cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

مشاركات الإعلانات
682
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
+17 أيام
-1430 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Repost from Abylaikhan Suiindik
ليس العيد لمن لبس الجديد، إنما العيد لمن طاعته تزيد، ليس العيد لمن تجمّل باللباس والركوب إنما لمن غفرت له الذنوب. Айт - жаңа киім киген жанға емес, құлшылығы артқан жанға мереке. Айт - киім мен көлікпен әсемденген жанға емес, күнәлары кешірілген жан үшін мереке! ©️Имам Ибн Ражаб (рохимаһулла) 📚 «Латойф ал-Мағариф», 277-бет. Алла Тағала күнәсі кешіріліп, құлшылығы артқан құлдардан болуды нәсіп етсін!
إظهار الكل...
👍 4❤‍🔥 1🕊 1
Repost from Abylaikhan Suiindik
جاءتْ العشر الأواخر فيا الله إن كنا محسنين فثبتنا و إن كنا مقصرين فأصلحنا Рамазан айының соңғы он күні де келді..! Иә, Аллаһ! Егер (өткен күндерді) жақсы орындаған болсақ, оған берік болуымызды нәсіп ет! Ал, егер кеміткен болсақ, бізді түзей гөр! ©️Әдһәм Шәрқауи
إظهار الكل...
👍 6🔥 2
Repost from Abylaikhan Suiindik
Тәпсір: “Қадір” сүресінің бірінші аяты. Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде былай дейді: إِنَّآ أَنزَلْنَٰهُ فِى لَيْلَةِ ٱلْقَدْرِ «Ақиқатында, Біз оны (Құранды) Қадір түнінде түсірдік!» («Қадір» сүресі, 1-аят) Бұл жерде Алла Тағала өзінің ұлылығын таныту үшін “Біз”, (яғни нун ал-азама) - деп қолданды. Ғалымдардың бір тобы “Қадір түнінде түсірдік”, - деген сөзді “Хира үнгірінде Қадір түнінде түсіп бастады”, — деп түсіндірген. Екінші топ ғалымдар “Құран толықтай байтул ғиззаға, яғни аспан әлемінде орналасқан мекенге түскен”, — деген. «Иннә» - сөздегі күшейтпелі шырайды және «нәә» - ұлылықты білдіру үшін қолданды. “Біз Құранды түсірдік”, - деп айтпастан “Біз оны түсірдік”, - деп келуі — Құранның даңқының биік екендігін білдіреді. ©️Шейх Әли Һәни (хафизаһулла) #Тәпсір
إظهار الكل...
🔥 6👍 2
Repost from Abylaikhan Suiindik
Алла елшісі ﷺ рамазанның соңғы он күнінде не жасайтын еді? Пайғамбарымыз ﷺ рамазанның соңғы он күндігіне кірген шақта жеңін түріп, белін буып, үй ішін түнде құлшылыққа оятып, түндерін толықтай намаз оқумен өткізетін. Осы соңғы он күнде мың айдан артық болған бір түн бар. Яғни бұл түн — сексен үш жылдан артық. Үмметтің көпшілігі алпыс үш жыл ғана өмір сүреді, демек, бір түн сенің өміріңнен де артық болмақ. Нух а.с. қауымының өмірі ұзақ болатын. Ал біз бір түнде бір адамның толық өмір сүру уақытына қол жеткіземіз. Бұл түн — өмірі қысқа болған үмбет үшін ғажап, орнын толтыратын сыйлық. Енді елестетіп көрші, осындай түндегі сауапты зая кетірген жан қапыда қалған жан болмай ма?! ©️Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)
إظهار الكل...
🔥 3
Repost from Abylaikhan Suiindik
РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ ОН КҮНІ - ОСЫ АЙДЫҢ ӨЗЕГІ Бүкіл мадақ әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға ғана тән. Әлемдердің мырзасы, екі дүние сардары Пайғамбарымызға, оның отбасына және сахабаларына салауат-сәлемдер болсын. Рамазанның соңғы он күні - осы айдың өзегі саналады. Рамазанның алғашқы және ортаңғы он күндігін бос өткізіп алған жан үшін бос өткізіп алған күндерінің орнын толықтыру мүмкіндігі. Ақылды адам өткізіп алған нәрсесінің орнын толтырады. Күннің бітуін асыр уақыты білдіргені секілді, рамазан айының соңғы он күндігі де рамазан айының бітіп жатқандығынан хабар береді. Сол себепті де Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде асыр уақытымен ант етіп, «Ақиқатында, адам, сөз жоқ, зиян ішінде» деп баяндады. Бұрында базарлар асыр уақыты кіргенге дейін тоқтайтын. Себебі ол кезде қазіргі кездегідей жарық беру құралдары болмады. Асыр уақытына дейін табыс көрген көрді, көрмегендер зиянға ұшырады. Осы тәрізді Рамазанның соңғы он күні де бейне бір қайырлы істерді жасап қалыңдар деп адамдарға хабар беріп тұрғандай. ©️Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)
إظهار الكل...
🔥 5
Repost from Abylaikhan Suiindik
Кім наху ғылымының философиясын оқуды қаласа, төмендегі үш кітапты оқысын! 1. Замахшаридің «Муфассал» кітабына жазған Ибн Яғиштің «Шарх муфассал» түсіндірмесі. 2. Ибн Хажибтің «Кәфия» кітабына жазған Радидің «Шарх Ради» кітабы. 3. Ибн Һишәмнің «Аудаху әл-мәсәлик» кітабына жазған Холид ибн Абдулла әл-Азһаридің «әт-тасрих ғәлә әт-таудих» түсіндірмесі. Алла Тағала оларға разы болсын! ©️Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)
إظهار الكل...
👍 3
Repost from Abylaikhan Suiindik
Шейх Аббас Хасанның (Алла разы болсын) «ән-наху әл-уәфи» кітабы төрт томнан тұрады. Бұл кітапты сатып алмақ болсаңыз, бір шарт бар: Кітаптың бесінші баспасынан жоғарысын алу қажет. Себебі одан бұрынғы баспада қате-кемшіліктер бар. https://t.me/utlubu/1716 1 - том https://t.me/utlubu/1717 2 - том https://t.me/utlubu/1718 3 - том https://t.me/utlubu/1719 4 - том Абду әл-Әлим Иброһимнің (Алла разы болсын) «ән-нахву әл-уазифи» кітабы бір томнан ғана тұрады. Сілтеме төменде https://t.me/utlubu/1724
إظهار الكل...
Repost from Abylaikhan Suiindik
Аббас Хасанның (Алла рахым етсін) «ән-наху әл-уәфи» кітабын сатып алып, оқу — міндет! Менде «ән-наху әл-уәфи» кітабына байланысты бір оқиға бар. Мен Шанқитидің дәрісінен қайтатын едім. Бір күні “Сыфа мушаббаһа” тақырыбын дұрыс түсінбедім. Себебі ол тақырыптың формулалары өте көп. Шейхтың үйі жатақханадан алыс болатын. Дәрістен жатақханаға көңіл-күйім түсіп келген уақытта бір жігіт: — Неге көңіл-күйің жоқ? - деп сұрады. Мен: — Бүгінгі дәрістен ештеңе ұқпадым! - дедім. Сонда жігіт: — Ой, сенде Аббас Хасанның «ән-наху әл-уәфи» кітабы жоқ па не?! — деді. Мен: — Менде ол кітап жоқ - деп едім, маған «ән-наху әл-уәфи» кітабын берді. Сонда ол маған үлкен қазына бергендей болды! Кітаптың алғашқы үш бөлімін қысқартып, кесте жасадым. Ақиқатында, мен үшін «ән-наху әл-уәфи», «ән-наху әл-уәзифи» және «әт-тухфату әс-сәния» кітаптары синтаксис ғылымын ашатын кіліт болды. «Әт-тухфату әс-сәния» кітабына байланысты оқиға: Бұрын синтаксис ғылымының кітаптарын оқитынмын, бірақ ұқпайтын едім. Сол кезде Өзбекстандық бір бауырым бар еді. Мен: — Мына жігіт араб емес, синтаксис ғылымын ұқпады. Мен оқытуым қажет! — деп, кітапты қайталап келіп, дәріс беріп жүрдім. «Әт-тухфату әс-сәния» кітабынан дәріс беріп, бактерии кезде, синтаксис ғылымын ұқтым. ©️Шейх Әли Һәни (Алла оны сақтасын)
إظهار الكل...
❤‍🔥 4
Repost from Abylaikhan Suiindik
🎙️ Жазбаға қосымша аудио түсіндерме.
إظهار الكل...
4.38 KB
😢 3❤‍🔥 1
هل جزاء الإحسان إلا الإحسان.mp32.39 KB
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.