ar
Feedback
STARMOON

STARMOON

الذهاب إلى القناة على Telegram

МҰСАЕВА ЖҰЛДЫЗАЙ

إظهار المزيد

📈 نظرة تحليلية على قناة تيليجرام STARMOON

تُعد قناة STARMOON (@staaarmooon) في القطاع اللغوي Kazakh لاعباً نشطاً. يضم المجتمع حالياً 10 526 مشتركاً، محتلاً المرتبة 18 572 في فئة التعليم والمرتبة 850 في منطقة كازاخستان.

📊 مؤشرات الجمهور والحراك

منذ تأسيسه في невідомо، حقق المشروع نمواً سريعاً وجمع 10 526 مشتركاً.

بحسب آخر البيانات بتاريخ 27 سبتمبر, 2026، تحافظ القناة على نشاط مستقر. خلال آخر 30 يوماً تغيّر عدد الأعضاء بمقدار 24، وفي آخر 24 ساعة بمقدار -14، مع بقاء الوصول العام مرتفعاً.

  • حالة التحقق: غير موثّقة
  • معدل التفاعل (ER): يبلغ متوسط تفاعل الجمهور 40.35‎%. وخلال أول 24 ساعة من النشر يحصد المحتوى عادةً 20.60‎% من ردود الفعل نسبةً إلى إجمالي المشتركين.
  • وصول المنشورات: يحصل كل منشور على متوسط 4 249 مشاهدة. وخلال اليوم الأول يجمع عادةً 2 169 مشاهدة.
  • التفاعلات والاستجابة: يتفاعل الجمهور بانتظام؛ متوسط التفاعلات لكل منشور يبلغ 290.

📝 الوصف وسياسة المحتوى

يصف المؤلف القناة بأنها مساحة للتعبير عن الآراء الذاتية:
“МҰСАЕВА ЖҰЛДЫЗАЙ”

بفضل وتيرة التحديث المرتفعة (أحدث البيانات بتاريخ 28 سبتمبر, 2026) تحافظ القناة على حداثتها ومستوى وصول مرتفع. وتُظهر التحليلات تفاعلاً نشطاً من الجمهور، ما يجعلها نقطة تأثير مهمة ضمن فئة التعليم.

10 526
المشتركون
-1424 ساعات
-737 أيام
+2430 أيام
أرشيف المشاركات
STARMOON
10 526
Айтпақшы, 8 күн бұрын менің ютуб каналымда влог шыққан болатын: https://youtu.be/T4xQ_8jWdC0?si=eNFbTM7tOTyPJZ1B Тамыз айында өткен қызықты кездер жайлы бөлістім.. Мотивация болып қалар ✨🫶🏻

STARMOON
10 526
Мен Алматыдан кетіп ем, жер сілкініп кетіпті ғой тағы.. 🥲💔
Мен Алматыдан кетіп ем, жер сілкініп кетіпті ғой тағы.. 🥲💔

STARMOON
10 526
«БІРЛІК — АҚЫЛҒА БІРЛІК» Абай алтыншы қара сөзінде қазақтың «Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақалын талдай отырып, бірліктің шынайы мағынасын ашады. Қазақ арасында бірлікті «ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса» деп түсіну бар. Бірақ Абай бұған: «Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес», — дейді. Яғни бірлік — біреудің малына, дүниесіне сүйеніп өмір сүру емес. Ағайынның жағдайы жақсы екен деп әрекетсіз отыру да бірлікке жатпайды. Абайдың ойынша, малға құрылған бірлік ұзаққа бармайды. Өйткені пайда бар жерде ғана бірге болған адамдар, пайда жоғалғанда бір-бірінен алыстайды. Ал шынайы бірлік — ортақ ақылда, ортақ мақсатта, өзара татулықта. Әр адам өз несібесін өзі іздеп, еңбек етіп, біреуге масыл болмай өмір сүргенде ғана қоғам алға жылжиды. Арызқойлық, жалақорлық, іштарлық, күншілдік, араздық пен жалқаулық — бірлікті ыдырататын қасиеттер. Ал ақылға біріккен ел бір-бірін төмен тартпайды, керісінше ортақ мақсат жолында әрекет етеді. Бірлік — бәрін бөлісу емес. Бірлік — бір бағытқа қарау. Бірлік — біреуге сүйеніп өмір сүру емес, бір-біріңді күшейте отырып бірге өсу. Абайдың ғасыр бұрын айтқан осы ойы бүгін де өзекті: елдің тұтастығы мен дамуының негізі — ақылға бірлік.

STARMOON
10 526
Бәріміз барайық 🫶🏻 Бұндай фильмді көріп үлгеру қажет ✨

STARMOON
10 526
Сіздің ұсынысыңызбен JUZ40 COMMUNITY PREMIUM ASTANA студенттері болып фильмге бірге барып, көргенімізді талқылап, әсерімізбен
Сіздің ұсынысыңызбен JUZ40 COMMUNITY PREMIUM ASTANA студенттері болып фильмге бірге барып, көргенімізді талқылап, әсерімізбен бөлістік. 🫶🏼 Расымен де, фильмді бұған дейін жарнамадан көріп жүрсек те, көпшілік арасында кеңінен талқылана қоймағандықтан, біз де мән беріп, көруге ұмтылмаппыз. Кеңес бергеніңізге, жақсы дүниені көріп, бізбен бөліскеніңізге көп-көп рақмеееттт! «От секілді жылы бол — жүзіңмен де, сөзіңмен де. Жел секілді желпі жұрттың шаршағанын, талғанын…»Ұлтқа қызмет ету — білімнен бұрын мінезден. Ол — табандылық, қайсарлық және тәуекелге бара білу. «Қара алтыннан» кәсіп пен үлкен істің артында таудай жауапкершілік тұратынын түсініп қайттық. Кейде көз алдыңда тұрған дүниенің қадірін оған мән беріп қарағанда ғана түсінеді екенсің. «Қара алтын» біз үшін дәл сондай фильм болды. 🤍

STARMOON
10 526
Шәкәрім: “Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: ол - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек” дейді. Фильмдегі басты кейіпкердің әрбір таңдауы осы қағиданың таразыға түсер сәті секілді көрінді. Дағдарыс жайлаған, заң да, кепілдік те жоқ 90-жылдары өз жеріңде жүріп, нәпсіге жығылмай арманға жету мүмкін бе еді? Ол кезде жоқшылық пен заңсыздық кедергі болса, қазір бәрі бар. Ендеше бізге неге өз арманымызға қазір ұмтылмаймыз? Автор: Ақылжан Дүйсенғалиұлы

STARMOON
10 526
Кеше де, бүгін де толық бір залды жалдап, командамен бірге “Қара алтын” фильміне бардық. Өте әсерлі фильм болды. Бәріңе баруғ
Кеше де, бүгін де толық бір залды жалдап, командамен бірге “Қара алтын” фильміне бардық. Өте әсерлі фильм болды. Бәріңе баруға кеңес беремін! Бірақ өкінішке қарай, бұл фильмнің мағыналы әрі өмірде болған оқиғадан құрылған керемет туынды екенін көбі білмей жатыр. Себебі көбісі атауының мәнін түсінбеген секілді және қазір біз жарнамасы мықты фильмге барып кетеміз ғой :( “Қара алтын” деген тіркес бұл мұнай дегенді білдіреді. Қазақстанда алғаш рет жекеменшік мұнай ашқан қазақтың берілмей соңына дейін барғаны туралы баяндалған.

STARMOON
10 526
«Жақсымен бірге өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей»
+3
«Жақсымен бірге өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей»

STARMOON
10 526
photo content
+8

STARMOON
10 526
🎞️ 140 БАЛЛҒА ЖЕТУ ЖОЛЫМЫЗ.. Біз бірнеше 140 балл иегерін шығаруды мақсат етіп қана қоймай, әр қадамымызды былтырдан бастап ақылдасып, нақты жоспарладық. Мақсатымызға жетіп, алты 140 балл иегері шыққандағы эмоция, оқиғалар – бәрін естелік етіп түсіріп жүрдік. Сол видеолар жинақталып, ютуб арнамда влог болып жарық көрді. Кәсіпкерлерге идея, ал жастар мен түлектерге мотивация береді деп ойлаймын 🫶 https://youtu.be/jCBZo5A4Isc?si=8Th56onWiyhZS01m

STARMOON
10 526
Туысқандарға ешқашан жақпайсың. Тойға шақырсаң да жақпайсың, шақырмасаң да жақпайсың. Тойымсыз. Шүкіршілік деген жоқ.

STARMOON
10 526
Claude телеграмда ең адал оқырмандар отырады дейді.. Сендерді қатты бағалаймын 🫶🏻 Сол үшін сендерге көбірек пайдалы болғым келеді. Алдағы уақытта менен не күтесіңдер? Жазба посттарымды көбейтейін бе?

STARMOON
10 526
photo content
+1

STARMOON
10 526
Мен бұл әлемге пайдалы боларлықтай не нәрсе жасап жүрмін деген сұраққа жауаптарың болмаса, онда өмір мәнсіз..
Мен бұл әлемге пайдалы боларлықтай не нәрсе жасап жүрмін деген сұраққа жауаптарың болмаса, онда өмір мәнсіз..

STARMOON
10 526
ТАМЫЗ DUMP 🌌 1. Тамыз айындағы басты оқиға: Алматы Аренада 7500 адамды қамтыған жылдың ең ауқымды жобасы – JUZ40 Fest-ті абы
ТАМЫЗ DUMP 🌌 1. Тамыз айындағы басты оқиға: Алматы Аренада 7500 адамды қамтыған жылдың ең ауқымды жобасы – JUZ40 Fest-ті абыроймен өткіздік! Шүкір! 2. Тамыз айында көрген видео/подкаст: Хабиб Нурмагомедовтің сұхбаты 3. Тамыз айында көрген фильм: “Человек-Паук: Новый день” 4. Тамыз айында оқып жатқан кітап: Кітап оқуға уақыт болмады 🥹 5. Тамыз айында түйген ең басты ойым: Кез келген тарих сөзбен жазылса да, тек ІСПЕН жасалады… #тамызdump

STARMOON
10 526
رسالة فيديو00:16

STARMOON
10 526
НЕГЕ JUZ40? Қызығып не қызғанып, қуанып не қуарып – әйтеуір көп адамның көкейінде осы сұрақ тұрады. Сырттан қараған біреулер
+4
НЕГЕ JUZ40? Қызығып не қызғанып, қуанып не қуарып – әйтеуір көп адамның көкейінде осы сұрақ тұрады. Сырттан қараған біреулер үшін JUZ40 – нарықты жаулаған, ҰБТ-мен табысы самғаған компания болып көрінуі мүмкін. Бірақ уақыт жылжып, кезекті асудан аттап, кезекті белесті бағындырған сайын бір нәрсені анық түсінесің: «Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп». Өмірдің керуенінде әркімнің үніне елең ете берсең, жолыңнан жаңыласың. Сондықтан кейде айналадағы дауыстан алыстап, осы жолды НЕ ҮШІН бастағаныңды қайта еске алуға тура келеді. Кім не десе де, сенің ғұмыр-кітабыңа сенен артық жазушы жоқ. Ал тарихта қалатын туындылардың сыншысы қашанда көп. Сондықтан JUZ40 туралы қанша қаңқу сөз айтылса да, оған жауап беретін – тіліміз емес, ІСІМІЗ. Соны тағы бір мәрте көрсеттік деп ойлаймын. Шүкір, биыл оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Алты 140 балл иегерін шығарып, оларға 6 бизнес-класс пәтер табыстадық. Бір оқушымыз 140 балды екі рет иеленді. Бірақ бұл біздің ең басты жетістігіміз емес. Біздің ЕҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІМІЗ – қаншама оқушының жүрегіне жол тауып, өзіне деген сенімін арттырып, үлкен мүмкіндіктерге қадам басуына себепші болу. Үшінші жыл қатарынан Алматы Аренаны біліммен бағындыру бұйырды. Мыңдаған жас бір жерде білімді, еңбекті, арманды тойлады. Бірақ бұл – әлі басы. Бұйырса, дәл осы оқушылардың арасынан қазақтың көгіне өрмелеп шығып күн болатын, алған білімін тек өзіне емес, елінің игілігіне жұмсайтын, «жарты қаңқасы қалғанша қазақтың пайдасына жарайтын» тұлғалар шығады. Өйткені біздің әр оқушымыз – біз үшін ешқашан сөнбейтін жарық жұлдыз! Сол оқушылар өмірдің керуенінен адаспай, ғұмыр-кітаптарының шектеулі парағын шексіз мүмкіндіктерге толтырады деп сенемін. Тек бір нәрсені ұмытпайық: Нағыз жұлдыздар жарығын дәлелдеуге ұмтылмайды. Олар жай ғана жарқырайды..❤️

STARMOON
10 526
رسالة فيديو00:22

STARMOON
10 526
🎙️JUZ40-қа және жеке өміріме қатысты соңғы жаңалықтар қамтылған сұхбат жарық көрді. Оқушылар мен студенттерге, тіпті ұстаздар мен ата-аналарға да пайдалы дүниелер айтылды деп ойлаймын👇 https://youtu.be/isF5wm61NMw?si=4F28Q59RnPOiuAWI