ar
Feedback
Айнара Байжан

Айнара Байжан

الذهاب إلى القناة على Telegram

Ойларым, мен ұнатқан әндер мен фотолар, видео

إظهار المزيد
8 302
المشتركون
-424 ساعات
-717 أيام
+13530 أيام
أرشيف المشاركات
Автор: Әсел Жұбанышева 40 жасқа келгенде көзқарасымның қалай өзгергені туралы Біз — эволюциялық процестің бір бөлшегіміз. Пла
Автор: Әсел Жұбанышева 40 жасқа келгенде көзқарасымның қалай өзгергені туралы Біз — эволюциялық процестің бір бөлшегіміз. Планетаның әр түкпірінде күн сайын жасушалар сияқты туылып, өліп жатырмыз. Және бұның ешқандай жаһандық мәні жоқ. Сол сияқты, адамның алдын ала белгіленген ерекше миссиясы да жоқ. Қолыңнан не жақсы келеді, соны істе — сенің миссияң сол. Жер бетіндегі байлықтың 45%-ы халықтың 2%-ының қолында. Ал 10%-ының шотында 100 мың доллардан астам қаржы бар. Қалғандары айлықтан айлыққа дейін күнелтеді. Мен де солардың қатарындамын. Өлімнен кейін ештеңе жоқ. Біз өлгеннен кейін, жарты ғасыр өткенде атымыз мүлдем ұмытылады. Қарттық жалғыздығымен емес, дәрменсіздігімен (әлсіздігімен) қорқынышты. Ата-ананың бәрі бірдей өз баласын жақсы көре бермейді. Ал балалық шақта балалардың бәрі өз ата-анасын жақсы көреді. Жақын адам — қаның бір адам емес, мінез-құлқы, жан дүниесі саған ұқсайтын адам. Ақша, лауазым, билік — адамның адалдығы мен адамгершілігін сынайтын құрал емес. Бұл — адамның ішкі болмысын айқындап беретін сканер. Билікке жеткенде адамның ішінде не болса, соның бәрі сыртқа шығады. Оқуды, ізденуді тоқтатқан адам тез қартаяды. Адам ең алдымен ментальді түрде (сана-сезімімен) қартаяды. Денсаулық — тез таусылатын ресурс. Бірақ ақылың болса, оны сақтап, ұзартуға болады. Жұп болып өмір сүргеннен қарағанда, жалғыздықта эмоционалды тұрғыдан жеңілірек. Қарым-қатынас — күнделікті жұмыс. Бақытты неке — үлкен еңбек. Үйленген жұптардың көбі некеде бақытсыз, бірақ әртүрлі себептермен бірге тұруды жалғастырады. 50 жастан кейін еркектер әйелдерге көбірек мұқтаж болады, ал 50 жасқа дейін керісінше — әйелдер еркектерге мұқтаж. Әр нәрсенің басы мен аяғы бар. Бала — бізге үйреткендей «болашаққа құйылған инвестиция» емес, өзіңді тұлға ретінде көрсетудің (іске асырудың) бір жолы ғана. Олардың ресурсы өз өмірлеріне жұмсалады.

Кресло, стол. Егер назарыңыз ең алдымен жұмыс үстеліне немесе жұмыс орнына түссе, бұл сіздің үнемі бір нәрсені ойлап, жауапкершілік жүгін көтеріп жүргеніңізді көрсетуі мүмкін. Сіз көп жағдайда демалып отырсаңыз да, ойыңыз жұмысқа, міндеттерге немесе шешілмеген мәселелерге қайта оралады. Сол себепті толық босаңсу қиынға соғуы мүмкін. Түпсанаңыз сізге: «Тек денеге емес, жан дүниеңе де демалыс керек» деген белгі беріп тұр. Қазір сізге физикалық ұйқыдан гөрі эмоционалдық тынығу маңыздырақ болуы мүмкін. Кейде өнімді болудың ең тиімді жолы – өзіңізге тоқтауға, демалуға және күш жинауға мүмкіндік беру. Өйткені үнемі кернеуде жүру адамның энергиясын сарқып, шабытын төмендетеді. Мүмкін, дәл қазір өзіңізге мына сұрақты қойған дұрыс шығар: «Мен соңғы рет ештеңе істемей, тек тынығып отырған кезім қашан еді?» 🌿✨🤍

Суреттер мен фотосуреттер. Егер назарыңыз ең алдымен қабырғадағы суреттер мен фотосуреттерге түссе, бұл сіздің бойыңызда ашылмай жатқан әлеуеттің бар екенін көрсетуі мүмкін. Мүмкін, қандай да бір себептермен өзіңізді толық көрсете алмай жүрсіз. Кейде өз жетістігіңізді кішірейтіп, өзіңізді назарға, мойындауға немесе жоғары бағалауға лайық емеспін деп ойлауыңыз мүмкін. Түпсанаңыз сізге: «Көлеңкеден шығатын уақыт келді» деген белгі беріп тұрғандай. Өз ойыңызды ашық айтып, талантыңызды көрсетіп, өзгелерге өзіңізді танытуға мүмкіндік беріңіз. Сізде адамдарға берер дүние көп болуы мүмкін, бірақ оны әлемге көрсету үшін алдымен өз құндылығыңызды өзіңіз мойындауыңыз қажет. 📸✨ Кейде өмірдегі ең үлкен өзгеріс – өзіңізді жасыруды тоқтатып, өз жарығыңызбен жарқырауға рұқсат беру.

Төсек. Егер назарыңыз ең алдымен төсекке түссе, бұл сіздің қауіпсіздікке, тыныштыққа және қолдауға деген ішкі қажеттілігіңізді көрсетуі мүмкін. Соңғы уақытта шешім қабылдау қиындап, күш-қуатыңыз азайып, бұрынғыдай өнімді болу оңай емес шығар. Кейде адам бәрін өзі көтеруге тырысып, шаршағанын да байқамай қалады. Түпсанаңыз сізге: «Бәрін жалғыз арқалаудың қажеті жоқ» деген белгі беріп тұрғандай. Қазір көмек сұраудан ұялмайтын, қолдау қабылдайтын уақыт болуы мүмкін. Кейде күшті болу — бәрін жалғыз істеу емес. Керісінше, өзіңізге қиын екенін мойындап, жақындарыңыздың қамқорлығын қабылдай білу де үлкен күштің белгісі. 🛏️✨ Өзіңізге демалуға, әлсіз болуға және қолдау алуға рұқсат беріңіз. Кейде қалпына келудің алғашқы қадамы дәл осыдан басталады.

Кітаптармен әрекеттесу. Кітаптар — даналықтың, білімнің және өмірлік тәжірибенің символы. Егер назарыңыз ең алдымен кітаптарға түссе, бұл сіздің дамуға, жаңа білім алуға және өз әлеуетіңізді толық ашуға деген ішкі қажеттілігіңіз бар екенін көрсетуі мүмкін. Түпсанаңыз сізге: «Қазір үйренуге, өсуге және жаңа көкжиектерді ашуға қолайлы кезең» деген белгі беріп тұр. Мүмкін, жаңа дағды меңгеру, жаңа бағытты зерттеу немесе тіпті кәсіби қызметіңізді өзгерту туралы ойлар да бекер емес шығар. Өміріңізде белгілі бір өзгерістердің жақындап келе жатқанын сезінуіңіз мүмкін. Бірақ кез келген өзгеріс алғашында белгісіздік тудырады. Сондықтан жаңа кезеңді қабылдау оңай болмауы да ықтимал. Дегенмен дәл осы өзгерістер сізді жаңа мүмкіндіктерге, жаңа тәжірибеге және өзіңіздің бұрын байқалмаған қырларыңызды ашуға алып келуі мүмкін. 📚✨ Кейде өмірдің келесі деңгейіне өту үшін жаңа ақпарат емес, өзіңізге жаңа көзқарас қажет болады.

Жастықтар. Егер сіздің бірінші әрекетіңіз жастықтарды түзету болса, бұл перфекционизмге бейімділікті көрсетуі мүмкін. Сіз айналаңыздағы тәртіпті, үйлесімділікті және бақылауды жақсы көресіз. Сонымен қатар, бұл қауіпсіздік пен жайлылыққа деген ішкі қажеттіліктің белгісі болуы мүмкін. Мүмкін, соңғы уақытта өзіңізді жалғыздау сезініп жүрген шығарсыз немесе эмоционалдық қолдауға мұқтажсыз. Түпсанаңыз сізге: «Бәрін бақылауда ұстауға тырыса берме» деп тұрғандай. Кейде қорқыныштарды жіберіп, өмірдің ағысына сену де маңызды. Қазір жаңа адамдармен танысуға, жаңа әсерлерге, қызықты кездесулер мен эмоцияларға орын беретін уақыт болуы мүмкін. Өмір әрдайым мінсіз болмауы мүмкін, бірақ дәл сол күтпеген сәттер жаңа мүмкіндіктер мен қуаныштың бастауы болады. ✨🤍🛋️

Еден (пол). Егер назарыңыз ең алдымен еденге түссе, бұл сіздің тұрақтылық пен ішкі тірек іздеп жүргеніңізді көрсетуі мүмкін. Соңғы уақытта өзіңізді сенімсіздеу сезінуіңіз, кей жағдайларда әлсіз немесе қорғансыз күй кешуіңіз мүмкін. Сондықтан санаңыз қауіпсіздік пен берік негізге көбірек ұмтылады. Түпсанаңыз сізге: «Алдымен аяғыңның астындағы тіректі нығайт» деген белгі беріп тұрғандай. Қазір үлкен жетістіктерден бұрын ішкі тепе-теңдікке, эмоционалдық тұрақтылыққа және өзіңізбен байланысқа көңіл бөлу маңызды болуы мүмкін. Өзіңізге сенім артқан сайын, өмірдегі көптеген мәселелер де жеңілдей бастайды. Өйткені сыртқы тұрақтылық көбіне ішкі тұрақтылықтан басталады. 🌱✨🤍

Ал жауаптар👇 Тереземен әрекеттесу. Терезе – жаңа мүмкіндіктердің, өзгерістің және жаңа көзқарастың символы. Егер назарыңыз ең алдымен терезеге түссе, бұл сіздің өмірде көптеген жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз бар екенін көрсетуі мүмкін. Бірақ дәл қазір ішіңізде аздап тынығып, ойларыңызды реттеп, өзіңізді қайта жаңартуға деген қажеттілік бар шығар. Түпсанаңыз сізге: «Бір сәт аялдап, қайда бара жатқаныңды қайта қарап шық» деп тұрғандай. Мүмкін, кейбір мақсаттарыңызды қайта бағалап, жаңа бағыт таңдайтын уақыт келген болар. Кейде алға жылжу үшін бұрынғы сценарийлерді жіберіп, өмірге жаңа көзқараспен қарау қажет. Терезе дәл осыны – жаңа мүмкіндіктерге ашық болуды және өмірдің келесі кезеңіне қадам басуды білдіреді. ✨🪟🌿

СІЗДІҢ БЕЙСАНАҢЫЗ НЕНІ ЖАСЫРАДЫ? Картина қарап, комментке ойланбай логика салмай жауап бер: мына бөлмеге келіп ең бірінші нен
СІЗДІҢ БЕЙСАНАҢЫЗ НЕНІ ЖАСЫРАДЫ? Картина қарап, комментке ойланбай логика салмай жауап бер: мына бөлмеге келіп ең бірінші нені ұстар едің?🤔

Құрметтім, білуімше, түсік болған оқиға әйелдің тағдырына әсер етуі мүмкін, бірақ оны “мен тұрмыс құрмадым, себебі түсік болд
Құрметтім, білуімше, түсік болған оқиға әйелдің тағдырына әсер етуі мүмкін, бірақ оны “мен тұрмыс құрмадым, себебі түсік болды” деп тікелей байланыстыру дұрыс емес. Ата-тек жүйесі бойынша әрбір өмірге келген бала отбасы жүйесінде өз орнын алады деп қарастырылады. Егер түсік болған баланың тағдыры мойындалмаса, қайғысы толық жоқталмаса немесе бұл тақырып жабық қалса, кейде әйелдің жүрегінде бейсаналы кінә, қайғы немесе аяқталмаған байланыс сақталуы мүмкін. Бірақ мәселе баланың шетінеуінде емес, сол оқиғаға қатысты ішкі сезімдерде болады. Өзіңізден сұрап көріңіз: Мен сол баламен іштей қоштастым ба? Оған жүрегімнен орын бердім бе? Өзімді кешірдім бе? Сол оқиға үшін әлі күнге дейін өзімді жазалап жүрген жоқпын ба? Дүниеге келмеген сәбише мына сөздерді жүрекпен айтып көріңіз: “Сен менің баламсың. Жүрегімде өз орның бар. Мен сені көремін. Тағдырыңа құрметпен қараймын. Ал мен өмірімді әрі қарай жалғастырамын” Өзіңізді “менің бақытым жабылып қалды” немесе өмірім жүрмей жатыр, себебі солай болды деп кінәламаңызшы.❤️

Бүгін терапиядан әлсіреп шықтып. Кедергі, негатив сезімдер, өткенмен жұмыс істеу ауыр.
Бүгін терапиядан әлсіреп шықтып. Кедергі, негатив сезімдер, өткенмен жұмыс істеу ауыр.

Пост жазып отырмын… Бүгін инстаға шығады.
Пост жазып отырмын… Бүгін инстаға шығады.

Махаббат - бұл өмірдің өзі. Адам махаббаттан ажыраған сайын өмірден де ажырай бастайды. Мен көп адамның махаббатты танымайтын
Махаббат - бұл өмірдің өзі. Адам махаббаттан ажыраған сайын өмірден де ажырай бастайды. Мен көп адамның махаббатты танымайтынын, рұқсат етпейтінін білем… Өйткені ең бірінші махаббат беретін мама еді. Мамалардың махабат тілі әр түрлі. Біздің мамалар тыйып, кемсітіп, шектеп, салыстырып жақсы көрді. Жо-жооқ, мама ештеңеге кінәлі емес. Ол да махаббат деген ресурсқа аш, тірі қалуға тырысқан кішкентай қыз… Махаббат жоқ жерде энергия азаяды. Энергия азайған жерде әрекет жоғалады. Әрекет жоғалған жерде нәтиже болмайды. Нәтиже болмаған жерде тапшылық басталады. Махаббат жоқ жерде минус көбейеді. Қарыз көбейеді. Ауру көбейеді. Жалғыздық көбейеді. Өмір сүру емес, сплошное выживание… Не істеу керек? Те-ра-пия! Ертең үш күндік топтық онлайн терапиям өтеді. 10 000 тг wa.me/77759808889

Біз қалай армандарымызды орындаймыз? Иәә, арманды өзіміз жүзеге асырамыз! Әрбір ойдың өз энергиясы бар. Ал сол энергияны ойға
Біз қалай армандарымызды орындаймыз? Иәә, арманды өзіміз жүзеге асырамыз! Әрбір ойдың өз энергиясы бар. Ал сол энергияны ойға беретін - эмоция. Егер арманыңыз туралы ойлаған кезде жақсы сезімде болсаңыз, оны жүзеге асыру үшін әрекет етуге күш те, ниет те табылады. Өмірде ағып жататын мүмкіндіктерді байқай бастайсыз. Тіпті қиын нәрселердің өзі қолыңыздан келетіндей көрінеді. Себебі сіз оның мүмкін екеніне сенесіз. Нәтижені қиялыңызда анық көресіз, ол сіз үшін әлдеқашан шынайы сияқты сезіледі. Сондықтан сабырмен күте аласыз. Ал егер арманыңыздың орындалатынына сенбесеңіз ше? Онда сол арман туралы ойлаған сайын түрлі жағымсыз эмоциялар пайда болады: өзіңізге сенімсіздік, көңілдің қалуы, басқаларға қызғаныш, өкпе, “осы жұрт қалай алып жатыр?” деген сезім болады. Оған қоса шыдамсыздық пайда болады. Арманның дәл қазір орындалуын қалайсыз. Осындай эмоциялар арманды ауырлатып, оған жету жолын қиындатады. Сонда адам жүйкені, қорқынышты, шаршауды, күмәнді жеңе отырып, арманының соңынан әрең жүреді. Сондықтан ең алдымен арманыңыздың сіз үшін мүмкін екеніне сену маңызды. Ал сенім қиялды жаттықтыру арқылы келеді. Егер сіз қымбат көлік мінген адамдарға қарап, мұндай нәрсе сізге ешқашан бұйырмайтындай сезілсе, және бүкіл тәнмен сезілсе, демек ол арман орындалмайды. Сол сияқты әдемі үй, блогер болу т.б армандарға да қатысты…

Алматы тренингі 21-маусымға ауысты! 🥺✅

Мен потоктамын. Сіз ше? Мұқият тыңдаңызшы👇

10-11-12 маусым онлайн топтық терапия. Zoom-да. Бағдарлама мынау: 🔹 Сізді қарызға кіргізген ішкі дефицит, ақша туралы бейсан
10-11-12 маусым онлайн топтық терапия. Zoom-да. Бағдарлама мынау: 🔹 Сізді қарызға кіргізген ішкі дефицит, ақша туралы бейсаналы қорқыныш және “құтылу” бағдарламасы. 🔹 Ақшаны ұстай алмау, тапқан табысты бірден несиеге өткізіп жіберудің ішкі себептері. 🔹 Энергия және қарыз балансы. Біреуден, банктен ақша алғанда өмірлік энергия қалай өзгереді, ресурсты қалай қайтарамыз? 🔹 Ата-ананың “ақша жетпейді”, “көрпеңе қарай көсіл” деген сценарийлеріне адалдық(лояльность). 🔹 Ананың образымен жұмыс. Материалдық әлемді, молшылықты, көмекті қабылдай алмау. Неге біз жеңіл ақшаны қабылдаудан бас тартамыз? 🔹 Әкенің образымен жұмыс. Қоғамға шығу, әрекет ету, шекара қоя білу. Әкемен қарым-қатынастың масштабқа және қауіпсіздікке әсері. 🔹 Ата-тектегі выживание күйі. Ашаршылық, соғыс уақытындағы “ақшаң болса, өлесің немесе тартып алады” деген генетикалық қорқыныштармен жұмыс. Құны: 10 000 тг wa.me/77759808889

06.06.2026 6-күн (сенбі) Мұндай күндерді қалт жібермеңіз! ✍️ ДЖО ДИСПЕНЗАНЫҢ ЖАЗУ ТЕХНИКАСЫ Қалауыңызды осы шақта, орындалып қойғандай және алғыс сезімімен жазасыз. Ми қазір болып жатқан тәжірибеге сенеді. Ал шүкірлік сезім сол тәжірибені «нақты» деп бекітетін эмоция. Неге бұл техника жұмыс істейді? Джо Диспензаның түсіндіруі бойынша: ой миға электр сигнал берсе, сезім жүрекке магнит сигнал жібереді. 📝 ЖАЗУ ФОРМУЛАСЫ ✅ Мен тістерімнің бәрін емдетіп, түзулетіп, ағартып алғаным үшін Жаратушыма шексіз алғыс айтамын! ✅ Мен 100 шаршы метрлік пәтерімді оңай, көркем түрде сатып алғаным үшін Жаратушыма шексіз алғыс айтамын! ✅ Мен өзімді тыныш, сенімді, ішкі тірегі бар адам ретінде сезініп жүргенім үшін Жаратушыма шексіз алғыс айтамын! ✅ Мен ай сайын 3 000 000 теңге табыстың маған табиғи әрі жеңіл келіп жатқанын сезіп жүргенім үшін Жаратушыма шексіз алғыс айтамын!

Освобождение от Денежной игры.pdf2.20 MB

“Освобождение от денежной игры” кітабынан практикамен бөлісейін. Авторы: Роберт Шейнфелд. Қазір осы кітап хит) 💰 Ақша туралы
“Освобождение от денежной игры” кітабынан практикамен бөлісейін. Авторы: Роберт Шейнфелд. Қазір осы кітап хит) 💰 Ақша туралы Ақша өмір деген ойынның бізге бекітіп берген ережелерінің бірі ғана. Біз оған қатты мән берген сайын, проблема деген сайын ол біздің реальностқа айналады. Ақша негізінде бар. Ол жеткілікті. Даже көөөп. Бірақ ол ақша нақты сұранысқа келеді. Сұранысты қалай құруға болады? Енді сол ақшаны Құдайдан сұрадыңыз, бастықтан, кредитке банктен сұрадыңыз. Кітапта сол ақшаны басқа біреуден емес, өзіңізден сұрауға шақырады. “Менің өмірімде бұл ақша қай оқиға үшін келеді?” Осы сөзді ұйқтарда, оянғанда қайталаңыз или жазыңыз. Мысалы: – Турцияға саяхаттау үшін; – қымбат ресторанда тамақтану үшін; – әдемі көйлек алу үшін; – белгілі бір мақсатқа жету үшін. Сұрақты қойдыңыз ба? Енді жіберіңіз. Ұмытыңыз. Бақылауды тоқтатыңыз. Бірақ сұраныс нақты әрі шынайы болуы керек. Сіз өз өміріңіздің ойынын ойнап жүрсіз. Және ақша сол сұранысқа келген кезде, оны дәл сол мақсатқа жұмсаңыз. Өйткені ниет дегеніміз бағытталған энергия. Егер мақсатты өзгертіп жіберсеңіз, бұл енді бастапқы ниет болмайды.✨ Ақшаға қатысты блоктарды шешетін тек проработкадан тұратын ТОПТЫҚ ТЕРАПИЯ 10-11-12 маусымда. Қатысу 10 000 тг. Ватсап: wa.me/77759808889