cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

men❤️‍🩹

оқшау ой. санаға салмақ салар сөз. терең ойдың телміріп соңына ерген. ілім дәриясынан маржан терген. көрген-баққан. оқу-тоқу. жазған-сызған.

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
7 890
المشتركون
+324 ساعات
+377 أيام
+13630 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

құрбан айтта қоймен қоса нәпсімізге жабысқан дерттерді де бауыздау керек. қоймен қатар құмарлықтар мен әуейіліктерді де құрбан ету керек. құрбандыққа қоймен қатар жаман ойды да шаласыз. құрбандық – сіздің ықыласыңыз Алланың құзырына көтерілетін уақ. ал ықылас – тек Аллаға мәлім сыр. 🌸өзің мұсылман, нәпсің кәпір болса бекер…
إظهار الكل...
151🔥 10🥰 9💘 9🤝 6👍 3🎉 2
Photo unavailableShow in Telegram
қазақ “піссімілләсін” аузынан тастаған емес. әр ісі, әр сөзі, әр ойы, әр бағыты, әр бастамасында Алланың рұқсатын іштей сұрап, медет тілеген. “піссімілләнің” ар жағында терең таным, түпсіз түйсік, айдан анық ақиқат жатыр – Құдай Тағала рұқсат еткен адалын ғана қолданам, шариғаттың шеңберінен шықпаймын, көңіл құбыламды Өзіне қарай бағыттаймын деген ішкі ой болса керек. асылында, “піссіміллә” күнәға айтылмайды. бақсақ, осы сөздің өне бойында тұнған сырдан қана ішсек, Құдай разы болған жолдан шықпасақ осы сөздің өзі бізге қорған болар…”бисмиллә” сөзінде кей ғалымдар пікірінше, Алланың көркем есім-сипатының күллісі жасырынған…
إظهار الكل...
97👍 9🔥 6💘 6🕊 2🤝 2
“сүйікті нәрсеңді әлі таппасаң, тапқаныңды сүй” депті…💞
إظهار الكل...
135💘 10🔥 8🕊 7🥰 5👍 1🤩 1
Құран оқуды қойып кетуің жасаған күнәңнің салдарынан… ☁️(Ғазали)
إظهار الكل...
85💔 70💘 7👍 5🔥 3
ой – адамның қайрағы. өтпес пышақ кімге керек?! қайрақсыз пышақ қалай пайдалы болмақ. пышақ өз сабын қалай жонсын?! оны жонатын көмекші тағы бір пышақ керек. адамға да солай – жігерін жанитын ұстаз керек. 🏌️ой – қайрақ. пышақ – тілекші ұстаз.
إظهار الكل...
98👍 17🔥 5💋 4💘 3 2🕊 2🤩 1
міне, Қасиетті төрт айдың бірі Зүлхижжа айына кірдік. жылдың ең қайырлы күндеріндеміз… бұл айдың алғашқы он күні, түні берекеге толы. бұл түндердің жұбымен де, тағымен де Алланың өзі “Құрбан айының алғашқы он кешіне серт!” деп, “Фәжр” сүресінде ант еткен. 🌸 хадисте “Алла алдында Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ” делінеді. бұл айда күнә-күпірге барып, өз-өзімізге зұлымдық етпейік…
إظهار الكل...
133🔥 5🥰 5💘 5👍 4 1
💕көңіл күнделігінен: айна-адамдарға мұқтажбыз. адам айнаға мұқтаж. әдеттегі семинар сабағы. 2023. көктем. бүгін көңілім алабұртып, қарадай қысылып қалдым. сабақтан қалмайтын бір студентім болатын. томаға тұйық жүретін. сабақ айтқанда да қызарақтап, қымсынып әрең айтатын. бұйығы. көрінбей кетті. старостасынан сұрадым. аурып жатыр дегендей болды. бір апта жоқ, екі, үш…жоғалып кетті. кейін естідім – уксус ішіпті. жігітімен ұрсысқан екен ол қарындасым. күйзелістен я күйіктен, ілімнің аздығынан, бәлки, ғапылдықтан. көңіл жетіспеді ме екен, әлде…қап! жә, кінә тақпаймыз, жазғырмаймыз біреуді. Құдай есіркесін… “мен не бітіріп жүрмін?!”. сонда барып түсіндім. мен олардың ұстазы едім ғой, ағай боп кеп отырмын емес пе… он бес апта алдымда отырған студентіме өмірдің мәнін, жақсылыққа құштарлықты түсіндіре алмағам ба?! Құдайдың алдыма жіберген шәкірті маған қарап өмір сүргісі келуі керек еді ғой, ізеттің ізін жалғауы тиіс еді ғой, санасына салмақ түсіріп, терең ойдың соңына еріп, телміруі керек еді ғой. “тән түрмесіне” қамалып, жанын қинамауы керек еді ғой. өмір деген сүре білген адамға сый еді ғой. түсіндіре алмағам ба сонда… шүкір, қыз дін аман екен. жалқын жастықтың отына күйген де. аузы күйген. зейін-зердесін керексізге зая еткен шығар. албырттық, салғырттық дейміз. біз ше?! ұстаздар. не бітіріп жүрміз?! шайтанның дағуаты мықты боп тұрғаны ма сонда?! ұққаным – мұғалім құр пән үйретуші емес, өмір мен жақсылықтың жаршысы болатын жарқын тұлға, көңілдегі мәңгілік нұрдың шамшырағын жағатын жан екен. кәдімгі айна. әлемді шағылыстыратын, сұлулықтың суретін салатын. көңіл айнасы тұнық адамдардан өзгелер, тіпті жан-жануар өмірге деген құштарлықтың іңкәр лебін сезер. себебі оның жаны, көңіл айнасы айғызданбаған. тап-таза, тұп-тұнық.
“жай мұғалім хабарлайды. жақсы мұғалім түсіндіреді. керемет мұғалім көрсетеді. ұл мұғалім шабыттандырады” деген сөздің жаны бар.
ұстаным – “көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді” деген Шәкәрім атам сөзі. рас нәрсе. пышақ өз сабын қалай жонсын?! оны жонатын көмекші тағы бір пышақ керек. адамға да солай – жігерін жанитын ұстаз керек. бойдағы тау тасынан көп мінін боямасыз көрсетер ақыл айнасы керек. айна-адамдарға мұқтажбыз. айнаға қараған адам сәнденер, жарқырар, тазарар, түзелер. айнада тіл болмайды. үнсіз ғана үлгі болады, дүн-дүниені шағылыстырады. өзіңді көрсетеді. қалпыңды ұқтырады. шұқып, нұқып, кемітпейді. жай ғана таза айна. сен өзіңді көресің. өмірді насихаттайықшы. әрбіріміздің өне бойымыздан іштарлықтың емес құштарлықтықтың жұмсақ желі ессе екен… жалғасы – “рахымсыз, пейілі жаманның орны дайын деседі”. көңіл айнамызға күйкі тірліктің күйесі түспесе екен. Абай хәкім түйіндесін – “мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, харекет қыл, пайдасы көпке тисін”.
إظهار الكل...
102💔 26 8❤‍🔥 6💘 6👍 5🔥 3🤝 1
кеше эдвайзерлік ететін тобыммен кездестім. 1-курс. кішігірім қиялдығы бар “пилолыктар”. көбі қыздар. қарындастарымдай болған. тіл-әдебиетшілер қауымын құртатын сол – ақ бұлыттар арасында алып кететін алабұртқан, құмбыл қиялы. сөйтіп жүріп сабақ оқымай, жігіт іздеп, қыз қуып, шләпі киіп, шаш өсіріп, темекі сорғыштап, гитара арқалап, весновка жағалап кететіндері тағы бар) “ондай жалған пафосқа еліре бермей, зейін-зерделеріңді дамуға, өсуге, мықты-мықты зерттеулерге қойыңдар” дедім. филфактың қыздарына бүйрегім бұрады ғой қанша дегенмен. жігіті алдап кеткен қанша қызды (студенттерім) көрдім. сенгіштік, көнбістік баяғы. жігіт емес, талай мігіттер бар ғой. уәдесінде тұра алмайды, ерлі-зайыптыларша міндетсіп, ұрсысады, одан қыздың көңіл-күйі болмай, тамақ ішпей, далаға шықпай бүк түсіп, өз-өзін тастап жіберетіндері бар. не керек сол бос әурешілік?! дені дұрыс, көкжиегі кең жігіттер малтасын езбей мақсат қойып, некелесу қамын ойлап, қыздың ағасына, әке-шешесіне барып қолын сұрайды. құлақтан гүл өсіріп, сөзбен сарай салмайды. нақты іс. нақты қадам. нәпсі қалауымен қыртпайды…”ісіне қарап кісі ал” деген сөз бар.
إظهار الكل...
211👍 39❤‍🔥 10 7💘 5😍 1
махаббатпен екінің бірі ауыра алады, ал махаббатпен емдеу нағыз парасатты адамның ісі…💕
إظهار الكل...
172💔 9💘 9🤝 8❤‍🔥 5👍 1
інілерге ес кіргенде ағалар “ескіреді”🏌️
إظهار الكل...
115💔 33👍 13 9❤‍🔥 5🕊 3💋 2💘 2🎉 1