cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Alash.kz

Alash.kz ұлттық ақпараттық порталы

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
782
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-47 أيام
-2730 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Photo unavailableShow in Telegram
Қазы – әлемдегі ең үздік шұжықтар қатарында TasteAtlas электронды энциклопедиясы рейтингісінің жоғарғы жағында немістің Bockwurst сарделькалары, ал одан төмен шведтің Prinskorv шұжығы орналасқан. Ал Виньяиш қаласында өндірілетін португалдық «Альйера» шұжығы көш бастап тұр. 
إظهار الكل...
Енді Ресей азаматтары Норвегияға кіре алмайды, деп хабарлайды Alash.kz. Норвегия үкіметі қабылдаған шешім аясында, Шенген аумағына кіретін қай елден виза алса да, қашан алса да, ресейлік азамат Норвегиядан депортацияланады. Тек жақын туысына не оқу мен жұмысқа келген азаматтар ғана кіре алуы мүмкін.  Үкімет мұндай шешімді Украинаға басып кірген Ресейдің саясатына сын ретінде қабылдап отыр.
إظهار الكل...
01:16
Video unavailableShow in Telegram
ҚР Парламенті мәжісінің депутаты Дәулет Мұқаев қазақ тілін қажет етпеген форумды сынады, деп хабарлайды Alash.kz Қазақ тіліне деген сұранысты арттыруды алдымен әр адам өзінен бастау керегін алға тартқан депутат 100% орыс тілінде өткен "Human Capital Days" адами капиталды дамыту халықаралық форумды сынап тастады. "Қай елде қызмет ететінімізді ұмытпауымыз керек. Қазақстанда тұрсақ та барлық жиындар орыс тілінде өтеді.Сөз бермесеңіздер де мен қазақ тілінде сөйлеймін. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта естеріңізде болсын. Конституция тілімен сөйлейтін болсақ, ана тіліміз қазақ тілі. Ал қазақ тілі орыс тілімен қатар жүреді дейтін болсақ, форум да екі тілді қатар ұстануы керек еді",- деді депутат.
إظهار الكل...
👍 3
Елордада қаласында жеке сот орындаушы азаматтың баласына жіберген алиментін өз баласының шотына аударып отырған. Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, оқиға Нұра ауданында болған. Онда жеке сот орындаушы борышкердің ақшасын баланың анасының есепшотына емес, өз ұлының шотына аударғаны анықталды. Жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Анықталғандай, жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды, - деп хабарлайды  Астана қаласының прокуратурасы
إظهار الكل...
Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Alash.kz. Қазақстанда әлі де пияздың қымбаттауы жалғасып жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 14-24 мамыр аралығында бұдан да күшті өсім тіркелді – 6,1 пайыз. Қазір Қазақстанда бір келі пияздың орташа құны 114 теңге шамасында болса, сәуір айының соңында ол небәрі 92 теңге болды. Апта ішінде пиязбен қатар картоп (3,8 пайызға) және сәбіз де (1,4 пайызға) айтарлықтай қымбаттады: картоп – 160 теңге; сәбіз – 194 теңге; қырыққабат – 138 теңге.
إظهار الكل...
1,5 млн қазақстандықтың несиесін 90 күннен бері төлей алмай жүргені белгілі болды. Бұл туралы Сенат кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты. 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 90 күннен кешіктірілген несиелердің саны 1,6 трлн теңге, бұл 12 пайыз. Тұтынушылық несие алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн адам. 1,5 млн адам несие төлемін 90 күннен кешіктірген, - деді ол.
إظهار الكل...
00:00
Video unavailableShow in Telegram
Бүгін Алматы қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды ZTB желісі. Оны бір кездері саясаткер тұрған үйге орнатты. Ашылу рәсімін қоғам қайраткерінің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова және ұлы Қайрат Нұрқаділов бастап берді Өз уақытында қазақстандықтар арасында танымал саясаткер Заманбек Нұрқаділов өзінің тік мінезімен және адалдығымен танымал болды, тіпті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынаудан қорықпады.
إظهار الكل...
👏 1
01:28
Video unavailableShow in Telegram
Қасиетті Құран кітабын үш жыл бойы қолмен жазып шыққан Шейх Осман Тоһә елімізге келді, деп хабарлайды Alash.kz. Қадірлі қонақты Шымкент әуежайынан танымал меценат Серікжан Сейітжанов күтіп алды. Осман Тоһәнің келу себебі, ертең өтетін Сейітжан қари Есжанұлының рухани орталығының ашылу салтанатына қатысады. Толығырақ: https://alash.kz/kz/article/quran-kitapti-ush-jil-boyi-qolmen-jazip-shiqqan-sheyx-osman-toha-qazaqstanga-keldi.html
إظهار الكل...
00:20
Video unavailableShow in Telegram
Мексикада президенттікке кандидаттың сайлауалды жиынында сахна құлады Бұл Хорхе Майнестің сайлауалды науқанының аяқталуына арналған шешуші митинг болуы керек еді. 9 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды.
إظهار الكل...
Қырғызстанда көріпкелдер, бақсылар, және эзотеризмге қатысы бар жандардың қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Жогорку Кенеш депутаттары «Жарнама туралы» заңға тиісті түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz. Заң жобасының авторлары атап өткендей, мұндай тыйым азаматтарды жалған емшілер мен өзін экстрасенс санайтындардың алаяқтық қызметінен қорғау мақсатында енгізілген. «Енгізілген толықтырулар жоғарыда аталған қызметтердің ақпарат алаңында еркін тайраңдауына шектеу қояды. Яғни ақпараттық кеңістікте жосықсыз азаматтардың алаяқтық әрекеттерін жарнамалауға тыйым салынады», - делінген хабарламада.
إظهار الكل...