cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

مشاركات الإعلانات
6 644
المشتركون
-624 ساعات
-447 أيام
-16930 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызының қамауға алынғанына 10 жылдан асты. Сот үкімінен кейін түрмеде жазасын өтеп жатқанына 9 жылға жуықтады. Түрмеде қозғалған тағы бір іс бойынша ол ұзақ мерзімге сотталғалы бірнеше жыл болды. Соңғы жазасын өтеу мерзімі 2033 жылы аяқталады. Түрмедегі Гүлнара Каримова қазір жазасын қалай өтеп жатыр?   Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы 52 жастағы Гүлнара Каримова алғаш 2013 жылы қамауға алынып, қазір Ташкент облысының Зәңгі-ата ауданындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуде. Ол мекеме басшылығы үшін "бас ауруына" айналды, деп хабарлайды Озодлиққа сілтеме жасап «Голос народа».  2015 жылы 18 желтоқсанда Гүлнара Каримованы Ташкент қалалық соты – 10 жылға, ал 2020 жылы 18 наурызда жаңа қылмыстық іс шеңберінде 13 жылға бас бостандығынан айырды. Оған қастандық, бопсалау, жымқыру және тонау қылмыстарын жасады деп айып тағылды. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
إظهار الكل...
Как отбывает срок дочь первого президента Узбекистана Гульнара Каримова

По словам источника, Каримова часто нарушает режим

👍 1
Қазақстанда 2016 жылдан бері енгізілген міндетті утилизациялық алымның дауы тоқтар емес. Үкімет “отандық автокөлік өндірісін” дамытамыз десе, бір топ утилизациялық төлем мен автокөлікті алғашқы тіркеу алымын көрінеу «тонаушылық» деп атап, оның есебінен әлдекімдердің байып отырғанын алға тартып, «әділетті утилизациялық алым жүйесін орнатуды» талап етуде. Тіпті, петицияға 50 мың қол жинап, үкімет қорытындысын күтуде. Бұның түбі не болмақ? Қандай болжам бар? Бұл туралы автосарапшы Сұңқар Тұрсынұлынан сұрап білдік. Маманның айтуынша, Қазақстандықтар мініп жүрген автокөліктер тым ескі, жартысына жуығына 20 жылдан асып кеткен. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/204384
إظهار الكل...
«Утилалымды 2 есе арзандатса да, қымбат. Консенсус табу керек» | “Адырна” ұлттық порталы

1
АҚШ-тың бұрынғы дипломаты, Ресейге қарсы санкциялардың қабылдануына себепші болған Даниэль Фрид сұхбатында Мәскеуге көмектесетін елдер және алдағы болатын Америкадағы президент сайлауының ұңғыл-шұңғылына үңіледі. АҚШ мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары, Ресейге қарсы америкалық санкциялардың» сәулетшісі « Дэниел Фрид DW – Неміс толқыны радиосына берген сұхбатында санкциялардан жалтаруға жол бермеу, АҚШ-тағы президент сайлауындағы Байденнің кандидатурасы, Украина және Трамптың бейбітшілік жоспары туралы айтты. DW: Путинге соғысқа керек нәрсені әкелуге көмектесетін үшінші елдермен не істеу керек? 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
إظهار الكل...
"Клиенттің клиентін біл". Экс-дипломат Путинге көмектесетін «үшінші елдер» шынымен де проблема дейді | “Адырна” ұлттық порталы

👍 1
Астанада “Жаһандық оңтүстіктің” маңызды оқиғаларының бірі - жалпы халқы шамамен 3,5 миллиард адамды құрайтын елдерді біріктірген Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтті. Бұл іс-шара басталмай тұрып-ақ, соңғы жылдары өзін әлем көшбасшылары арасындағы келіссөздер үшін қолайлы алаң ретінде көрсете білген Қазақстан үшін дипломатиялық табыс деп аталды. Алайда ұйымды әзірге Мәскеу мен Бейжің басқарады. Олар үшін ШЫҰ өзінің геосаяси амбицияларын жүзеге асырудың құралына айналды. Осы жиын туралы шолу жасаған fergana.agency-дің хабарлауынша, саммит қарсаңында Қазақстанда қауіпсіздік шаралары бұрын-соңды болмаған дәрежеде күшейтілген. Елорданың айналасына тосқауыл қойылған, барлық стратегиялық мекемелер күзетке алынды, жергілікті полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшірілген. Саммит кезінде, 3 және 4 шілде күні қалада балабақшалар жұмыс істемеді. Мемлекеттік органдарға аталған күндерде қызметкерлердің 70 пайызын қашықтан жұмысқа ауыстыру ұсынылды. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
إظهار الكل...
Растущее беспокойство

В Астане с помпой встретили председателя КНР и провели «саммит друзей Кремля»

1
Қазақстан астанасында өткен екі күндік Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне Иран өкілі таяуда қаза тапқан президент Ибрагим Раисидің портретін ала келді. Иран Раисидің тұсында тұсында осы ұйымға қабылданған. Сарапшылар елдің ішкі жағдайына қатысты әрекеттің сыртта көрініс беруін елдегі екінші кезеңге созылған президент сайлауымен байланыстырады.   4 шілде күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысқан Иран президенті міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер жақында қаза тапқан ел президенті Ибрахим Раисидің портретін әкеліп, ел туының жанына, үстел үстіне қойған. Бұл Иранда билікті қолдау үшін өткізілетін шерудегі әдеткі көріністі еске салғандай болды. Бірақ халықаралық басқосудағы Иран өкілінің әрекеті сахна сыртында біршама сауал туындатқан.  Бұл нені білдіреді? Саяси акция ма, дипломаиялық жолдау ма, әлде саяси перформанстың бір түрі ме? Халықаралық жиынға президент міндетін атқарушы ретінде қатысқан Мохаммад Мохбардың Ибрагим Раисидің портретін әкеп, көрнекі етіп қоюы қаншалықты дұрыс? 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
إظهار الكل...
Ішкі сайлау және сыртқы саясат. Иран өкілінің саммитке саясаткер суретін әкелуі дұрыс па? | “Адырна” ұлттық порталы

1
Сурет пен қоғам мәселесін қағаз бетінде ұштастыру - үлкен талант. Дәл осындай талант иесі, тәуелсіз толқын өкілі, әлеуметтік тақырыпта сурет салатын Аңсаған Мұстафа «амалсыздан» суретшілікке басқан қадамы мен бүгінгі күнгі ұлттық мәдениеттің дамуына қосып жатқан үлесі туралы «Адырна» тілшісіне әңгімелеп берді.  «ӘЛЕУМЕТТІК ТАҚЫРЫП БАЛА КҮНІМНЕН САНАМА СІҢДІ» - Аңсаған ханым, өзіңіз туралы, балалық шағыңыз бен сурет өнеріне қызығушылығыңыз жайлы баяндап беріңізші.  - Мен Атырау облысы, Миялы ауылының тумасымын. Кіндік қаным тамған жер батыс өңірі болғанмен, балалық шағым Алматыда өтті. Журналистер отбасынан шыққан жанмын. Әкем де, анам да журналист.  Танымал режиссер, бірнеше фильмдер мен сериалдардың авторы, бауырым Қанағат Мұстафинді де көпшілігіңіз танитын шығарсыздар.  📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
إظهار الكل...
Тәуелсіз толқын. Аңсағанның «амалсыз» суреттері әлемдік галереяға жетеледі | “Адырна” ұлттық порталы

28 – маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні. Елімізде 1991 жылдың 28 маусымында Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң қабылданған. Бұл заң ел ішіндегі тілшілер қауымының жұмысына тың серпін беріп, баспасөз саласында мемлекеттік БАҚ-пен қатар, жекеменшік басылымдар пайда бола бастады. 2019 жылы шыққан Мемлекет басшысының №431 Қаулысынан кейін 28 маусым ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді. Мереке қарсаңында ақпараттық саланың ақтарылмаған сырлары мен айтылмаған қырлары жайлы журналист, «Alatay Aqparat» медиахолдингінің негізін қалаушы Ержан Төлек сұхбат берді.  📌 Сұхбатты толық adyrna.kz сайтынан оқыңыз
إظهار الكل...
«Сапалы контент жетіспейді». Журналист Ержан Төлек бүгінгі БАҚ көрінісіне баға берді | “Адырна” ұлттық порталы

2024 жылы 13 маусымнан бастап, АҚШ қаржы министрлігі Мәскеу биржасын санкцияның жаңа тізіміне енгізіп, доллар мен еуро саудасының тоқтатқанын мәлімдеді. Ал Ресей Орталық банкі АҚШ долларына байланған Гонконг долларымен сауда-саттықты тоқтатып тастады. Мәскеу биржасына салынған санкциядан теңге зардап шеге ме? Бұл туралы «Адырнаға» Sana Analytics орталығының экономист сарапшысы Қуанышбек Дүйсенов айтып берді. “Белгілі бір деңгейде мұнай бағасы теңгенің бағасының өзгерісіне тікелей әсер ететіндігін тек пандемия, яғни 2019-2022 жылдардың аралығы көрсетті. Қалған уақыттарды жоғары корреляция жоқ. Дегенмен, ескеру керек жайт, валюталық интервенцияларға қаражатты қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық қор қаражаттары осы мұнайдан түсетін табыс есебінен жинақталады. Одан тыс мұнай экспортынан түсетін кіріс елдің бюджетіне және валюталық резервтеріне айтарлықтай үлес қосады. Мұнай бағасы жоғары болғанда, теңге бағамы нығайып, ал мұнай бағасы төмендегенде, теңге құнсыздануы мүмкіндігі өте жоғары. Ал, жоғары корреляциясы төмен аралықтарды қарастырғанда ол кезеңде қаншалықты Ұлттық қордан валюталық интервенция болғанын бақылап көру керек. Егер әлемдік мұнай бағасы түскен кезеңде Қазақстанда валюталық интервенция жоғары болса, онда мұнай бағамымен ұлттық валютаны арасындағы тікелей байланысты көруге болады”-, деді экономист.  📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
إظهار الكل...
«Көршің соқыр болса, көзіңді қыс». Рублмен жүріп жатқан басым сауда теңгені тітіркендіреді | “Адырна” ұлттық порталы

2
Бірнеше күн бұрын АҚШ қаржы министрлігі Мәскеу биржасын санкцияның жаңа тізіміне енгізген болатын. 13 маусымнан бастап доллар мен еуро саудасының тоқтатқанын мәлімдеді. Ал Ресей Орталық банкі АҚШ долларына байланған Гонконг долларымен сауда-саттықты тоқтатып тастады. Мәскеу биржасына салынған санкцияның салдарынан ресейліктер доллар пен еуро іздеп Қазақстанға ағылады деген де пікірлер айтылып қалады. Бұл Қазақстанға қалай әсер етеді? Теңге бағамының құлдырауына не әсер етуі мүмкін? Бұл туралы белгілі экономист сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаевтан сұрап білдік.  📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
إظهار الكل...
Теңге неге тәлтіректеді? Ресейдегі санкцияның Қазақстандағы әсері | “Адырна” ұлттық порталы

1
Repost from ADYRNA.KZ
01:23
Video unavailableShow in Telegram
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ата-аналар мен мұғалімдерден мектептерде заңсыз ақша жинау фактісі бойынша түрлі шағым түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/202162
إظهار الكل...
IMG_5278.MP47.12 MB
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.