ar
Feedback
I-Hi live

I-Hi live

الذهاب إلى القناة على Telegram

Айқай, ағайын! Обо всем что происходит в этом мире 😉

إظهار المزيد
1 965
المشتركون
-124 ساعات
-117 أيام
-7130 أيام
أرشيف المشاركات
Тойға барахолкадан 10мыңға толық қандай образ келеді?😱 I-Hi live-та кезекті әлеуметтік эксперимент. 10 мың теңгеге тойға арналған толық образды сатып алатын боламыз. Сатушылар жеңілдік жасай ма? 7500 теңгеге тойға толық қалай киінуге болады? Эксперименттің толық нұсқасын I-Hi live ютуб арнасынан көріңіздер! #әлеуметтікэксперимент #айхайлайф #тойғаобраз #алматыбарахолка

2 года любила мужчину,не знаю что она девушка⁉️😱 ⚠️ На youtube–канале I-Hi channel новый выпуск Маска-live. В гостях анонимный человек,который поделился своей жуткой историей. Смотрите🔥 #маскаlive #секрет #аноним #любовь

Казахи не гостепреимны? Сатирические новости на I-HI live

Қазақстанда TikTok бұғатталмайды - министрлік "Сұрақ TikTok-қа қатысты болды. Министрлікте қазіргі уақытта (бұл әлеуметтік же
Қазақстанда TikTok бұғатталмайды - министрлік
"Сұрақ TikTok-қа қатысты болды. Министрлікте қазіргі уақытта (бұл әлеуметтік желіні - еск.) бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ... Жалпы елімізде әлеуметтік желіні толық бұғаттау күн тәртібінде жоқ", - деді Қанат Ысқақов Сенат кулуарында.

Алматыда пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің жаңа тізімі шықты Алматы әкімдігі пәтер сатып алу ұсынылмайтын т
Алматыда пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің жаңа тізімі шықты Алматы әкімдігі пәтер сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты. Тізімге 4 ауданда орналасқан 45 тұрғын үй кешені енгізілген.
"Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын +7 705 89 66 00 нөмеріндегі WhatsApp-арнамызға жазып, тұрғын үй кешеніне құжаттардың толық пакеті бар екеніне көз жеткізуге кеңес береміз", - дейді ведомство өкілдері.

Ақтауда медколледж маңындағы төбелес видеоға түсіп қалған Кадрларға қарағанда, алғашында төбелес екі жігіттің арасында өршіген. Алайда көп ұзамай жанында тұрғандар да төбелескен. Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

📍”Миллион" командасының мүшесі Ерболат Заркумов әкесіне қымбат көлік сыйлады Бұл туралы әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Мінекей, ұлдарыңыз ер жетіп, елдің сүйіктісіне айналды. "Миллион" командасы болып талай жұмыс істеп жатырмыз, талай арман-мақсаттарға жетіп жатырмыз. Әлі де жетеміз деген үміттеміз. Ендігі сәт менде, асқар тау әкеме Lexus 570 автокөлігі", - дейді Ерболат Заркумов.

📍Дәрігер арықтауға арналған тиімді әдісті атады Дәрігерлер әдетте 19 жастан асқан әйелдерге күніне - 45 г, еркектерге 55 г ақуыз қажет деп санайды. Алайда Майкл Мосли бұл мөлшер денсаулық үшін өте аз дейді. Бұл әсіресе 60 жастан асқан адамдарға қатысты. Көптеген зерттеулер бұл теорияны қолдайды. Мысалы Тайвань ғалымдарының айтуынша, егер 45-55 г ақуыздан көп жесеңіз, сіз ішіңізді арықтатасыз, бұлшықеттеріңізді өсіресіз және қандағы холестерин деңгейін төмендете аласыз. Зерттеу барысында 60-тан асқан 98 адам (олардың көпшілігі әйелдер) екі топқа бөлінеді. Бір топтағылар мәзірін өзгертті: ғалымдар олардың диетасына 30 г ақуызы бар күнделікті сорпаны қосуды ұсынды. Зерттеуге қатысушылар тұтынатын ақуыз мөлшері орташа есеппен күніне 90 г-ға дейін өсті. Сонымен қатар, олар күніне тоғыз минуттай салмақпен жасалатын жаттығуларды орындады және үш ай бойы осы жаңа режимді сақтады. Нәтижесінде, тәжірибе барысында еріктілер белдерін 2 см-ге азайтып, күштерін, жүру жылдамдығын арттырып, "жаман" холестерин деңгейін төмендеткен.

📍Алматы облысының табиғаты жұртты тәнті етті Фотограф, режиссер Ернар Алмабектің түсірген видеосы оқырмандарын тәнті етті
"Бұл – Қазақстан! Еліміздің таңғажайып табиғаты!", - дейді Ернар Алмабек.
Бұл Алматы облысында Кеген ауданындағы Меркі таулары.

🇪🇸 "Реал Мадрид" жаңа маусымға арналған формасын таныстырды "Корольдік клуб" өз алаңындағы ойындарда әдеттегідей ақ түсті ж
🇪🇸 "Реал Мадрид" жаңа маусымға арналған формасын таныстырды "Корольдік клуб" өз алаңындағы ойындарда әдеттегідей ақ түсті жейдеде ойнайды. Қонақта ойнайтын формасы кейінірек нақтыланбақ. Таныстырылымға Килиан Мбаппе қатыспағанмен, оның спорттық жейдесінің суреті желіде тарады. Жаңа маусымға арналған жейдесі ұнады ма? Реакция қалдыра кетіңіз

Девушка не любит хентай а настоящий кекс. Полный выпуск YouTube канале i-hi live

Коррупция жануарлардың да түбіне жете ме? I-Hi live-та сатира жаңалықтары #жаңалықтар #сатира #айхайлайф #reelsinsta

🎰Қазақстанда букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынады Лудоманиямен күрес аясында Қазақстанда букмекерлік кеңселер, тотализаторлар мен казинолардың жарнамасы барынша шектеледі. Бүгін мәжіліс депутаттары екінші оқылымда ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске заңнамалық түзетулер қабылдады. Заң жобасын депутат Елнұр Бейсенбаев ұсынды, ол отандық блогерлерге жүгінді.
"Мен блогерлерге, әлеуметтік медиа инфлюенсерлеріне букмекерлік кеңселерді жарнамалау және насихаттау енді заңсыз екенін ескерткім келеді. 200 мың теңгеден айыппұл қарастырылған", - деді ол мәжілістің жалпы отырысында.
Ол қазір Қазақстанда шетелдік букмекерлік кеңселердің, лицензиясы жоқ тотализаторлардың және онлайн-казинолардың интернет-ресурстарына толық тыйым салынатынын атап өтті. Заңмен ғимараттардағы, құрылыстардағы және көлік құралдарындағы букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы жарнамалауға, сондай-ақ оларды БАҚ-та, кино, видео және анықтамалық қызмет көрсетуде жарнамалауға толық тыйым салынады.  ЖАРНАМА ЕНДІ ҚАЙДА БОЛАДЫ? Алайда букмекерлік кеңселердің жарнамасын букмекерлік кеңселер және тотализаторлар орналасқан жерде, спорт ғимараттарының ішінде, спортшыларды жабдықтауда, спорттық теле-, радиоарналар эфирінде, спорттық оқиғаларды жариялауға мамандандырылған интернет-ресурстарда орналастыруға болады.

☀️ Алдағы күндері қай өңірлерде қатты ыстық болады? 🌧 Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады,
☀️ Алдағы күндері қай өңірлерде қатты ыстық болады? 🌧 Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, бірнеше өңірде жаңбыр жауады, 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда шығыста найзағай ойнап, жел соғып, қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады. Елдің оңтүстігінде +35+43 градусқа дейін қатты ыстық, оңтүстік-шығыста +35+40 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр. Елдің батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38 градус болады, 8 маусымнан бастап +25+30 градусқа дейін төмендейді.

“А какой первый ответ пришел вам в голову ?“ 📌На I-Hi live новая рубрика “Қуат WHat?” Қуат берет интервью у прохожих на разные темы. А на какую тему ты хотел бы дать интервью нашему Куату?Пиши в комментариях👇 😉 И кстати не забудьте подписаться на нас #ihilive #reels

🇰🇿 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады 📁 Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азам
🇰🇿 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады 📁 Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады. Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады. Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

🤲“Қайыршы” атағына ие болған Алмас Кішкенбаев өнер әлемінен кетпек пе? Жасы 40 қа таяған әншіні Тикток желісіндегі стримдары үшін халық қатты сынға алуда. 🎤Расымен Super star.kz жеңімпазы өнерден алшақтап кетті ме? Әншінің саусақпен саналар әндерін тыңдайсыз ба? Пікірлеріңізді жаза кетіңіздер⬇️ #алмаскишкенбаев #суперстаркз #кишкенбаев #кішкенбаев #ihilive #ihireels

Қазіргі қоғам қыз-келіншектері еркін. Десе де, үлкеннің сөзіне құлақ асып, бір отбасының тұтас тірлігін арқалап жүргендер де баршылық. Біразы “бөлек шығамын” деуге бата алмаса, енді бірі ата-енемен бірге тұруды құп көреді. ⁉️Ал Сіз ата-енеңізбен бірге тұруға қалай қарайсыз? 🤔 Осы сауалды нәзік жандыларға қойып көрдік. Жауап әр түрлі🔥 Өз пікіріңізді жазыңыз⤵️⤵️⤵️

🔥 Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 10 күн қалды. Қай құрамалар фаворит? 🔎 Opta суперкомпьютері чемпион атануға мүм
🔥 Футболдан Еуропа чемпионатының басталуына 10 күн қалды. Қай құрамалар фаворит? 🔎 Opta суперкомпьютері чемпион атануға мүмкіндігі жоғары құрамалар рейтингін жариялады. Олардың зерттеуі бойынша 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия мен 🇲🇫Франция құрамалары басты фаворит саналып тұр. Одан кейін – 🇩🇪Германия құрамасы. 🇵🇹 Роналду бастаған жігіттердің чемпион атану көрсеткіші 9,2%-бен өлшенген. Ал Сіз қай құраманы фаворит санайсыз? 🤔

Трамп АҚШ-та тиктоктан бұрын тыйым салынып кетпейін деп қорқа ма?🤔 I-Hi live-та сатира жаңалықтары #ihilive #жаңалықтар #жастарканалы #instareels