cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

BARYS MEDIA QAZ

Barys Media Кері байланыс үшін @barys_digital_bot

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
911
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-567 أيام
-24530 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Photo unavailableShow in Telegram
Қазақтарға жасалған қастандық тарихи бағасын алды ма? Украинадағы аштық – ресми түрде ұлтқа жасалаған геноцид деп бағаланды. Бұл баға халықаралық деңгейде мойындалды. Ал отызыншы жылдардағы қазақ ұлтының жартысына жуығын алып кеткен зұлмат аштық өзінің саяси-тарихи бағасын алды ма? «Достың төрінде» осы мәселеге байланысты тарихшы Оразгүл қарындасымыздың пікірін естиміз. #украина #соғыс #аштық #тарих #қастандық #геноцид #доскөшім #достыңтөрінде https://www.youtube.com/live/LRfCmrDLlHc?si=VWwjuuOiJA22BX6L
إظهار الكل...
👍 1 1
Тоқаев Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті және барша хорват халқын Хорватия Республикасының ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.
"Бүгінде Хорватия Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа сүйене отырып, ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Хорватия президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, достас хорват халқына құт-береке тіледі.
إظهار الكل...
иb
إظهار الكل...
🇺🇸Министр қызметін тапсырған Бағдат Мусин АҚШ-қа аттанды Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
"АҚШ-та жүргеніме бірнеше күн болды. Бұнда келуіме бірнеше себеп бар. Әрине, кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын)). Бұл жолы шағын топ боп келдік - сүйіктім Дина, кенже қызым Бірғаным және мен", - деп жазған ол.
Ол осы күндері Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысады.
"Дәстүр бойынша Digital Nomads-пен (біздің аймақтың Bay area-да орналасқан IT мамандарымен) кездесіп, түрлі әлеуметтік бастамаларды талқылаймыз. Кездесу біз құрған Silkroad инновациялық хабының қабырғасында өтеді. Еліміздің Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы болғандықтан, осы жылдың қыркүйегінде Астанада зияткерлік спортымыздан (спорттық бағдарламалау) Әлем чемпионатының финалын өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге барамын. Ол үшін мен ICPC басшысы Билл Поучермен және оның командасымен кездесемін. Үлкен қызым Аруға өмірінің жаңа кезеңін бастауға көмектесу үшін бірнеше оқу орындарын аралаймын. Сондай-ақ басқа елдерде цифрландырудың негізін қалыптастыру мәселесін талқылау үшін әртүрлі университеттердің профессорларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмын. Өйткені Қазақстанның тәжірибесін одан әрі тарату қажет. АҚШ университеттері бұған қызығушылық танытады деп ойлаймын", - деп жазды Мусин.
إظهار الكل...
1
Photo unavailableShow in Telegram
1
Photo unavailableShow in Telegram
Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды Бұл туралы оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Актриса 53 жаста болды. Ол ұзақ уақыт бойы мидың қатерлі ісігімен ауырған.
إظهار الكل...
😱 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары мәлімет берді. ️Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті. ️Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
إظهار الكل...
👍 1 1
Photo unavailableShow in Telegram
📍3,5 миллиард теңгенің ісі: Алматыда үлескерлерді алдаған 7 адам сотталды Аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі іс Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаралды. Жеті сотталушыға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылған. Сот оларға 5 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындап, жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырды.
إظهار الكل...
👍 1 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ All Eyes On Rafah. Бұл сөзді қазір желі қолданушылары жариялап жатыр. Ол не білдіреді? Оның аудармасы – "Бәрінің назары Рафахта". Бұл флешмоб Газа секторындағы жағдайға назар аударуға шақырады. Оны белсенділер мен гуманитарлық ұйымдар бастаған. Суретте босқындардың шатыры көрсетілген. Себебі Рафах қаласында дәл қазір 1,5 миллион адам жан бағуға мәжбүр. Бұл шатырларда Израиль шабуылынан аман қалғысы келіп, үйінен кеткен палестиналықтар тұрып жатыр. ☄️ Бәрі 26 мамырда басталды. Израиль осы күні Рафахтан солтүстік-батысқа қарай ағылған жұрттың лагеріне әуе соққысын жасаған. Одан кемінде 50 адам қаза тапқан. Израиль премьері Нетаньяху бұл "қасіретті қателік" деп мойындады. Ол тергеу жүргізіліп, себебі анықталатынын мәлімдеді. Ал Еуроодақ оқиғадан кейін Израильмен қарым-қатынасын қайта қарайтын болды. Таяуда халықаралық сот Израиль Рафахтағы әскери әрекеттерді тоқтату керек деген шешім шығарған.
إظهار الكل...
1😢 1
Photo unavailableShow in Telegram
📍Министр су тасқынынан бүлінген жолдарды жөндеуге қанша қаражат қажет екенін айтты Көлік министрі Марат Қарабаев су тасқынынан бүлінген жолдарды жөндеуге 28,5 млрд теңге қажет екенін мәлімдеді.
"Су тасқыны кезінде бүлінген жолдардың саны – 11 учаске, жалпы ұзындығы – 33 шақырым. Бұл әртүрлі учаске. Республикалық жолдарды қалпына келтіруге шамамен 8,5 млрд теңге қажет. Жергілікті жолдар бойынша 275 учаске бар, жөндеу жұмыстарына қосымша 20 млрд теңгеден астам қаражат керек. Әр учаскедегі диагностикалық жұмыстар жеке жасалады. Нақты қаржы мөлшері қосымша хабарланады", - деді министр.
إظهار الكل...
1