤬 5🤯 4 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
Ninety One Disney-дің жаңа анимациясын дыбыстады Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды. Анимациялардың алғашқы аталғаны жақын арада прокатқа шығады. Басты кейіпкерлерге қазақ тілінде өз дауыстарын сыйлағандар: Райли «Көреміз» атты қазақ телешоуының қатысушысы, блогер Ақерке Естайқызының дауысымен сөйлейді. Қуанышты қазақстандық әнші әрі актриса Гүлнар Тілебалды дыбыстайды. Мұңды — кино мен театр және дубляж актрисасы Алма Қылмұқан. Қорқынышты — кино мен театр актері, театр режиссері Рүстем Жаныаманов дыбыстайды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі дубляжға Жұлдыз Төлепберген қатысады, ол Райли ойнағысы келетін команданың капитаны, жоғары сыныпта оқитын Вэл есімді мықты қызды дыбыстайды. Қазақстандық Ninety One бой-бэндының солистері, Азамат Ашмақын (лақап аты ACE) — Сәкөшті (Бананчик) және Батырхан Маликов (лақап аты ALEM) Ұятты дыбыстайды.
إظهار الكل...
👍 9👏 2❤‍🔥 1🥰 1
Photo unavailableShow in Telegram
Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарованың айтуынша, «Масс-медиа туралы» заңға мынандай жаңашылдықтар енгізу көзделген: Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды; Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді; Тағы қандай артықшылықтар барын Sadaqmedia.kz порталының оқыңыз.
إظهار الكل...
🔥 2 1👍 1👏 1