Рисалей-Нұр
الذهاب إلى القناة على Telegram
[Құран тәпсірінің каналы.Авторы:Бәдүззаман Саид Нұрси. ] Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot 👈 ✍️. 💳📕Кітап сатып алу https://wa.me/c/77076894415
إظهار المزيدكازاخستان20 151الفئة غير محددة
207
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
+57 أيام
+1830 أيام
أرشيف المشاركات
207
سَتُفْتَحُ الْقُسْطَنْطِينِيَّةُ فَنِعْمَ اْلاَمِيرُ اَمِيرُهَا وَنِعْمَ الْجَيْشُ جَيْشُهَا
Яғни "Константинополь жаулап алынады.Оны жаулап әмірші қандай кермет әмірші және сол әскер қандай керемт әскер " дей отырып пайғамбарымыз Стамбулды мұсылмандар жеңіп алатынын, Хазреті Сұлтан Мехмед Фатихтің жоғары мәртебеге ие болатынын хабар берген. Дәл хабар бергеніндей болды.
207
وَهُوَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَدِيرٌ
Оныншы кәлима: Уахид әрi Әхад, яғни, барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Оған ауыр тиер нәрсе жоқ. Көктемді жарату Оған гүлді жаратумен бірдей. Жәннатты жарату көктемді жарату сияқты оп-оңай. Күн сайын, жыл сайын, ғасыр сайын жаңадан жаратылған шексiз таңғажайып нәрселер Оның аса құдіретті екеніне сансыз тілмен куәгерлік етеді. Міне, бұл кәлима, сүйіншісін былай хабарлайды:
Ей, адам! Атқарған қызметің, жасаған құлдығың босқа кеткен жоқ. Оларды сараптайтын есептеу орны және бақыт сарайы сен үшін әзірленіп қойылған. Сенің мына фәни дүниеңнің орнын мәңгі Жәннат тосып тұр. өзің құлшылық етіп, таныған Халиқ-ы Зүлжәләлдың уәдесіне сенім арт. Оның уәдеден таюы әсте мүмкін емес. Құдіретінің ешбір жағында нұқсандық жоқ. істеген ісінде ешбір әлсіздік сезілмейді. Сенің аулаңдағы шағын бақшаны жаратқаны сияқты, Жәннатты да саған арнап жарата алады және жаратқан әрі уәде берген. Уәде берген болса, әлбетте, уәдесін орындайды.
Сондай-ақ, жыл сайын жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрін өте жүйелі әрі жылдам түрде оп-оңай, тым нәзік әрі күрделі түрде өлтіріп, қайта тірілтіп отырғанын көзімізбен көріп отырмыз. Әлбетте, мұндай Қадир-ы Зүлжәләл, өзінің уәдесін орындауға әбден шамасы жетеді.
Сондай-ақ, әлгі Қадир-ы Мутлақ, жыл сайын хашир мен Жәннаттың үлгiлерін сан алуан түрде көрсетіп отыр. Һәм, көктен келген бүкiл әмірлерімен мәңгі бақытқа бөлейтініне уәде беріп, Жәннатты сыйға тартуда. Һәм, оның атқарған барлық жұмыстары мен істері өте дұрыс әрі ақиқат, сенімді әрі маңызды. Һәм жаратқан жаратылысына қарап олардағы әсемдіктерден Өзiнің де шексіз әсем, ешбір нұқсандығы жоқ екенiн бiлуге болады. Ал, берілген уәдені орындамау, өтірік алдау болса өте жағымсыз әрi нашар сипат әрі үлкен кемшілік болып табылады. О, иманды халайық!
әлбетте, әлгі Қадир-ы Зүлжәләл, Хаким-ы Зүлкәмал, Рахим-ы Зүлжәмал берген уәдесін бұлжытпай орындап, мәңгі бақыт есігін айқара ашып, сендерді Адам аталарыңның отаны – атамекенге, Жәннатқа қоятын болады.
