cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Дайындықсыз үйленбе!

Бойдақтардың үйленбестен алдын дайындық жасайтын алаңы.

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
2 399
المشتركون
-124 ساعات
+237 أيام
+13930 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Кері байланыс: https://t.me/Uilenbot
إظهار الكل...
Сұрақтар үшін: https://t.me/Uilenbot
إظهار الكل...
Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек болса, зайыбыңыз жеңсін! Махаббаттың билікке таласатын соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз! #бір_ағамыздан #бойдақтарға
إظهار الكل...
Жақсы əйел мен жаман əйелдің айырмашылығы Дінмұхаммед Қонаев атамыз, ел басқарып тұрған шағында, бір шопанның үйіне түседі.Сонда ол кісі: “Димеке, қырық жыл ел басқардыңыз, айтыңызшы, осы өмірде жаман əйел мен жақсы əйелдің қандай айырмашылығы болады?” - деп сұраған екен.Сонда Дінмұхаммед Қонаев қысқаша ғана:
Жаман əйелдің екі қолында пышақ болады.Бірімен дастархандағы нанды турайды, екіншісімен көрсетпей жаныңды турайды.Жақсы əйелдің қасиеті - қолында оқтау болады,тілінде тоқтау болады”
-,деп жауап қайырады. #даналардариясынан
إظهار الكل...
إظهار الكل...
НИКАХ, ИДЕАЛЬНАЯ СЕМЬЯ, ССОРЫ, GALLUP ТЕСТ - Устаз Ансаган Нурлыбекулы и Данияр Кабдолла

#ислам #семья #психология Муж и жена в исламе, где точка соприкосновения современной культуры и религии? Какое, все таки, место занимает женщина в исламе? Почему многие не могут построить семью? Ответы на эти и многие другие вопросы в нашем новом подкасте «Ислам и семья». Ставьте лайк и пишите комментарии. Наши гости @qamar.kst и @danday.amokachi 00:00 Интро 01:11 Вступление 02:58 Ценности семьи 3:46 Для чего мы созданы? 6:42 Великие женщины и их роль (мир им) 9:10 Роли мужчин и женщин в Исламе 11:00 Как выбрать мужа/жену? 16:14 Gallup тест и другие 19:35 4 главные вещи при выборе спутника 24:30 Абу Бакр Ас-Сыддик (да будет доволен им Аллах) 26:32 Правдивость, мягкость 27:44 Жалоба Пророку ﷺ от его жён 29:31 Сколько уделять времени жене? 33:20 Соблюдать баланс 34:45 Типы женщин 37:47 Дарите цветы женщинам 39:26 Угощать жён каждую пятницу 41:10 Ислам и современные науки 43:40 Исследования про добрые отношения с соседями 45:10 Привычки 47:30 ПП-постепенность и постоянство 48:40 Как решать конфликты в семье? 49:59 История про Айшу и Хафсу (да будет доволен ими Аллах) 53:04 Уникальный инструмент при наступлении конфликтов 54:55 Влияние соц.сетей 55:46 Трудности бывают у каждой женщины, пример сподвижниц 58:35 Намерение улучшить отношения супругов - гибадат 01:02:10 Навязывание западной культуры 01:06:45 Выбор партнера 01:17:50 Нужна ли любовь 01:27:48 Про эксперимент выбора партнера 01:32:54 Статистика разводов Казахстане 01:36:40 Золотая середина 01:38:10 Разумно проявлять чувства 01:40:01 Последствия по разводу 01:41:39 История жены Пророка ﷺ 01:43:54 Истории про сподвижниц 01:45:19 Покаяние матерей правоверных 01:46:06 Проблемы надо решать, а не разводится 01:48:40 Совет молодым ребятам 01:51:49 Женщин надо понимать, и терпеть 01:54:40 Стал папой в 22 1:55:30 Конец

Ассалаумағалейкум, бауырлар! Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстазымыздың (Алла ол кісіні рахымына алсын) жазбалар жинағын кітап етіп жинақтап шығарғанын көріп едім. Қазір қайдан немесе кімнен алса болады екен? Білетіндеріңіз болса жазсаңыздар: t.me/anonaskbot?start=7LkSqgMs1iB76Du
إظهار الكل...
"Үйлену сүннет" деп жиі айтамыз. Дей тұрғанмен үйленудің кейде парыз, кейде уәжіп, арам, мәкруһ, және бекітілген сүннет, тіпті кейде мубах болатын тұстары бар. Соның үш жағдайдағы үкімін жеткізіп, Аллаһ Тағаланың құлдарына болған қамқорлығына нұсқайын. 1⃣ Егер бір адам үшін зинаға түспеудің жалғыз жолы¹ үйлену болатын болса, онда оған үйлену парыз² болады. Себебі 🔹ما لا يتوصل إلى ترك الحرام إلا به كان فرضا 🔸"Арамды тәрк ету тек соның ғана себебімен жүзеге асатын амалдың үкімі парызға айналады" деген қағида бар. 2⃣ Егер бір ердің әйелге қатыгездік/зорлық жасап қоюынан сақтануы мүмкін болмаған болса, онда оған үйленуі анық арам³ болып, тиым салынады. 3⃣ Егер бірінші жағдаймен екінші жағдай бір адамның бойынан қатар табылса қалай болмақ? Яғни, зинаға түсуден және әйелге зиян келтіруден қорқады. Бұл тұста шариғатымыз екінші хәлді бірінші хәлдің алдына қояды да, оған үйленуі міндетті емес, бәлки мәкруһ дейді. Себебі зорлық-зомбылық жасау бұл (қара басына қатысты ғана емес) басқа құлдармен байланысты болған күнә. Ал зина жасамау бұл Аллаһ Тағаланың ақысынан. Енді адам мен Аллаһ Тағаланың ақысы қатар келгенде 🔹إن حق العبد مقدم على حق الله تعالى عند التعارض деген қағиданың негізінде құлдың ақысы алға шығарылады. 📌Өз ақысынан құлының ақысын жоғары қойған Раббымыз ﷻ қандай Ұлық еді. Батыстық саясат ерлердің көзі тояттап және әйелдер қол жетімді болуы үшін оларды барынша олар лайықты болмаған дүниеге итермелеп отырады. Ал Ұлы Раббымыздың ﷻ мінсіз шариғатында әйелдерді барынша қастерлеп, олар үшін қамқорлық қамтылған үкімдерді байлаған. Тіпті жоғарыдағы үкімдерден әйел затына ғана емес, ер затына да қамқорлық бар. Себебі құлға өзіне қатысты істеген күнәсіне қарағанда өзгенің ақысына қатысты істеген күнәсінің берер зияны басым. Және Аллаһу Тағала өзгенің ақысына қатысты айыптың шешімін ақы иесіне қалдырып, Өз ақысына қатысты айыптылықта өте кең кешірім, жарылқау танытады. Құлы әлсіздігімен зиянға түспесі мүмкін еместей хәлге түсіп қалатын болса, зияны азырағы және кешірім берілу тарабы басымырағына жол көрсетілген. Күдер үзуге болмайтын жалғыз нәрсе Аллаһ Тағаланың мейірімі мен кешірімі. Сондай-ақ Ол Шексіз Қаһар Иесі болғандықтан Одан ﷻ қорқуға да әбден лайық. ____ 1] Егер зинаға түсуден қорқып бірақ одан сақтанудың үйленуден басқа да жолдары болатын болса, онда үйлену уәжіп деңгейінде болады. 2] Егер мәһр мен нәпақасын қамтамасыз ете алатын және әйеліне қатігездік/зорлық жасамайтын болса деген екі шартпен. 3] Егер зиян беріп қоямын деген қауіппен қатар одан сақтану ықтималдығы бар болатын болса, онда мәкруһ тахрим болады. Canal: https://t.me/taammul
إظهار الكل...
Тәтті келу. Ертеде тұрмысқа шыққан қызының келуі жиілеп кеткенін байқаған әкесі «қызым тәтті болып келсең дұрыс болады» деген екен. Мұны естіген қызы келесі келгенінде тәтті тағамдар пісіріп ала келеді. Әкесі тағы да «тәтті келгенің дұрыс болады» деген екен. Түсінбеген соң қызы «Әкешім тәтті кел дегеніңіздің мәнісі не?» деп сұрайды. Әкесі күлімдеп «қызым тәтті кел дегенім жиі келе берме, сирек кел, сирек келсең қадірің артады, арамыз жылы болады, өзің де тәтті боласың дегенім» депті.
إظهار الكل...
Жанұялық өмірдің алғашқы айлары өте маңызды. Келін жаңа үйіне әдеттенуі, бауыр басуы керек.
Ол үшін жастардың үйі келіннің ата-анасының үйінен алысырақта болуында пайда бар.
Көп қыздар ата- анасына жақын тұруды, тіпті үйлерінің бір ғимаратта болуын қалайды. Ал негізінде бұл қыз үшін жақсылық емес, керісінше жамандық болуы мүмкін. Қыздың үйіне жақын болған жағдайда қыздың қандай да бір себеппен ренішті халін көрген ата-ана «ойбай күйеу бала қызымызды ұрыпты немесе ренжітіпті» деген сияқты қате пікірлерге сүйенуі, соның салдарында араға кіріп келеңсіздіктерге себеп болуы мүмкін. Сол секілді келіннің де сырқаттанып мазасы болмай қалуы мүмкін. Осы себепті күйеуінің киімін үтіктеуі, тамағын дайындауы сияқты мәселелерде кемшілік туындауы мүмкін. Бұған да ұлдың ата-анасы түсіністікпен қарауы, «ойбай ұлымыз аш қалды, киімі де дайын емес» деп кикілжің тудырудан сақ болуы абзал.
Жанұялық өмірдің алғашқы айларында балаларды өз жағына қарай тарта берудің орнына әркім өзін қарсы тараптың орнына қойса, түсінбеушілік өздігінен шешіледі, тіпті түсініспеушілік мүлдем болмайды.
Сондай-ақ қыз тарапы ұл жағына өтіп ұлдың жақтаушысы (адвокаты) болып, ал ұл тарапы қызды жақтауға тырысса екі жақта да бір-бірін разы қылуға деген жарыс басталып, екі жақ та тыныш болады. Еркек тарапының да қыздың отбасынан толығымен арасын үзуін қалауы дұрыс емес. #бір_ағамыздан
إظهار الكل...
Repost from AKANMERGEMBAI
Болашақ жар бланкісі ТАЗА[1].pdf9.27 KB