cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

YEDIL_AQPARAT

Әділ қоғамды бірлесіп құрайық!

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
768
المشتركون
+224 ساعات
لا توجد بيانات7 أيام
-330 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Пакет законов о запрете пропаганды ЛГБТ в Грузии поддержали в первом чтении на совместном заседании четырех парламентских комитетов.
إظهار الكل...
👌 1
Repost from ENERGY ANALYTICS
Photo unavailableShow in Telegram
💨 Казахстан входит в число лидеров по росту мощности ветряных электростанций. Согласно данным IRENA, Казахстан вошел в число стран, демонстрирующих значительный рост ветряной энергетики. С 2019 по 2023 год установленная мощность ветряных станций в стране выросла с 284 МВт до 1440 МВт, что соответствует 57% CAGR* или росту в 5 раз. *CAGR (Compound Annual Growth Rate) в энергетике используется для измерения годового темпа роста показателей. Например, CAGR может применяться для оценки годового роста установленной мощности ветряных или солнечных электростанций в определенной стране или регионе. ⭐️В топ-7 стран с быстрым темпом роста также вошли Саудовская Аравия, Россия, Вьетнам, Израиль, Молдова и Боливия (см.инфографику). Показатель CAGR Саудовской Аравии составил 412%, что объясняется увеличением мощностей с 3 МВт до 403 МВт в период с 2021 по 2022 годы. В России мощности ветряных станций с 2019 года выросли в 25 раз или 179% по CAGR. Также стоит отметить положительную динамику Вьетнама, где CAGR составляет 138%, что эквивалентно росту в 16 раз. ✍️ В развитых странах с высокими установленными мощностями наблюдается средний рост. Если за 2019-2023 годы у таких стран как Швеция и Китай показатель CAGR составляет 18 и 20% (соответственно), то в других развитых странах прирост ниже уровня 15%: США — 11%, Австралия - 10%, Франция — 8%, а Италия и Германия— по 3%. Стоит отметить, что числовые показатели мощностей значительно различаются между странами. Показатели CAGR могут помочь инвесторам и заинтересованным лицам измерять и сравнивать годовые темпы роста, что является важным для оценки эффективности и устойчивости развития данного сектора. 💬 https://t.me/EnergyAnalytics
إظهار الكل...
1
Repost from ENERGY ANALYTICS
Photo unavailableShow in Telegram
Карта солнечных электростанций (СЭС) РК (2023 г.) Регионы – установленная мощность – доля: Акмола - 100МВт - 36% Жамбыл - 44,1МВт - 16% Караганда – 44МВт – 16% ВКО - 30МВт - 11% Алматы - 23,6МВт - 8% ЮКО - 18МВт - 6% Кызылорда - 17МВт - 6% Мангистау - 2МВт - 1% Источник: rfc.kz, EY
إظهار الكل...
👍 2👌 1
Repost from ENERGY ANALYTICS
Photo unavailableShow in Telegram
Карта ветровых электростанций (ВЭС) в РК (2023 г.) Регион - установленная мощность - доля: Атырау - 52,8МВт - 18% Костанай - 49МВт - 17% Жамбыл - 43,4МВт - 15% Акмола - 37МВт - 13% Актобе - 36,6МВт - 13% Мангистау - 22,7МВт - 8% СКО - 19,3МВт - 7% Алматы - 16,9МВт - 6% ВКО - 5МВт - 2% Караганда - 4,5МВт - 2% Источник: rfc.kz, EY
إظهار الكل...
👍 2👌 1
🔺 2023 жылы ҚазМұнайГаздың мұнай өңдеу зауытында 4 млн м³-ден астам ақпа су қайта пайдаланылды Ақпа суларды ауыр ауыртпалық ретінде емес, су, энергия, қоректік заттар және басқа да алынатын жанама өнімдердің тұрақты көзі болып табылады. ҚМГ кәсіпорындарындағы тазарту қондырғылары мұнай өнімдерімен және тоқтатылған заттармен ластанған ақпа суларды тазартуға арналған. Мұнай өңдеу зауытында ақпа суды тазарту процесі механикалық және физика-химиялық тазартуды, содан кейін флотациялық қондырғылардан кейін биологиялық тазартуға жіберіледі. ҚМГ тазартылған ақпа суды қайта пайдалануды арттыруға ұмтылады, мысалы, суару, шаңды жою және көлік жуу үшін. 2023 жылы мұнай өңдеу зауытында 4,28 млн м³ ағынды су негізінен сумен қамтамасыз етуді толықтыру үшін қайта пайдаланылды. 2023 жылы ҚМГ Мұнай өңдеу зауыты айналмалы сумен жабдықтау жүйелерінде барлығы 437,53 млн м³ су пайдаланылды (айналды). Толығырақ бұдан бұрын жарияланған Орнықты даму туралы есептен оқи аласыз. 🖥 #ЖасылБастама 🖥 #ТазаҚазақстан *** 🔺 Более 4 млн м³ сточной воды повторно использовано на НПЗ КазМунайГаза в 2023 году Сточные воды являются источником воды, энергии и других побочных продуктов. Очистные сооружения на предприятиях КМГ предназначены для очистки стоков, загрязненных нефтепродуктами и взвешенными веществами. На НПЗ процесс очистки сточных вод включает механическую и физико-химическую очистку, а затем биологическую очистку после флотаторов. КМГ стремится повысить повторное использование очищенных стоков, например, для полива, пылеустранения и мойки транспорта. На НПЗ в 2023 году повторно использовано 4,28 млн м³ сточной воды, главным образом для подпитки водоснабжения. Всего в 2023 году в системах оборотного водоснабжения НПЗ КМГ было использовано (циркулировало) 437,53 млн м³. Подробно в ранее опубликованном Отчёте об устойчивом развитии. 🖥 #ЗеленаяПовестка 🖥 #ТазаҚазақстан 📱 ҚазМұнайГаз
إظهار الكل...
👍 2🔥 1
✅Ең бірінші әңгімемізге арқау болған тақырып – ол Парламенттің, оның ішінде Мәжілістің қабылдаған заңдары. Өздеріңіз жақсы білесіздер бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан: лудомания, наркомания, вейп, зорлық-зомбылық, ЛГБТ, теріс ағымдар сияқты қатерлерді Мемлекет басшысы жиі көтеріп келеді. Сонымен қатар Президент экономика саласында да көптеген «ескі схемаларды» жойып, жаңа экономикалық қарым-қатынастарды қалыптастырып, халықтың әл-ауқатын көтеретін заңдарды шығару жөнінде де нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл тапсырмаларды Мәжілістегі депутаттар мен Комитеттер қалай іске асырып жатқаны туралы ақпарат бердім. Кейбір заңдар мен нормаларды өткізу қиын болғаны рас. Мысалы электр энергетика саласындағы делдалдарды жою, Қазақстанда вейптерге толық тиым салу, онлайн казино туралы заңды қабылдау. Егер Парламент депутаттарының табандылығы, спикерлер мен Президент Әкімшілігінің, тіпті Мемлекет басшысының өзінің тікелей қолдауы болмағанда, бұл нормалар мен заңдарды қабылдау қиын болатын еді. 📌Тағы бір мемлекет үшін маңызды норма – ол «Жер қойнауы және оны пайдалану туралы» Кодексіне енгізілген түзетулер мен өзгерістер. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнама мен рәсімдерді жеңілдету қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Осыған орай жер қойнауын пайдаланушыларға талаптар жеңілдетіліп, жаңа нормалар әзірленді. Осы Кодекске тарихи норма қалай енгізілгені жөнінде де Ерлан Тынымбайұлына баяндап бердім. Конституциялық реформа кезінде «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп бекітілді. Конституцияның осы 6 бабының нормасына қатысты қоғам тарапынан билікке, оның ішінде Парламентке бұл қалай іске асырылады деген маңызды сұрақ жиі қойылды. Кодекске енгізілген жаңа норма бойынша, болашақта геологиялық қорында 100,0 млн тоннадан астам мұнай, 50 млрд текше метрден астам газы бар барлық ірі кен орындар бірінші кезекте ұлттық компанияның қатысуымен игерілетін болады және ұлттық компанияның келісім-шарттағы үлесі 50%-дан жоғары болуы міндетті. Бұл, біріншіден, Конституциядағы норманыңы заңдарымыз арқылы іске асыру механизмі жасақталды. Екіншіден еліміздің экономикалық мүддесі қорғалады. Үшіншіден Қазақстаннның қазба байлығынан түсетін пайданың қомақты үлесі өзімізге тиесілі болады. Ұлттық Қорға және бюджетке түсетін түсімдер арқылы халқымыздың әл-ауқатын көтеретін әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыруға мүмкіндік аламыз. Бұл тарихи норманы қабылдау Әділ Қазақстан қағидатының көрінісі екені даусыз. Сонымен қатар жақында Парламент қабылдаған тұрғын үй саясатына қатысты заңдағы жақсы өзгерістерді де айтып өттім. Мысалы, ендгі жерде азаматтарымыз арендалық үйлерін және апаттық үйдің орнына мемлекеттен тұрғын үй алатын болса, онда олар алған үйлерін жекешелендіре алады. ✅Екінші талқылаған мәселеміз елдегі руханият мәселесі. Мемлекеттің мықтылығы оның рухани фундаментіне тікелей байланысты. Ерлан Тынымбайұлы кабинетіндегі картадан Түркістанды көрсетіп: «Едеке, егер бабамыз Түркістанға мәңгі қонысын таппағанда, Әмір Темір оның кесенесін салмағанда, оның ілімі елді біріктірмегенде, бүкіл игі жақсымыз ол жерге барып жерленер ме еді, мына ұлан-ғайыр жерді көшіп-қонып жүрген көшпенді ел ұстап қалар ма еді?!», – деді. Ақиқат пайым, дұрыс пікір! Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ілімін насихаттау, салт-дәстүріміз бен мәдени мұраларымызды жаңғырту, тарихи-мәдени кешендерімізді ЮНЕСКО қарамағына алу, зиялы қауымның әр түрлі жағымсыз қасиеттерден арылып, бір мақсатта болуы, шығармашылық туындыларымыздың ұлттымыздың менталитетіне сай болуы да сөз болды. Ерекең бұл бағытта жақсы жобаларды бастап жатыр екен. Ісіне сәттілік. ✅Кездесу соңында жаздың екі айында елді аралап келгеннен кейін тағы бір кездесіп, елдегі ахуалды талқылайық деген ұсыныс айтты. Өте дұрыс мәселе, өйткені Парламент депутаттары ел ішіне барып, аулы аймақты аралап, халықпен тікелей кездесіп, олардың билік тарапына қоятын сұрақтары мен ұсыныстарын жинайды.
إظهار الكل...
👍 10🔥 2👎 1 1
Өңірлердегі қордаланған мәселелерді зерттеп, зерделейді. Қандай заңдарды қабылдау керек немесе заңдарға қандай өзгеріс керек, немесе қабылданған заңдар жергілікті жерде қалай іске асып жатыр деген сұрақтар парламентарийлер үшін өте маңызды. Бұл жағдайлардан Қазақстан Республикасының Мемлекет кеңесшісі де хабардар болып отырғаны дұрыс. Әділ билік елдегі мәселелерді толық біліп отырса, онда ол басқару іс әрекетінде дұрыс жасайды. Әңгіменің қызығына түсіп кетіп, екі сағаттың қалай өтіп кеткенінде байқамай қалыппыз! "Жақсымен өткен бір күнің, Жаманның өтіп кеткен өміріндей” демей қазақ, күніміз жақсылармен болғай! Жоспарлаған жұмыстарымыз іске асқай!
إظهار الكل...
👍 14🔥 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿АҚОРДАДАҒЫ ЕКІ САҒАТ Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекет кеңесшісі Ерлан Қарин мырзаның қабылдауында болып, мемлекеттегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық.
إظهار الكل...
👍 7🔥 2 1
✅ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША ЖҰМЫС Депуттатық өкілеттілігімді асыру барысында, Парламент Мәжілісінің атынан делегациялық топ құрамында Малайзия, Ұлыбритания, Иран, Өзбекстан, Түркия және Мысыр делегацияларымен келіссөздерге қатыстым. Сондай-ақ, энергетика және экология мәселелері бойынша Оңтүстік Корея, Германия, Белгия және Норвегия мемлекеттеріне іссапармен бардым. ✅ҚОСЫМША ЖҰМЫСТАР 📌«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» қанатымен вандализм тақырыбын талқылау. 📌Партия Төрағасы Е. Қошанов тапсырмасына сәйкес Ақмола облысының Шортанды ауданының инфрақұрылым құрылысына партиялық бақылау жасалынды. 📌Атырау облысында өткен Ұлттық Құрылтайға қатысып, Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлердің есімін мәңгі сақтауға қатысты сөз сөйледім. 📌Су басқан өңірлерге барып, жергілікті мемлекеттік органдармен жұмыс жасалып, жүйелік проблемалар зерделенді. 📌ЛГБТ-ны ашық және жанама насихаттауға қарсы петицияны талқылау комиссиясының құрамына еніп, петицияны қолдап сөз сөйледім. 📌«Жасыл Академия» ғылым-білім беру орталығымен бірге климаттың өзгеруіне бейімделу мәселесіне қатысты семинарлар ұйымдастырылды. 📌«Таза Қазақстан» экоакциясына қатысу. ✅МАСС-МЕДИАМЕН ЖҰМЫС Парламент Мәжілісінің осы сессиясында «Сұрауы бар», «Alash.kz», «Abay Live», «Qasqa Jol/Қасқа жол», «1001 түн», «24kz», «Қазақстан телеарнасы», «Jibek joly» және т.б. масс-медиа құралдарында 30 астам сұхбаттар бердім. Фейсбук, Инстаграмм, Телеграмм, Тик Ток әлеуметтік желілеріндегі жеке аккаунтымда Парламенттегі жұмыстарыма қатысты ақпараттар жиі жариялап отырдым.
إظهار الكل...
👍 5👏 5🔥 1
🗂5 заң жобасын әріптестерімізбен бірге дайындадық, олар Үкіметпен келісу сатысында: 📌«Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы»; 📌«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; 📌«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; 📌«Риэлторлық қызмет туралы»; 📌«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне риэлторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». 🖊Заң жобаларына ұсыныстар Заң жобаларына 236 түзетулер енгіздім, оның ішінде 179 соавтор болдым. Қазіргі кезде 173 түзетулер жұмыс топтарында мақұлданып, қабылданды. ✅ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР, СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ПІКІРЛЕР 21 депутаттық сауалдың соавторы, оның ішінде 6 депутаттық сауалды жариялау маған тапсырылды. Жариялаған депсауалдарымның мазмұны: 📌Заңсыз иемденілген активтерді экономикалық жобаларға пайдалану; 📌Тау-кен металлургия кешенінен шығатын қалдықтардың техникалық үлестік нормативтерін төмендету; 📌Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлердің деректерін цифрлау; 📌Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды (делдалдарды) жұмысын заңмен шектеу; 📌Су тасқыны кезінде материалдар мен жол шығындарының бағасының өсуіне шара қолдану; 📌Еліміздегі туризм саласын дамытуға қатысты. ❗Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, Үкімет сағаттарында мемлекеттік органдар мен ұлттық компания өкілдеріне 50 астам сұрақтар қойып, пікірімді айтып сөз сөйледім. ✅ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС 📌Сессия кезінде жергілікті мәслихат депутаттарын және 84 жеке тұлғаларды қабылдадым, оның ішінде 45 Маңғыстау облысының азаматтары. Азаматтардың көтерген мәселелері: сот шешімімен келіспеу, экология, энергетика, тұрғын-үй, жер, жұмыссыздық және т.б. 📌Арыз-өтініштер бойынша тиісті министрліктер мен ведомстваларға арнайы хаттар жолданды, жиналыстар өткізіліп («Hadid TD» ЖШС, «МұнайлыАвтоГаз» қауымдастығы, «ӨзенМұнайПром» ЖШС, «Маңғыстау және Атырау облыстарының жүк тасымалдаушыларының» қауымдастығы, «ShayirAgro» ЖШС, «VIP-Презент» ЖШС, «ҚР Стоматологтар Ассоциациясы», «ӨзенЭнергоСервис» МКК және басқалар) хаттамалар жасақталып нақты тапсырмалар берілді. 📌Энергетика министрлігімен бірлескен жұмыс тобын құрып, «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» ірі мұнай-газ кен орнындарында жұмыс жасап жатырған «Теңізшевройл» ЖШС, «Норд Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» және «Қарашығанақ Петролеум» компанияларының Қазақстан тарапымен жасақталған келісім-шарттар бойынша отандық тауарларды сатып алу үлесін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, тең төраға қызметін атқардым. Нәтижесінде ағымдағы жылдың мамыр айында ТШО, НСОС, КПО компаниялары бірнеше отандық тауар өндіруші кәсіпорындарымен 240 млн АҚШ долларына келісім-шарттарға қол қойды.
إظهار الكل...
👍 7 1
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.