cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Belgisiz ūly

Сезім тамшылары…

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
1 523
المشتركون
-124 ساعات
-47 أيام
-4730 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

СұрАқ : Адам адамды ең соңғы рет көріп тұрғанын қайдан біледі, Қайдан біледі адам бір мекенге ең соңғы рет келіп тұрғанын. Ең соңғы рет қоштасқанын қайдан біледі. Қоштасқанын қайдан біледі адам?! (аспанқызы) ЖауUp : сананы түрлі ойлар кезеді, ойлар кезеді тынбастан, білмейді, оны жүрек сезеді, жүрекке жақын қымбат жан… Белгісіз ұлы #меніңше
إظهار الكل...
2😁 2
00:14
Video unavailableShow in Telegram
сезімкүйдің (эмоция) барлығы керек. Қуаныш, Мұң, Алаң (Үрей), Ұят, Қорқыныш тағы басқалар қосылып, біздің Болмысымызды қалыптастырады. Осылардың барлығы болғанда ғана біз ішкі Үйлесімге жетеміз. #ойжұмбақ2
إظهار الكل...
IMG_3194.MOV2.61 MB
10 6 1
СұрАқ : кейде, бұл өмірден шаршайтын сәттер болады ғой, сол кезде қалай күресесіз? Мотивация да, уағыз да әсер етпейтін кездер, жақын деген жандардың сөздері де әсер етпейтін сәттерде. Жалпы, мұндай жағдай болған ба сізде? ЖауUp : Ондай сәттер болған. Жаның ауырғанда жақының да, жатың да көмектесе алмай, жылай да, жырлай тұншыққан кездерім… мен бұрын “осымен өмір біткен шығар” деп ойлаушы едім. Алайда артыма қарасам : күлкілі болса да айтайын, ұрық (сперматозоид) кезімнен миллиондардың ішінен таңдалғанымды, ата-анамның мен үшін тартқан мехнатын (қиындығын) , артылған үміттер мен жабылған күдіктерді, талай рет сүрініп, құлағанымды, шарасыздықтан жылағанымды, ештеңені түсінбегенімді, бекер босқа күрсінбегенімді, “бітті, болды, бәрі құрсын” дегенімді көремін. Бірақ Құдай Тағала мені босқа жаратпады ғой, мен жақсы адам болып, соңына дейін баруға, өлгенге дейін өмір сүруді қалайтынымды, әрі тиіс екенімді ұғынамын. Сол менің мотивациям) #меніңше
إظهار الكل...
11 4
СұрАқ : Бір рет қатты ренжідім бір жақын апама содан бері кешірдім десем де үйіне бармай кеттім. Бұрынғыдай емес. Араласпай кеттік. Не істесем болады? ЖауUp : Қайырлы кеш! Іштей әлі ренжулісіз ғой. Туысқандықты үзген адамның ризығы кемиді, яғни, дұрыс нәрсе емес. Адам бүгін адам, ертең топырақ. Ең әуелі өзіңізді кешіріңіз сол оқиғаға байланысты. Себебі сіз ол кісіге емес, әуелі өзіңізге ренжіп қалғансыз. Егер онша маңызсыз нәрсе болса ренжімес едіңіз. Ол кісіге қанша қиын болса да, барыңыз, сыйлық ала барыңыз жақсысы, сосын ренішіңізді жеткізіңіз, ашылып сөйлесіңіз. Кешіргеніңізді айтыңыз. Алла бәрімізге тура жол нәсіп етсін. #меніңше
إظهار الكل...
10
Қызықты сұрақтар мен жауаптарды шығарайын ба?Anonymous voting
  • Иә, әрине❤️‍🩹
  • Жоқ, керек емес🤨
0 votes
3 1
Осынау сейсенбінің тамаша кешінде анонимді хабарламаларға кезек берсек. Ойыңызға келгенін (балағат сөз емес) жазыңыз. #жазағой
إظهار الكل...
5 3🤝 1
СұрАқ : Қайырлы таң! Сенім деген не өзі? Ол қалай жаралы жүректерді жазады? ЖауUp : Қайырлы күн! Сенім - өмірдегі ең жақсы; ең құнды ; қиындыққа толы тіршілікте қорғаныш боларлық; қуанышыңызды еселейтін; адам үнемі қалайтын мәңгілік бақытқа жеткізер; бұралаңы мен бұлтарысы көп өмір жолында шамшырақ іспеттес ойлар мен сезімдердің жиынтығы. Көліктің моторы оны қозғалысқа келтіретіні сияқты, адамды сенім алға жетелейді. Жаралы жүректің емі бар екеніне сенсеңіз, уақыт өте келе жазылады. Себебі емі бар екеніне сенген адам оны іздейді, ал іздеген адам міндетті түрде табады, Алла қаласа. p.s. осы сұраққа қатысты жақсы бір мысал келтіріп едім, кітапқа жазбаларымды жинай бастасам, тауып қалар ма екем?! #бүгін
إظهار الكل...
5👏 1
СұрАқ : Сәлеметсіз бе! Қалай адамдардың сөзін көңіліме қатты алмасам болады? Біреулер қатты сөйлесе, ұрысса жылап қала беремііін. ЖауUp: Сәлем) алтыным-оу, жүрегіңіз жұмсақ қой) “Сені олардың сөзі қайғыртпасын…” дейді Алла Құранда. Сіз аққу болсаңыз да, қанатыңыздың суылын ұнатпайтындар табылады. Екі-үш ақылымды айтып көрейін : 1) ішкі бағаңызды көтеріңіз. Бізге үкім ететін, бізді бағалайтын тек Алла. 2) Өзіңізді жақын таныңыз. Өзіңіздің кім екеніңізді нақты білсеңіз не нәрсеге, қандай қарым-қатынасқа лайық екеніңізді білесіз. Сіз тек жақсыға лайықсыз. 3) өзіңізге фокус қойыңыз. Олардың сөзі маңызды ма, әлде өзіңізге өзіңіздің не айтып жатқаныңыз маңызды ма? Өміріңізде олардың айтқан сөздері ештеңеге тұрмайтынын, 5 жыл, 5 ай, тіпті 5 күннен соң мән бермесеңіз, жүрегіңізге жүк қып жинамасаңыз, еш маңызы болмайтынын ескеріңіз. “Ит үреді, керуен көшеді” дегендей ғой. p.s. бұл мәселе жайлы бұрынғы жазбаларымда да бірнеше рет айтқанмын. Өкінішке қарай, ол жазбаларды қазір арнайы іздемесе, табылмайды. “Ең, ең, ең деген жазбаларымды жинап, кітап қылып шығарсам ба екен?!” деген ой келіп тұр… #бүгін
إظهار الكل...
16
🔹22/12. Дөрекі болма. Мұның ешбір пайдасының жоқ екендігін ,қайта орасан зиян келтіретінін біл. 🔹22/13. Ашуыңды бас. "Ең мықты адам біреуді ұрып жыққан адам емес ,ашуы келіп тұрғанда ,ашуын жұта алған адам" деген мағынадағы Хадисті есіңде ұста. Ашу кетеді, ал салдары өшпестей із қалдырады. 🔹22/14. Өзіңе, бет-бейнеңе, киіміңе мән бер. Өзіңді жақсы көрмесең, сыйламасаң қалай болса солай жүре бер. 🔹22/15. Өзгелерге жұмсақ бол. Жұмсақ болғаннан ештеңең кетпейді. Иә ,мүмкін еленбеуі , базбіреулердің сенің осыныңды пайдаланып кетуі мүмкін, бірақ көркем мінезділіктің биік шыңдарының бірінде тұру әлдеқайда қайырлы. 🔹22/16. Күлімдеп келсең ,күлімдеп кет. Өзіңді басқара біл. Эмоцияңның, жағдайлардың, адамдардың сені басқаруына жол берме. Барша адамды бауырым деп, жақын тұтып, ілтипат білдір. #part3
إظهار الكل...
10👏 1🕊 1
100 реакция басылыпты🔥Уәде еткенімдей алғашқы кітабым “Өзге дауыс”-ты сіздерге ұсынып отырмын. Оқып болған соң, сын-пікір, лебіздеріңізді күтем. #бүгін
إظهار الكل...
15🕊 3😍 2