cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

yasina

– ханафи, матуриди

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
3 819
المشتركون
+124 ساعات
+207 أيام
+28730 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Бүгін арапа Алладан екі дүние жақсылығыңызды сұрап дұға етуді ұмытпаңыз. Дұғалар қабыл болатын күн.
إظهار الكل...
58💘 6🥰 4👍 3🙏 3🍓 2
Ғұлама, ғалым, хафиз, қари, дана, Тумайды тек Мекке мен Мәдинада. Баланың кемелденер келешегі, Келтіріп өссе тілін кәлимаға. Тек ондай бақытқа ие бола алады, Жасынан тәлім көрген сәби ғана. ©️Қуаныш Қолхаев
إظهار الكل...
39👍 4😍 2
Тәкбір тәшриқ: اللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ لَا إلَهَ إلَّا اللَّهُ وَاَللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ وَلِلَّه الْحَمْد «Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, ләә иләәһә иллаллааһу, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар уә лилләәһил-хамд», Зул-Хиджаның 9-ы күні таң намазына бастап, зул-Хиджаның 13-і күні екінті намазына дейін әрбір бес уақыт парыз намаздан кейін айтылады («Шәми», 1-том, 406-бет). Тәкбір тәшриқке қатысты бірнеше ережелер: 1. Тәкбір тәшриқ ерлерге де, әйелдерге де уәжіп. 2. Әр парыз намаздан кейін бір рет оқы уәжіп. 3. Тәкбір әр намаздан кейін зул-хиджаның 9-ы таң намазынан басталып, зул-Хиджаның 13-і күні екінті намазынан кейін аяқталады. Барлығы 23 намаз. 4. Етеккір келген әйелдер тәкбір тәшриқ айтпайды. 5. Тәкбір сәлем бергеннен кейін дереу айтылуы керек. Егер сіз тәкбірді намаздан кейін айтуды ұмытып, сәл отырғаннан кейін есіңізге түссе, әлі ешкіммен сөйлеспедңіз, онда тәкбір тәшриқ айту керек. Алайда, егер адам намаздан кейін сөйлесе немесе дүниелік істермен айналысса немесе намаздан кейін сол жерден тұрып кетсе, онда уәжіп мойнынан түседі. 6. Тәкбір жұма намазынан кейін де айтылады және оны айт намазынан кейін де оқуға болады. 7. Үтір намазынан кейін тәкбір тәшриқ айтылмайды. 8. Нәпіл намаздардан кейін тәкбір тәшриқ айтылмайды. 9. Ауыл тұрғындары, сапарда жүргендер және жалғыз намаз оқығандар да тәкбір тәшриқ айтуы керек. 10. Егер сіз тәшриқ күндерінде намазды қаза қылып, сосын сол қаза намаздарын осы жылдың дәл осы тәшриқ күндерінде оқысаңыз, онда сіз намаздан кейін тәкбір айтуыңыз керек. 11. Егер тәшриқ күндерінде қаза болған намаздарды тәшриқ күндерінен кейін өтесеңіз, онда сізге тәкбір айтудың қажеті жоқ. 12. Егер тәшриқ күндерінде осы күнге дейін қаза болған намазды оқысаңыз, онда намаздан кейін тәкбір айтудың қажеті жоқ. 13. Әйелдер тәкбірді ақырын (өздері естейтіндей), ал ерлер дауыстап айтады. 14. Жамағат намазына кешігіп қосылған адам намазын оқып болғаннан кейін тәкбір айтады. Сондай-ақ, ол тәкбірді дауыстап оқиды. «Дарул-Ифта Махмудия» Дурбан, Оңтүстік Африка. Шейх Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари ұстаздың каналынан.
إظهار الكل...
28👍 3
Құранның ең бірінші түскен аяты – оқу туралы болса, ең соңғы түскен аяты – Алладан қорқу туралы. Демек, мұсылманшылықтың басы - оқу, ал соңы - Алладан қорқу, тақуалық. Бауыржан Әлиұлы ұстаз рахмахуллаһ
إظهار الكل...
👍 49 21
Ант өте маңызды нәрселерге ғана айтылады. Құранда да Алла тағала ант етіп, өте маңызды сөздерді айтады. Мысалы: Шамс сүресінде Раббымыз көп нәрсемен серт етіп келеді де, “Нәпсісін тазартқандай құтылды, нәпсіге ергендер құрыды” (91:9-10) дейді. Абдухалық ұстаз хафизахуллаһ
إظهار الكل...
40👍 5🍓 3
Бір ғана хадис Құран жаттауымыз үшін жеткілікті: «Сендердің ең хайырлыларың Құранды үйреніп, үйреткендерің» Хайырлы үммет болудан артық қандай бақыт бар? Абдухалық ұстаз хафизахуллаһ
إظهار الكل...
59👍 5💘 3🦄 3💯 2🍓 1
Құран жаттай алмай жатқан болсаң, Алладан көп дұға ет. Құранның маған керек екенін көрсете алуым керек Аллаға. 5 минут дұға жеткіліксіз Ерлан Ақатаев хафизахуллаһ
إظهار الكل...
95👍 6😍 2🦄 2 1🐳 1🍓 1💘 1
السلام عليك ورحمة الله وبركاته Жамағат өте үлкен өтінішім болып тұр Менің жақсы құран тапсыруыма дұға етіп қойыңыздаршы🥹🙌🏻🙌🏻🙌🏻
إظهار الكل...
64👍 5🍓 2🫡 2
الحمدالله يا رب العالمين
إظهار الكل...
49🕊 6 1👍 1💘 1💊 1
Photo unavailableShow in Telegram
Ұлы мақсат жолында құрбан да ұлы болу керек.
إظهار الكل...